ЖЫР ЖАУҺАРЫ АТТЫ РЕСРУБЛИКАЛЫҚ ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛЬ ӨТТІ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Республикалық «Жыр жауһары» атты жас жазба ақындар арасында поэтикалық дуэль өтті.
    Поэтикалық дуэльге Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Баянғали Култаев және қалалық мәслихат депутаттары Қайырбек Таханов және Нарқозы Қартжан қатысып, жас ақындарға қолдау білдірді.
    Әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу, жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ұрпақтар сабақтастығын жалғау, олардың ақындық қабілеттерін шыңдау, жастардың шығармашылық ізденісіне жағдай жасай отырып, ел рухын көтеретін өлеңдердің жазылуына мүмкіндік беру, жас ақындардың шығармашылық дамуына жол ашу және заман талабына сай поэзияның негізінқалау мақсатында ұйымдастырылған поэтикалық дуэльде Астана, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Семей, Атырау, Орал, Шымкент және Ақтөбе қалаларының жас ақындары бақ сынасты.
    Жыр додасына қатысқан 12 жас ақын үш кезең бойынша сынға түсті:
    I кезең «Таудан биік Ақтөбем»
    1. «Таудан биік Ақтөбем» (Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арнау);
    2. Еркін тақырыпта өз шығармасынан бір өлең мәнерлеп оқу.
    II кезең «Жастар жырлайды»
    1. «Жастар жырлайды» (патриоттық тақырыптағы өлең);
    2. Еркін тақырыпта өз шығармасынан бір өлең мәнерлеп оқу.
    III кезең «Жыр жауһары»
    «Жыр жауһары» кезеңінде 4 ақын сахнада кезек-кезек еркін тақырыпта өлеңдер оқыды.
    Кіл жүйріктен нағыз жүйрікті анықтаған қазылар алқасы мүшелері:
    1. Ақын, филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы - Мерей Қартов:
    2. Ақтөбелік жас жазушы, Жазушылар одағының мүшесі - Әлихан Жақсылық;
    3. Филология ғылымдарының докторы - Рита Жұмағалиева.
    Қазылар алқасы ақынның сөз тапқырлығы, өлең мағынасының тереңдігі, шумақ ұйқасының күрделілігі, тақырыптың ашылуы, ой мен қиялдың ұшқырлығы және идеялық мазмұнына баса назар аударып жеңімпаздарды анықтады.
    Қазылар алқасының шешімі бойынша:
    I орын - Сезім Мергенбай(Шымкент қаласы)
    ІІ орын - Дәулет Жадырасын (Астана қаласы)
    ІІІ орын - Дәурен Тлеухан(Ақтөбе қаласы) иеленді.
    Қатысушылар мен жеңімпаздар Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттің атынан марапатталып, статуэт және қаржылай сыйақыларға ие болды.
    Шара соңында аға буын ақындар,жас ақындар және көрермен жастар еркін тақырыптағы жырларын ортаға салды.
    Біздің Instagram: www.instagram....
    Біздік TikTok: www.tiktok.com...
    #ақтөбе #aqtobejastary #aqtobe #qazaqstan #поэзия #актобе #жаңалықтар #поэзиякеші #поэтикалықдуэль

КОМЕНТАРІ •