Бишімбаевтың адвокаты судьяға сенімсіздік білдіріп, Айжан Құлбаеваны ауыстыруға өтініш берді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Астанада әйелін аса қатігездікпен ажал құштырды деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін сотталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяға сенімсіздік білдіріп, Айжан Құлбаеваны ауыстыруға өтініш берді. Бұл әрекетіне соттың кезекті өтініштерін іс материалдарына қоспауы себеп болған секілді. Алайда, бұл ойы іске аспады. Өйткені, аздаған үзілістен соң судья процесті қайта жалғастырды. Қазір сотта қылмысты жасырды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Әсіресе, кейінгі жарты жылда қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін өзекті ете түскен іс, яғни Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта екінші сотталушы, «Гастро орталықтың» директоры Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр. Ол 9 қараша күні өзінен он жас үлкен ағасы, әрі тікелей бастығы Қуандық Бишімбаев «жұмысқа тез жет» деп хабарласқанға дейін-ақ түндегі жанжал туралы білгенін айтты. Себебі, қол астындағы қызметкерлері ақпаратты жеткізіп үлгерген. Жалпы, Байжанов сөз ала сала, марқұмның жақындарынан кешірім сұрап, Салтанаттың хәл үстінде жатқанын білмедім, білсем, бірден көмек шақырар едім деді. Бұдан соң, алдын ала қағазға жазып, шығарып алған мәтінін оқуға кірісті. Айтуынша, 2022 жылдан бері «Гастро орталық» пен «Бау» мейрамханасының директоры болып жұмыс істеген. Бірақ көбіне Бишімбаевтың жеке жұмыстарымен айналысыпты. Яғни, балаларды тасып, ұрыс салдарынан қираған мүлікті жөндеп отырған. Әрі, Салтанат Нүкенованың зәбір көріп жүргенін де біліпті. Алайда, өзгенің отбасындағы мәселеге араласпауға тырысқан.
    БАҚЫТЖАН БАЙЖАНОВ, сотталушы:
    - Кабинаға кіргеннен кейін Бишімбаевпен бірге Салтанатты қолтықтап ұстап, аяққа тұрғызуға тырыстық. Мен сол, Бишімбаев оң қолынан ұстады. Осы сәтте Салтанат аяққа тұруға тырысып, басын сәл көтергендей болды. Қазір ойланып қарасам, көмек сұрап, қолымнан қатты қысқан секілді. Бірақ, бұл белгісін түсінбегеніме өкінемін.
    Сотталушы Салтанат Нүкенова сағат үш пен бестің арасында көз жұмған болуы мүмкін деп отыр. Себебі, түс әлеті кезінде жәбірленушіні тірі көрген. Тірі деп сенген. Өйткені, ағасы ұйықтап жатқанын айтыпты. Сондықтан, сөзіне күмән келтірмеген екен. Әрі жедел жәрдем шақыруға да тырыстым деді Байжанов. Тіпті, таныс дәрігеріне де хабарласқан. Алайда, Бишімбаев бұл ойын қоштамапты. Бейнебақылау камерасына түскен жазбаларды да бастықтың тапсырмасына сай өшірттім деді сотталушы. Жалпы, Бақытжан Байжанов тәжірибелі, қызба, үлкен қызметтерде болған ағасының сөзіне иланғанын жеткізді. Бір жағынан, жанжал сайын есік сынып, жиһаз қирап жүрген соң Салтанат ажал құшады деп ойламаған. Бірақ кешке Бишімбаев хабарласып, жеңгесі дем алмай жатыр дегенде ғана алаңы күшейіпті. Сондай-ақ, ол Бишімбаевтан қысым көрдім деп отыр.
    БАҚЫТЖАН БАЙЖАНОВ, сотталушы:
    - Бишімбаев маған «скорыйға біз бірге звондадық» деп айт деді. Если сен айтпасаң, сені қарғаймын. Сенің басыңа келсін, сенің балаларыңның басына келсін деп.
    Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаевтың тергеуден бас тартқанын да айтты. Яғни, оқиға орнына барып, сол күнгі жайтты баяндап беруге бірнеше рет уағдаласып, кейін ауырып тұрмын деп ойынан айнып отырған. Ал, Бишімбаев болса білікті қорғаушылар болмағандықтан кейінгі қалдыруды жөн көрдім деді. Сонымен қатар, бірнеше ескертуден соң Қуандық Бишімбаевтың адвокаты қарсылық білдіріп, судьядан бас тартты. Бірақ талабы қанағаттандырылмады. Айта кетейік, бүгін сенат әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды мақұлдады. Енді құжат Президентке жолданады.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 26

  • @user-bq5jk7yt4l
    @user-bq5jk7yt4l Місяць тому +5

    Судья кушти мыкты

  • @user-eq6du9mb6e
    @user-eq6du9mb6e Місяць тому +4

    Бишимбаевтін көргаушылардын өз іс әрекеттері дүрыс емес қой! Солардын ойлары болу керек қой оларға

  • @ernaztorehanov2770
    @ernaztorehanov2770 Місяць тому

    Ақшамен құтылуға жол жоқ👆

  • @user-le6ik4ij1r
    @user-le6ik4ij1r Місяць тому

    Осы сота Бишімбаев тің
    Байлығын қалыпқа қайтару керек

  • @user-mh2fn5mo7b
    @user-mh2fn5mo7b Місяць тому +4

    Байжанов жоок жерден сотолып кетеби сотолуп кетсе окунучту

  • @user-jp2jt9gz8s
    @user-jp2jt9gz8s Місяць тому

    Бақытжан ға обал ол бичке тәуелді болған жеңілдік болса екен бұл жігітке.

  • @user-ds4oz3eh9d
    @user-ds4oz3eh9d Місяць тому +2

    Как в турецком сериале седат и нефес жестокий муж насильник своей жены

  • @user-mk9hq2fs1v
    @user-mk9hq2fs1v Місяць тому +3

    Зан бойынша айели емес кой

  • @user-so4rg5ez8s
    @user-so4rg5ez8s Місяць тому +4

    Қарғаймын деп сонша əулие ме екен😏

  • @user-gn5tx5xx1c
    @user-gn5tx5xx1c Місяць тому +1

    Байжанов ка бостандык

  • @hik7778
    @hik7778 Місяць тому +3

    Сериял қызық екен.сериял бітпесін.

  • @user-bq5jk7yt4l
    @user-bq5jk7yt4l Місяць тому +2

    Байжановга жаным ащып жатыр,,,бул жигит просто влип

    • @user-gn5tx5xx1c
      @user-gn5tx5xx1c Місяць тому

      Влип деген не

    • @almagulkabdirova1975
      @almagulkabdirova1975 Місяць тому +1

      В смысле “ влипся” , тап болды осындай жағдайға,

  • @user-do8vk7ry6d
    @user-do8vk7ry6d Місяць тому

    Пазор не бұл сот Қашшан жіберетін түрмеге

  • @user-so8xx8uj5v
    @user-so8xx8uj5v Місяць тому +5

    Не сумдык болды осыдан баска жок па ел суга кетип жатканда.

    • @rystysakenova2381
      @rystysakenova2381 Місяць тому

      Өзіңде ұрпақ жоқ қатыгез Анадан туған адамсыңау.
      Халықпен бұкіл Ел болып, күресіп жатыр ғой... Сен сияқты бейпіл ауыз қара ниетті адамдардың
      пиғылынан болу
      ы әбден мүмкін... Салтанаттай ару қыз әр от басын
      да өсіп келеді...
      Оларға осындай қан ішер кез келе ме депте қорқын
      ыш бар, әр адамда.
      Сондықтан бұл адамды ату, не өмір бойы түрмеде шіріту керек.Адамгерш лік әрі бар адамд ар, ақшаның құлы болмас ау. Артында от басы ұрпағы барын ойласа

  • @user-pj7wk3uz5t
    @user-pj7wk3uz5t Місяць тому

    Коринип турго видеода кайта кайта корсетип тур, ол киси ким болып ислеседа нызам хаммеге бирдей, камак жазасын берин судья болдыда камау жазасын коллан талап етемин

  • @alisher19_80
    @alisher19_80 Місяць тому +5

    Бейне жазбаны өшіру ол қылмыстық ізін жасыру

  • @user-mb1zg2el6g
    @user-mb1zg2el6g Місяць тому +2

    Сериал болдыгой

  • @baxtigulallamuratova5173
    @baxtigulallamuratova5173 Місяць тому +3

    Олтиргени рас бидиосы рас урганы теугени енди коп уахытты кетирмий 20 жылга судлау тийис болмаса еш ким судларга исенбий калады

  • @user-is2sw7xb8k
    @user-is2sw7xb8k Місяць тому

    Айжан кульбаева ханымды ауыстырмандар ол кьсь занды установка.😮

  • @suleiman8995
    @suleiman8995 Місяць тому +1

    Бытпейтын сериал