Исатай батырдың мазарының ашылуында

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 сер 2024
  • 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
    Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

КОМЕНТАРІ • 16

  • @user-qf7bm1pb1x
    @user-qf7bm1pb1x 3 роки тому +2

    Бәрекелді! Алланың нұрына бөленіңдер!

  • @lenabarnukova5446
    @lenabarnukova5446 7 років тому +4

    аминменим аталарым батырлар жаннат болсын

  • @user-mv3hp2uk8t
    @user-mv3hp2uk8t 3 роки тому +1

    Батыр атамыздың жаны жәннәттә болсын

  • @mirzagalijunisbekov2854
    @mirzagalijunisbekov2854 8 років тому +6

    МашАллах батыр бабамыздын жаны жаннатта болгай аумин.

  • @user-mv3hp2uk8t
    @user-mv3hp2uk8t 3 роки тому +2

    Исатай атамыз орыс отаршылары мен шайкаскан егерде Кенесары ханмен біріккенде үлкен күш болар еді. Арманда кеткен батырлар ай иманды болсын. Аруактары бізді күшейтіп журсін

  • @user-mv3hp2uk8t
    @user-mv3hp2uk8t 3 роки тому +3

    Көкшетау жігіттерінен батыр атамызға дуга багыштаймыз

  • @kazielimanov9991
    @kazielimanov9991 6 років тому +4

    Еламанов Төлеген суреттегі менің АТАМ 👍👍👍

  • @user-by3rn9cu1g
    @user-by3rn9cu1g 7 років тому +5

    жаны жанатта болгай батыр атамыздын рухы данкы аскак ,кобда акрап исатай ауданы болды бурын

  • @qylmystar
    @qylmystar 6 років тому +6

    КЕСЕНЕНІҢ АШЫЛУЫ
    ЖАҢАЛЫҚҚА НЕГЕ ЖАРИЯЛАНБАДЫ РЕСМИ ТҮРДЕ НАСИХАТ ЖАСАУ КЕРЕК ҚО ТАРИХТЫ ТҮСІНДІРІП?

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  6 років тому +1

      NUKON TV 2015 те көрсетті жаңалықтардан. үлкен ас берілді Қобдада.

  • @user-oo3yr3fd1r
    @user-oo3yr3fd1r 7 років тому +2

    Укимет бизнесмендеп ауыз ашпай кашан кеп жасайды деп казак ели озимиз осылай жасау керек жан ашыр казактар батыр
    Бабаларымызды тарихты жинау керек акша емес

  • @user-vm1sh4nk4x
    @user-vm1sh4nk4x 6 років тому +2

    Қиыл ауылы бұл

  • @koptileutazhigaliev8206
    @koptileutazhigaliev8206 2 роки тому

    мына соңғы кадрлердегі фото ұстап сөйлеп тұрған азамат кім екен, аты жөні, қалай байланысуға болады екен ???

  • @user-mv8gu5hb5y
    @user-mv8gu5hb5y 3 роки тому +1

    Атырау к,аласынын бурынгы акiмi емеспе д
    жылтырк,ара курткеде турган

  • @alauyeleusiz7383
    @alauyeleusiz7383 3 роки тому +2

    1991 жылы Қиыл совхозының директоры Каналиев Сабыр марқұм болды. 1992 жылы қаңтарда жол апатынан қаза тапты. Қиыл совхозы Қобда ауданында болды.

    • @alauyeleusiz7383
      @alauyeleusiz7383 3 роки тому

      Исатай батырдың 200 жылдық тойы 1991 жылы шілде айында тойланды. Совхоз директоры Сабыр Каналиев болды. Ол кісі 1984 жылға дейін Әлия Молдағұлова атындағы шаруашылықтың директоры болды. Керемет кісі болатын. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығының басшы қызметінде жүргенде Қобда ауданындағы Қиыл совхозы артта қалып, сол совхозды көтеруге директор болып кетті. Төрт қыз баласы болды. Үлкен екі қызы Гүлшара (1972 ж.), Әлия (1974 ж.), әйелі Бақтылы Абдоловна апай және өзі 1992 жылы Ақтөбе Қобда тасжолында жол апатынан қаза тапты. Кішкентай екі қызы Гаухар, Жанар және ағайдың анасы қалды. Жатқан жерлері жайлы болсын.