Қылышбек Құрмантегі | Домбыра жасау, дүкен деген не | СӨЗ ТӨРКІНІ жобасы
Вставка
- Опубліковано 26 лис 2024
- Жаңа жоба. Жаңа кейіпкерлер. Жаңа сөздер. «Сөз төркінінің» алғашқы шығарылымында қолөнерге қатысты кәсіби сөздерге тоқталамыз. Кейіпкеріміз - елімізге белгілі шебер, ұста Қылышбек Құрманұлы. Әрбір сөздің түп төркінін жете білетін ағамызбен сұқбаттасып көрейік.
«Сөз төркіні» жобасы аясында ұста Қылышбек Құрмантегі жайлы таныстырылым роликте Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қолдауымен «Атамұра» ұлттық қолөнер шеберханасы ашылғаны туралы айтқан едік. Аталған көрік үйге ат басымызды бұрып, шебермен әрбір сөздің төркінін талқыладық.
Сондай-ақ, Қылышбек ағамыз басқа да ұмытылып бара жатқан сөздерге тоқталды. Соның ішінде, мына талқы деген - тері илеуде қолданытылатын ағаш құрал екенін. Ал түрпі - ағаш мінін алатын бұдырлы темір құрал, қашау - темірден жасалған ағаш оятын құрал екенін білдік.
Қылышбек ағамыз сөз соңында Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына алғысын білдірді.
#домбыражасау #қылышбекқұрмантегі #қолөнер #қазақтыңқолөнері #домбыраның түрлері #сөзтөркіні