ЖАСТАР - ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ (Open Air)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 тра 2024
  • 25 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Open air» атты 2 күндік туризм бағытындағы іс-шара қорытындыланды.
    Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың тарихи - мәдени орындарды көрсету арқылы олардың бойындағы отансүйгіштік сезімдерін ояту, тарихын білуге үйрету, шығармашылық қабілеттер мен жеке оң қасиеттер, тұлғалық, зерттеушілік дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараның екінші күнінде жастарға арналған тимбилдинг өтті.
    «Кампит» демалыс базасында өткен тимбилдингте қала жастарына қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова және қалалық юбеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Ботакоз Жалекешова бос уақыттарын тиімді пайдалану, білімді жас болуға үндеп, іскерлік байланыс пен тәлімгерліктің қыр-сырын үйретіп, құқықбұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Тимбилдинг жастарға арналған мастер-класстармен жалғасын тапты.
    Жастар табиғи сазбен жұмыс істеу, керамика дөңгелегінде бұйымдар жасауды және қазіргі заманда жоғарғы табыс табудың жаңа тетігі мобилография саласында меңгерді.
    Тимбилдингтің екінші бөлімінде қала жастары топтарға бөлініп, квест ойынын ойнады. 5 кезеңнен тұрған ойында жастар ерекше әсер алып, бір-бірімен етене танысып, уақыттарын қызықты өткізді.
    Шара соңында орталық басшысы Самғат Артығалин қала жастарына жылы лебізін білдіріп, орталық тарапынан естелік сыйлықтар үлестірді.
    Біздің Instagram: aqtobejasta...
    Біздік TikTok: www.tiktok.com/@aqtobejastary...
    #ақтөбе #ақтөбежастары #aqtobejastary #openair #aqtobe #құттымекенақтөбе #туризм #Ақтөбеқұттымекен #qazaqstan

КОМЕНТАРІ •