Нағыз ҚУЫРДАҚТЫ ОСЫЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ😍 ҚОЙ ЕТІНЕН ЖҰП-жұмсақ бал ҚУЫРДАҚ. КУЫРДАК ИЗ БАРАНИНЫ РЕЦЕПТ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 гру 2022
  • Нағыз ҚУЫРДАҚТЫ ОСЫЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ😍 ҚОЙ ЕТІНЕН ЖҰП-жұмсақ бал ҚУЫРДАҚ. КУЫРДАК ИЗ БАРАНИНЫ РЕЦЕПТ
    #мясопоказахский #қуырдақ #куырдакизбаранины #куырдак #куырдакрецепт #куурдак
    Құрметті көрермендер! Қазақ тілді каналымның ары қарай дамуына өз үлестеріңізді қосып, видео ұнаса ЛАЙК БАСЫП, каналға ПОДПИСАТЬСЯ батырмасын басып, тіркеліңіздер! Қолдауларыңызға көп-көп рахмет!
    Сойғандарыңыз қой болсын! Үйлеріңізде әрқашан той болсын!
    Қуырдақ
    Қой еті - 1,5 - 2 кг
    Құйрық май - 300-400 гр.
    Пияз - 3 шт.
    Картоп - 1 кг
    Сұйық май - 150 гр.
    Тұз, бұрыш дәміне қарай
    Соғым қуырдағы. Бұл қуырдақ соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу үшін татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп турап пияз салады.
    Бал қуырдақ. Көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі - етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтық бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.
    Су қуырдақ. Еттің өзін ғана өз сөліне қуырыңқырап алып, содан соң суын молдау құйып, тұзын шығарыңқырап сорпасымен ішіп жейтін болғандықтан осылай аталған. Бұл қуырдақтың сорпасы аса нәрлі, жұғымды, дәмді болған. Сондықтан көбінесе ауырғаннан аузының дәмі кетіп қалған, енді-енді тамаққа қарай бастаған кісіге берілген. Бұл су қуырдақтың әдетте тұзының шығыңқы, ащы-тұщы дәмдеуіштерінің молдау болғаны дұрыс.
    Қара қуырдақ. Кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырлық қара майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді.
    Кісе қуырдақ (ішек-қарын қуырдағы). Бұл қуырдақта ең негізгісі малдың қарны болған. Әсіресе сиыр малының қарнының түгін жидітіп, тазартқан соң ұсақтап турап, етпен бірге аз суға қайнатып алады да, жүрек, бүйрек, ішек, бауырын қосып, майға қуырады.
    Сырбаз қуырдақ. Сірнеге ұқсас жеңсік тағам. Қай малдың болса да жаңа сойған жас етін қазанға салып, бие сүтін құйып, тұз салып ақырын ғана қайнатқан кезде өз буымен піседі. Кей жерлерде мұны "бұқпа қуырдақ" деп атайды. Піскен кезде еті сағыздай созылып тұрады. Аталған дәмді сыйлы кісілер мен қарт адамдарға тартады.
    Сүр ет қуырдағы. Қуырдақтың бұл түрі сүрленген еттен дайындалады. Мұндай еттің қышқылтым дәмі болатындықтан оны бір қайнатып, сүт пісірім уақыт салқындатып қойып, сорпасын төгіп тастайды. Осыдан соң ет жібіп жұмсарып, оңай туралады. Артынша қазанға аздап су, мөлшерлеп май құйып, түрлі басқа да дәмдермен қосып етті қуырады.
    Жоңқа қуырдақ. Жаңадан сойылған мал болмағандықтан өкпе-бауыр, ішек-қарынсыз, тек қана сұрпы еттен қуырылған қуырдақ осылай аталады. Қуырдақтың бұл түріне аздап картоп, күріш, ши кеспе салып та даярлайтын болған.

КОМЕНТАРІ • 85

  • @tenlikzhanarbekkyzy8983
    @tenlikzhanarbekkyzy8983 Рік тому +25

    Дауысыныз жагымды, казак тилинде таза,оте керемет тусиндиреди екенсиз!👍

  • @haetchrfr1364
    @haetchrfr1364 Рік тому +11

    Нұрзина қызымыз еңбекқор, шебер, сүйкімді . Бақытты болсын.

  • @misaqnurkz7220
    @misaqnurkz7220 7 місяців тому +13

    Рахмеет . Мен 6 сыныпта оқимын, қуырдақ жасауды білмейтінмін бүгін кешкі асқа жасадым өте дәмді болды етім , картоп бәрі жұп-жұмысақ болып пісті көп рахмет қазақ тілінде өте жпқсы түсіндірдіңіз😊❤

  • @user-bv7kj1cl7x
    @user-bv7kj1cl7x 4 місяці тому +5

    Керемет,түрінен көрініп тұр,дәмдіііі❤

  • @user-bc4jx5hz4w
    @user-bc4jx5hz4w 6 місяців тому +4

    Сиздин рецебинизден карап кешки аска дайындадым оте керемет дамди болып шыкты😊

  • @rinat_kunduzbaev
    @rinat_kunduzbaev 2 місяці тому +2

    Күшті дайындайсыз 💥💯👍👏

  • @user-di6ss5rs1r
    @user-di6ss5rs1r Рік тому +10

    Өкпе бауырды қазіргі кезде көп адам жей бермейді,жастарымыз ол емес қойдың етін жемейді.Рахмет жаным,бәрі ақыл айтқанды жақсы көреді ,қазіргі кезде көп жастар қуырдақ емес, каша пісіре алмайды. Ішек қарын,басқалары қосылмаған соң,қабырғаларды шауып осылай пісіреді бақытты бол жаным!

  • @user-pe5ow6co3g
    @user-pe5ow6co3g Рік тому +5

    Рахмет мен сіздің
    көрсеткеніңіздей істЕдім күшті болды рахмет ❤️😍🥰

  • @user-qm2nx5mi3g
    @user-qm2nx5mi3g Рік тому +1

    Керемет 👍👏

  • @gulnurtayrova-xu6ei
    @gulnurtayrova-xu6ei Рік тому +1

    Керемет

  • @user-mr8oo7il1d
    @user-mr8oo7il1d Рік тому +1

    Керемет Нұрзина қолыңа қуат берсін!

  • @erekeq6770
    @erekeq6770 2 місяці тому +2

    Жаксы👍🏻

  • @user-rt6ex9pv8f
    @user-rt6ex9pv8f Рік тому +1

    ❤❤❤Керемет Алла разы болсын сызге жаным

  • @user-ij6en7py3p
    @user-ij6en7py3p Рік тому +1

    Қуырдақ керемет екен .

  • @hophap4950
    @hophap4950 9 місяців тому

    ЖАРАЙСЫН 👍❤

  • @user-re6jy3rf9m
    @user-re6jy3rf9m 3 місяці тому

    Молодец,мастерица,супер👍👍👍❤️❤️❤️

  • @Erjigit98
    @Erjigit98 2 місяці тому

    Керемет рахмет 😘❤❤❤❤

  • @AKCrazyRussian
    @AKCrazyRussian Рік тому

    ​​Классно! 👍

  • @user-fp7gy8dt9z
    @user-fp7gy8dt9z Місяць тому

    😍😍😋😋 рахмет отбасынызга береке жаусын оте дамди болды

  • @user-tg6sc3zr7x
    @user-tg6sc3zr7x 2 місяці тому

    Рахмет дал ушул ресеп мн жааадым соонун болды

  • @user-ps8xr1hu6i
    @user-ps8xr1hu6i 27 днів тому

    Керемет❤

  • @user-qy1yi1jd5j
    @user-qy1yi1jd5j 9 місяців тому

    Молодец ой рахмет аке

  • @user-zx9st1bq2l
    @user-zx9st1bq2l 9 місяців тому

    Күшти

  • @tursynkul5062
    @tursynkul5062 Рік тому +5

    Мен екінші. Керемет қуырдақ

  • @user-xs7rq6yh9t
    @user-xs7rq6yh9t Місяць тому

    Кушти 👍биздер ауылда ишек - карынмен жасаймыз кой сойганда, коп адамдар исинен жиркенеди , жуып тазалап косса кушти куырдак болады 😋😋😋

  • @user-bs3mv6eo1x
    @user-bs3mv6eo1x 3 дні тому +1

    👍👍👍👍

  • @user-mm7cz5so3t
    @user-mm7cz5so3t Рік тому +3

    🔥🔥👍👍

  • @user-fo5wz1cd4m
    @user-fo5wz1cd4m 5 місяців тому

    Молодец красавица

  • @zhamilyaalimbaeva9595
    @zhamilyaalimbaeva9595 Рік тому +1

    Еңбегіңнің жемісін көріп.бақытты болыңыз! ❤️❤️❤️

  • @Ayjamal00
    @Ayjamal00 Рік тому

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @feruzamusinova813
    @feruzamusinova813 Рік тому

    ❤❤❤

  • @ken_shy
    @ken_shy 9 днів тому

  • @user-tc5uk8db6s
    @user-tc5uk8db6s Рік тому +2

    Мен үшінші 🫢

  • @darigamarinova8320
    @darigamarinova8320 Рік тому +6

    Мен бірінші 😅🤘

  • @Sagymgulll_
    @Sagymgulll_ 3 місяці тому

    Самый лучший рецепт ❤❤❤❤❤

  • @user-cp8id4xj7t
    @user-cp8id4xj7t 8 місяців тому

    Ок

  • @user-ru2mw9ml2t
    @user-ru2mw9ml2t 6 днів тому

    Картоп 30 мин піседі ме ?

  • @nonakim7513
    @nonakim7513 Рік тому

    Жылкы етинен тусирес пе видео куырдак

  • @user-lt4tg6yy8f
    @user-lt4tg6yy8f 9 місяців тому +1

    Нурзина рахмет куырдагым зын боллды го

  • @user-wu6cg1fr4c
    @user-wu6cg1fr4c 6 місяців тому

    Жаксы рецепт. Рахмет. Бирак басында катты отта сосын орташадан томен отта писиру керек. Картоп Салар алдында отты кобейтип, сосын кишкене су куйып жасаймын. Дэмди болады.

  • @user-tc5uk8db6s
    @user-tc5uk8db6s Рік тому +2

    24минут болғанда кордым

  • @woodworking111
    @woodworking111 5 місяців тому +1

    Ребята, почему столько просмотров и так мало лайков??? Вам что тяжело кнопку нажать?)

  • @user-cy2yd7hn4s
    @user-cy2yd7hn4s 2 місяці тому

    Наконец то хоть кто-то сказал что в куырдак вода не добавляется

  • @R.Nurhanovna-78
    @R.Nurhanovna-78 Рік тому +1

    Негізі қатты отта ет қатты болмайма?

  • @user-pm1yy5hg3m
    @user-pm1yy5hg3m 26 днів тому

    Күіп кеттіғо 15минут болмай жатып

  • @user-hj6oy7jh2m
    @user-hj6oy7jh2m 27 днів тому

    Қуырдақ сірнеге ұқсайды. Бірақ екеуі екі түрлі тамақ.

  • @user-xu4qw8hc5f
    @user-xu4qw8hc5f Рік тому +10

    Қуырдақ таза еттің өзінен болады, кортоп қосылмайды.

    • @TAMAZA.
      @TAMAZA. Рік тому +1

      Иа. Бұл жаркое негізі.

  • @user-gs9xt5kj7e
    @user-gs9xt5kj7e 7 місяців тому +1

    Тамак истеп корейн деген едим еркек болсамда. Чо та етим бурисип бурисип жок болып кетти примерно урып жатырмын дайын болса айтамын. Азирше иси адеми😅

    • @user-ur3dx8ur8q
      @user-ur3dx8ur8q 6 місяців тому

      Қуырдағыңыз қалай шықты?😂

    • @user-or5cb4uo6r
      @user-or5cb4uo6r 4 місяці тому

      Ер адам тамағы дәмді болады, қандай тамақ жасасада

  • @user-sq6ww9hm4e
    @user-sq6ww9hm4e 8 днів тому

    Бұны гуляш дейді😊

  • @Tanie.gotowanie
    @Tanie.gotowanie 4 місяці тому +1

    ua-cam.com/video/RljZsUEEXmw/v-deo.html

  • @Mechta-xr8mw
    @Mechta-xr8mw 8 днів тому

    Бұл қуырдақ емес.... Өкпе. Бауыр |қайда...

  • @user-gw5wp2ub7t
    @user-gw5wp2ub7t 11 місяців тому

    Слишком майлы көрінеді

  • @user-ic2bs1wl1y
    @user-ic2bs1wl1y Місяць тому +11

    Нағыз қуырдақта картоп болмайды таза еттен піседі естеріңде болсын сонда нағыз қуырдақ болады 😋

    • @ussseerr6541
      @ussseerr6541 3 дні тому +3

      Есіңізде болсын,біреудің асханасына кіріп алып ескертудің қажеті жоқ😊 Өзіңіз түсіріп салыңыз картопсыз👍🏻 Әр үй әртүрлі жасайды,жазылып қойған заң жоқ

    • @user-xu6yw8fp2x
      @user-xu6yw8fp2x День тому

      Ққалай жасайды айтып жібересіңба

  • @azamatboranbai3953
    @azamatboranbai3953 6 місяців тому

    Ым бм дм деп миды жеп қойды

  • @Mechta-xr8mw
    @Mechta-xr8mw 8 днів тому

    Бұл қуырдақ емес.... Өкпе. Бауыр қайда.....

  • @Gibagiba_0
    @Gibagiba_0 Рік тому

    Су құяма

  • @ruskzkzkzkzkz3479
    @ruskzkzkzkzkz3479 25 днів тому

    Неправильно ☝🏻 курдак без картошки должен быть

  • @user-td2gr7ih7g
    @user-td2gr7ih7g 11 місяців тому +2

    Айналайын таза қуырдақта картоп қоспайды. картоп қоссаң ол жарково боп кетеді.

  • @user-wd2ff4fh4t
    @user-wd2ff4fh4t Рік тому +5

    Қуырдақты жүрек бауыр өкпе содаң жасайды ғой негізі. Мал сойған кезде

    • @NMI298
      @NMI298 Рік тому

      Правильно! Самый вкусный куардак готовят кыргызы!

  • @janchikkazah4546
    @janchikkazah4546 8 місяців тому +7

    Газдің астын емес, қазанның астын орташа қайтарамыз отты, солай Дурыс болады қазақ тілінде. Газдің асты деген сөз мүлдем жоқ. Ал қуырдаққа келсек, өте әдемі

    • @gueen6022
      @gueen6022 5 місяців тому +2

      Ия, үйдің ішіде от жарып, дала қазанды қойып, нағыз қазақы болып кетейік! Басқа шаруамыз жоққой газ/от жайлы сөз талқылауға.

    • @softwareDevFromAlmaty
      @softwareDevFromAlmaty 3 місяці тому

      Ақыл айтпа бұл жерде

  • @sgl12345
    @sgl12345 8 місяців тому

    это тушоное мясо 🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️ казактар чо с вами? где желудок где кишки? уже беш вилкой кушать начали 🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️

    • @user-sb5vc2gi3z
      @user-sb5vc2gi3z 8 місяців тому

      Есть люди которые не едят потроха, а қуырдақ здесь чисто из мяса и құйрық май как я люблю...🎉❤😊

    • @sgl12345
      @sgl12345 8 місяців тому

      @@user-sb5vc2gi3z это называется тушоное мясо

  • @user-kl9wf9kz5n
    @user-kl9wf9kz5n 4 дні тому

    Керемет

  • @user-kl9wf9kz5n
    @user-kl9wf9kz5n 4 дні тому

    ❤❤❤

  • @Zhambil.zhurgenbaev
    @Zhambil.zhurgenbaev 2 місяці тому

  • @Mechta-xr8mw
    @Mechta-xr8mw 8 днів тому

    Бұл қуырдақ емес.... Өкпе. Бауыр |қайда...

  • @sgl12345
    @sgl12345 8 місяців тому

    это тушоное мясо 🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️ казактар чо с вами? где желудок где кишки? уже беш вилкой кушать начали 🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️

  • @Sagymgulll_
    @Sagymgulll_ 2 місяці тому

    ❤❤❤