Сары Айшық. Индербор кенті.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 гру 2021
  • Сарайшық, Кіші Сарай - орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 км жоғары орналасқан.
    Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласының пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғ., Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғ. алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнер мен сауда қаласы болғандығы айтылады.
    Сарайшық ауылы (көне қала орны)
    Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пиала) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.
    Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХВІІғ.) Сарайшықтағы негізін Бату хан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт-бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп отыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргенішке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІВ ғғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды. Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған. Қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалады. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.

КОМЕНТАРІ • 7

  • @kalifornya6486
    @kalifornya6486 2 роки тому +3

    Күшті. Керемет кездесулер болыпты🤝

  • @user-to2ut9tr5e
    @user-to2ut9tr5e 2 місяці тому

    Есен темір

  • @qaz-kino4408
    @qaz-kino4408 2 роки тому

    КАНАЛДЫ САТАСЫЗ БА????

  • @user-kf2dc6pv5q
    @user-kf2dc6pv5q 2 роки тому +2

    Ассалаумағалайкум адай тазике руы корым қай калада орналасқан

  • @ernarernar374
    @ernarernar374 Рік тому

    Орыстар кираткан дидыгои бул калаларды