Бар мүлкі суға кеткен тұрғындарға мемлекет тарапынан 553800 теңге өтемақы үлестіріліп жатыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Ірі қорлардан бөлек өңір-өңірде құрылған кішігірім бастамашыл топтар да тасқыннан зардап шеккен елге қол ұшын созып жатыр. Әрі, қазір үй-жайынан айырылып, бар мүлкі суға кеткен тұрғындарға мемлекет тарапынан 150 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 553 800 теңге көлемінде өтемақы үлестіріліп жатыр. {ВИРТУАЛКА: }Мәселен, бүгінге дейін Ақтөбе облысында 2 255 отбасына жалпы сомасы 734 миллион 5 мың екі жүз теңгеге бір реттік төлем берілген. Сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен тағы 191 жанұяның құжаттары қаралып жатыр. Міне, осы тексерістен кейін оларға да тиісті жәрдемақы ұсынылады. Ол шамамен 70 миллион 517 мың 200 теңгені құрамақ.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Ақтөбелік Шалжановтар отбасы ел Үкіметі үлестіріп жатқан біржолғы әлеуметтік төлемді алғашқылардың бірі болып алған. Айтуларынша, қажетті құжаттарды өткізіп, күн өтпей тиісті өтемақыға да қол жеткізген. Ал, қазір сол қаржыға ауласына құм түсіріп, ақырындап бүлінген баспанасын жөндеп жатыр.
    ӘМІРЖАН ШАЛЖАНОВ, Ақтөбе облысының тұрғыны:
    - Өтініш жазғаннан кейін жаңағы бір реттік көмек ертеңіне сразу түсті. Бір күннің ішінде. Құм сатып алдым, енді. Бірақ цемент, нелерді әкелуге қорқып отырмын. Қайта-қайта жаңбыр жауып, кеше де жаңбыр жауды. Шамалы күн ашылғанын күтіп отырмын, ысығанын.
    Шалжановтар көп күттірмей көмек берген әкімдікке алғыстан басқа айтарым жоқ деп отыр. Себебі, шенеуніктер ауыл іргесіне топан су жақындағанда-ақ пана ұсынып, тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшірген. Енді, міне бүлінген мүлкін қалыпқа келтіруге көмектесіп жатыр.
    ЭЛЬМИРА ШАЛЖАНОВА, Ақтөбе облысының тұрғыны:
    - Көктем сайын қорқып отырамыз біз деген. Құжаттарымызды, балаларымызды киіндіріп алып, ана 26 мектепке барып орналастық. 26 барып. 25 күндей мектепте жаттық. Міне, бір-екі күнде келдік үйге деген.
    Қазір тасқын судан зардап шеккен 13 мыңнан астам отбасы өтемақы алып үлгерген. Енді Үкімет тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық секілді құрылғылары бұзылған жанұяларға қосымша көмек есебінде тағы 553 мың 800 теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы беруді жоспарлап отыр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 7

  • @user-mp1vw6pb8b
    @user-mp1vw6pb8b 21 день тому +3

    500- МЫНГА ЕСЕКТЕ АМЫН КОРСЕТПЕС, КАЗИР БАРЛЫГЫ КЫМБАТ

    • @user-yq3jy6uq8z
      @user-yq3jy6uq8z 21 день тому +1

      Тоқаев көріп жүр екен сондай ақшаға😂

    • @user-ek3sg6be2u
      @user-ek3sg6be2u 20 днів тому

      Тегин коресингой далага шыксан

  • @user-mf6hu3nc6g
    @user-mf6hu3nc6g 20 днів тому

    Пипец 500 мың не болады 🤦‍♂️

  • @user-ru2cp4bc7b
    @user-ru2cp4bc7b 20 днів тому

    5-6миллион бере алады ғой өкімет 500 мыңға қай тесіктерін жамайды өздеріңіз ойлап көріңдерші масқара миллиард тап жеп жатыр ғой біреулер ұяттеген жоқ екен бетсіздер Алла өзі берсін жазаларыңды

  • @DanabekErjigitovv
    @DanabekErjigitovv 16 днів тому

    500 мыңды алғандар барма алған жоқпызғо

  • @user-si9qo9fp3p
    @user-si9qo9fp3p 20 днів тому

    Ужас ол кәзір ақшама? Ол ақшаға соны санаған адам өзі үй салып көрсінші ютубқа салып - бәріміз көрейік несіне жарататынын