Halyk банк және «Халық» қоры қарғын су құрсауында қалған өңірлерге 1 млрд 400 миллион теңге бөлді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Halyk банк және «Халық» қоры қарғын судың құрсауында қалған өңірлерге 1 млрд 400 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, қаржы ұйымы төтенше жағдай жарияланған аймақ халқына тасқын басталған сәттен-ақ азық-түлік пен қажетті заттарды үздіксіз жеткізіп жатыр.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Еліміздің бірнеше өңіріне су кіріп, үйлер топан судың астында қалған сәттен бастап көмек қолын созғандардың бірі - Halyk банк және «Халық» қоры. Тасқын басқан аймақтардың әкімдіктерімен тікелей байланысқа шығып , ең керек заттарды шұғыл жеткізуге кіріскен. Яғни қайық, азық-түлік пен телефон қуаттағыш сияқты көпке керек тауарларды мерзімінен кешіктірмей беруге тырысқан.
    НАРИМАН ӘБІЛШАЙЫҚОВ , «ХАЛЫҚ» қорының басқарушы директоры:
    - Қазіргі қиын жағдайға байланысты біздің тарапымыздан да шұғыл әрекеттер жасалып жатыр. 28 наурыздан осы уақытқа дейін белсенді түрді жұмыстар атқарудамыз. «Халық» қорының мамандары да тасқын болған өңірлерде жұмыс істеп жатқанын айта кеткен жөн.
    Сонымен бірге Halyk пен «Халық» қоры төтенше жағдай жарияланған өңірлерге 1 миллиард 400 млн теңге бөлген. 1 миллиардты өз қаражаты есебінен, ал 400 млн теңгені қаржы ұйымындағы мамандар бір күндік жалақысынан аударған екен. Қайырымдылыққа бөлінген ақша тұрғындардың мүлкі мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталған.
    БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
    - Бүгінде еліміздің сегіз өңірінде төтенше жағдай жарияланған. Су кірген аймақтарда қауіптің беті әлі де сейілмей тұр. Атқарушы билік осы күнге дейін 111 мыңнан астам азаматты қауіпсіз жерлерге жеткізген екен. Әзірге мүлік пен төрт түліктің нақты шығыны белгісіз. Десе, қаржы ұйымының қызметкерлері ары қарай да тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмек берілетінін жеткізді.
    Айтып келмейтін апатты тоқтату үшін қазір халық пен билік өкілдері қолдарынан келгенше аянбай еңбек етуде. Тасқын судың нақты қай уақытта тоқтайтыны әзірге белгісіз. Сондықтан банк пен қор қызметкерлері зардап шеккен аймақтар толық қалпына келмейінше көмек жеткізіле береді деді.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 1