КітапХан #16 | "Гауһар тас" Дулат Исабеков. Шығармадағы ұлы махаббат иесі кім?

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 лис 2024

КОМЕНТАРІ • 883

  • @kushti_kanal
    @kushti_kanal  Місяць тому +249

    Шығарылым ұнады ма? Ұнаған сәттерімен бөлісіп отырыңыздар.

    • @BagiArys
      @BagiArys Місяць тому +10

      Неше шығарылымдарыңды көрдім, бірақ мынау потолок болды! Тіпті қасыңдағы қылжақпастың өзі соңғы сәтте дір ете қалдығой. Меніңде көзіме жас келді, тіпті сендердей қылжақпастар оқығанның өзінде әсерін берді. Дулат Исабеков атамыз көп жасаңыз өмірде бірнеше рет қолыңызға су құюып батаңызды алу бұйырыпты.

    • @БузурманМурасканов
      @БузурманМурасканов Місяць тому

      Неге "Гаухар тас" деп коюлган ?

    • @АлишерЖаркынбеков
      @АлишерЖаркынбеков Місяць тому

      @@БузурманМурасканов Сол анди айтканы ушиин Салтанат

    • @БузурманМурасканов
      @БузурманМурасканов Місяць тому +2

      ​@@АлишерЖаркынбековГаухар тас деген Ыбыштын журеги болп тургой

    • @gabitauelbekov5373
      @gabitauelbekov5373 Місяць тому

      Адеми шыгарылым болдыы бирак рекламаны азайтындаршыыы отинишшш

  • @НазеркеЖанатай-л5ы
    @НазеркеЖанатай-л5ы Місяць тому +246

    Әдемі күлкі беріп,күлмейтін тағдыр берген Салтанат💔🥺🥺🥺
    Керемет👍🏻

  • @НұржайнаЕсболат
    @НұржайнаЕсболат Місяць тому +91

    Кітабын оқып, киносын көріп, спектакльгеде барғанда Ыбыш пен Салтанаттың махаббатын көргем. Басқаларға түсіндіре алмай қиналып едім. Хамит ағаның айтқанына қуанып қалдым👏👏👏

    • @КккШшш-и5ы
      @КккШшш-и5ы Місяць тому

      Жылап қаллымғой, кәдімгідей ❤❤

  • @erkinnovnaa
    @erkinnovnaa Місяць тому +139

    осы состав өзгермесе жақсыы болушы еді, осы составты ұзақ күттімғой Хамекең ерекше ашылады осы жігіттермен✨

    • @ӘбілханМансұр
      @ӘбілханМансұр Місяць тому +3

      Менімше басқа жігіттермен де жақсы отырады👍🏾

  • @Username-t4q
    @Username-t4q Місяць тому +314

    Реквизит та қойып қойыңыздаршы. Донаты салып отырайық. Демеуші шығатын шығармаларды қолдай берсін түсірілімді кеткен оператор, студия сияқты дүниелерді. Біз сіздерді қолдайық❤❤❤❤❤

  • @Username-t4q
    @Username-t4q Місяць тому +59

    Қанабек пен Асқар келді ау әйтеуір.😍😍😍 Осы екеуі топ. Әзілдері де топ. Жәмиләні аптасына кемі 4 рет көремін. 🔥🔥🔥Қанабек Асқар алға, Хамеке мен Еркебұлан от қой от 🤯❤️❤️❤️❤️

  • @NazerkeNurlybek-l2d
    @NazerkeNurlybek-l2d Місяць тому +36

    Керемет, кітапхан! Соңында өксік келді, көзден жас сорғалады. Дулат Исабеков тірі ғой, Еркебулан сұрайтындарын сұрап алсында)

  • @mikosh9494
    @mikosh9494 Місяць тому +26

    Рахмет сіздерге жігіттер.👍🏻👍🏻👍🏻
    Осындай керемет жобаларың үлкен экранға шығуын Аллаһ нәсіп етсін.

  • @bake_saginbayev
    @bake_saginbayev Місяць тому +15

    "Гаухартас"!
    Астана қаласында, "Жастар" театрында көрдім! Керемет спектакль, баруға кеңес беремін! Қойылымның соңында Ыбыштың отырысы, өз-өзін қамшылап, жан айқайын әдемі көрсетіп береді! Көзіне жас алмаған көрермен болған жоқ... Бір сөзбен айтқанда, жанұя құрған жастарға жақсылап ойланатын оқиға баяндалады!
    Кітапхан жарадыңдар👏👏👏

    • @Хамза-щ8ф
      @Хамза-щ8ф Місяць тому

      Кашан бардыңыз? Осы октябрь иши ма?

    • @bake_saginbayev
      @bake_saginbayev Місяць тому

      @@Хамза-щ8ф2-3 ай бұрын! Маусымның жабылуы болды осы қойылыммен! Билет табу оңай емес, әрдайым аншлаг, алдын ала алу керек! Тикетоннан алдым билетті!

  • @balganymzhanbolatkyzy96
    @balganymzhanbolatkyzy96 28 днів тому +5

    Гауһартас шығармасын жылап оқыған едім. Қайта естіп, ау қандай керемет шығарма эмоцияға толы 😊

  • @zhalgassultan6532
    @zhalgassultan6532 Місяць тому +80

    Бір оқығанда менде Ыбышты жазғырған едім, еді түсіндімгой.
    Бәріміз Ыбыш болып жүрмізғой қазір жанымыздағы жақындар өлмейтіндей,әлі ешкімнің қадірін түсінбедік. Айтпағы көп екенгой бұл кітаптың

  • @Каусар-г6г
    @Каусар-г6г 19 днів тому +4

    Сөзсіз!Керемет!Хамит аға міне кітапқа талдау,неше рет оқысамда Ыбышты түсінбеппін,бірақ бүгін анығынан түсіндім.Рақмет!!!💥

  • @Ссс-д5с
    @Ссс-д5с Місяць тому +25

    Кітабын оқығанмын, киносын көргенмін, қойылымына барғанмын, бірақ, Хамит ағаның нұсқасында тағы да тыңдаймын! Көрмей тұрып лайк❤

  • @gabbasova_d
    @gabbasova_d Місяць тому +113

    «Әрбір әйел танылмаған планета. Жәй ғана планета емес, мұңлы планета. Ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының құпиясын аша алмайды. Әйел жанын таза сақтайтын қоғам жер бетінде әлі құрылған жоқ, оған дақ түсірмей, аялай білетін еркек әлі туылған жоқ. Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз!» дейді Дулат аға «Өкпек жол» шығармасында. Расында әйел жанын дәл осылай түсінген, ұғынған жазушы кемде кем. “Гауһартас” жайлы да, махаббаттан гөрі, кітап ата-ананың балаға берген таным көкжиегі, эмоция, сезімдер шайқасы жайлы дейді ғой. Не болса да,Исабеков нағыз махаббат! Қазір арамызда жүрген аңыз жазушы. Қай шығармасын алмасаңыз да, соңында терең ойға батырып жібереді. Бірақ қызығы, тілі жатық, стилі жеңіл жазушы, қасыңда отырып әңгімесін айтып отырғандай әсер қалдырады. Жеңіл дегенім жеңілтек әңгіме дегенім емес, 10-15 беттік шығармасы болсын, ой салып, бірінен кейін екінші кітабын оқуға деген құмарыңды ашатын сиқыр бар шығармаларында. Ең сүйікті жазушым! Қазақ әдебиетіне қызығып бастасаңыз, сөзсіз, Исабековтен бастаңыз! “Қарғын”, “Ай-Петри ақиқаты”, “Сүйекші”, “Тіршілік”, “Дермене”, “Әпке” (Дулат аға жастайынан жетім қалғанда, өсіріп баққан, туған әпкесі күйеуіне “Маған баладан гөрі бауыр қымбат”дегені тіпті денеңді шымырлатып жібереді) бәрі-бәрі жүрегіңізден ерекше орын алар шығарма болары сөзсіз. Қызығы ұзын сонар том-том романдар жазатын жазушылар қатарынан емес. Жеңіл, қысқа, пайымды бірақ, іші бағасы жоқ алтынға толы. Кітап оқи алмаймын, визуалды қабылдаған оңай десеңіз, театр сахнасында да Исабековтың біраз шығармалары қойылып жүр (автордың өзі де сол қойылымдарға жиі келіп тұрады) барып, көріп қайтыңыз. Бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Ал, жоба үшін үлкен рахмет жігіттер! Берекелі болсын! Мәдени майданға қосып жатқан бір үлесіміз деп қабылдаңыздар. Тоқтап қалмаңыздар бастысы, әлі айтылмаған, танылмаған, әлемдік классикаға айналатындай, теңдесі жоқ қазақ шығармалары жетіп артылады, солардың көптеп таралуына қосып жатқан үлестеріңіз бар! Заман оқығандыкі, ең болмаса, әлем былай тұрсын, өз қазағымызға танытып жатқандарыңыз не тұрады?! Рахмет! (Келесі шығарылымдарда Оралхан Бөкейдің шығармасы болса, қазақ әдебиетін сүйетін біраз көрерменнен толассыз қолдау болатыны сөзсіз🤭)

    • @BB-nw8lv
      @BB-nw8lv Місяць тому +2

      Сүйекші еріксіз жылатады…

    • @danagulbeibitbekova7596
      @danagulbeibitbekova7596 Місяць тому

      ❤❤❤

    • @АйнараКаналбек
      @АйнараКаналбек Місяць тому

      👏👏👏

    • @Bota_Alkuatova
      @Bota_Alkuatova Місяць тому +7

      Недеген терең ой Дулат ағамыздың ойы, соны жеткізген сізге рахмет. Ұшқыр ойлы, терең мағыналы,көркем, сөзбен жеткізген қазақ елінде біртуар азаматтардың бары жүрегіңді жылытады. Күйбең тіршілікпен кітап оқуды ұмытқанда шабытыңды ашатын осындай бағдарламалар мен тіпті сіз сияқты жазған коментарийдің өзі жеткілікті. Рахмет сізге көп-көп, бағдарламаға да рахмет 🤍

    • @gabbasova_d
      @gabbasova_d Місяць тому

      @@Bota_Alkuatovaайтпаңыз, күйбең тіршілік, мал тапсам деп жүріп руханиятымыздың ақысын беруді ұмытып кетіп жатамыз. Кеш батып, үйге сүйретіліп келсек те, осындай бағдарламалардың өзі кәдімгідей қуантып қояды😊 Дегенмен, Дулат ағаны оқу керек, бір оқысаң қайта-қайта тартып тұрар әсері бар шығармаларының.

  • @hah_npatue
    @hah_npatue 16 днів тому +4

    Менде оқығанмын бұл кітапты, бірақ Хамит ағаның айтқанына түк қосылғым келіп тұрған жоқ. Адам сүйседе жаман сөз айтар, мүмкін көңіл аудармас, бірақ қол көтеру, жаның қалған жанға жаныңның ашымауы, темболе ауыраяқ екенін біле тұра, әрі әйел екеніне қарамастан бұндай қатыгездікте қарым қатынас жасауы МАХАББАТ ЕМЕС. Тіпті оған әкесінің тәрбиесі өтіп кеткен болсада адамның өз жүрегіндегі титіндей болсын мейірімі болуы керек едіғой. Бір үйдің нкілеп өсірген қызын арлы берлі сүйреп өлтірдіде салды. Оқып біткенде ей сорлы Ыбыш деген сөзден өзге сөз таппадым. Өте өкінішті өте аянышты шығарма болды. Ех Салтанат

  • @Даниял-э8й
    @Даниял-э8й Місяць тому +70

    Көріп қуанып кеттім ғо тура тамақ ішетін кезде шықты 😂 рахмет жігіттер

    • @EnglishAcademyWithMe
      @EnglishAcademyWithMe Місяць тому +11

      Тамақ ішіп отырып көрген бөлек та😂

    • @guljan_rakhieva
      @guljan_rakhieva Місяць тому +2

      @@EnglishAcademyWithMeайтпаңыз😅

    • @Nonomof
      @Nonomof Місяць тому +2

      Соңына қарай тамақ ішіп отырмандар, тамақ өтпей қалады .

  • @ersinkulaxmet5140
    @ersinkulaxmet5140 Місяць тому +9

    Тамаша шығарылым. Шаршамаңыздар бауырлар. Кітапты оқу бір бөлек,кітаптың ішінде өмір сүру ол бір басқа. Хамекең осы шығарманың ішінде өмір сүрді және бізді сол жаққа ерте кетті. Күшті шығарылым болды бұл. Еңбектеріңіз жансын бауырлар!!!

  • @qaraqalpaqpango
    @qaraqalpaqpango Місяць тому +5

    Хамит ага Каракалпакстаннан коремен бул жобаны ал бугинги шыгарылым жуда адамды тасырлендырды... Улкен рахмет шаршаманлар КИТАП ХАН командасы улкен алгыс

  • @АяулымМуханбет-д7и
    @АяулымМуханбет-д7и Місяць тому +4

    Адамға түрлі ой салдырып, жанымызды рухани тойдыратын сіздерге Алла разы болсын. Расымен де сіздердің барлық бағдарламаларыңызды жібермей көремін, шыққан күні бірден көріп тастаймын. Себебі, кітапханнан алатын әсерім, көріп болғаннан кейінгі түрлі ойлар мен сезімдер ерекше жанымды рахаттандырады. Кітапхана ұжымына, әсіресе Хамит Ердехановқа үлкен рахмет ❤

  • @Serikbaykyzy
    @Serikbaykyzy Місяць тому +11

    Ер адам әлсіз болмау керек деп тәрбиелегенғой. Сол себептіғой өз эмоциясын білдіруге ұялатын. Ата-анаға идеал болып көріну, еркелемеу дегендей

  • @bolatbayevna.a
    @bolatbayevna.a Місяць тому +4

    Ең керемет шығарылым🥹💔
    Осыдан 1 жыл бұрын дәл осы кітапты оқып,әсерінен шыға алмап едім.Бүгінгі Хамекеңнің жеткізуімен дәл сол сезімді қайта сезіндім.Ерекше әсер қалдырды.🥹🥹
    Осындағы жігіттерге рахмет.Осы состав мықты🫶🏻
    Жасай берсін,”КітапХан” жобасы🤍🤍

  • @sonmin7Tot
    @sonmin7Tot Місяць тому +2

    Кітапханға рақмет!
    Кітап оқығым келмейді, әдеми шығармаларды тыңдауға мүмкіндік бергені үшін❤️❤️

  • @ДианаНамазалы
    @ДианаНамазалы 10 днів тому +1

    Керемет! Күлдікте, жыладықта. Өте қатты ұнады ❤

  • @dildabekovoralhan32
    @dildabekovoralhan32 Місяць тому +12

    Ура шықты КітапХан ұжымына рахмет Хамекең мен Еркебұлан е ананайын бөлексіңдер міне азамат міне тұлға 😍📚❤🤣🎉

  • @УлжанАканова
    @УлжанАканова Місяць тому +12

    Ммәәә гауһар тас кітабын алып едім оқуға әлі бастамадым осы шығарма кітапханан шықса екен деп едім рахмет сіздерге❤

    • @ДинмухамедДауылбай-ъ1с
      @ДинмухамедДауылбай-ъ1с Місяць тому +1

      Алып ақшасын төлеп кассада ұмытып кеткен сяқтысыңғой

    • @erke99
      @erke99 Місяць тому

      @@ДинмухамедДауылбай-ъ1с😂

    • @ruslanshymshyq5450
      @ruslanshymshyq5450 Місяць тому

      Міндетті түрде оқыңыз... Жартысы да айтылмады...

  • @AigerimRaibek
    @AigerimRaibek Місяць тому +26

    Керемет шығарылым:) Ыбыштың махаббаты інісінің махаббатына жеткен жоқ, адам өзінде жоқ затты бере алмайдығой. Сүюші сүйгенін тыңдайды, сүюші сүйгеніне басқа әлеммен қарайды. Соңындағы Ыбыштың әттеген-айы деп ойлаймын! Сүйген адам өз сүйгенінен айдаладағы жануарды бірінші орынға қоймайды. Біздің қазіргі трагедияларда осылай ақтап алумен аяқталып жатқаны өкінішті-ақ!

    • @NurlankyzyA
      @NurlankyzyA Місяць тому +2

      Осыны жазгым келип еди менинде…осылай романтизациялайтынын кайтесин дейминда Бир адамнын омирин жалмап

  • @gulmiraqalila6600
    @gulmiraqalila6600 Місяць тому +5

    Керемет, мені әсірлендірді, киносында, театрданда, кітаптанда Гаухар таспен таныспын, бірақ ешқашан Ыбыш жағынан түсініп көрмеппін. Рахмет сіздерге❤

  • @aqnietyel9389
    @aqnietyel9389 Місяць тому +9

    Кітапты оқыған кезде бір жылап алып едім,бүгін осы шығарылымды көріп тағы көзіме жас келді 😢

  • @vip_qazaq8179
    @vip_qazaq8179 Місяць тому +33

    Жетеме мақсатына армандаған?
    Сенімсіздік жанында жалмаңдаған
    Сүйгенінің жанына қуат берер
    Бәлкім маған махаббат арналмаған.
    Сырт көзге жанның сыры байқалмаған,
    Әрекетке үңіліп байқар(ма) адам,
    Сөздер қалды ішімде айтылмаған
    Сезімдерде қалсыншы айта алмаған...
    Осы кітапты оқып болған соң шыққан өлең қатарлары

  • @bakejumahan1043
    @bakejumahan1043 24 дні тому

    Бәрекелді, жігіттер! Рилстан бөлек сендердің бағдарламаларыңды бірінші көруім. Өте мазмұнды екен. Хамит бауырым, бар бол! Дәрежеңді көтере берсін Алла Тағала!

  • @АйшагулМуратбек
    @АйшагулМуратбек Місяць тому +26

    Көргенде қуанып кеттім ғой. Гауһар тасты оқығанмын. Сіздерге рахмет жақсы көңіл күй сыйлайсыздар❤

  • @ЕржолМұрат
    @ЕржолМұрат Місяць тому +35

    соңында бәріміз үнсіз калдық . жоғары деңгейдегі шығармашылық. Ыбыш көөп Қазақтың жігіттерінің бейнесі .

  • @dr_orynbasarova-u3q
    @dr_orynbasarova-u3q Місяць тому +19

    Мына әлемнен сая табам десең, құрбақаға қарап отырып сұлулық тауып аласың)💯 58:39

  • @bolatbayevna.a
    @bolatbayevna.a Місяць тому +9

    Ыбыш пен Салтанаттың махаббатын жеткізе алған,түсіне алған бірден бір жан Хамекең🔥
    Сөз жоқ.Мықты шығарылым💔

  • @orkazhan8804
    @orkazhan8804 Місяць тому +2

    Ассалямуалейкум жигиттер. Китапты оку бир болек, оны тусину бир болек. Колдан кеткен сон окингеннен не пайда. Керемет шыгарылым. Тек алга жигиттер.

  • @fizersq
    @fizersq Місяць тому +2

    Керемет... Осындай шығармаларды оқи-оқи қазіргі кезде әркім өзін түзеп жақсарады өзгені түсінеді.Қазіргілер мотивациялық, психологиялық кітаптар пайдалырақ деп ойлайды,әттең олай емес екенін қайдан білсін.Нағыз психология осында!

  • @ИранСалмырза
    @ИранСалмырза Місяць тому +35

    Мен хамитті жылады дегенге күліп сенбеп едім, ал соңын естігеннен кейін қалай өксіп жыоап жатқанымды білмей қалдымғой

  • @talshynmaksat9601
    @talshynmaksat9601 Місяць тому +2

    Qasym баспасына мың алғыс! Кітаптары шынымен де өте сапалы, көзің ауырмай, қатесіз, таза оқисың
    Хамит ағай краш қой😍😍😍

  • @Aifairy7
    @Aifairy7 25 днів тому

    Шығарманы оқып барып, шығарылымды көрген бөлек екен. Мен де кітапты оқып біткенде, Қайыркеңнің сөзінен кейін "Ыбыш ше? Салтанат ше? Олардың ішінде не кетті?" деген сұрақтар қалып кетіп еді. Хамит ағаның ойынан кейін қалып кеткен сұрақтарыма шашыраңқы болып жүрген ойымдағы жауаптар бірігіп, пазл құралғандай болды. Рақмет🙌

  • @-miko.bai-95
    @-miko.bai-95 Місяць тому +2

    Мен өзім оқыдым өткенде қана, бітіре алмай қалып едім. Хамит ағам керемет қып бітіріп, Басқа ша түсінік берді күшті әсер сыйлады. Бірақ кітап өте керемет жазылған сөзсіз. Жасасын кітапхан ұжымы. Тамаша

  • @ruslanshymshyq5450
    @ruslanshymshyq5450 Місяць тому +2

    Исабековқа міндетті түрде оралыңдар қайта!!! Менің ұсынысым- Бонопардтың үйленуі, Социализм зәулімі, Конфронтация, Ескерткіш... Осы шығармалар бағдарламаға дәл келеді, күлкіге қарық боласыңдар!!!

  • @АйсараНаурыз-ч8я
    @АйсараНаурыз-ч8я Місяць тому +19

    Ыбыштың махаббатын әсірелеп жіберген сияқты көрінді маған соңында. Егер шын сүйген жан болса боранда мал үшін қаңғытатындай не күн туды. Егер Ыбышта шын махаббат сезімі болса ол қандай болсын Салтанатты қауіпке тікпес еді.

    • @NurgulShotaeva-pt2us
      @NurgulShotaeva-pt2us Місяць тому +3

      Менің де ойым солай. Осы күнге дейінгі ойымды өзгертіп жіберді Хамитың ойы. Хамит сияқты ойлайын десем де, болмай тұр.

    • @baglankuzdykbay7721
      @baglankuzdykbay7721 Місяць тому

      кім ойлапты ол ауыратынын

  • @ДауренАйткалиев-ф1п
    @ДауренАйткалиев-ф1п Місяць тому +3

    Жігіттер Алла Тағала істеріңе жұмыстарыңа отбасыларыңа береке берсін 😊🤲. Шығарылым өте әсерлі керемет болды. РАХМЕТ ЖІГІТТЕР ❤

  • @togzhankairat9127
    @togzhankairat9127 Місяць тому +1

    Өте күшті шығарылым болды🎉 👍🏻👍🏻 Кітапхан ұжымына үлкен рахмет, келесі шығармаларды, шығарылымдарды асыға күтеміз❤

  • @ГульнурОспанкулова

    Керемет кітап екен,сөзім жоқ жылап қалдым тоже.Өз-өзімді ұстай алмай кеттім.Тіпті жылайтын жерге жетпей сезіп жыладым.Көп рақмет!Жеткізіп айтқан Хамит бауырымызға ❤

  • @askerbekkaipnazar3811
    @askerbekkaipnazar3811 29 днів тому

    Хамит Ағамыздың сонгы мына Салтанаттың Ауыр халінен соңына дейін айтқандарын Осымен 15-20рет тыңдадым неткен керемет осыны жеткізу адамға деген шеберлік ті айтсаңызшы Хамит Аға сіз секілді кітапты құрметтеп сезінетин тұлға 1 ғасырда тир туылатын шығар Рахмет сізге Осы ютуб жобасын мине бүгін карап жатырмын қайталап толык 5рет кордим Жаныңның Ләззатын сезіндім повесттен😢😢 Рахмет Хамит аға

  • @Miras-q1d
    @Miras-q1d Місяць тому +2

    Мына шығарма бөлек болды енді. Ұйып қалдым. Мән бермейтін көп нәрселерді ұққан сияқтымын. Мықты

  • @zhansss_04
    @zhansss_04 Місяць тому +6

    Мен де шығарманы бір оқығанда Ыбышты жазғырғанмын. Бірақ Хамекеңнің Ыбышты басқаша түсінуі арқылы, оған деген көзқарасым толықтай өзгерді! Хамеке-аңыз адам!

  • @БахаМақсатұлы
    @БахаМақсатұлы Місяць тому +1

    Шыны керек бітпесе екен деп қайта қайта уақытын қарай бердім
    Ең соңында шыныда Хамекең айтқандай көзге еріксіз жас келді 😢 қабірдің алдында отырған көрініс көз алдыма келді
    Жанымыздағы жақын жандарды бағалайықшы өтініш !!!

  • @самыеинтересныефильмы-з7ы

    Керемет әсер алдым. Кинодан бундай әсер алмап едім 🥹🥹🥹🥹😭😭😭

  • @xD-xf8fz
    @xD-xf8fz Місяць тому +1

    Осы кітапті 2-3 ай бұрын оқып, соңында еріксіз көзден жас жібергенім бар. Хамит мырзаның көзқарасымен Ыбыштың жан дүниесін жеткізе білгені жүрекке одан да ауыр тиді. Сәттілік бауырлар✊🏼

  • @БекуланБегалыулы
    @БекуланБегалыулы Місяць тому

    Ай мәә шәә Аллааһ, бөлек!
    Ойымдағыны толықтай жеткізе білді ағайындар. Ыбыштың жан-дүниесін айрықша аша білді✊🏻
    Браво!

  • @АзизаТұрсынбаева
    @АзизаТұрсынбаева Місяць тому +4

    Рахмет сіздерге. Жұманың кешінде керемет демалыс болатын болды😍😍😍

    • @erzhan77uskenbaev
      @erzhan77uskenbaev Місяць тому +2

      Жұма мүбәрак болсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @ДинараКалмаганбетова-т7м

    Еңбектеріңіз жана берсін. Еріксіз бір жылаттыңыздар.Кітап оқуға махаббатты ашудың керемет үлгісін көрсетудесіздер.Оқырманға жеткізу форматы ерекше мойындау керек💯

  • @АйданаТурсымбекова
    @АйданаТурсымбекова Місяць тому +1

    Керемет шығарылым болды 😢 көріп отырып менде жылап Ыбышты кінәләп барып тоқтап түсіндім Махаббатты әркім білгенінше көрсететінін. Жүрекке жеткізіп, жанды бір тербетіп, сол ортада жүргендей күй кештімғой керемет мазмұндау 👍👍👍 тоқтамасын еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер 😊

  • @ЕсімжанНақтыбай
    @ЕсімжанНақтыбай Місяць тому +3

    Рахмет, жігіттер! Мықты контент жасап жүрсіңдер

  • @АикеримМеирбекова
    @АикеримМеирбекова Місяць тому +5

    Меніңде көзіме жас келді,жүрегім тебіреніп кетті рахмет сізге Хамеке

  • @User_tai-n4n
    @User_tai-n4n Місяць тому +1

    Сіздерге үлкен алғыс!Осы бағдарлама арқылы кітапқа махаббатым ашылып,қайтадан оқып бастадым.Әңгіме қылып естіген бір бөлек,оқыған одан бөлек сезім және киносын көріп бір рахаттанып қаласың.Бердібек Соқпақбаевтің жүз жылдығына орай "Жекпе-жек"әңгімесін кино қылып жарыққа шығарып жатыр екен.Оны көріп қуанып кеттім балаша,ертең Қазақстан арнасынан бермекші.Сіздерге үлкен алғыс.Бұл бағдарлама жалғасын таба берсем деймін.👏

  • @ulansheraly2686
    @ulansheraly2686 Місяць тому +1

    Шығарылымды көріп бір әсерленіп, кітапты оқып оданда қатты әсерге бөлендім өте керемет шығарма екен

  • @kanatturganov
    @kanatturganov Місяць тому

    Жылағым келді соңында😢 керемет шығарылым болды. Бүгінгі кітап ерекше екен. Рахмет ағаларымызға👏👏👏

  • @ИбрайханЖибек
    @ИбрайханЖибек Місяць тому +1

    Гауһартас спектаклін өз көздеріңізбен барып көрулеріңізді сұраймын. Астанада тұрсаңыздар әрине) Керемет туынды, сөз жоқ. Әсіресе,келші айым әні айтылғанда қалай жыладым😭

  • @AyzadaShagirova-h6f
    @AyzadaShagirova-h6f Місяць тому

    3 рет қайта қайта көрдім!Керемет ағатайлар,еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер😍😍😍Қазақ әдебиеті,қазақ шығармалары көбейе берсін!Көзімізді ашып,көкейімізге тағы бір шығарма арқылы үлгі-өнеге алдым❤️

  • @АйкенайАлтайева
    @АйкенайАлтайева 17 днів тому

    Оте керемет, унады 💣💣💣💣💣

  • @zhamilashabarova5698
    @zhamilashabarova5698 Місяць тому +1

    Кинода тірі қалдырады.Кітабында жас кезімде оқып едім,жылайсың бірақ қайнысы жақсы көрген деп келдім,Ыбышты түсінбепппін Хамит өте керемет түсіндірді Ыбыштың ішкі ойын тоқтамай жылап қалдым.Рахмет👏

    • @muratcodm
      @muratcodm Місяць тому

      Салтанатты шын жақсы көрген жалғыз адам тек Қайыркен ау

  • @БекарысДанашев-о2к
    @БекарысДанашев-о2к Місяць тому +1

    Керемет жігіттер! РАХМЕТ!
    ғажап шығарылым ,дәл осы құрам~дәл осы кітап бір бірін тауып тұр ,ең үздік шығарылым..✍️

  • @K.Meiirzhan
    @K.Meiirzhan Місяць тому +4

    Еріксіз көзге жас келді 😢 Керемет шығарылым 👏🏽👏🏽👏🏽

  • @lauraimanbek1237
    @lauraimanbek1237 27 днів тому

    Ең үздік шығарылым болған шығар. Терең ойлы, ең маңыз деген дүниені айтты соңында. Сүйсіндім, рақмет!

  • @kazem8211
    @kazem8211 Місяць тому +2

    Алғаш оқыған әдеби кітабым осы кітап еді,қатты әсер берген кітап.
    Кітап оқудыда осы бағдарлама арқылы бастадым.❤😊

  • @aigoollek
    @aigoollek Місяць тому

    Керемет жігіттер, рахмет барлығы үшін ☺️…Хамиттің қарапайымдылығына ризамын Алла Тағала разы болсын 🤲🏻

  • @zhaidarlym952
    @zhaidarlym952 22 дні тому

    Кітабын оқығаныма біраз болып еді, Хамит ағаның әдеби тілде айтқан мазмұнын тыңдап отыра оқыған сәтімді қайта еске түсіріп, сол кездегі сезімді қайта есіме түсірдім, көп көп рахмет😊😭

  • @БакытгульАхметова-я8м

    Рас, осы баспа шыгарган О. Бокейханның "Қар қызы"деген кітабын інім курс оқып журіп Шымкенттен сатып әкелген екен. Уй ішімізбен бір деммен окып шықтық. Мазмұны керемет жане кітаптың сапасы да оте жоғары. Кітап мені ұстап оқышы деп тұр ғой🎉

  • @ruslanshymshyq5450
    @ruslanshymshyq5450 Місяць тому

    Өте маңызды эпизод Ыбышты Салтанаттың мойындатқан жері бар, домбыра ойнатып қойған жері... Керемет эпизод...

  • @inoggghis123
    @inoggghis123 Місяць тому +5

    Гаухартас спектальде өте қызық шығарманы Дулат Исабеков 25 жасында жазған талант 👏

  • @АрайлымНуртаева-о4я

    Керемет! Бағдарлама да, таңдалған шығармалар да, талқыланатын тағдырлар да. Осы шығарылымды Мамаммен бірге қарадық.
    “Киносын көргенмін, кітабы тіпті қиын дейді. Оқымадым.”- деді. Әнін ыңылдап айтып берді.
    Рахмет сіздерге.

  • @Гулдархан_1986
    @Гулдархан_1986 Місяць тому +1

    Өте өте керемет жеткізді Хамекеңе рақмет ❤❤

  • @GulzatMukhan
    @GulzatMukhan Місяць тому +5

    Көзге еріксіз жас келді…
    Қиялға қанат бітіртіп,шығарманы шын баяндау арқылы жүрекке жеткізе білген сіздерге үлкен алғыс!
    Алла разы болсын!
    Тек сәттілік!

  • @Алекекурман
    @Алекекурман 27 днів тому

    Осы подкастын аркасында, китапты окып,киносын корип тастадым ❤❤❤❤❤❤ рахмет.

  • @ZhanadilMamraimov
    @ZhanadilMamraimov Місяць тому

    Өте керемет түсіндірді, Рахмет барлықтарыңызға 🙌
    Дулат атамыздың Қарғыны да сұмдық,келесі кітап сол болса)

  • @ademajenisbekkizi6613
    @ademajenisbekkizi6613 28 днів тому

    Менде алғаш оқығанда Ыбыштың үнсіз шексіз ұяң махаббатын көрген едім,Хамекең айтқандай менде Ыбыштың махаббаты арқылы жылаған едім,оның сол қабір басындағы отырысы терең күрсіңгені екі ауыз сөзі, бәрі кеше оқығанымдай көз алдымда,Хамекең ойыма дәл түсті ризамын,шығарылым тоқтамасын❤❤❤

  • @zhulkhasheFF
    @zhulkhasheFF Місяць тому

    Хамекеңді тыңдап, фильмді кайта қарадым, киносы СССРдің идеологиясымен түсіріген екен, Автор керемет жазған, Хамекеңнің жеткігені нағыз драма болды, көз жасымды әрең ұстадым.

  • @ErsinK-rp6ob
    @ErsinK-rp6ob Місяць тому +3

    Осы шығарылым ерекше болды жігіттер рахмет, осы состав ауыспаса жақсы болар еді, керемет состав, соңғы жағында Хамекеңді тындап, өз ойын анық жеткізуге мұрша бергенінің өзі қайда жатыр😂

  • @РсалдиевСерикбай
    @РсалдиевСерикбай Місяць тому +2

    Кино дан қызық қылып жеткізіп бергендерынызге көптен көп рахмет. 😢

  • @adletkambarov4846
    @adletkambarov4846 Місяць тому

    Өте жақсы шығарылым болды. Рахмет жігіттер!

  • @aiymserikbai108
    @aiymserikbai108 Місяць тому

    Жылап көрген шығарылым болды. Рахмет жігіттер 👏👏👏😢😢😢

  • @лайламолдабаева
    @лайламолдабаева Місяць тому

    Қасымда жүрген азаматымның ер мінезі арқылы күнде сүйем айта бермейтін махабатын сезінгендей болдым, осы дұрыс бағалау керектігіне оның маған деген махабатының тереңдігін түсінбей жүргендей болдым, оған деген махабатым қайта ояанғандай, рахмет Хамит ағағағ Алла разы болсын, Иа расында ол мені сүйеді мен бақыттымын, Альхамдулиллах

  • @ЕрсултанКырыкбай
    @ЕрсултанКырыкбай Місяць тому

    Ассаламуғалейкум! Өте керемет бағдарлама, сөз жоқ. Алайда болмашы күлкі көп. Болмашы сұрақтармен шығарманы бөле бермесеңіздер 👍

  • @TheDd914
    @TheDd914 Місяць тому +12

    Жасай беріңдер, үзбей көріп келе жатырмын✊Ризамын

  • @isko6502
    @isko6502 Місяць тому +32

    Қыздың жауабын олай күтпебем кітапханның жаңа шығарылымы сияқты ❤

    • @muratcodm
      @muratcodm Місяць тому +1

      Құда күткендей күтеміз ғой

    • @isko6502
      @isko6502 Місяць тому

      @@muratcodm айта қатты күтем

    • @Арайлым-ь1ж
      @Арайлым-ь1ж Місяць тому

      Не деген сөздер. Расымен де қатты күтеміз

  • @ЕркебуланСагындыков-т5ь

    Ассаламагалейкум жігіттер "осы кездегі қазақ даласына,қазақ баласына"- өте керемет ой салатын ешқандай хайп басқа демей шынайы эмоция силағандарыңызға мың алғыс. Ия ар шығарылым сайын мың екі мың теңге донаты деп жатадығо сондай бір зат болса сіздердің дамуларыңызға тыңдарман болып үлес қоссақ жақсы емеспа бір жағынан шабыттанып бір жағынан жарық әрі жылы жер алдыда қыс келе жатыр дегендей. Жеке ойым тоқтамаса екен деймін бағдарлама. Кітапқа, поэзияға ғашық жандар үшін тамаша еңбек жасап жатсындар жігіттер еңбектеріңнің жемісін жеңдер 👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊️✊️✊️.

  • @Akniet-xq9dk
    @Akniet-xq9dk Місяць тому +13

    Қанабек ағамызды да, сағынып қалыппыз. Енді дуана ағамызды алдырсаңыздар Қызықтаймстан🤣🤣🤣

  • @nukan13
    @nukan13 Місяць тому +1

    Тіптен керемет.
    Жақсы дүние жалғасын таба берсін.
    Ақылсыған талай подкасттан осы дұрыс қой.

  • @АзизаТұрсынбаева
    @АзизаТұрсынбаева Місяць тому +1

    Асыға күттімғой жандееееррііім. Сонгы ғасырдағы ең керемет жобагой нау❤️😍😍

  • @yerkenazaitbay2415
    @yerkenazaitbay2415 Місяць тому +1

    Мен ең бірінші театр қойылымын көргем, сол кезде Салтанатты аяп, өксіп жылағам. Сосын фильмін көріп, Қайыркенді аядым. Кейін кітабын оқып, Ыбыштың көрсете, білдіре алмаған сезімдерін аяп тағы бір жылап алғам. Кітабын оқып ғана Ыбыштың жан дүниесін сезіне аласың. Эмоцияны көрсете алмаудың үлкен мәселе екені көрінеді

  • @yelpatsalimzhan7147
    @yelpatsalimzhan7147 Місяць тому

    Гаухар тас қойлымын көрген едім. Бірақ кітап бөлек қой. Мына жеткізу енді ойды марсқа апарды. ❤❤❤

  • @БахаМақсатұлы
    @БахаМақсатұлы Місяць тому +1

    Шыны керек кешеден бері ютубты аралап дым таппай қойып едім кәдімгі қуанып қалдым рақмет жігіттер 👏🏻👏🏻👏🏻 мағыналы дүние іздейтін болыппын соңғы кездері

  • @byykesh
    @byykesh Місяць тому

    Күліп-күліп кеп, соңында тамаққа өксік кеп тығылды ғой, Хамеке! Қойылымнан ала алмаған түсінікті қазір пазл құрадым, рақмет!

  • @dastan_kurmanbayev
    @dastan_kurmanbayev 26 днів тому

    Керемет! Ризамын 👍🏻

  • @adammi8
    @adammi8 Місяць тому

    Соңында Еркебұлан айтқандай, Хамекең түсінгей бәлкім біз түсінбес едік. Хамекең осындай Ыбыштың Ұлы махаббатын өзі түсініп қана қоймай бізге түсіндіре отырып көзімізге адал махаббаттың не екенін көрсеткендей. Жігіттер керемет, тек алға❤

  • @АкботаОрымбек-щ4ш
    @АкботаОрымбек-щ4ш Місяць тому

    бұл бағдарламады басты обьект кітап ең манызды кері байланыс беріп, кішкентай шоқты лаулатып от жасап отырған Ереке рахмет улкееен🥰😍

  • @ЕрасылРыскулбеков-р4ц

    Жарайсындар жигиттер 🎉