Ертегідей: бір ғана кәсіпкер бүкіл ауылдың жағдайын жасап отыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылын бір ғана кәсіпкер гүлдендіріп отыр. Негізінен күріш өсіріп сатумен айналысатын шаруа қожалығының басшысы соңғы 16 жылда елдімекен халқының жайлы өмір сүруіне барлық жағдайды жасаған. Соның арқасында қазір аядай ғана ауылда стадион, спорт кешені, аллея, балалар ойнайтын алаң тіпті гүлзар баққа дейін бар. Меценат мұнымен шектелмей тұрғындар игілігі үшін әлеуметтік нысандарды жөндеуге де ат салысып жүр.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Жасыл желекпен көмкерілген мұнтаздай таза көшелер, оған одан сайын көрік қосатын әсем ғимараттар. Бұл - екі мыңнан астам тұрғыны бар Нағи Ілиясов ауылы. Елдімекен 16 жыл ішінде адам танымастай өзгерген. Мұндай игі істің барлығына ауылда әу баста күріш егумен айналысып, кәсібін дөңгелеткен Абзал Ерәлиев бастамашы болыпты.
    НҰРМАҒАМБЕТ ҚУАНДЫҚОВ, Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны
    - Шаруашылық өз-өзіне келгеннен кейін қол-аяғын жинағаннан кейін. Сауда орталығы бар, анау тұрған мейрамхана бар, офис бар, мектеп бар, мәдениет үйі солардың бәрін көркейту 2008 жылдан басталды.
    Одан бөлек кәсіпкер қожалықтан түскен табыс арқылы мешіт, балалар ойнайтын алаң, гүлзар бақ, аллеядан өзге бірқатар нысандар салған. Туған ауылын түлетуге ат салысқан азаматтың қайырымды ісі мұнымен шектелмейді
    МАРИЯМКҮЛ ТАУТЕН, Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны:
    - Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге соның бәрі ықпал етеді. Мектепте де оқушыларға зияткер орталығының ағылшын тілінен және математикадан білімін арттыруға сабақ өткізеді келіп.
    Сонымен қоса, шаруа қожалығы тұрғындардың басым бөлігін жұмыспен қамтып отыр. Күріш егумен айналысатын компания өкілдері жыл сайынғы табыстың бір бөлігін ауылды дамытуға қосу міндетімізге айналған дейді.
    САҒИДУЛЛА СЫЗДЫҚОВ, Шаруа қожалығының коммерциялық директоры:
    - 400 адам жұмыс жасайды. Соның 99 пайызы ауыл тұрғындары. Көбісі күріш егу сезонный жұмыс дейді ғой. Бірақ біз 12 ай тоқтатпай жұмыс жасауға тырысып жатырмыз.
    Барлық көшесі тегіс әрі таза, түгел жарық шам орнатылған ауылға соңғы кездері қоныс аударатындар да көбейіпті. Тек мұнда әзірге табиғи газ мәселесі шешілмеген. Бірақ компания басшысы ауылға көгілдір отын тарту үшін өз қаражатына жоба-сметалық құжаттарды дайындаған екен.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 164

  • @user-wv3fp8bs2f
    @user-wv3fp8bs2f 14 днів тому +81

    Осындай адам Президентіміз болу керек

    • @user-ly2te5ts1d
      @user-ly2te5ts1d 14 днів тому +4

      Сосын бұзылып кетеді,одан да бір ауылды болса да гүлдендіріп жүргені жақсы😁

    • @user-tm8gm5vr8c
      @user-tm8gm5vr8c 13 днів тому +2

      Президент болмайак койсын президенттер комек берсин бул кисиге

    • @qaztalim1610
      @qaztalim1610 9 днів тому +2

      бұдан да жақсы президент келеді, егер халықтың пейілі тузелсе.

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m 13 днів тому +52

    Бұл кәсіпкерге Алланың нұры жаусын, билік осы кәсіпкерден үлгі алсын

  • @user-xg8uf2ic5u
    @user-xg8uf2ic5u 14 днів тому +57

    Халқына жасаған жақсылығы еселеніп қайтсын

  • @user-ep7qi1qn5m
    @user-ep7qi1qn5m 13 днів тому +33

    Елімізде осындай мықты азаматтар көп болсын! Алла разы болсын! Бала шағасының рахатын көрсін!

  • @karligahmahan486
    @karligahmahan486 13 днів тому +11

    Керемет.Жақсы жаңалықтар көп болсын.Осындай елім деген нағыз ер азаматтар көп болса екен.

  • @user-bi5ny2qo6j
    @user-bi5ny2qo6j 13 днів тому +33

    Табиғаты нашар деп желеу ететіндер Абзал Ералиевтен үлгі алуы керек. Айдаладағы табиғаты да, ауа - райы да сәйкес келмейтін шетелден тәжірибе аламыз деп қаншама елдерге барып шығындалғанмен бізге сәйкес келмей босқа сандалады. Оданда еліміздегі озық кәсіпорындар мен өндірістерден үйрену керек. Осы кісі бір күрішпен бүкіл ауылды жайнатып, гүлдендіріп жіберген. Әттең ай Назарбаевтың орнында болғанда мұнай,түсті металдар, қаншама кен орындарындағы шығып жатқан шикізаттар, астықтар т.б. бәрінен түскен қаржымен еліміз Дубай, Сингапурлардан баяғыда озып кетер еді ау.

  • @becausejoin1436
    @becausejoin1436 14 днів тому +44

    Осындай Ағаларымыз президенті болыу керек әңгіменің шыны

  • @Aman-mu3ve
    @Aman-mu3ve 13 днів тому +14

    Абзал аға қиналып жүрген кезімде менің оқуымының ақысын төлеп бергені бар. Өте жамарт, мейірімді жан! Алла разы болсын ол кісіге! Нағыз ер!

  • @user-pw4mq5iq7q
    @user-pw4mq5iq7q 14 днів тому +42

    Батыр ағамыз мың алғыс
    Осы Ағатай президент болсын
    Үлгі ер азаматтарға

  • @AskarSalybaev-qx4xz
    @AskarSalybaev-qx4xz 12 днів тому +4

    Кәсіпкердің ісіне Алла берекені еселеп қайырлы етіп берсін
    Ауыл тұрғындары да тоздырмай күтіп ұстаған сіздерге де Рақмет

  • @user-uj2zj4wy3x
    @user-uj2zj4wy3x 14 днів тому +42

    Мынадай азаматы бар ауылды топан су алмайды. Мына қазір елімізде су басып жатқан бір қатар елді мекендерде осындай халқын ойлаған азаматтар болғанда ол ауылдардыда су алмас еді. Осындай іс қылу қолдан келмеген соң қиналғанда кінәлі адам іздейміз.

  • @user-kx6ir3eq9n
    @user-kx6ir3eq9n 14 днів тому +21

    Керемет.Алла қолдап,еңбегі еселене берсін.Аман болсын.

  • @user-oq2hy2zc6n
    @user-oq2hy2zc6n 11 днів тому +4

    Сау болыңыз Кәсібіңізге
    Алла береке бергеи Рахмет осындаи кәсіпкерлер көбеие берсін елімізде

  • @user-yb1qu4fe9d
    @user-yb1qu4fe9d 14 днів тому +22

    Жоғарыда отырған жемқорларды келеміштерді әкімдерді көзін жою керек сонда Қазақ елі халқы тоқ бай болады бірінші осыны істеу керек бірігіп Қазақ елі

  • @user-zs6yg5yc9n
    @user-zs6yg5yc9n 14 днів тому +13

    Ауылын көркейткен кәсіпкерге Алла разы болсын,басқа кәсіпкерлер ол кісіден үлгі алса екен!

    • @user-qn8bo6ep7j
      @user-qn8bo6ep7j 14 днів тому +2

      Су тасқыны болса көмектесетін кәсіпкерлер, ауыл коркейтетин кәсіпкерлер, муктаждарга кайырымдылыкпен үй апенетин кәсіпкерлер, мемлекет сонда не истейди налог осируден баска, шет елге кыдырудан баска, елде апат болып жатканда

  • @user-pb1zi2lb9f
    @user-pb1zi2lb9f 14 днів тому +15

    Кәсібіңізге береке берсін кәсіпкер адал жан!...

  • @user-mw3oc6ye9s
    @user-mw3oc6ye9s 11 днів тому +3

    Осындай ағаларымыз көп болсын 👏👏👏👏👏

  • @raushanyzungazieva217
    @raushanyzungazieva217 13 днів тому +4

    Күшті ауыл халқын жұмыспен қамтыса айлығын төлесе бәріде жұмыс істейді бар жағдайын жасаған таза тәртібіде барғой ағамыз мықты іскер нағыз жомарт азамат

  • @saparseidualiev6449
    @saparseidualiev6449 13 днів тому +3

    АЛЛАХТАГАЛЛАМ колдасын осындай азаматтар коп болсын дендери сау болсын

  • @bahitaljanov60aljanovbakit62
    @bahitaljanov60aljanovbakit62 14 днів тому +12

    Кәсіпкер ұйымдастыру қабілеті өте жоғары екені баиқалады;қалық еңбек кер тәртіп қе бағынатын адамдар еқенін баиқалады.

  • @user-ej9us6ee6l
    @user-ej9us6ee6l 14 днів тому +9

    САУ БОЛСЫН.

  • @nurnur7991
    @nurnur7991 14 днів тому +15

    Бір компанияның табысының бір болігімен ,бір ауылды осылай жасағанда ,бір мемілекеттің байлығымен өз халқын кедей жолдары нашар айлық томен бул енді сундық

  • @user-ot5do1jx8z
    @user-ot5do1jx8z 14 днів тому +25

    Батыр ағамызды министр етіп тағайындау керек қой керемет бұндай адам мыңның ішінде біреу болады Алла ол кісіге күш куатын берсин жүз жасасын

  • @user-yb1qu4fe9d
    @user-yb1qu4fe9d 14 днів тому +9

    Молодец осындай азаматтар көбейсін

  • @dastanbotaev7230
    @dastanbotaev7230 11 днів тому +3

    Бай деп осындай азаматтарды айтып өткен Қазақ ата бабамыз.

  • @user-vb3rr1oh5x
    @user-vb3rr1oh5x 14 днів тому +8

    Ер Азамат!❤Мын Алгыс!❤

  • @batykurmanayev4469
    @batykurmanayev4469 13 днів тому +3

    Жумысы осындай адамдардын берекелі болсын .

  • @user-mo9it1jq1l
    @user-mo9it1jq1l 14 днів тому +12

    ОСЫНДАЙ АЗАМАТ СИЯҚТЫ ӘКІМДЕР ЖҰМЫС ІСТЕСЕ АУЫЛДАР САҚТАЛАДЫ.КЕРІСІНШЕ ҚҰРТПАЙ.ӨЗ ҚАЛТАЛАРЫН ТОЛТЫРЫП ХАЛЫҚТЫ ЖЕП КЕТЕДІ.

  • @hitgood4013
    @hitgood4013 14 днів тому +6

    Алла Куш куат берсин Ар Казагым осындаи болсын

  • @user-zr3tp3te3i
    @user-zr3tp3te3i 13 днів тому +2

    Керемет осындай кең жүректі аэаматтар көп болсын

  • @user-hg3cb6mv3s
    @user-hg3cb6mv3s 14 днів тому +18

    Осындай халыкка жаны ашитын президент болсагой ......

  • @user-nb9ds6gw3z
    @user-nb9ds6gw3z 14 днів тому +11

    Бәрекелді

  • @user-gi5ki7qg7x
    @user-gi5ki7qg7x 14 днів тому +9

    Рахмет Алла Нуры жаусын урпагмен осебер

  • @user-rt9cs4gx6o
    @user-rt9cs4gx6o 13 днів тому +3

    Керемет! жігіт деп осы кісіні айтуға болады

  • @godulidki
    @godulidki 14 днів тому +5

    Тамаша 🙏🏻🙏🏻🙏🏻

  • @user-cj4vl5oh2n
    @user-cj4vl5oh2n 14 днів тому +8

    Алла екі дүниенің жақсылығын берсін

  • @user-yx3tg9fu4i
    @user-yx3tg9fu4i 13 днів тому +6

    Керемет, Алла разы болсын! Жақсылық жасаған адам болса президент болуға ылайық деген дұрыс емес. Бәр кәсіпкерлер осылай өз ауылында еліне өзіне еңбек жасау керек, ол үшін өкіміт тарапынан жеңілдік, қолдау болса , салық жағынан қыспай, субсидия төленіп ауыл гүлденіп шығар еді. Ниетіңе қарай берілетін ризық шексіз болар.
    Ол ауылға топан су да өрт те, жерсілкініс те қауыпты емес болғай. ❤❤❤

  • @user-wn6os5em2i
    @user-wn6os5em2i 13 днів тому +4

    МашаАллаһ. Аллаһ разы болсын. Аллаһ кәсіптеріңізге береке берсін. Міне,нағыз елім-жерім дейтін,шынайы жаны ашыйтын азамат.Аллаһым жеті ұрпағына дейін бақытпенен береке берсін😊

  • @user-yp6zm8si5j
    @user-yp6zm8si5j 14 днів тому +9

    Кандай Керемет.. Сизге Алла Разы болсын ❤❤❤❤ Жасыныз узак болсын .. Ауырманыз сыркаманыз.. бала шага квзыгын кориниз

  • @user-ee8ln8mo6f
    @user-ee8ln8mo6f 13 днів тому +3

    жарайсын аға.бари жетеди.артығын осылай жұмсау керек .тыға бермей.

  • @gauharsuleimenova6793
    @gauharsuleimenova6793 13 днів тому +4

    Бір ғана адам осылай бір ауылды көтеріп отырса, мемлекет нелер жасац алатын еді, өкінішті

  • @user-lq2hu4qn3w
    @user-lq2hu4qn3w 14 днів тому +6

    Осындай агалармыз батырлар халкына комек берип журген

  • @mmmnnn3772
    @mmmnnn3772 13 днів тому +4

    Міні нағыз кәсіп кер Аллаһ береке берсін ин шаа Аллаһ

  • @aisholpanzhetkizgenova4420
    @aisholpanzhetkizgenova4420 14 днів тому +7

    Касипкерлер бари осындай улес косу керек кой барлык калада

  • @gulsimakhmetova2145
    @gulsimakhmetova2145 14 днів тому +5

    Керемет🇰🇿

  • @user-kh8um5uk8v
    @user-kh8um5uk8v 10 днів тому +1

    Жаратушы Раббы тіл көзден сақтасын бақытты болсын!!!!!!!!

  • @user-tw3ze7du9l
    @user-tw3ze7du9l 13 днів тому +3

    Өніп-өссін Депутат қылу керек Осындай Абзал атына Сай.Мәңгілікке жаса.

  • @user-ow9zx1qt4u
    @user-ow9zx1qt4u 14 днів тому +4

    Сыр Елым🎉

  • @user-lw3us6fr9g
    @user-lw3us6fr9g 14 днів тому +5

    Бәрекелді ❤
    Үлгі алу керек

  • @abuev9159
    @abuev9159 13 днів тому +2

    Жарайсың

  • @user-oi7ib7rb5j
    @user-oi7ib7rb5j 14 днів тому +6

    Осындай адамдар әр ауылда болса ғой!

  • @user-cq6nl5yf8r
    @user-cq6nl5yf8r 14 днів тому +6

    Мынадаи жаналыктан кеин омир сургин келед аитпесе елимизде боп жаткан жагдаилар абден мези кылды бир жаксы хабар жок топан су зорлык сот арты жаксы болсын бир алла жар болсын осындаи азаматтар ар ауылдан табылса ширкин ❤❤❤

  • @user-mw7zg2bq2t
    @user-mw7zg2bq2t 14 днів тому +6

    Касипкер ден бурын акимдик ауылды гулдендире алатын еди, ал билик тек елди тонауды билди, мине көзге көрсетті ғой , кандай мумкиндиктер бар биздин елде, бирак биздин билик басындағылар булай халыктын жағдайын жасауды каламайды.

  • @user-ld2fd8it2p
    @user-ld2fd8it2p 14 днів тому +7

    Жаңалық деген - осы.

  • @user-pj4ci6vk6j
    @user-pj4ci6vk6j 12 днів тому +1

    қазақстанда мықты, ақылды азаматтар көп, бырақ жоғарыда сондай дені сау бір адам болмағаны өкінішті.

  • @user-fp4xf6vb1o
    @user-fp4xf6vb1o 13 днів тому +2

    Керемет. Рахмет СИЗГЕ❤❤❤

  • @Ghu009
    @Ghu009 11 днів тому +1

    Алла разы болсын.👍

  • @nurlanmakeshov
    @nurlanmakeshov 13 днів тому +2

    Аллах разы болсын осындай кисилерге❤

  • @user-co5iq5nj9t
    @user-co5iq5nj9t 13 днів тому +1

    Алла разы болсын сізге👍👍👍👍

  • @qazaqeli4614
    @qazaqeli4614 6 днів тому

    Осындай азаматтар көбие берсін мың алғыс Аллах разы болсын

  • @user-iq8mk6fb8m
    @user-iq8mk6fb8m 13 днів тому +2

    Аллаһ разы болсын

  • @user-ux3uc1cw6j
    @user-ux3uc1cw6j 13 днів тому +4

    Кәсіпкер деп осындай адамды айту керек.

  • @user-lk5me8bq3i
    @user-lk5me8bq3i 11 днів тому +1

    Нағыз әкім болатын жан екен...👏👍

  • @BG.921
    @BG.921 9 днів тому

    Ма ша Аллаh
    Осындай кiciлер елiмiзде коп болсын! 🤲❤🇰🇿🕌🕋☪️

  • @Pestcontrol-jv3hb
    @Pestcontrol-jv3hb 10 днів тому

    Керемет, Алла разы болсын

  • @user-vp7cy2qn7f
    @user-vp7cy2qn7f 13 днів тому +3

    Бир озинин камын кулкыннын ойламай барлык кара халыкты ойлап жагдай жасап отырган ол бир туар азамат кой аман болсын осындай касипкерлер кобейсин баскалар сизден улги алсын рахмет соз жок тамаша

  • @user-qi3le3vn7d
    @user-qi3le3vn7d 11 днів тому +1

    Міне әкімдер осы кісіден үлгі алу керек!!!

  • @jeannalife2094
    @jeannalife2094 13 днів тому +7

    Қазақстанда мықты ер-азаматтар бар. Шүкір!! Үкімет басшылығына алтын сырға. Қалтасын ғана ойлайтын жемқорларға...

  • @user-fi7fj6ok9e
    @user-fi7fj6ok9e 6 днів тому

    Маш АЛЛАХ керемет,осындай кисилерге мумкиндик беру керек.

  • @mAnonim-Us
    @mAnonim-Us 13 днів тому +2

    Бір мемлекеттің жасамағанын Абзал Е. ағамыз жасады. Алла рызы болсын бұл кісіге

  • @Meden555
    @Meden555 13 днів тому +1

    Осындай Ағалар Жоғарыда отырса Қазақстан гүлденер еді

  • @DOSSSS..
    @DOSSSS.. 11 днів тому +1

    Базар жоқ

  • @user-xm7ro1eu9x
    @user-xm7ro1eu9x 11 днів тому +1

    Өте керемет текті атаның ұрпағы бар екенғой !

  • @user-jj4ot9pk7b
    @user-jj4ot9pk7b 11 днів тому +1

    Алла разы болсын

  • @user-op2jl8pd8i
    @user-op2jl8pd8i 12 днів тому +1

    Алла тағала кәсібіне береке берсін!

  • @user-gk2kc7th1u
    @user-gk2kc7th1u 12 днів тому +1

    БӘРЕКЕЛДІ АЛЛА РАЗЫ БООСВН КУАНЫП ОТЫРМЫН ОСЫНДАЙ АЗАМАТДАР КӨП БОЛСЫН КАЗАКСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ ОСЫНДАЙ АЗАМАТДАР БАР

  • @berikbaiborashov4293
    @berikbaiborashov4293 11 днів тому

    Жасаған жақсылығың мың есе болып сауабынан жазғай! АЛЛА күш қуат берсін 100 жасаңыз!

  • @zerdenerkin7045
    @zerdenerkin7045 11 днів тому +1

    Әр кәсіпкер осылай өз ауылдарын осылай көркейтіп жерсе зор болар еді, Алла риза болсын ағамызға меніңде арманым еді осындай Текелі қаламды көркейтіп жерсем деген …

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb 11 днів тому +1

    Алла бересалган адамгой бундай адамдар сирек кездеседыгой жаксылыгы озне еселеп кайтсын балашагасына сауап болсын орлейбер енбегын жансын шаруасы орге домаласын Алла колдасын денсаулык берсын кушкуат берсын жуз жасаныз

  • @GazizaDairbaeva-os9qb
    @GazizaDairbaeva-os9qb 11 днів тому +1

    Аман болыныз орлейбер енбегын жансын

  • @user-si8wj2yz3c
    @user-si8wj2yz3c 11 днів тому +2

    Жақсылық Үшкемпіров ағамыз осындай азаматтар жайлы айтқан еді кезінде.Елімізде мықты бес мың кәсіпкер жоқ емес бар.Әр кәсіпкер ауылына қолдау көрсетсе 5 мың ауыл гүлденер еді деп🤔

  • @zhumagulbeisenbayeva5449
    @zhumagulbeisenbayeva5449 13 днів тому +1

    ОСЫНДАЙ АСЫЛ АЗАМАТ ӨЗ ЕЛІН,ӨЗ ҰЛТЫН,ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІН ТІЛ СҮИЕТІН ҰЛТШЫЛ АЗАМАТ ЕЛГЕ БАСШЫ БОЛЫУ КЕРЕК.ЕЛІМІЗДІ ЕЛДІ,ҰЛТЫ,ХАЛЫҚТЫ,ӨЗ ЕЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІН СИЛАМАИТЫНДАР,СӨИЛЕМЕИТІНДЕР БИЛЕГЕН СОҢ,ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТІЛІНДЕ ШҮЛДІРЛЕГЕН БИЛІКТІ ҚАЙ МЕМЛЕКЕТТЕН КӨРДІҢ.

  • @alimakudaybergen3845
    @alimakudaybergen3845 14 днів тому +5

    Бул жаналыкты корiп пайдасы жок укiмет есіме түсті. Осы халықтан тағы қандай акша жинасак екен, деп ойлап отыратын.

  • @buiyrsa
    @buiyrsa 14 днів тому +9

    Ақіретті ойлайтын адамдар осындай болады!!!

  • @user-zh5lr3wi7j
    @user-zh5lr3wi7j 11 днів тому

    Аллам разы болсын Ага✊✊✊👍👍👍

  • @user-gr7zm7kt3c
    @user-gr7zm7kt3c 12 днів тому +1

    Ел агасы екен нагыз.Алла разы болсын

  • @PCSAMTS
    @PCSAMTS 12 днів тому +2

    Қазақтың Леланд Стэнфорды. Кезінде Стэнфорд Калифорнияның Губернаторы болып, бай болып Стэнфорд университетін салды. Сан Франциско Сан Пауло

  • @Qazaq777.
    @Qazaq777. 8 днів тому

    Міне Азамат👍👍👍

  • @user-vj7bl6bx9v
    @user-vj7bl6bx9v 12 днів тому +1

    Ералиев Абзал деген кісі өте керемет адам.

  • @user-sd9qy5ko8h
    @user-sd9qy5ko8h 11 днів тому +1

    Жұмаққа баратын азаматтың бірі екен ағамыз ісіңізге сәт

  • @Capt..Smollett
    @Capt..Smollett 14 днів тому +8

    Ұятай! Бұның барлығын мемлекет істеу керек!

    • @abdullakhbadrudin
      @abdullakhbadrudin 11 днів тому

      Әркім қолынан келетінін істеу керек,адал қызмет о да ерлік.мемлекет дегеніміз сол

    • @Capt..Smollett
      @Capt..Smollett 11 днів тому

      @@abdullakhbadrudin ондай емес! оттапсын! бұл кәсіпкер пара беріп жемқорлармен тату-тәтті өмір сүріп, бірге ақша жеп, өтірік елдің алдында демеушілік жасап жүр

  • @user-uk4fz6zo2q
    @user-uk4fz6zo2q 13 днів тому +1

    Осындай бир ғана ағамыз,елин коркеитип отыр,ал калған мың оңбағандар елин байлығын тонап,кашып жатыр,егер осылардың барлығы ели ушин еңбек етсе әрине адыл,Казакстан баяагыдак,ертегилер әлемине енер ед,әттең бир кем дүние ай,Алла разы болсын бул кисиге!!

  • @abdullakhbadrudin
    @abdullakhbadrudin 11 днів тому +1

    Бұны қазақ елдің жігіті дейді.Еліңнің баласы бол деген батадан шыеад

  • @ppo8517
    @ppo8517 11 днів тому +1

    Осындай болса біз дамыған ел боламыз

  • @MINECRAFT-tw9lp
    @MINECRAFT-tw9lp 11 днів тому +1

    Президент осыны жасай алмай отырғой қолдарында билігі бар елдің жердің қазынасын жеп отырған миинистір мен әкімдер тағысын тағы осны жасай алмай отыр. Бұл ағамыз болса бір ғана күрішпен ауылды көркейтіп отыр. Ұялсандаршы осын көріп отырған Президент болсын министрі болсын Құдайдан қорқындар. Кейін халық өзіміз де түзіліміз керек анадан бір жеп мынадан бір жеп мәз болып ыржиып жүрмей. Өзіміз пиғылды түзейік

  • @user-xz7uf4rb5j
    @user-xz7uf4rb5j 13 днів тому +1

    Осындай адамдарды барлық телеарнадан көрсету керек жиі жиі. Болмайтын біреуді ұрып кетіпті зорлап кетіпті дегенді шығарғанша.

  • @AizereOspanova-sf5pj
    @AizereOspanova-sf5pj 13 днів тому +1

    Агатай 💯 жасасын

  • @user-bl3ij2se5d
    @user-bl3ij2se5d 13 днів тому +1

    Осындай адамдар болу керек өкімете ,а то собрали всех коррупционеров которые грабить и наживаться за счет народа только могут.

  • @0p658
    @0p658 13 днів тому +1

    Күрішті егуді тоқтату керек.Бүкіл су күрішке кетіп басқа ауылдарға су бармай қалды

  • @user-ft6rk5el7j
    @user-ft6rk5el7j 11 днів тому

    Аллах разы болсын