«Қызғанған жоқпын, ұялдым!» Қуандық Бишімбаев іске қатысты тың деректермен бөлісті

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 31 бер 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Астанада азаматтық некедегі әйелін азаптап ажал құштырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жалғасып жатыр. Кезек сотталушыға да келіп жеткен. Бүгін экс-министр қорғаушылардың сұрағына жауап берді. Ол марқұм Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанынан бастап, араларындағы қарым-қатынастың бұзылу себебіне тоқталды. Айтуынша, тұрмыстық түсініспеушіліктің түбі қызғаныш емес, «ұят». Сондай-ақ, Қуандық Бишімбаев іске қатысты тың деректермен бөлісе отырып, марқұм Нүкеноваға бірнеше рет қол көтергенін растады. Бірақ, сонда да өзіне тағылған айыптың бірін де мойындамайтынын айтты.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Әйелін айлар бойы азаптап, асқан жауыздықпен жазым қылды деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын онлайн 60 мыңға жуық адам тыңдады. Бұл дерек істің қаншалықты өзекті екенін көрсетсе керек. Әрі, бүгін сотталушыға сөз кезегі ұсынылды. Бишімбаев ә дегеннен-ақ марқұм келіншегінің туыстарынан кешірім сұрап, жақындарына азап көрсетпегенін, айуандықпен ажал құштырмағанын айтты. Тіпті ол Нүкеновамен таныстықтары да, тіл табысулары да басқаша болды деп отыр. Әрі марқұм әйелін психикалық ахуалы тұрақсыз, жиі ішетін, жанжал құмар адам ретінде суреттеді. Тіпті, шаңырақ көтере сала, келіншегі бір танысының ашынасы болғанын ашық айтыпты. Ақыры, қайғылы жайтпен аяқталған оқиғаның негізі осы деді Бишімбаев.
    ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, Сотталушы:
    - Мен Салтанатты қаралағым келгеннен айтып отырған жоқпын. Тек қарым-қатынасымыздың неден бұзылғанына тоқталмақпын. Ол бұрынғы көңіл қосқан адамының суреті кабинетімде тұрғанын, соны көрген сайын өзін жайсыз сезінетінін айтты. Бәрі осыдан кейін ушыға бастады. Мен қызғанған жоқпын. Сіздер, бәріне қызғаныш себеп болды деп отырсыздар. Мен ұялдым.
    Бірақ жәбірленуші тарап мұндай деректердің іске қатысы жоқ деді. Сол үшін соттан іс материалдарына қосуға ұсынылған суреттер мен Бишімбаев пікірін елемеуді сұрады. Ал, мемлекеттік айыптаушы болған жайттың барлығын күлімсірей тұрып баяндаған сотталушыға шүйлікті.
    Ал, Бишімбаев күле сөйлеуін Нүкеновамен танысып, отау құрған шақтарының әдемі естелік екенімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол екі бап бойынша тағылған айыпты мойындамады. Сондықтан, әр эпизод бойынша жауап беруге әзірмін деп отыр. Мәселен, «порнографилық видео түсіруге мәжбүрледің бе» деген сұраққа, «жоқ, біз ерлі-зайыптымыз, видео менің телефонымда болған, қаласа өшіріп тастар еді» деп жауап берді. Жалпы, Бишімбаев психикасы тұрақсыз Нүкенова кез келген дүниеге қызғанышы оянып, бейнеқоңырау шалып, қоңыраулар, тіпті аударымдар тарихын тексеретін деді. Ал, Бишімбаевтың өзін кінәлі сезінбеуі Нүкенованың анасына ауыр тиіп, көзіне жас алды.
    Сондай-ақ, сотталушы Нүкеновамен отасқан бір жыл ішінде марқұмға екі рет қол жұмсағанын мойындады. Оның бірі 20 қазан күні, келесісі 9 наурыз деп отыр. Ал, өткен жылы 9 қараша күні яғни, қайғылы оқиғаның қалай болғаны, өрбігені 3 сәуірде айтылады.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 101

  • @user-or5tl9bb3y
    @user-or5tl9bb3y Місяць тому +17

    ҰЯТСЫЗ ,САЛТАНАТТЫҢ АРУАҒЫ АЗАПТАСЫН СЕНІ .ОҒАН ҚАНДАЙ ҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІҢ , СОНЫҢ БӘРІ АЛДЫҢА КЕЛСІН .

  • @AqerkeAytugan-cw4bx
    @AqerkeAytugan-cw4bx Місяць тому +15

    Салатанат жаның жәннатта болсын! Ата анасы қандай жаксы кісілер ! Алла сіздерге сабыр берсін! Әрине ауыр азапқой баладан айырылу!

  • @user-ku2xp1nb3w
    @user-ku2xp1nb3w Місяць тому +27

    Өлтірді ма жазасын алсын құтырған адамдар ғой

  • @dinarakabdesheva7510
    @dinarakabdesheva7510 Місяць тому +17

    Өмір бойы отырсын түрмеде !

  • @SerikIshimov-bl3qz
    @SerikIshimov-bl3qz Місяць тому +9

    АЛЛА жазасын берсін Қ Бешимбаевтің

  • @user-xc9oy3hq8m
    @user-xc9oy3hq8m Місяць тому +12

    Ой, ұятсыз-ай. Бірден жазасын бермей ме? Сағыздай созып не істнп жатыр?

  • @Zhanat-dh2os
    @Zhanat-dh2os Місяць тому +22

    Ұятсыз

  • @Vernier_193
    @Vernier_193 Місяць тому +13

    Неге осылай Самат Абишулын тергемеймиз

  • @user-ub4zz1kx9y
    @user-ub4zz1kx9y Місяць тому +6

    Детектормен айтқызу керек еді, қалай сөйлейтін еді

  • @user-bm3xx8lx7o
    @user-bm3xx8lx7o Місяць тому +4

    Бишембаев ап адеми мыкты билимди экс министр ед жолы ашык келе жаткан,Оз омирин Оз багын ози куртты,уш баланын,биринши айелинин коз жасына ушырады,я Алла сактасын,Кудай аясын,просто екеуиде Ата аналарын куртты уайымдатып ,

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Місяць тому +1

      Бірінші әйелі үлкен ұлымен,қызымен қашып кеткен бұдан,сол кезде поезда қызына менингит жұғып ауырып,қайтыс болған деп жазған,сол үлкен ұлы Мәскөуде оқиды,тура өзі секілді дөрекі,мынаның көшірмесі.

  • @user-st9ym4uj5d
    @user-st9ym4uj5d Місяць тому +10

    Алла сен сияқты бала бермен Аналарға қаншер

  • @user-pg1zd7rf3y
    @user-pg1zd7rf3y Місяць тому +3

    Бишимбаев жауыз жазасын алсын озын солай азаптап олтырсе кинаса осы уакытка дейін негылган сот созып бул фашисты олым жазасын беру керек саган лайыкты

  • @user-vy7db5ud1n
    @user-vy7db5ud1n Місяць тому +5

    Қандай өткен өмірі болсада , қастандықпен өмірін қиюға қақысы жоқ. Жіберу керек еді егер сондай интелегент болса, Ал сот орындаушы сатылған болса, Құдайдың алдыңда жазасын алады, Әділ үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру қажет.

  • @user-qx9ug5qv8y
    @user-qx9ug5qv8y Місяць тому +4

    Қуандық бұрынғы екі әйелінен не себепті ажырасқан

  • @user-jj8de9ze7m
    @user-jj8de9ze7m Місяць тому +4

    Ия жазасын алсын аюан.Әділдік кайда.Сотты адвокаттардың сатып алған бишембаевтар.Кан канды жыбермейды.Сотталсын.Журегым аурып кетты ғой Салтанаттың ағасы мен мамасына.Алла сіздерге сабыр берсын.Сонда не байдың баласы деп сотталмау керек пе.

  • @user-xe5yt3gj1j
    @user-xe5yt3gj1j Місяць тому +6

    Неткен опасыздык мазакпа

  • @user-um5qy2on5n
    @user-um5qy2on5n Місяць тому +4

    Почему каждый день показывают в новостях этот суд? ....зачем?. .

  • @user-jd6tx9xp2j
    @user-jd6tx9xp2j Місяць тому +4

    Саналы болсаң, әйеліңнің өткенінен ұялсаң. неге тастап кетпедің?

  • @user-st6rb2vk6z
    @user-st6rb2vk6z Місяць тому +5

    Осыныда күнде көрсетіп халқты да, адамның сана сезімнде ақымақ қылғандарың ай…күштінің арты тирмен тартат деген омы екен ғой.

  • @user-uz9rt6yn3q
    @user-uz9rt6yn3q Місяць тому +3

    Сагызша созып озине дейинги еркектерди тизе бастадыма.Омирлик сотталсын

  • @Siko00Oppo
    @Siko00Oppo Місяць тому +5

    Акшасы жок быреу болғанда Уже Турмеде Жаттатын еды Ешкым омен Акылдаспайтын еды😂 Акша Акша Ай

  • @user-yj8sc6nk2c
    @user-yj8sc6nk2c Місяць тому +4

    Бұл сот Россия болып жатыр ма неге қаза тілінде болмаит

  • @user-or5tl9bb3y
    @user-or5tl9bb3y Місяць тому +3

    АЗАПТАП ӨЛТІРІП МОЙЫНДАМАЙ ,ЕНДІ ӨЛІП ҚАЛДЫ ДЕП БАР КІНӘНІ САЛТАНАТҚА ЖАУЫП , АҚТАЛҒАНША .ҚОРЛАП ӨЛТІРГЕНІҢ АНЫҚ ,ЕНДІ ӨЗІҢ АСЫЛЫП ӨЛ ЕЗ .

  • @user-gy7vc6yr9r
    @user-gy7vc6yr9r Місяць тому +3

    Надо искать в спутники простых людей всякое красивая жизнь имеет обратную сторону

  • @user-ii8vr9sc8t
    @user-ii8vr9sc8t Місяць тому +7

    Басына жын-шәйтан кіріп кеткен, БІШІМБАЕВТАЙ адамды оқшаулау КЕРЕК !Қоғамдық орындарда осындай адаммен қарым-қатынаста болу адамдарға өте қауіпті! Жемқорлықпен ұсталып 10 жылға бас бостандығынан айырылған кезде түрмеден НЕГЕ ОСЫНДАЙ ҚОРҚЫНЫШТЫ АДАМЫНЫҢ АРАМ АҚШАСЫНА САТЫЛЫП НЕГЕ ЕРТЕРЕК БОСАТЫП ЖІБЕРГЕН??? Түрмеде отырғанда Нүкенова аман ҚАЛУШЫ ЕДІ 😮

  • @user-ui8vo7fc9w
    @user-ui8vo7fc9w Місяць тому

    Дурыс Уяат Ар Намыс Керек Озы катындар Абдан шыкан

  • @user-sh1xq1jy1g
    @user-sh1xq1jy1g Місяць тому +2

    Жазыксыз адамдарды адилдик издегендери ушин ескертусиз атып,итше кырып салган еди.Касакана назик жанды айелди, айуандыкпен корлап олтирген,канишер Бишимбаевтын соты, кадимгидей битпейтин жыр болды ау.Омир бакига камалсын

  • @user-pv9iq4pf8f
    @user-pv9iq4pf8f Місяць тому +3

    Бир құдай болдыго жаря болып кеткен анау мынау деп пышак маған көрсетти деп.пышағы бар адам тығып алады малғұн.биреумен көңілдес болса бар сол адамга демейсинба?ұрып қойдырамын дедіңба.енді өлдима жазаңды ал оңбаған несине акталасын.өзіңде екі қатының бар емеспа.любовницаларың көп
    болған шығар.енді бәрінің көз жасы жібермесін.😢😢

  • @user-si3ho3ux5w
    @user-si3ho3ux5w Місяць тому +8

    Жібере салу керек еді.Не керек еді бұндай әйелді ұстап онымен төбелесіп қол жұмсап дегендей......алла сақтасын.

    • @user-vs6eg1tt4o
      @user-vs6eg1tt4o Місяць тому

      Жап аузыңды, білмесең!!! Жауыздың өтірігіне сеніп отырсың ба?! Басыңа берсін!!!

  • @user-zl7jp5ky9z
    @user-zl7jp5ky9z 21 день тому

    Кешырмесын хайванды

  • @user-kw1ol6bv1d
    @user-kw1ol6bv1d Місяць тому

    Бебешимбаевке
    Омур бою турмо болсун...

  • @kkfinancekek7319
    @kkfinancekek7319 Місяць тому +1

    Женщина легкого поведенческие была без отканая 😅

  • @user-df3km4ws3h
    @user-df3km4ws3h Місяць тому +1

    Сериял болдығои

  • @user-yt7zv2xt9p
    @user-yt7zv2xt9p Місяць тому +1

    Атаңанағлет ату жазасын берсін

  • @user-ht5cs4bc5f
    @user-ht5cs4bc5f Місяць тому +1

    Бети Жоок Уялсан Ажыраш

  • @user-vd2kj5kb8j
    @user-vd2kj5kb8j Місяць тому

    Сенген министріміз...., нағыз жауыз, бетпақ, ұялсаңшы

  • @user-oc7kg5dp3k
    @user-oc7kg5dp3k Місяць тому

    Салтанатта карык емес кусайдау

  • @user-gt1iy3du7v
    @user-gt1iy3du7v Місяць тому +1

    Өтірік сотталмаудың амалы өзі ойлап тауып отырған сияқты

  • @user-df3km4ws3h
    @user-df3km4ws3h Місяць тому

    Өзің жүріп әиеліңе жатқанын сасқаныңба

  • @user-pv9iq4pf8f
    @user-pv9iq4pf8f Місяць тому +1

    Өлтиргенине ұялмадыңба

  • @Maxat-fs9hc
    @Maxat-fs9hc Місяць тому

    Уялдым😂😂😂😂😂😂😂

  • @user-ko2fo5xq1m
    @user-ko2fo5xq1m Місяць тому

    Әділдік жоқ үйстіп созып-созып шығарып жібереді 😏

  • @user-oi5yi1sz5d
    @user-oi5yi1sz5d 24 дні тому

    Бешынбайовта уяат барма уяаттан журдай бетсыз уяаты болса сотта 40 отырыкпен ку тулкы маймыл болып турама бетыне киген кара маскалары шешылып жатыр уяат кормедык кара бетын кордык жургыш еркек екенын

  • @user-jo7rz2wr2z
    @user-jo7rz2wr2z Місяць тому

    Детекторга салмайма

  • @AlizaAaa-rc5oh
    @AlizaAaa-rc5oh Місяць тому

    Кызганбаса байкушка эмне уйлонот , уялып деп эшек олтуруп салса да аздык кылат 😢 акмак

  • @gulmiramadiyarova1464
    @gulmiramadiyarova1464 Місяць тому

    Уят болды соттан сот,олтиргени анык гой,жыл кесип таслау кк.

  • @user-zv2fj1ey5j
    @user-zv2fj1ey5j Місяць тому +1

    Үндияның серялы сияқты бітпей жатыргой

  • @user-vt3kw2tf3p
    @user-vt3kw2tf3p Місяць тому

    Пять раз отказывался отвечать за свой поступок. Специально время тянул. Чтобы суд присяжных подкупленных был. Сочинял ответы-и весь зал сколько дней сидят и слушают его чушь

  • @user-jj2xi1rj4m
    @user-jj2xi1rj4m Місяць тому

    Его правдают по любому ,отпустят как жертву с деньгами которыми он нажился за счёт народа. Если его не осудят значит наш гуманный суд никчёмный , показуха везде даже уят просто .

  • @Maxat-fs9hc
    @Maxat-fs9hc Місяць тому

    10 адамды кондирсем болды деп отыргои. Калгандарына барибир сиякты гои.

  • @user-lm5ru1ux3k
    @user-lm5ru1ux3k Місяць тому

    У самого Бишимбаева неуравновешанный характер
    Бывший министр во время суда улыбается и смеетьсЯ
    Как понять Надо взять анализ крови прямо в зале суда Маскара

  • @user-mi2jj4np3q
    @user-mi2jj4np3q Місяць тому +2

    Сен уялатын адамга уксамайсын,бетин тым калын екен,сенен Маркум уялган шыгар,кордик кой,арак ишип шашын ,мыстан кемпирдей урпиеп отврсын,аузын салпыйып,УФ НА КОНЕЦТА ОЛТИРДИМ -АУ СЕНИ ,,САЛТАНАТ"ДЕП АРМАНЫМ СОЛ ЕДИ,КУТЫЛДЫМ-АУ ДЕП,,,,, ,,,,,КАНИШЕР АЙУАН

    • @user-gg2zz2ti3q
      @user-gg2zz2ti3q Місяць тому

      Анасында уят болмаган Мен Анамын деп журттын алдында сойлеп журген Баласында уят хайдан болсын

  • @user-vs6eg1tt4o
    @user-vs6eg1tt4o Місяць тому

    Свидетеля нет- сочиняет, всё на Салтанат валит! А, что её нет- можно что угодно говорить!!!

  • @user-fk3xl1zp4y
    @user-fk3xl1zp4y Місяць тому +10

    2024-ж Қуандық Бишимбаев үшін сәтсіз болды. Баласы бар , əйелі бар, осы əйелге Салтанатқа бекер ұрынды. Өмірі өте сəтті басталып еді, өз қолымен ойрандады. Обал-ақ .

  • @user-gn1pb6wj2u
    @user-gn1pb6wj2u Місяць тому

    15.20жыл беріңдер

  • @user-qu3rd4ko6x
    @user-qu3rd4ko6x Місяць тому

    Қой. азаптамаған шығар

  • @user-jl3go1ry8b
    @user-jl3go1ry8b Місяць тому +1

    Суреттегы кым екен 😕

    • @user-ww3kp4pb2n
      @user-ww3kp4pb2n Місяць тому

      Райымбек

    • @user-jl3go1ry8b
      @user-jl3go1ry8b Місяць тому

      @@user-ww3kp4pb2n Это псевдо имя, шын атын айтпады

    • @user-qz1xd5wm6w
      @user-qz1xd5wm6w Місяць тому +1

      суреттегі сылтауығои іздеп тапқан

  • @user-qs5pz6tf7x
    @user-qs5pz6tf7x Місяць тому

    Не чо не будет отмажут он министра родственники дадут денег и если дадут мало не более 5 лет

  • @user-fk9id9qe3k
    @user-fk9id9qe3k Місяць тому

    Пале. жауып. отыр

  • @abuabu7644
    @abuabu7644 Місяць тому +3

    Судия Бишімбаева

  • @user-vt3kw2tf3p
    @user-vt3kw2tf3p Місяць тому +2

    Какой он наглый. Как он сочиняет и врет-и зачем судья и адвокаты теряют драгоценное время и слушают его бред. Долой судью на мыло! Ещё раз говорим. Всё факты убийства на лицо! -пора давно выносить приговор по заслугам-чего медлим. За деньги готовы свою честь профессионала продать. Да грош вам цена

    • @user-ik2uc4uk6i
      @user-ik2uc4uk6i Місяць тому

      Судья выполняет нормы закона Конституции, Уголовно процессуального кодекса

  • @user-bu7yu5zz7s
    @user-bu7yu5zz7s Місяць тому +1

    Әйелі өзі көзіне шөп салған дұрыс істеген

    • @user-zr7uq1pz4h
      @user-zr7uq1pz4h Місяць тому +2

      Сен маняксынба мына созин правакация го билесинбе

    • @user-gp5do6uu4m
      @user-gp5do6uu4m Місяць тому

      Мен екі тараптың да адамы емеспін. Бірақ осылай жазатындарға түсінбеймін

    • @user-ts5bc7sl6n
      @user-ts5bc7sl6n Місяць тому +1

      Өзін ақтау үшін айтылған сөз. Сондай жасаған болса тұрмас еді

  • @user-gp5do6uu4m
    @user-gp5do6uu4m Місяць тому

    Қанышер болса да даты бар.Ойнастық жасаса дұрыс болмаған екен.Ал анасына сабыр берсін

  • @user-wp7vg8no8o
    @user-wp7vg8no8o Місяць тому +3

    Окынышты бурынгы жануясы мен турганда бары дурыс болар еді Салтанат маркымнын анасы унамады

    • @user-lh6vf4uc8f
      @user-lh6vf4uc8f Місяць тому +8

      Не айтып кеттіңіз? Бұрынғы әйелі осы мінезінен тастап қашқанда.Жақсы бай,жақсы әке болса 3 баласымен жіберіп қыз ала ма? Нүкенованың анасы дұрыс айтады.Өліп кеткен қызын жамандап мойнына алмағансын күйеді.

    • @RK-pq2kb
      @RK-pq2kb Місяць тому +1

      Шешесіне карап кызын ал дейма

    • @user-in4ln2cb8s
      @user-in4ln2cb8s Місяць тому +2

      Любой ата ана баласы үшін осындайеа барады го

    • @user-gp5do6uu4m
      @user-gp5do6uu4m Місяць тому +2

      Оның орнында емессіңдер .Қиын жағдай

  • @user-bv8cn5fq9y
    @user-bv8cn5fq9y Місяць тому +2

    Жалпы еркектің түбіне әйелдің мінезі жетеді.
    Өмірден шындық.
    Кәзір тіпті жаман болып кетті әйелдер қауымы.
    Сәл Еркекпен келіспесе біреудің еркегін мысалға алады.
    Намысына тиеді.Еркектің жұдырығына өздері жақын келеді.
    Иә,Қоғамда бар Ессіз өзінің Халіне қарамай аспанға қарайтын.
    Бұл ақымақ өлтіріп алды да.Атағына сай қылмыс қозғалды.
    Жазасын Заң шешеді.
    Бірақ кәзір қыздар,әйелдер тым керімсал.
    Марқұм ағасында тыңдамапты.
    Ағасын тыңдағанда бұл еркекте жайында қалар өзіде жайына кетер еді.
    Енді балаларына таңба.Өмір бойы.
    Ансыда тым бір салиқалы адамға ұқсамайды.
    Болдығой, қызғаншақ қызыл ит өзі түбіне өзі жетті.
    Өлген адам кетті дүрдіктіріп.
    Қазақ қыздары байқап жүрмізғой тым өзімшіл болып барады.
    Еркекетен құн кетті.
    Қайқайсыда оңып тұрған жоқ.
    Бұл трагедияда.
    Қатынға тоймаған Қылмыскерде
    Баласы бар еркекті ұстап сүйем өзім ғана сұлумын деген әйелде.
    Оған бола Қоғамда Әйелдер көтеріліудіңде тиімі жоқ.
    Әйел өте бір таудан данышпан білімінде мінезі сай болмаса.
    Әйелдің орны ерадамның қамқоршысы болу,оны аялау,оны мүжімей ұқыптап ұстау.
    Өмірден көргенім еркегінің жақсысын асырып,жаманын жасырған әйел заты ұрпақтың үлгісі.

    • @user-qz1xd5wm6w
      @user-qz1xd5wm6w Місяць тому +1

      бұлжерде Бишімбаев кінәлі оның ұят несін алған адам өлтіріп отырып Салтанат оған жарболуға лаиықты болмаса неге ажырасып кетпеиді ,не болсада көн менікі жөн деитін өзімшіл нашаға уланған секілді, өлімге өлім жазасы

  • @user-bu7yu5zz7s
    @user-bu7yu5zz7s Місяць тому +1

    Орамалын тағып үйінде отырмайма

  • @user-ho6ro5fv1s
    @user-ho6ro5fv1s Місяць тому

    Салтанаттында
    Кинаси
    Бар
    Гои

    • @user-bo9iq7ig5u
      @user-bo9iq7ig5u Місяць тому

      Сонда кінәсі бар болса өлтіру керек пе еді? Ажырасып кетсе болатын еді ғой Қуып шығып төртінші әйел алуы керек еді Сонда сотталмайтын еді Босқа жас қыздың өмірін қиып жіберді

    • @user-qz1xd5wm6w
      @user-qz1xd5wm6w Місяць тому +1

      кінәсі не сондаи жауызға тиіп,өлім құшқаныма