Қылышбек Құрмантегі | Астау | СӨЗ ТӨРКІНІ | #2 шығарылым

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 лис 2024
  • Құрметті, көрермен! «Сөз төркіні» жобасының екінші шығарылымында ұлттық ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарға қатысты кәсіби сөздердің төркінін біліп көрейік. Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қолдауымен ашылған «Атамұра» ұлттық қолөнер шеберханасына тағы келдік.
    Қазақ халқы ағаштан түрлі ыдыс-аяқ жасауды ертеден меңгерген, бұл олардың тұрмыс-тіршілігіндегі маңызды өнер түрі. Ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар табиғи материалдарды пайдалану арқылы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі ұзақ уақытқа жарамды.
    Бұл ыдыс-аяқтар ағаш шеберлері тарапынан қолмен өңделіп, түрлі ою-өрнекпен сәнделеді. Олардың көптеген түрі әдемі әрі функционалды болумен қатар, қазақ халқының тұрмысын айшықтайтын мәдени мұра.
    Шебер тостағаннан бөлек басқа да бұйымдар жайлы ақпарат берді. Тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін қатты ағаштан жасалған құрал келі-келсаптың екі түрі болады: тақта келі, шұңғыл келі. Келінің түбінің жайпақ, тегіс немесе шұңғыл болып келуіне байланысты. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады екен. Ал зерен- ағаштан жасалған сәнді, түбі шұңғыл ыдыс. Оны көбінесе, қымыз құюға пайдаланады.

КОМЕНТАРІ •