КітапХан #10 | "Шолпанның күнәсі" Мағжан Жұмабаев

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 лют 2025
  • «КітапХан» - отандық және шетелдік әдеби туындыларды қазақ тілінде талқылау жобасы. Әр жиында баяндаушы суреттеген шығармаға резиденттер пікір білдіріп, өзіндік бағасын береді.
    Жоба авторы: Еркебұлан Бердалиев
    Жүргізуші: Хамит Ердехан
    Редактор: Жанар Әбдіқадырова
    Резиденттер: Еркебұлан Бердалиев, Айдос Кемаділдаев, Асқар Тоқтарханов, Қанабек Мерген, Бақытжан Қахар, Нұржан Арманұлы
    #КітапХан #кітапталқы #әдебиет #bookworm

КОМЕНТАРІ • 1 тис.

  • @kushti_kanal
    @kushti_kanal  6 місяців тому +127

    Бәріне сәлем! Ұнаған сәттерін белгілеп кетіңіздер. Жарнамалауды ұмытпаңыз ❤

    • @kozhedenauyzti
      @kozhedenauyzti 6 місяців тому +4

      Фильмі бар. Осы шығарманың желісімен түсірілген.

    • @saniyaernazar2940
      @saniyaernazar2940 6 місяців тому +4

      Төлен Әбдіктің Парасат майданы, Оң қол шығармасын комбо ретінде келесі шығарылымға әкелсе екен. Екеуі де қысқа шығарма, 1 шығарылымға сыяды.

    • @ultraqazaq4920
      @ultraqazaq4920 6 місяців тому +2

      Көрермен болу үшін не істеу керек?

    • @ІзетДоғыдырбек
      @ІзетДоғыдырбек 5 місяців тому +6

      Әңгімені тыңдай алмайтын қайдағы бір топастар жүргізіпті, тәп тәуір әңгімені тыңжамай

    • @ОралбекЖасузаков
      @ОралбекЖасузаков 5 місяців тому

      @@ІзетДоғыдырбекпрост олар қызықтырып күлдіріп отырғой

  • @dindondon4420
    @dindondon4420 6 місяців тому +356

    Жүргізуші мен резиденттердің артындағы фонның өзі әрқайсының табиғаты мен болмысын ашып тұрғанының өзі қандай керемет дүние. Осы уақытқа дейін қазақ әдебиетіне деген қызығушылығым төмен болып, қызық емес деген таяз ойда келіппін. Кітапхан арқылы қазақ әдебиетінің жаңа қырын өзіме ашқандай болдым. Идеяның авторына, әр шығарылым сайын бір-біріне ұқсамайтын шығармаларды тауып келіп отыратын Хамит ағаға, көңілді шығарылым жасауға септігін тигізіп жүрген резиденттерге үлкен рақмет! Дами беріңіздер❤

  • @АлиханАйткалиулы
    @АлиханАйткалиулы 5 місяців тому +45

    Өте керемет жоба. Хамит ағаға респект. Еркебұланды хейт жасау орынсыз. Ол құйтырқыламаса жобаның ерекшелігі болмайды. Тыныш отыр неге күледі дегендер тып тыныш отырса аудио кітап тыңдаса болады

  • @Amire-m3s
    @Amire-m3s 6 місяців тому +294

    Кітапхан бағдарламасы аптасына 2 рет шықсын дегендер лайк 👍🏼. Срочно тездетейік!

  • @МакпалШайхистамова
    @МакпалШайхистамова 6 місяців тому +84

    Шай әңгімеге ойда жоқта өтіп кеттім де, Кітапханның идеясы сол шайда келіпті ғой деп ойладым. Қазақ ютубындағы соңғы шығып жатқан контенттің алды әрі озығы деп айтар ем Кітапханды. Жігіттер, жарайсыңдар, тек алға!

  • @ЛяззатАсанова-и6п
    @ЛяззатАсанова-и6п 4 місяці тому +29

    Жалпы бағдарламаның мақсаты жастардың кітап оқуға деген махаббатын ашу. Егерде бұл жерде тек қана кітап туралы айтылған болса жастарды қызықтыру қиынға соғар еді. Менің осы бағдарламаның арқасында кітап оқуға тек қана оқып қоймай түсініп оқуға деген сүйіспеншілігімді ашты. Шынымды айтсам мен Хамит аға секілді кітапқа кіріп оқып көрмеппін. Еркебұлан ағағада Хамит ағағада рахметімді айтамын. Екі жүргізуші бір-бірін толықтырып тұр👏🏻👏🏻👏🏻 Енді мен осы бағдарламаны бітіріп кітап оқуға көштім😊 Сіздердің мақсаттарыңыздың орындалып жатырғанына қуаныштымын👏🏻

  • @Pro100_Areke
    @Pro100_Areke 6 місяців тому +73

    Хамеке аңыз адам ғо... Баса беріңіз зёма..... Жүргізуші жігіттер де керемет.... Алла берекесін берсін істеріңіздің

  • @ЭлдарКеримбеков
    @ЭлдарКеримбеков 6 місяців тому +102

    Ассаламу аллейкум Казак баурлар ,
    Бул багдарлама аркылуу Казак жазуучуларын ,чыгарма повесттерин таанып билип жатавыз сиздерге Рахмат 🤝👍

    • @kuanyshbekibragimov6712
      @kuanyshbekibragimov6712 6 місяців тому +6

      Ооо, Қырғыз ағайындар көреді екен, керемет. Аман болыңыз ✊🔥🇰🇬🇰🇿

    • @KZ_SILA332
      @KZ_SILA332 4 місяці тому +1

      Қырғызстаннан осындай бағдарлама болса көреміз❤

    • @kamilasultanova
      @kamilasultanova 4 місяці тому +1

  • @ЖанарНесипбекова-г2ч
    @ЖанарНесипбекова-г2ч 5 місяців тому +41

    Мына бағдарлама өте керемет! Хамит мырзаға көп рахмет! Бірақ, мына жас буын өкілдері(әсіресе Еркебұлан) жөні жоқ ыржақтап, көріп болғанша өзім кіріп барып, ұрсқым келді! Жігіттер, мүмкін болса, әзілді де орнымен қолдансаңдар! Абай айтпақшы “ … мен тыңдаушы көбі надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы…”

  • @СалтаАмантай
    @СалтаАмантай 6 місяців тому +68

    Ауырып жатыр едім ем болды мына шығарылым, басымды көтеруге себеп болды. Рақмет Күшті каналға

  • @nukan13
    @nukan13 6 місяців тому +27

    Әрбір әңгіме, повесть, роман тыңдаушыларға ой салады. Хамит керемет жеткізеді.
    Бүгінгі бағдарлама соңындағы Шахановтың "Кета" балығы туралы өлеңі "Шолпанның күнәсіна" керемет жауап болды.
    Жалпы "KUSHTI" бағдарламасын енді шығарылым қашан болады екен деп күтетіндей бағдарлама болғанына қуанамын.

  • @TheDd914
    @TheDd914 6 місяців тому +120

    Мықты жігіттер, барлығын үзбей көріп келемін, 1-ші выпуск көргенде дұрыс түсінбеп едім, кейін Ерекеннің құйтырқылылығын және Хамекеннің даналығын түсініп, тәнті болды👍

  • @lirakonys8409
    @lirakonys8409 6 місяців тому +146

    Еркектер Шолпанды ұнатпаушы еді ғой негізі. Бірақ, Хамиттің “ердің көзіне шөп салу” деп жұрт айта беретін Шолпанның “күнәсін” әйелдің осалдығы демей, әйел, еркек деп бөлместен, осы эмоцияның барлығын адам жанына ортақ деп талдағаны қатты ұнады.

    • @NaziraZhilkibayeva
      @NaziraZhilkibayeva 5 місяців тому

      Иә, күшті пікір, мен де толық келісемін👍👍👍

    • @abdullakz8856
      @abdullakz8856 5 місяців тому +2

      Тіл шіркін құдіреттіғо. Любой күнәңді ақтап береді)

    • @КереметМайлыбаева
      @КереметМайлыбаева 5 місяців тому

      Киносын көруге кеңес беремін

    • @АйнурКасымтай-н5ц
      @АйнурКасымтай-н5ц 18 днів тому

      Киноны көрдім енды мына жігіттердің ойын тыңдасақ.​@@КереметМайлыбаева

  • @Narymova16
    @Narymova16 6 місяців тому +68

    Бұл шығарама мен оқыған ең ұятсыз шығармам болған шығар. Бірақ ұнады😆. Хамит ағаның нұсқасында тыңдауда бұйырыпты🔥🔥🔥

  • @inkarzhamalova1571
    @inkarzhamalova1571 6 місяців тому +22

    Кітап оқу едәуір кенжелеп кеткен уақытта өте қажетті және қызықты бағдарлама! Жарайсыздар, жігіттер! Алғаш көргенімде жүргізушінің әңгімені бөле бергеніне, қысыр, қыңыр сөздері мен сұрақтарына жыным келуші еді, сөйтсем бұл бағдарламаның стилі, форматы екенін түсіндім. Мүмкін жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін олардың “ тілінде” сөйлеу керек шығар🥰
    Хамит, сізге шығармашылық өрлеу, шабыт тілеймін! Өлеңдерді керемет оқисыз! Еңбектеріңіз еселене берсін!

    • @zhannattutbayeva9211
      @zhannattutbayeva9211 3 місяці тому +1

      Еркебұланның амплуасы осы болып отыр ғой, әртүлі тыңдармандардан сондай реакция болуы мүмкін деп те көрсететін сияқты. Еш форматка ұқсамайтын формат. 14.15.16шы кітапхандардан бастап көріп Еркебұланды түсінгендей болдым❤

  • @merumerk4674
    @merumerk4674 6 місяців тому +113

    Кітапхан жобасына Марвин,Флип,Қасым,Кітапал сияқты баспахана/кітап дүкендерімен жұмыс жасау қажетқой.Шығармадан соң олардың да саудасы жүреді,сіздерге де көмек.Win win ✨✨✨✨

    • @muratcodm
      @muratcodm 6 місяців тому +2

      Әсіресе кітапалмен

    • @DausTime
      @DausTime 5 місяців тому +2

      Әсіресе Қасыммен❤

  • @AiagozKalmahanova
    @AiagozKalmahanova 8 днів тому +1

    Керемет бағдарлама . Бірақ жігіттердің арзан қалжындары мен күлкілері жынға тиеді

  • @Ai_Uanai
    @Ai_Uanai 6 місяців тому +15

    Әйелмен Ер адам сөйлесу қатты маңызды екені Әйелінің жан дүниесін аша біліп сөйлесе алу қажет екендігі де көрсетілген

  • @АйданаМедетбекқызы-с4ю
    @АйданаМедетбекқызы-с4ю 5 місяців тому +5

    Әлі тұрмысқа шықпағанмын. Тұрмыс құрып жатсам балалы болмай біраз жүремін деп ойлап жүретінмін өзім. Мына әңгіме өте орынды болды. Бала да бір бөлек бақыт, жауапкершілік, махаббаттың жемісі болу керек екенін әдемі суреттедіңіздер! Керемет! 👏🏻

    • @omirornekteri
      @omirornekteri 3 місяці тому

      Олай ойлауға да қорқу керек,меніңше.Баланың арасын 3 жыл салып туу керек деген дұрыс шығар,бірақ біраз қоя тұру керек деген болмайды

  • @abzal.zh.93
    @abzal.zh.93 6 місяців тому +48

    Кітапхан жобасы жасай берсін,әр түрлі бағытта,әр түрлі шығарма...дами беріңдер!

  • @Berdan___
    @Berdan___ 4 місяці тому +1

    Өте қатты әсерлі🥺 біраз уақыт көзімнен жас кетпеді Осылай жүрекке жеткізіп айтқан шеберліктеріңізге рахмет👏 Намазды оқудың алдында да ниетті дұрыстау керегі өз алдына бір төбе әңгіме болды

  • @АЛАШ-18
    @АЛАШ-18 5 місяців тому +9

    Ассалаумағалейкум жігіттер!Еркебұлан осы жолы өте көп бөліп,әңгімені дәмсіз қылып тастадың

  • @МархабатМархабат-м2ш

    Керемет сөз жоқ👏👏👏Осындай ғибратты бағдарламаның барына шүкір❤❤❤

  • @Назым-п4к
    @Назым-п4к 5 місяців тому +4

    Осы бағдарламаны көріп өзім оқыған кітаптарды басқаша түсініп, басқаша қабылдай бастадым.
    Кітапты оқып, оны жете талдып, оқырманға әсіресе бұл шығарманы оқымаған адамға қарапайым тілде жеткізген Хамит мырзаға алғыс айтамын. Жасында байқары жоқтың, қартаййғанда айтары жоқ деген. Сіздей азаматтар аз- ау. Айтарыңыз көп, тыңдарманыңыз зерделі болсын.

  • @akoabdrakhman5308
    @akoabdrakhman5308 4 місяці тому +1

    Әп-әдемі әңгімені бөле берген өте арзан күлкі бұл бағдарламаны қызықсыз жасап жібереді екен.Хамит мырза сізге ризамыз🎉

  • @Jakenzidesign
    @Jakenzidesign 6 місяців тому +7

    Қазақ болып туылғаныма қуанам. Қазақ жастары осы әңгімені көрсе екен. Хамеке мен быр табақтас болғым келеді, әңгімелерін есіту буйырсын🤲

  • @uzakmamyt5401
    @uzakmamyt5401 4 місяці тому +1

    Жігіттерге рахмет, жақсы талдау керемет ой түйін болды. Өте ауыр шығармалардың бірі.«Шолпанның күнәсі» мен Толстойдың «Сергий әкей» шығармасы адамды тентек қылып жібере жаздайды.
    Бұл бағдарлама жалғасын таба берсін 👍🏻

  • @erzatalakshyn6858
    @erzatalakshyn6858 6 місяців тому +22

    Кез келген жерде қосып қойып көріп тыңдап отыратын бағдарлама ғой, шаршама Хамеке, шаршамаңдар жігіттер, алға

  • @ЛаззатКошкенбаева
    @ЛаззатКошкенбаева 6 місяців тому +10

    Өте жақсы жігіттер, мен өз түйгенім әйелі еріне адал болуы керек, кез келген проблемада болсын бөлісуі керек деп ойлаймын. Тіпті шешілмейтін проблема болса шариғатпен шешілетін еді деп ойлаймын. Білуімше Исламда егер еркек бедеу болса ажырасуға рұқсат бар, егер әйелден болса тоқал алыппа бір жолы табылар еді, менің ойым

    • @БайкенКаналкул-ш4г
      @БайкенКаналкул-ш4г 6 місяців тому

      Я сіздің ойыңызбен толықтай келісемін, ең дұрыс шешімі осы болар меді

  • @Камила923
    @Камила923 6 місяців тому +9

    Ассалаумағалейкум ия өте керемет шығарылым болды осыны жазған Мағжан ағамыз Алла разы болсын Алла рахымына алсын. Осыны бізге жеткізе білген КітапХан бағдарламаға Алғысым шексіз өте күшті арты жағы қыйын. Шолпанды кейде аяйсың кейде даттайсың

  • @dildabekovoralhan32
    @dildabekovoralhan32 6 місяців тому +21

    Браво шықты асыға күткендер біз біргеміз тоқтамаңдар тек алға баса беріңдер 1000 шығарылымнан көп болсын Хамеке бөлексің ғой Ереке болмаса қызық болмайды 😂😂😂👍👍👍✊✊✊🔥🔥🔥🎉🎉

  • @kznurda2005
    @kznurda2005 6 місяців тому +27

    Хамит аға шын кулып откан едык сонгы жагы натури удар болды кулгендерыме ойланып калдым баскаша болып калдым аман болыныздар жаксы сойлеп журейык ағайын❤

  • @АрысАсылбек
    @АрысАсылбек 6 місяців тому +4

    Мына шығарма қандай керемет еді😓 (Мағжан Жұмабаев) Құлақтан кіріп бойды алар болды🤝 Сезімнің шыңына шығам деп жетпей құлаған Шолпаным ай)) Хамит ағама рахмет шығарманы шыңына жеткізген👍 Ереке тоқтамай баса беріңіздер барлық ұжымға алғыс👏🙌🏻
    Қашан шақырасыздар қалаға барып көрейікта күтіп жүрм😂

  • @SamsungA-mw6ij
    @SamsungA-mw6ij 6 місяців тому +12

    Әй, Хамит, сүйсіндім!)) Форматқа өкпелемендер, жүргізуші жігіттер Хамит арқылы зиялылықтың қадірің ашып отыр. Хамит мықты, оны ашып отырған формат пен жігіттер де - мықты!!!

  • @assetturganbaev4924
    @assetturganbaev4924 5 місяців тому

    Жарайсыңдар жігіттер. Сен тұрған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты. Тілдесіп сенімен, жүретін көріп көзбенен. Керемет .Өткізген жақсыменен жарты сағат , жаманның өтіп кеткен ғұмырындай. Хамит бауырым жан-дүниең жақсылыққа толы, білімің терең, ойың ұшқыр азаматсың. Жасай бер, тілегің қабыл болсын.

  • @saniyaernazar2940
    @saniyaernazar2940 6 місяців тому +35

    Дәл осы шағарманы Хамит аға өте жақсы жеткізіп, талдады. Резиденттер, әдеттегідей, бір жақты қарастырып, шығарманың бетін сипап өткен секілді. Сонымен қатар, Әзімбайды әлі бала деу қателік, 17-18дегі жігітті ол заманда ересек жауға шабар деп есептеген. Шығармада ол жайлы айтылмайды, бірақ, оны да қатаң түрде жазалаған шығар деген үміттеміз. Сәрсенбай да әйелінің жан дүниесіне үңілмей жүре беруі қателік. Шығарма соңында оның бедеу екендігі нақты айтылады, оны өзі біледі. Сол жайлы Шолпанға ескертуі керек еді.
    Жалпы, Хамит ағаның осы шығарылымдағы талдауы-шедевр.

    • @Ereke2509
      @Ereke2509 5 місяців тому

      👍

    • @БекзатСайлаубеков
      @БекзатСайлаубеков 5 місяців тому

      Сонда ол оны Шолпанға айтпай әйелдікке алады ма?

    • @jjanerke
      @jjanerke 9 днів тому

      Иә, иә, соны неге кәзір осы жерде айтпады екен Хамекең... Мужской солидарность басым болды мекен аа?
      Бекер әйел баласы өз-өзін іштен жегідей жеп соңында күнәхар болып өмірден өтті....😢😢😢

  • @togzhankairat9127
    @togzhankairat9127 6 місяців тому +13

    Өте қызық шығарылым болды😅👍🏻 Кітапхан ұжымына, Хамекеңе үлкен рахмет😘 10-шығарылым🎉🥳 100-шығарылымға жете берейік

  • @yerbolat.shalataev
    @yerbolat.shalataev 5 місяців тому +4

    Бұл шығарманы оқығанмын. Бірақ бұлай түсіне алмаған едім. Хамекең әдемі талдап берді.
    Шынымен, Аңыз адам ғой 👏👏👏👏

  • @aset.24
    @aset.24 5 місяців тому +2

    Хамит мырза керемет дауыс
    Жеке бір шығарманы жақсылап табиғаттың әсерін қосып өткізсе Голливуд киносы жайында қалар еді
    Керемет Шаханов Мұхтар атамыздың өлеңі тамаша үтір нүктесін қойды
    Берекесін берсін жігіттер
    Еркебұлан баур жақсы сәттерді үзіп жібересің
    Хамит мырза кесі бағдарламаға боти әкелші ерке бұғы мазаны алдау

  • @АрманКусинов-щ6и
    @АрманКусинов-щ6и 5 місяців тому +5

    Асыға күтіп, шыққанда бір демде көріп тастаймын! Расыменде алдын ала бірнеше түсірілім жасап аптасына 2 рет шықса деген тілек! Жарайсыңдар! Хамекеңнің қазақша сөйлеу мәнеріне тәнтімін!

  • @РинатПакитджан-г7ш
    @РинатПакитджан-г7ш 6 місяців тому +2

    Артық сөз жоқ!!! Жарайсыздар!!! ✊ Хамеке өзіңізге жеке ризамын. Мына жердегі көп көрерменге кітап оқуға деген ынтасын ашып отырсыз, кітап оқымасада, Қазақ жазушыларының кемі 1 роман, поэзияларын біліп жүруге септігіңізді тигізіп жатырсыз. 👍

  • @danaerbolatkyzy9961
    @danaerbolatkyzy9961 6 місяців тому +6

    Құдай - ау құмарым күшеіп барады бұл бағдарламаға❤ Жаңа эпизодтарын аңдып жүріп күтетін болдым)))

  • @shrinurzhigitova1756
    @shrinurzhigitova1756 4 місяці тому +1

    Кандай кушти создер айтты Хамит! “ Жалпы адам баласының табиғатқа үйлесуінде ешқашан жақсылық болмағанғой! 😢! Керемет айтты !

  • @АнарМаннапова
    @АнарМаннапова 6 місяців тому +10

    Хамит аға ұятсыыыз шығармадан да бір әдебиеттің биік шыңын көре алады. Рахмет сізге. Каналыңызды қолдаймыз👏🏻

    • @omirornekteri
      @omirornekteri 3 місяці тому +1

      Шолпанның күнәсі ұятсыз шығарма емес

  • @dauren_tleuzhanov
    @dauren_tleuzhanov 5 місяців тому +2

    Керемет бағдарлама екен! Оқығамаған кітаптарды оқығандай болып. Арасында әзілдерімен жақсы кетіп жатыр.

  • @АйгеримИльясовна-ь6б
    @АйгеримИльясовна-ь6б 6 місяців тому +3

    Мен осы шығарманы мектеп кезінде оқыған едім. Кейіннен шығарманың атын, авторын есіме түсіре алмай жүрнен болатынмын. Рахмет Хамит мырза. Сол бала күнімде маған қатты әсер ертіп еді, осы шығарма .

  • @zhuldyzegizgaraeva6990
    @zhuldyzegizgaraeva6990 5 місяців тому +2

    Қазіргі мотивациялық, психологиялық, бизнеске бағытталған кітаптардан көркем әдебиеттің орыны бөлек 👍

  • @АлтынгулКожакелди
    @АлтынгулКожакелди 6 місяців тому +19

    Еркебұлан аға кешіріңізші, сіздің орынсыз сұрақтарыныз Хамит ағаның ойын бөле берді. Негізгі шығарманы талқылап отырған, 4 адамда оқу керек пе еді. Әлде бұл подкаста 4 адамның біреуі ғана сөйлеу керек пе, түсінбедім. Негізгі оқысаңыз, керемет шығарма, мағынасы өте зор. Көп жерде күле ьеріп, әзілге айналдырғаны ұнамады😢

    • @ayazhan.aibekqyzy
      @ayazhan.aibekqyzy 4 місяці тому

      Егер бұлай құйтырқыламаса жалығып кетер едік😅

    • @dulatkhassenov9560
      @dulatkhassenov9560 3 місяці тому

      Форматы сондай деп ойлаймын, бірақ Еркебұлан тым олай рөлге еніп кететіндей көрінді

  • @AkbotaTuzel
    @AkbotaTuzel 5 місяців тому +3

    Осы керемет проекттің көзіме шалынғалы жарты айдай уақыт болыпты. Және әр ютубқа кірген сайын іздейтінім осы канал осы проект. Өте керемет, тағылымы мен түсінігі терең, өзінен соң көрерменді ойландырып, айтылған шығармаларды іздеп, түгел оқып шықпайынша жанын тыныштандырмайтын тың туынды. Тоқтамаңыздар ағалар! Сіздерге әрқашан тілекшіміз. Осындай керемет шығарылымдарды қызық әрі ұғынықты түрде қазіргі ұрпаққа жеткізіп, кейінгі ұрпаққа қалдырып жатқандарыңызға алғыс! Алла разы болсын✨

  • @Antigeroi_01
    @Antigeroi_01 5 місяців тому +3

    Керемет шығарма 😢 Бұл шығарманы жалғыз тыныш отырып оқысам немесе арасында сіздер сияқты әзіл қосып тындамасам ауыр болатын еді. Сіздердің нұсқамен басы тәтті аяғы қатты болып бітті 👏

  • @dianka.1999
    @dianka.1999 6 місяців тому +8

    Өте жақсы жеткізілді,кино сияқты көріп жүріп үй тірліктерімді жасап аламын👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @Zhanerke.ys1
    @Zhanerke.ys1 6 місяців тому +11

    Кітап оқып жүрмін деген бос сөз, (бай болсаң да , кедей болсаң да)Хамекеңдей түсініп, салмақты ой саралап, ішіне кіре алмаған соң🫱🏽‍🫲🏻
    Ой өрісіңіз, есті ақылыңызға респект Хамит ағай. Бүгінгінің краштары сіздей ақ болсын😁

  • @zhalgasserikbai2938
    @zhalgasserikbai2938 6 місяців тому +8

    Менің ойымша қазақ ютубындағы ең пайдалы канал осы канал деп ойлаймын ❤

  • @НургулМанабаева-э4н
    @НургулМанабаева-э4н 6 місяців тому +3

    Мен үшін ең керемет шығармалардың бірі болды. Не тілесекте Алладан шын ниетпен тілейік. Қандай іс әрекет жасасақта, кімге не тілесекте бәрі өзімізге қайтары анық.
    Осы жобаға ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрбір шығарылымды асыға күтемін!

  • @dossatybaldiev117
    @dossatybaldiev117 5 місяців тому +47

    Жігіттер арзан күлкіні кішкене тыйса жақсы болар еді. Хамит аға тек алға өте керемет

    • @M1u2r3a4
      @M1u2r3a4 5 місяців тому +1

      Айтатын адам шықтау

    • @DiasMarkabayev
      @DiasMarkabayev 5 місяців тому +1

      келәсем қайта қайта бөле береді болмайтын әңгіме айтып

    • @ДулатТлеш-в5ж
      @ДулатТлеш-в5ж 5 місяців тому +1

      Өте орынды, қасындағы бала тентек па Еркебұлан деген сөз түсінбейтін, әдемі шығарманы талдап беруге мүмкіндік берген жоқ арзан күлкімен

    • @azizsmailov5433
      @azizsmailov5433 5 місяців тому +3

      Бағдарлама өзі сондай. Керек болса кітаптан оқып алыңдар деп өздері айтып жүр емес пе.

    • @abdullakz8856
      @abdullakz8856 5 місяців тому +4

      Еркебұлан болмаса кітапханның просмотры 10 мыңнан асуы екі талай еді..

  • @ОрынбаевНурбол
    @ОрынбаевНурбол 6 місяців тому +4

    Мына багдарламаны токтатпау керек, беретин тарбиеси оте коп, тек кана алга жигиттер

  • @Nurly_Zhalyn
    @Nurly_Zhalyn 6 місяців тому +3

    Бағдарлама тоқтап қалмаса екен. Бәріңе күш-қуат, денсаулық берсін. Хамекең аман жүрсін. Денсаулығын күтсін. Ауырмасын. Аман болыңыздар!

  • @jonyalikhan9538
    @jonyalikhan9538 6 місяців тому +3

    Смартфонга тәуелді заманда жаксы дүниемен бөлсіп, жастарға жақсы контент ұсынып жатканына Кушті арнасына рахмет❤ 18 демін ғой негізі. Біз тикток көргенді, кино көргенді жаксы көретін покалениеміз ғой. Кітап оқуға ерніп жүргенде, түсіндіріп беріп жаткандарына, Еркебұлан Армандардын жағаласып кызык кылып отыруы көрермендерді жалыктырмайды👍

  • @Aidoss_02
    @Aidoss_02 6 місяців тому +4

    Үзбей толықтай көріп келеміз
    Өте керемет ,жанға дауа миға тыныштық , жан дүниеге рухани күш

  • @hhhhh-o2p
    @hhhhh-o2p 6 місяців тому +10

    Кітапты қызығып тындаймын деп ойламайтын едм сіздер арқылы кітап оқуға құштарлығым ашылды❤❤

  • @aqtolqun00
    @aqtolqun00 6 місяців тому +1

    Керемет баяндайды😍 Хамит аға мықтысыз👍🏻👍🏻
    Шолпанға келсек, сәбиді соңғы сатыға қоя салды өзінің уақытша тәтті шақтары үшін. Шайтани ойларына өзін ұрлатты💔

  • @mussayev.1
    @mussayev.1 6 місяців тому +38

    Мен шығарған түйінде дұрыс тілек тілеу емес еді. Жұмабайдың Мағжаны жазған Шолпанның күнәсіна себеп болған басты кінәсі іштей тыну. Адам өте әлсіз жаратылыс, азғырушы шайтан бар, қанбайтын нәпсі бар. Өте ауыр сынақтамыз. Бұл маңызды сынақ өміріміздегі оқиғаны шариғатпен қарамай, ақылмен тежемей, өзгелермен санаспасақ анық шайтан азғыруындамыз. Шолпан әр ісінде өзінікін дұрыс деп білді. Шайтанның тұзағына түсті деп білем. Қазіргі біздің қоғамда да бар, бой бермейтін жас қыздар мен ұлдар, өзінікін дұрыс деп, не шариғатты қыстырмай, не ақылды қыстырмай. Кішкентай, мелочный темаларда болсадағын барлығында да азғындыққа мойынсұну. Аллаһ сақтасын. Әьузу билЛәһи минәшшәйтонир роджим.

  • @ЕлдарАкимжан-т9ш
    @ЕлдарАкимжан-т9ш 5 місяців тому +1

    Уаууу керемет! Жігіттер мен сондай қуаныштымын осындай контент көргеніме😍 көбіне қыздар кітап талдап отырушы еді😅 жігіттерді көру қуантарлық нәрсе 🎉 сәттілік тілеймін! Алға баса беріңдер👏✨

  • @zhamal_madiyar
    @zhamal_madiyar 5 місяців тому +3

    Кета балықтың ерлігі деген өлеңді мектеп кезінде жаттаған едім, әдебиет сабағында, мағынасын енді түсінгенімді ай😅😅😅

  • @danasarsenova4289
    @danasarsenova4289 5 місяців тому +1

    Хамит ағаның сөз байлығына, ой өрісіне, тұжырымдап жеткізуінде мін жоқ, керемет. Әдемі тыңдап келе жатқанда жүргізушілердің санасыз(тупой) сұрақтары әңгіменің құтын қашырып жібереді! Желең күлкі жігітке жараспас!

  • @gabbasova_d
    @gabbasova_d 6 місяців тому +12

    «Шолпан жүрегіндегі жараны ешкімге ашқан жоқ. Ашқанмен олар ұғар ма еді? Тегінде адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нәрсе емес қой. Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Ой түбінде жатқан зат шер толқытса да шықпақ емес» -, дейді Мағжан шығарманың өзінде. Расында аяйсың. Әйел тағдырын, жанын ешқашан толық ұғынып та, түсініп те үлгермейсің… «Мен сенен бала сұрадым ба?!» деп тұрып, Шолпанды фильмде көк-ала қылып сабалаған жері әлі көз алдымда. Аянышты. Ешкімді де жазғыра алмаймыз.Кінәләй да алмаймыз. Басыңа түссе баспақшыл деген. Алдымызда не боларын, басымызға не түсерін, қадамды қандай қылып басарымыз белгісіз.

  • @orkazhan8804
    @orkazhan8804 6 місяців тому +1

    Ассалямуалейкум. Казактын нар жигиттери, бар жигиттери! Аман журиндер, багдарлама дами берсин, токтамандар. Алла сендерге жар болсын!

  • @reproductionk
    @reproductionk 6 місяців тому +3

    Көп күтіп сұрап едім, Рахмет Хамеке

  • @Gooohhaa
    @Gooohhaa 5 місяців тому

    Бағдарлама керемет. ❤
    Жалпы ыржалаңдап әдейі жасап отыр ғой, қаралым көп болу үшін.. негізі қазіргі адамдардың санасын көрсетіп отыр ғой эх… өте өкінішті… 😢

  • @elvirazholaman
    @elvirazholaman 6 місяців тому +3

    Кітапхан кітапсүйер халыққа жаңа дем алып келді👏🏻 Хамит аға топ топ падам падам🫶🏻🤩

  • @МерекеӨміртаева-б9т
    @МерекеӨміртаева-б9т 6 місяців тому +1

    Керемет өте керемет👍👍👍 Кітапханның жасар жасы көп болсын, Хамекеңге еш сөз жоқ👍👍👍

  • @alpasheva
    @alpasheva 6 місяців тому +3

    Алғаш рет мен оқыған шығармаға арналды Кітапханның бір выпускісі👍 Оқығаныңды тыңдағанда басқаша екен. Ойлау тереңдігі басқа деңгейдегі Хамит ағаның аузынан есту, оның ойын түйу, оның қортындысын тыңдау кітапты басқа қырынан ашқандай болды.
    Түсінгенім, кей жерде өзім бір ауқымды ой түйе алмай қалады екенмін😂 Көп оқу керек шығар)

    • @Aviai-t6c
      @Aviai-t6c 3 місяці тому

      Ойын түю*

  • @КамшатКабул
    @КамшатКабул 6 місяців тому +1

    Хамит ағаға рахмет улкен ❤ кітап оқыған ұнамайтын еді осы бағдарлама арқылы біраз кітап оқығандай болып отырмын 😢😊 Бағдарлама керемет өркендеңіздер өсіңіздер !👍🙏🏻

  • @Medet.01
    @Medet.01 6 місяців тому +5

    Шаршамандар Баса беріндер . Агайын қолдап демеу беріп отыраиык Тамаша 👍👍👍👍

  • @ДамирДулатович-и7е
    @ДамирДулатович-и7е 5 місяців тому

    Дурыс кой жигиттер бул багдарлама,бирак арзан кулки деп жазып жаткандарга карсымын,казирги жастардын суранысы осы,осындай формат,бул жигиттер жаксы тауып отыр корерменин!!!

  • @Ғиззат
    @Ғиззат 6 місяців тому +7

    Тек алға бауырлар!✊👍

  • @aytkulkobeisinova607
    @aytkulkobeisinova607 5 місяців тому +1

    IT EASY SCHOOL-ға үлкен алғыс, осындай жобаға қолдау білдіріп оьқан👍👏👏

  • @БайкенКаналкул-ш4г
    @БайкенКаналкул-ш4г 6 місяців тому +4

    Өте керемет выпуск болды негізі, қысқа болса да Күліпте, ойланыпта, жылауға дейін апарып үлгерді!Хамекеңе көп рахмет соны бізге сөзбен жеткізіп отқанына!!@

  • @assemoraz1546
    @assemoraz1546 5 місяців тому +1

    Керемет әңгімесі керемет болды. Сол заманда психология, психосоматика, іштен тыну, депрессия бәрін қамтып кетуен әңгіме! Екі адамның арасындағы махаббаттың болуы, бірақ ойымен бөлісу, диалогтың жоқтығы да туралы айтылғандай...

  • @AzatImanbaev
    @AzatImanbaev 5 місяців тому +9

    Сөздің пәтуәсін түсінбейтіндерге бекер сұқбат бердің ау Хамитжан

  • @АминаАбуевна-ж8ш
    @АминаАбуевна-ж8ш 6 місяців тому +1

    Күшті шығарылым. Әзірге Ұлпан шыңы. Өлеңдерді жаттап дайындалған күшті ой салар шығармалар алып келетін ақ көкеге Алла разы болсын. Болашақтың өрісі кеңейе берсін осындай аға буындардың қызықтыра шығарған еңбегі жана берсін. Тоқтамаңыздар тек❤

  • @guljan_rakhieva
    @guljan_rakhieva 6 місяців тому +3

    Хамит мырзаға менің ойымша бір салмақты жаққа бұрылу керек сияқты. Әрине осы бағдарламамен қатар. Сіздің ішіңізде біраз ой саларлық елге пайда беретін дүниелер бар сияқты. Өзіме сондай ой келді. Кітабыңыз шықса бірінші болып алар едім. Өзіңізді жайдарманмен ойын күлкімен шектегеніңізді қаламаймын. Сізден ауқымды нәрселер күтем. Кітапхан ұжымына көп рахмет😊

  • @aada77782
    @aada77782 6 місяців тому +1

    Мағынасы терең екен, Хамеке рахмет осындай оқығандарынызды бөлісіп жатырғаныныз үшін👍👍👍👏👏👏

  • @честный-т6ц
    @честный-т6ц 6 місяців тому +15

    Кезінде бұл шығармаға арнап толықметражды фильм түсірілген. Соны көріп тіпті өмірден түңіліп кеткенмін. Фильмде біраз жерлері көрсетілмеген екен, бірақ сондада өте аянышты оқиға болып тұр. Енді кім не деседе Шолпанды кіналаудан қарағанда көбіне аядым өз басым, себебі “влюбленных не судят”,-дейдіғой жалпы. Ол сол махаббаттың буына мастанып, сезімі шарықтау шегіне жетіп тұрып “бұндай махаббатқа басқа ештеңе керек емес”,- деген оймен тілеп тұрғой Құдайдан. Білмедім енді Шолпанды өз басым қатты аядым. Фильмінде Сәрсен жерде жатқан Шолпанды тепкілеп жатқанда аузынан “мен сенен бала сұрадымба?”,- деген сөзде шығады екен. Керемет шығарма, осы қазақ жазушыларының бірдеңе жаза қойса қайғы-қасіретсіз аяқтамайтынына таңқалам..

    • @MiyagiAndy-ni2yz
      @MiyagiAndy-ni2yz 6 місяців тому +2

      влюбленных не судят деп қай ақымақтар айтып жүр?

  • @abiollabalnar6557
    @abiollabalnar6557 4 місяці тому

    Соңғы шумақтар қандай керемет, осы жылы Хамит ағаның жұлдызы жанған жыл болғай! Өте керемет. Оқып кеткен шығарма болсада көріңіздер ^~^❤

  • @aluakarzhaubayeva
    @aluakarzhaubayeva 5 місяців тому +3

    Өтек кермет шығарылым болды, Хамит Ердеханға мың да бір алғыс. Кета балықтың ерлігі өлеңін естіп , бір жылап алдым. Осы сәтте көптеген аналардың жағдайына келістіруге болады екен. Мың алғыс 👍

  • @АрайлымНуртаева-о4я
    @АрайлымНуртаева-о4я 4 місяці тому

    Мына әңгімені осындай қылып, ешкімді кінәламай, жеңіл желпі қарамай, тақырыпты тереңінен ашқандарыңызға рахмет! Ана балтаны да алып шығып, ойын-күлкіге айналып кетпесін деп, одан қалса, қатты түңілтпей, қиын ойға шомылдырмай алып шықтыңыздар! Оған тағы да рахмет!

  • @arujanbaigonurova3518
    @arujanbaigonurova3518 6 місяців тому +3

    Әр шығарманы асыға күтеміз❤ Өте керемет Хамит Ердехан

  • @Калдыгулуйендик
    @Калдыгулуйендик 5 місяців тому +2

    Кандай керемет жигиттер
    Хамит тамаша жеткизеди жаним Тил байлыгы керемет

  • @НурдаулетБуркитбаев-к1ь
    @НурдаулетБуркитбаев-к1ь 5 місяців тому +3

    Хамекең бір өзі том том энциклопедия ғо шіркін, қызық сәттері көп ұзаақ кино сияқты! Алыс жолда қасыңнан тастамайты кісі ше, баратын жерге қалай жеткеніңді білми қалатын шығарсың шііркін!😂👍

  • @melisshadybanov4010
    @melisshadybanov4010 5 місяців тому +1

    Керемет Хамеке жарайсын Рахмет коп коп озым окып шыккандай асерде болдым

  • @НуркасымСуюшбеков
    @НуркасымСуюшбеков 6 місяців тому +5

    Алла разы болсын, ужнға әдемі келіп келді ✊✊✊

  • @СаятБуркитбаев-г1и
    @СаятБуркитбаев-г1и 5 місяців тому +1

    Істеріңізге сәттілік тілеймін,еркебұлан аға сізді жақсы көрем тычкаларыңыз өтет кейін осындай әңгімелер көп болсыншы романдарға қарағандааа,романдарды сәл қиындау болып қап жатыр түсіну,КІТАПХАН ДАМИ БЕРСІН😘

  • @arysbekqyzy
    @arysbekqyzy 6 місяців тому +9

    Хамит ағаның арқасында қазақ әдебиетіне ғана емес, Мұхтар Шаханов көкемізге деген таңдану мен тамсануым артуда😍

  • @Janseyit.1995
    @Janseyit.1995 6 місяців тому +1

    Ассалаумагалейкум Хамеке жигиттер кушти керемет кандай шыгарма айтсада тубинде бир ой салатын ойландыратын жаманы да бар жаксысы да бар брак жаксы нарселерин алатындай шыгармалар оте коп екен енбектерин береке берсин токтамандар асыга кутип журем шыкканын 👌🏼👌🏼

  • @ЖансаяКалиякперова
    @ЖансаяКалиякперова 5 місяців тому +12

    Құдай үшін Еркебұланды алып тастаса осы бағдарламадан, өте керемет болар еді.

  • @Arailymm1995
    @Arailymm1995 6 місяців тому +2

    Тұрақты көремендеріңізбін! Тек алға! Маған қатты ұнайды тек жаңара беріңіздер!!!

  • @Sapa-Textile
    @Sapa-Textile 6 місяців тому +9

    Ақберен Елгезек “Болмаған балалық шақ” кітабын айтыңызшы

  • @Baycity08
    @Baycity08 6 місяців тому +1

    Соны журегиме жетти. Мен шыгармадан емес туйиндегеннен быраз нарсе алдым. Алла сизге разы болсын Хамит ага. Оте керемет шыгарылым. Ана туралы урпак туралы кушти айтыныз

  • @Saya_Aitbayevna
    @Saya_Aitbayevna 4 місяці тому +4

    Көзі тірісінде Мұхтар Шаханов атамызды қонақ қылып шақырсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді! 🙏🏻