БӘРІ ДЕ, АНА…

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 тра 2024
  • Бәрі де, Ана,
    Бір өзіңнен басталды.
    Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
    Қуандым ба,
    Өзің бар деп қуандым.
    Жыладым ба,
    Өзің жоқ деп жас тамды.
    15 мамыр - Халықаралық отбасы күні қарсаңында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары аналарымен бірге «Мама» қойылымын тамашалады.
    Қойылымда ана балаларын шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөлеп жүрегінің нұрын төксе де, ересек болып анадан алыстаған сәтте, баланы қоғам өзінше тәрбиелейді, орта оның санасын қалыптастырады. Ананың айықпас дертке шалдыққаны белгілі болған сәтте, таңдау кімге жүктелді, шешімі қалай және ағайын бір-біріне қалай қолдау көрсетті, қиын-қыстау кезеңде олардың қайсысы науқас анаға қамқор бола алады? Осы сұрақтар, спектакльдің негізгі өзегі болды.
    Театр өнерінің адамға берері көп. Жастар қойылымды қарап қана қоймай, оны кейіпкерлермен бірге басынан кешірді. Қойылымнан кейін аналар мен жастар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.
    #отбасы #отбасыкүні #ақтөбе #анашым #театр #спектакль #премьера #мама #ақтөбежастары #aqtobejastary #ахтановтеатры

КОМЕНТАРІ • 1