Етті бәліш, анамның рецептімен. Мясной пирог. Вкус детства

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 жов 2021
  • Анамның рецептімен етті бәліш❤️

    Салмасы:
    •600 гр туралған қой еті
    •300 гр пияз
    •12 гр тұз
    •1 ш.қ қара бұрыш

    Қамыр:
    •3 ас қасық жылы су (жарты кесе)
    •2 ш.қ құрғақ дрожжи
    •2 ш.қ қант
    •250 гр сүт
    •80 гр сары май
    •1 ш.қ тұз
    •550 гр ұн
    •1 шт жұмыртқа

    1. суға дрожжи мен қант қосып бетін жауып 10 мин қалдырамыз. Шапка болып көтеріледі.
    2. Жылы сүт, ерітілген сары май, жұмыртқа, тұз қосып араластырамыз.
    3. Ұн қосамыз. Әуелі 500 гр қосыңыз. Илеп алыңыз. Кішкене тындырған соң 50 гр ұн қосыңыз. Өте жұмсақ қамыр пайда болады

    1 сағат көтерілуге бетін жауып қойыңыз. Көтерілген қамырды бір басыңыз. Тағы 30 мин көтерілуге қойыңыз.

    Қамырды екіге бөліңіз. Көптеу бөлігін астына жаюға алып қалыңыз.

    Видеодағыдай түйіп, бетіне жұмыртқа сарысын жағыңыз.

    Духовкада 180 градуста 40 мин піседі. Менде электрический. Тек _ (вниз) қосып пісірдім. Сол внизбен беті де әдемі қызарады.

    Табамның диаметрі 28 см

    Таба болмаса противеньге төртбұрышты қылып илеп пісіруіңізге болады. Салмасына картоп, асқабақ, орамжапырақ, сәбіз қоссаңыз да өте дәмді болады. Ол нұсқаларын тағы бірде көрсетемін.

    Менің инстаграмым

    bibinur_hamitqy...

КОМЕНТАРІ • 7