Келесі подкасттың тақырыбы: КІТАП ОҚУ МА ӘЛДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕ? Подкастта айтылған кітаптардың тізімін комментке жазып кетіңіз📚 Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз. www.youtube.com/@kitapal
Ассаламу’алайкум. *Негізінде осы “Менделеев кестесі”* деген орыстық енгізген пропагандасын айтуды тоқтату керек. Батыс елдерінің бәрінде тек Химиялық кесте дейді. Өйткені бұл кестені Менделеев жинаған жоқ, бұл жылдар бойы көптеген ғалымдардың еңбегі. Менделеевтің өзі қатты қарсы болған.
Мен 10-11 сыныптарда “Абай жолының “ 1-томын оқып бітіргенмін.Сол түні түсімде бір бөлмеде 5 ақын-жазушылардың портреттері ілініп тұр екен.Солардың дәл ортасында Ш.Құдайбердіұлы портреті.Жанына жақындағанда портрет тіріліп, Шәкәрім:” қолыңды жай “деп батасын берді. Кейін Абай университетіне грантқа түсіп,жатақханаға орналастым. Жатақханадағы оқырман бөлмесіне кірсем түсімдегі сол портреттер,арасында Шәкәрім портреті бар екен. Дипломымның тақырыбы да сол Шәкәрім шығармашылығы болды.Осындай кітаппен, түспен қызықты сиқыр ,тылсым болды
*Стикерлер мағынасы* 🟥🟦🟩🟨 *Қызыл (Ақуыздар)* - Лайфхактар, өмірге қажетті ескертпелер; *Қызғылтсары (Көмірсулар)* - Мотивация, қанатты сөздер; *Сары (Нутриенттер)* - кітаптағы еске сақтау қажет сәттер; *Жасыл (Дәрумендер)* - Анекдоттар, күлкілі жәйттер, әдемі сөздер; *Көк (Жасұнық пен су)* - Сілтемелер, сандар, деректер және қалғаны. Ақпарат - *Марғұлан Сейсембай* мырзаның лайфхактарынан! *Лайфхак пайдаларыңызға жарасын* және *Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!* 🔥🔥🔥
Кітап оқу үшін кеңестер 1)Жылдам тез оқу іштей, дауыстап не өзімізге естілетіндей емес. Алайда баяу, ойланып оқылатын жерлерде асықпай оқимыз 2)Автормен сұхбаттасып жатқандай оқу, басты кейіпкердің орнына өзіңізді қойып көру. 3)Маңызды ақпараттарды маркермен сызып қою не стикер жабыстыру. Стикердің түстеріне сай ақпараттарды таңдау. Жасыл-амал етілуі керек, қызыл-қызықты дерек, сары-ойландыратын және т.б 4)Кітапты бос уақытта емес, арнайы уақыт бөліп оқу 5)Фокус(зейін) басқа нарселерге аударылғанша оқу. Осыны есептеп көру. Сол уақыттан асқанда қызығушылықпен энергия азайғандықтан қалған беттерден пайда ала алмайсыз. 6)Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған пайдалы. Жан жақты даму. 7)Кітап оқитын аралықта үзіліс жасау. 8)Кітапты аяқтағанда қорытындылау. Қорытынды жазу.
Керемет подкаст🎉. Мен бірнеше кітапты бірақ оқимын. Миым өзіне не қажет екенін ажыратып алады. Және Қазгуде профессорымыз берген кенесіндегідей , ортасынан бастап оқимын, қызықтырса бәрін оқимын, ұнамаса жаба саламын. Сосын бірақ уақыт откен соң қайта ораламын
Кітап оқу өте маңызды 📚 Бұл сөздік қорды көбейтуге, айналаңдағы мәселеге бір жақты емес, әртүрлі көзқараспен қарап, шешімін оңай табуға жол ашады. 💫 📖Мен кітапты ұнатып , қызығып оқимын. Өзім студентпін , әр шәкіртақыма ай сайын 1 кітаптан алуды шарт етіп қойдым. Қазір жұмыс жасаймын айлық алғасын 2-3 кітап бірден аламын.😅 Мен бұл кітаптарды қызыққаннан бір күнде оқып тауыса алмаймын, күнбе күн яғни тұрақты оқып жүргенім де жоқ. 😮Бірақ осы подкастты көріп арнайы уақыт бөлуді әдетке айналдырғалы отырмын.❤ 🙂Мен кітапты қажеттілік кезінде оқимын. 😍М/лы : Кемел адамды Қаржылық жағынан мәселе туындаса "қаржылық сауаттылыққа"⚖💰 байланысты жерлерін, Уақыт жағынан үлгермей жүрсем " тайм менеджмент " ⏱ байланысты жерлерін оқып, кітаптағыны шынайы өміріме енгіземін. Осы кітапты оқып жүріп қымбат су құйып алып жүретін ыдыс сатып алдым🌞 , қазір күнбе күн қолданамын, өзіммен алып жүремін.🪔 Осылайша Оқып қана емес , іс жүзінде пайдаланғаннан рақат алам. 😍 🌟🌟🌟Меннен сіздерге лайфках болсын Оқығыңыз келетін кітапты шкаф ішіне емес, жиі көзге көрінетін жерге қойыңыз, қасына суы бар ыдысты. Бара бара сіз уақытылы ағзаға пайдалы су ішіп ,онымен қоса кітап оқуды да әдетке айналдырасыз. 😊❤ Бұл деген балды біздің үйде ешкім жемейді емес, оны дастарқанға қоймайды деген сөзбен байланыстырар едім . Менің ойымды соңына дейін оқып шықсаңыз, алғысым шексіз, сіз кереметсіз🎉❤ Менің атымнан сізге 👍💚💫😘
Мүлде кітап оқымаған адаммын. Подкасттарыңызды тыңдап, бүгін барып 2 кітап сатып алдым🥰 Енді Алла қаласа сіздердің кеңестеріңіз бойынша оқуды бастаймын!
27:25 минуттағы тақырып бойынша. Мен кітап оқығанда міндетті түрде дауыстап оқимын және ол менің жылдам оқуыма еш кедергісі жоқ. Ал, плюстары өте көп, сөйлеген кезде анық сөйлеймін, әрбір әріпті анық шығарып. Информация өте жақсы қонады. Өйткені, көзің оқып тұр, құлақ естіп тұр, тіл қозғалу арқылы жан-жақты информация алынады. Күшті бір лайфхак десем болатын шығар, дауыстап оқығанда мүлдем ұйқың келмейді. Бір оқығанда отырып 100 бетке дейін оқып тастайсың. Арасында болады іштей, көзбен кітап оқып отырып көз алдында әріптер ұша бастайды, ұйқың келе бастағанда сразу отырсам тұрып немесе жатсам отырып, қайтадан дауыстап оқи бастаймын. Жақсы көмектеседі. Мен бұрын орысша енді қате сөйлейтінмін. Сол орысша кітаптар, орысша посттар оқу арқылы қазір таза, акцентсіз, әрі ойымды ашық жеткізе алатын болдым. Егер мен тек көзбен оқығанда, мүмкін ондай нәтижелер болмас па еді?! Бастысы керек кітапты түсініп оқу, барлық кітапты оқып алып, өмірде қолданбасаң, бос зая кетіру деп ойлаймын.
Неге екенін білмеймін мен дауыстап оқысам не оқып жатқаным есімнен шығып, ойым бөлініп кетеді. Даусымды сәл ғана шығарып я болмаса іштей оқысам оқығаным қонымды болады.
Бір қарасаң 10-5 мин көргендей болсың видеоны , негізінде 1 сағат өтіп кеткен . Яғни сіздердің паткастарыңыз өте қызықты болып жатқанынан уақытта тез өтіп жатыр ! 👍👍👍
Менің өмірімдегі ең бірінші тыңдаған подкасттарым осы Kitapal арнасының шығарылымынан болды! Бұл подкасттардан жалпы не алғанымды қысқаша айта кетейін. Біріншіден, Кітаптің адам өміріндегі атқаратын рөлі мен маңызын түсіндім. Екіншіден, кітапқа деген шабыт пен махаббатымды ашты. Үшіншіден, менде осы үш ағамыз Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязовқа еліктеу сезімі пайда болды. Айта берсем бұданда басқа пайдалары жетерлік. Ағаларымызға сөз жоқ, Алла разы болсын, күш-қуат берсін! Kitapal ұйымына да мың алғыс айтамын! Осындай жақсы жоба бастап жатқанына. Әрдәйім қолдауға дайынбыз және кеңес береміз! Өзімде таңғалып отырмын, осыған дейін бірде бір кітап оқымасамда осындай сөздерді қалай жазып жатырмын деп. Себебі мұның бәрі шын жүректен шығып жатқан сөздер!
Кітап оқып біткеннен кейін талдау жасаудың пайдасы көп. Ол кітапты тереңірек түсінуге және есте жақсы сақталуын арттырады. Талдауды қалай жүргіземіз? Біріншіден кітаптың идеясын, мақсатын, айтпақ ойын анықтап алу керек. “Бұл кітап маған не айтпақшы?” деген сұраққа нақты жауап болу керек. Кейіпкерлерге талдау жасаудың да артықшылығы көп. Себебі кітаптағы кейіпкерлер өмірдегі адамдарға қарап жасалынады. Тағы бір кеңесім- бір кітапты жақын адамыңызбен бөлісіп оқыған тіпті керемет. Кітаптан ұққаныңыз, көзқарастарыңыз жайлы әңгіме-дүкен құрып отырсаңыздар, кітап оқу қызығырақ әрі тереңірек түсінікті бола түседі.
Мен кітап сатып аларда 3 кітапты бірге аламын.1 ғылыми,ауыр кітап,2-еуі оңай кітап (көркем әдебиет) .Ғылыми кітапқа арнай уақыт арнап қойам.Ол кітап ғылмый болғасын қиын болады түсініксіздеу,энергия жеткеше оқыймын.Осылай ғылыми кітапты 1 ай көлемінде оқыймын.Ол аралықта 1 ғылыми кітап адамды жалықтырып жібереді.Сол себепті ғылыми кітап оқып жүріп көркем әдебитті қоса оқимын .Сонда 1 айда 3 кітап оқылады.
1. Бірнеше кітапты қатар оқимын (жалығу сезімі болмау үшін); 2. Оқуды бастаудан бұрын өзіме шарт қоямын (қанша бет оқимын немесе қанша минут оқимын); 3. Кітапта өз өміріме енгізу керек деген ақпаратты конспект ретінде жазып алу.
Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз маған қатты ұнайды💝 ""Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру " бұл ниеттеріңіз қабыл болсын 🥰 алдағы уақытта пайдалы білім, ақпарат аламыз деген ойдамын!
Подкасттан түйгенім: 1) Зейін екі режимде жұмыс жасайды: 1 - шашыраңқы; 2 - шоғырланған; Көптеген жаңалықтар, идеялар зейіннің шашыраңқы кезінде келеді. Сондықтан кітаптарды әртүрлі жанрда, араластырып оқыған жөн. 2) Кітапты бос уақытыңда оқыма, кітапқа арнайы уақыт бөл және оқитын индивидуалды уақытыңды таңда. 3) Кітапты тиімді әрі тез оқығың келеді ме? Тұрақтылықты әдетке айналдыр. Бір айда 300 беттік кітапты оқып бітіргің келетін болса, күніне 10 бет оқы. Одан тез бітіргің келсе 30 беттен оқы. 4) Кітапты энергияң тасып тұрған уақытта оқу керек. Ал энергияң бір күннің ішінде бірнеше рет тасиды. Сондықтан ол белгілі бір минутқа дейін кітап оқуға мүмкіндік бергеннен соң, өз-өзіңе демалыс бер. Және солай бір күннің ішінде бірнеше рет қайтала. 5) Кітап оқу барысында қанша минуттан кейін сенде жалығу сезімі пайда бола бастайды? Өлшеп көр, есепте. Ол қанша минут болсын, жалығып бастаған кезде бірден басқа жанрдағы кітапқа көш. 6) Телефон, басқа да түрлі гаджеттер бізді арбауға, фокусымызды басқа нәрсеге бұруға тырысады. Сондықтан кітап оқу барысында саған кедергі келтіретін, фокусыңды ұрлайтын барлық сыртқы факторлардан арылу қажет. 7) Әр кітапты бастамас алдын, өз ниетіңді анықтап ал. Саған бұл кітап не береді? Одан сен не алуды көздейсің? 8) Кітапты тек ғана көзбен оқы. 9) Кітап оқып келе жатқанда, кейбір моменттерді түсінбей қалсаңыз, жіберіп алсаңыз, ары қарай жалғастырып оқи беріңіз. Артқа қайту, қайталап оқу - дұрыс емес, өте зиян. 10) Жылдам оқу - жылдам түсіну. 11) Кітапты бір адаммен сұхбаттасып жатқандай оқу керек. Яғни, сен мысалға Наполеон Хиллмен кездесуді жоспарласаң, белгілі бір уақыт арнап, барлық телефон, гаджеттерді өшіріп, дайындалып барасың.
Тек бизнес, психология, нон фикшн әдебиеттен бөлек, көркем әдеби шығармаларға да арналған подкасттар болса жақсы болар еді: - Абайды қалай оқу керек (Омар Жәлелұлы ағамызды қонақ ретінде көрсек керемет болар еді) - Қазақ мифологиясы - Қазақ әдебиетіндегі әйелдің образы - Актуалды және ескірген әдебиеттер - Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті сияқты тақырыптар болса жақсы болар еді. Рахмет
Подкаст өте керемет! Көптеген ақпаратттар мен әсерге толы екен! Енді подкаст соңында айтқандай мен өзім кітапты қалай және қандай жанрларда оқитынымды айта кетсем... Мен кітапты яғни маған ауадай керек деп санайтын кітаптарды үш түрге бөліп қараймын. Олар: классика, дәрі кітап және міндетті түрде рухани кітап болуы керек. Сонымен қатар осы жанрдағы кітаптарды бір күнде оқуға пландаймын. Яғни күніне үш кітап , тұрақты турде жеке жеке 15 беттен. Сосын айтарым негізгі менің кітап оқу уақытым таңғы уақыт болғандықтан мен ол кезде дәрі кітаппен рухани кітапты оқимын. Себебі таңғы уақытта адамның миы энергияға толы және шабыты да жақсы болып тұрған кезде неғұрлым адам өзіне ақпарат алу керек кітаптарды оқу керек деп ойлаймын. Сол кезде ол кітаптардан алған ақпараттың өзіңе барынша сіңу ықтималдылығы жоғары. Ал әдеби түрдегі кітапқа келетін болсақ мен оны тұрақты түрде түскі ас кездерінде оқимын. Себебі адамның миы осы уақыттарда көп жұмыс жасап тұрып жалығу процессі бастала беретін кезде мен оны лезде тоқтатып яғни энергиямды одан әрі арттырып , қуат алу үшін әдеби кітапты асқан шабытпен оқимын. Яғни әдеби кітап маған осы кезде күш беретін сияқты. Сөйтіп мен бір күндік кітап оқу мақсатыма жетемін. Аз аздан үздіксіз. Коммент соңында сіздерге айтарым , тек алға , подкасттарыңыз әр қазақтың тыңдайтын бестподкастына айналсын!!!
Сіздерге риза болдым қазақстандағы мұндай бағыттағы подкаст бірінші көруім. Сіздерге рахмет жігіттер, сіздердің подкастарыңызды жақындарыма көрсетіп, бөлісіп отырамын. Сіздер бұл бағыттағы номер 1 подкаст деп айтқым келеді
европейская литератураны казакшага аударганда биздин тилге,миымызга дат создер коп кездеседи сол ушин синтездеу процессы киынырак болады жане китап кызыксыздау болып келеды.Мысалы маган Дейл Карнеги Адамдарга ыкпал ету онери деген китап ауырлау жане кызыксыз болып келди)
Соңғы кезде менде кітап сатумен, оны түсіндіру бағытындағы қызметті жасай бастадым. Неліктен? Көп жерде адамдардың тауарларға деген мультиқызығушылығын байқап, мұның салдары өте өкінішті болатыны туралы ой келді. Өсіп келе жатырған балаларының тек телефонның ішінде отырғанын көріп, мектепте не оқығанын сұрасаң, білмей қалатыны, ұмытып қалдым деген жауаптарын естіп, жағамды ұстадым. Мені оқитын 3-4 адамға болсын ой тастасам да жақсы шығар деп ойлап, осы бағытты таңдадым. Сіздерге сәттілік тіледім.
Енді, енді кітап оқып жүргендердің бірімін. Өзім кітап оқығанда саусақпен санауға келетін беттен кейін ойыма бір нәрсе келген кезде, бір нәрсені түсінген кезде, түйген кезде әрі қарай кітапты оқымастан. Мен, кітаппен сұхбаттасып отырамын. Бұл 1-2 сағатқа созылып жатады. Одан кейін жаңағы саусақпен санауға келетін беттен өзіме түртіп алатын дүниені жүйелеп алу үшін блокнотыма жазып отырамын. Бұған да шамамен 1 сағат уақыт кетеді. 1-2 айдан кейін кітаптың соңғы бетін аяқтаған соң блокнотта жазылған дүниелердің барлығын біріктіріп түсінгенімнен бір туынды жасап шығарамын. Кейде өмірдегі ситуацияға байланысты немесе ойға бір нәрсе оралған сәтте жаңағы оқыған кітабыма қайтадан бір шолу жасап шығамын. Аристотельдің кітаптарының әрқайсысын Әл-Фараби шамамен 100 реттен қайталап оқыған десе-ді. Содан Аристотелді түсіну үшін қазіргі дамыған кезіндегі Батыс елдері Әл-Фарабидің кітаптарына жүгінген екен. Ғалым болғыңыз келсе, елге пайдасы тиетін аға-әпке болғыңыз келсе: Көп кітап оқу қажет емес. Бір кітапты көөөп оқу қажет дейді...
Кітап оқығанды өте жақсы көретінмін. Бірақ кәзір үйде 3 кітап тұр, сатып алдым, но оқуға желание жоқ, шыдамым жетпейтіндей, даже сериал көре алмайтын болғанмын, но аудиокниганы тыңдағанды жақсы көремін, қосып қойып тірлікті істей бересің. 1,2,3 подкастты тыңдап кітап оқуды қайта қолға алдым ❤️ рахмееет ❤
Мен Марғұлан Сейсембай ағаның кітап оқудағы кайдзен әдісін қолданып келемін, яғни бір түсті маркер, және 5 түсті бетбелгілер, және кітапты тасмалдауға арналған арнайы сөмке.
Керемет подкаст. 1ші шығарылымнан бері үзбей тыңдап келем. Бірақ Шразаддин мырзаға көбірек сөз берсеңіз екен. Данияр мырза сөзді толық тыңдамай, адамның ойын бөліп жібересіз. Шразаддиннің сөздері салмақты әрі ой саларлық, дауусы анық және паразит сөздер қолданбайды. Бір бірлеріңізді тыңдай біліп, үшеуіңіз де теңдей дәрежеде пікір айтылса екен деген ұсынысым бар. Келесі шығарылымда осыны ескересіздер деп үміттенем☺️
Өмірімде бірінші рет подкаст тыңдап көрейін деп сіздердің подкасттарыңызды тыңдап бастадым, өте керемет, дами беріңіздер! Кітап оқуға мотивация болып жатыр👍👍👍
50:15 мен кітапты 2 бағыт бойынша араластырып оқығанды ыңғай көремін. Керек болады ау деген жерлерін маркермен бояп қоямын немесе сол бетті стикермен белгілеп кетемін. Кейде қайта ашып сол жерлерді оқып аламын. Батсапқыда қиын болатын, содан кейін кесте құрып “күніне 10 бет кітап оқу” деп қойдым, содан кейін әдет болып кетті. Подкастта да айтылған, ми расымен галочка қоюға асығып тұрады) және кітапты болғаннан кейін анализ ретінде қорытпа ой жазамын.
Өте сауатты.👍🏻Артық сөз жоқ. Тыңдаудың өзі жаныңа жағымды.👍🏻Жарайсыздар,жігіттер. Тек, алға!👍🏻Бір тыңдағанда 3 Подкастты тыңдап тастадым. Кітаптарды өзіме жазып алдым. Алла разы болсын!🤲🏻
мен кітап оқығанда, жалпы кез келген нәрсе жасағанда, бір күнде осынша бет немесе осынша рет жасауым керек деп оқимын. мысалға менде бір күнде 20 бет кітап оқу деген меже тұр делік. мен кітапты таңертең оқитын болғандықтан 16-17 бетке келгенде кітап оқуды тоқтатамын. ендігі менің ойымда межені орындау үшін белгілі бетті оқып бітіру керек деген кішкентай мақсат қалыптасады. оны орындау үшін ыңғайлы уақытта жаңа энергиямен қалған 3-4 бетті оқимын және энергиям толып тұрғасын + 10 бет оқып қоямын. сонда бір күнде 20 бет орнына 30 бет. және кітап бастап оқып жүрген кезімде 4-5 беттен кейін ұйқым келе бастайтын, сол кезде ерінбей тұрып мысалға 20 рет отжимание немесе пресс жасаймын. сонда мен әр 5-6 бет сайын күнделікті жасауға тырысып жүрген кішкентай мақсат 100-150 пресс, отжиманиены қоса бітіріп қоямын.
бұл подкасттың маған қатты өткен жері бастап қойған кітаптің алғашқы оншақты бетінен соң оқығың келмей қалады,басқа кітап бастағың келіп тұрады,содан өзімді кінәлі сезініп жүремін де соңында өзімді қинап оқып бітіруге тырысамын。сол сұрағымның жауабын тауып қуанып отырмын 👍👍👍 рақмет ❤❤❤
Өте керемет подкаст. Осындай подкастарды көбінен шығара беріңіздер! Оқырмандардың кітапқа деген махабаттарын оятып жатырсыздар. Келесі подкастты асыға күтетін боламын.
Мен соңғы кезде кітаптың мазмұнын қарап, өзіме керек тақырыпшаны оқуды әдетке айналдыра алдым. Бұл уақыт үнемдеуге жақсы әрі энергиямды сақтай аламын. Егер ақпараттық кітап (сату, бизнес туралы) болса, осылай оқуға кеңес беремін. Ал әдеби кітаптар оқыған кезде тез бітірсем деп сағаттап отыратынмын. Осы подкасттың арқасында энергиямды есептеп, тұрақты оқуды үйренудемін.👍 Кітап оқуға шабытым қайта ашылуда!🤩💞
Қайырлы күн. Жалпы осы уақытқа дейін кітаптарға қызығып қолыма алған кезде кітап оқуға деген құлшынысым азайып кете беретін. Осы шығып жатырған подкасттың арқасында кітапқа деген екінші тынысым ашылып. Оқуға ниеттеніп жүрген Бейсен және болмыс деген кітапты оқып бастадым. Осы подкастты көрместен бұрын мен ойлайтынмын, дауысымды шығарып оқымасам кітапты түсінбей қаламын деп, бірақ жылдам оқу техникасын естіп сол техникамен оқып көруге тырысамын. Бұл подкастта жаңа нәрсемен таныстым, өміріме пайдалы кеңестер алдым деп ойлаймын.
«Көркем әдебиетті оқысам ішім пысады, соңына дейін жете алмаймын»,- деген жандарға менен кеңес: Қолыңызға кітапты алғанда бірден установка беріп қойыңыз.Мен осы кітаптың ішіне енемін. Кино қарағандай елестетемін. Кітапты ашып, оқығаннан бастап не оқып жатырсыз, соны елестетіп, кітаптың ішінде жүресіз. Табиғатты суреттеп бастадыма? Керемет, айналаңызды дәл сол табиғатты суреттегендей елестетесіз. Басты кейіпкерді суреттеп бастадыма, киноның алғашқы кіріспесі, введениесі деп қабылдаңыз. Кейіпкерлердің айналасындағы оқиғалардың қасында жүргендей сезімде оқысаңыз, сол адамдардың ішінде не болғанын сезіне аласыз. Шарасыздық, бақыт, қуаныш, жұбаныш әр түрлі сезімдердің спектрын сезіне аласыз. Және де кітап дәл осы сезімдерді маған сезінуді үйретті ✨ Сізде сезініңіз Кеңесім пайдаға жараса, рефлексия жасап жіберіңіз
Мен күндіз жұмыста шабытым келеді оқуға, содан Абай жолын оқып жатырмын, үйге келіп жолдасыма айтып беремін, мяяя Абай атамыз бар ғой деп тұрып)))) Кітап көп оқитынмын түрлі жанрда, Алла қалауымен басыма үлкен сынақ келіп, оқи алмай қалған едім, сіздер айтқандай энергиямның мүлде болмай қалғанынан бе екен деп ойлап қалдым қәзір, содан дақында әр түрлі кітапты алып оқып көре бердім, баяғы ықыласымды аңсап, содан Алла қалауымен Абай жолы жүрді, қайта қолға алып бастадым Сіздерге іске сәт, шығармашылық табыс🎉
Өмірге енгізу керек ақп.-қызыл Ойландыратын ақп.-жасыл Есте сақтап қалу керек ақп.-сары Біреуге айту керек ақп.-көк (таным көкжиегін арттыратын ақп.) •Қорытынды жасап үйрену
Әссәләмүғәлэикүм жігіттер бұларың өте керемет құнды мәғулуматта болды мен үшін . Осындай жанға азық болатын құнды мазмундарыңызды шөліркей күнтемін ...
КСРО кезіңде сәндік үшін,сөреде тұру керек деген мақсатта алатын болған кітапты(Күміс кітап)Ендігі кезекте бұл мақсатты өзгертіп,кітапты ең көп оқитын халық деп танитын Қазақ халқын бірге құрайық
Мен енді ғана әдет қалыптастырып жүрмін. Таңертең өз мамандығыма қатысты кітап оқуға тырысамын. Жұмысқа автобуспен 1 сағат баратын болғандықтан өзіммен бір көркем әдебиет кітап алып аламын. Жұмыста да кітаптар бар. Жұмысқа ерте барсам сондағы мотивациялық кітапты оқып жүрмін. 😅
Бәрекелді Алла жар болғай. Міржақып тың оятқан қазағына ары қарай кітап оқыптып дамыту мен пара пар. Асылдың ұнтақтары Бәйтеректің бұтақтары Ойпырмай ел дегенде ішер асын жерге қойған. Мәрт қазағымның ұрпақтары.
Ассалаумағалайкум. Өте керемет подкаст. 👍. Оқыған кітаптарды біраз уакыт өткенсон қайталап отырған дұрыс деп ойлайсыздар ма. Мысалы: Абай жолын мектеп кезінде оқысақ ол кезде мүлдем басқа түсінік алғанбыз уақыт өте келе студент кезімізде оқысам мүлдем басқа түсінікте демек адамның жас ерекшелігіне қарай әр түрлі түсінікте қабылдайтын болғаныма әлде адамның көніл күйіне қарай әр түрлі түсінуі мүмкін бе ондай өмірлерінізде кездестіме. Мысалы мен осы хабарламаны қуанышты күйде сіздердің ойларынызды білу мақсаттын жазып отырған болсам сіздер жазылған сөзді оқу арқылы біреулерініз сын ретінде, біреулерініз ақымақтық ретінде көрсеңіздер. Қайталап оқу жалықтырып жіберетін секілді бірақ ар түрлі шынымен қай бағытта жазылғанын түсінгін келетін кездер болады. Сол үшін сұрап жатырмын. Берген ақпараттарынызға рахмет.🎉🎉
Кыргызстандан салам, алга жыла бериниздер пайдалуу канал. Эмне корууну билбей озумчо ютубду ачып сиздерди таап алдым Азырынча сиздерди тааныбаймын бирок дагы уланта берсениздер жакшы болмок азаматсыздар👍
Данияр мырза менің ойымша сіздің істи алмай жүрген шаруаларыңыз көп секілді. Бұлай айту себебім, осы подкасттарды көре отырып сіздің әлі істеу ойымда бар дегеніңізгн сүйеніп айтқаным. Подкаст өте керемет болды, ешқандай кемшілік жоқ😊
Баршаңызға Ассалаумалейкум 🤗подкаст өте құнды мол білімдер айтылды, тыңдап соны амалға асырушыдан болайық,жеңіл еркін фтрмат болды. Еңбектеріңізге көп рахмет! Шығармашылық, өмірлік табыс бақыт тілеймін. Мен кітапты дедлайнмен оқитынмын, яғни 300бетті 10күнде оқу деп, кәзір кітапты оқып конспект жасап соған анализ жасаим, өзіммен сұхбаттасам, мәліметтер соғұрлық қызық болған сайын миымда бомба болып талқылап кетем. Бұл жақсы көмек берді. Конспектілегенде миымда өзім қортындылаимда соған күні бойы ойымда жүреді. Бұл білген біліміңе амал етуге келеді. Алхамдулиллах баршаңызға Алла хайырлы білім нәсіп етсін.
Жарайсыздар жігіттер! Тамаша подкаст! Жылдам оқуға қатысты біраз ақпараттар білсемде, соны іске асырмай жүр екенмін, енді сол білімді бекітіп қолдануға тырысамын! "Синдром перфекциониста" өте жаман әдет менде, ұнамаған кітапты аяқсыз қалдыру, оқылған бетке кеткен уақытқа ішім ашып, түгел оқып тастауға тырысу, одан қалса басты кейіпкердің ашуыңа тиюі тым энергия көп жеп қояды!🤦♀️🙄 осы әдетті тастауға бекіндім енді! Рақметт! Айтар кеңестеріңіз бітпесін!
Бастапқы кезде маған өзіміздің әдеби кітаптарды оқыған ұнайтын. Ол уақыттарда кітапты аса тез, әрі көп оқымайтынмын. Кейіннен кітап оқудың маңыздылығын түсіне келе өз-өзімді мәжбүрлі түрде күштеп үйреттім. Қазір әр түрлі жанрда кітап оқи беремін және кітап оқыған ұнайтын болды. Тағы бір лайфхак әр кітап оқып бітірген сайын өз-өзіңізге сыйлық сыйлап отырсаңыз болады😊
Осы күнге дейін ойлайтынмын әдеби кітаптар оқып не керек.Біреудің өмірін оқып не істеймін оданда мотивациялық кітап оқымайма адамдар деп.Бірақ сіздердің подкасттарыңызды көріп өте төмен ойланғанымды түсіндім.Енді кітаптарымның қатарына әдеби кітаптар қосып,өмірмде қолданатын боламын.Сіздерге көп рахмет! Алла разы болсын
Мен кітап оқып энергия аламын. Ең қызығы мен өзім қызыққан кітапты тоқтамай бір күн оқимын. Жақында бір аниме көрдім аты "великий из Бродячих псов" сол жердегі персонаж аттары әлем жазушыларынан алынған екен. Маған Дазай өте қатты ұнады. Мен оның кітаптарына қызығып таңертең тұрып алып соны оқыдым 4 сағатта бәрін бітірдім. Кітап аты "исповедь неполноценного человека" негізі бұл кітап маған адамдарды түсінуге көмек берді. Негізі адамғаегер сол кітап қызық болса ол ештеңеге қарамай оқиды. Ең маңыздысы кітап сырты емес іші.
Менде ұйқым келіп, бір кітап аяғына жеткізе алмай өзімді кінәлап жүретінмін. Өте құнды подкаст болды. Алла разы болсын! Алла зейіндеріңізді арттыра берсін! Өрлей беріңіздер! Үнемі қарайтын боламын. ❤🎉
китап окыгандагы принциптарды сактасаныз более тусиникти болады.Мысалы:миндетти турде китапты отырып оку керек,арка 90°ка тик туру кажет сол кезде жулынымыз тике болып турады,ал жулын адамнын информацияны сактауына жане дурыс кабылдауын оте коп асерин тигизеди.Информацияны биз жулын аркылы кабылдаймыз
Келесі подкасттың тақырыбы: КІТАП ОҚУ МА ӘЛДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕ?
Подкастта айтылған кітаптардың тізімін комментке жазып кетіңіз📚
Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз.
www.youtube.com/@kitapal
Сәлеметсіздерме, қалайсыздар? Керемет подкаст ❤️❤️❤️❤️.
Бірақ басқа да адамдарды көрсек
Ассаламу’алайкум.
*Негізінде осы “Менделеев кестесі”* деген орыстық енгізген пропагандасын айтуды тоқтату керек. Батыс елдерінің бәрінде тек Химиялық кесте дейді. Өйткені бұл кестені Менделеев жинаған жоқ, бұл жылдар бойы көптеген ғалымдардың еңбегі. Менделеевтің өзі қатты қарсы болған.
Қалай жазылуға болады екен?
Ё
😊
Халықтың көзін ашпайынша тоқтамаңдар жігіттер✊ 3 ші рет керемет подкаст көрдім!😊
Мен 10-11 сыныптарда “Абай жолының “ 1-томын оқып бітіргенмін.Сол түні түсімде
бір бөлмеде 5 ақын-жазушылардың портреттері ілініп тұр екен.Солардың дәл ортасында Ш.Құдайбердіұлы портреті.Жанына жақындағанда портрет тіріліп, Шәкәрім:” қолыңды жай “деп батасын берді. Кейін Абай университетіне грантқа түсіп,жатақханаға орналастым. Жатақханадағы оқырман бөлмесіне кірсем түсімдегі сол портреттер,арасында Шәкәрім портреті бар екен. Дипломымның тақырыбы да сол Шәкәрім шығармашылығы болды.Осындай кітаппен, түспен қызықты сиқыр ,тылсым болды
*Стикерлер мағынасы* 🟥🟦🟩🟨
*Қызыл (Ақуыздар)* - Лайфхактар, өмірге қажетті ескертпелер;
*Қызғылтсары (Көмірсулар)* - Мотивация, қанатты сөздер;
*Сары (Нутриенттер)* - кітаптағы еске сақтау қажет сәттер;
*Жасыл (Дәрумендер)* - Анекдоттар, күлкілі жәйттер, әдемі сөздер;
*Көк (Жасұнық пен су)* - Сілтемелер, сандар, деректер және қалғаны.
Ақпарат - *Марғұлан Сейсембай* мырзаның лайфхактарынан!
*Лайфхак пайдаларыңызға жарасын* және *Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!* 🔥🔥🔥
Маргулан Сейсенбайдын интервьюынан алынган акпарат па или китабынан ба?
@@korkemaldamurat9983 ютуб каналынан кітап туралы шығарылымы бар арнайы
Адамды адам еткен кітап,адамзат еткен кітапхана демекші кітап оқиық даму үстінде болайық.
@@korkemaldamurat9983 видеосы бар. Орыс тілінде UA-cam-та "Как читать книгу, Маргулан Сейсембаев" деп жазсаңыз шығады.
негізі бұл марғұлан сейсенбайдың емес бұрыннан бері келе жаткан лайфхаккой😂
Елімізде осындай жоба болып жатқаны адамды қуантады. Өте керемет, алға баса беріңдер. Халықтың көзін ашып жатсыңдар!
Кітап оқу үшін кеңестер
1)Жылдам тез оқу іштей, дауыстап не өзімізге естілетіндей емес. Алайда баяу, ойланып оқылатын жерлерде асықпай оқимыз
2)Автормен сұхбаттасып жатқандай оқу, басты кейіпкердің орнына өзіңізді қойып көру.
3)Маңызды ақпараттарды маркермен сызып қою не стикер жабыстыру. Стикердің түстеріне сай ақпараттарды таңдау. Жасыл-амал етілуі керек, қызыл-қызықты дерек, сары-ойландыратын және т.б
4)Кітапты бос уақытта емес, арнайы уақыт бөліп оқу
5)Фокус(зейін) басқа нарселерге аударылғанша оқу. Осыны есептеп көру. Сол уақыттан асқанда қызығушылықпен энергия азайғандықтан қалған беттерден пайда ала алмайсыз.
6)Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған пайдалы. Жан жақты даму.
7)Кітап оқитын аралықта үзіліс жасау.
8)Кітапты аяқтағанда қорытындылау. Қорытынды жазу.
Рахмет 👍🏻👍🏻👍🏻🔥🔥🔥🔥
🎉🎉рахмет
Керемет подкаст🎉. Мен бірнеше кітапты бірақ оқимын. Миым өзіне не қажет екенін ажыратып алады. Және Қазгуде профессорымыз берген кенесіндегідей , ортасынан бастап оқимын, қызықтырса бәрін оқимын, ұнамаса жаба саламын. Сосын бірақ уақыт откен соң қайта ораламын
Кітап оқу өте маңызды 📚
Бұл сөздік қорды көбейтуге, айналаңдағы мәселеге бір жақты емес, әртүрлі көзқараспен қарап, шешімін оңай табуға жол ашады. 💫
📖Мен кітапты ұнатып , қызығып оқимын. Өзім студентпін , әр шәкіртақыма ай сайын 1 кітаптан алуды шарт етіп қойдым. Қазір жұмыс жасаймын айлық алғасын 2-3 кітап бірден аламын.😅 Мен бұл кітаптарды қызыққаннан бір күнде оқып тауыса алмаймын, күнбе күн яғни тұрақты оқып жүргенім де жоқ. 😮Бірақ осы подкастты көріп арнайы уақыт бөлуді әдетке айналдырғалы отырмын.❤
🙂Мен кітапты қажеттілік кезінде оқимын. 😍М/лы : Кемел адамды
Қаржылық жағынан мәселе туындаса "қаржылық сауаттылыққа"⚖💰 байланысты жерлерін, Уақыт жағынан үлгермей жүрсем " тайм менеджмент " ⏱ байланысты жерлерін оқып, кітаптағыны шынайы өміріме енгіземін. Осы кітапты оқып жүріп қымбат су құйып алып жүретін ыдыс сатып алдым🌞 , қазір күнбе күн қолданамын, өзіммен алып жүремін.🪔
Осылайша Оқып қана емес , іс жүзінде пайдаланғаннан рақат алам. 😍
🌟🌟🌟Меннен сіздерге лайфках болсын
Оқығыңыз келетін кітапты шкаф ішіне емес, жиі көзге көрінетін жерге қойыңыз, қасына суы бар ыдысты.
Бара бара сіз уақытылы ағзаға пайдалы су ішіп ,онымен қоса кітап оқуды да әдетке айналдырасыз. 😊❤
Бұл деген балды біздің үйде ешкім жемейді емес, оны дастарқанға қоймайды деген сөзбен байланыстырар едім .
Менің ойымды соңына дейін оқып шықсаңыз, алғысым шексіз, сіз кереметсіз🎉❤
Менің атымнан сізге 👍💚💫😘
Керемет👏👏 Сөздік қорыңыз өте жақсы екен👏👏🔥🔥👍👍 Өте жақсы, мағыналы, нақтысын айттыныз👍
Мүлде кітап оқымаған адаммын. Подкасттарыңызды тыңдап, бүгін барып 2 кітап сатып алдым🥰 Енді Алла қаласа сіздердің кеңестеріңіз бойынша оқуды бастаймын!
Кандай китаптар?
Оқып жүрмісіз қазір
27:25 минуттағы тақырып бойынша. Мен кітап оқығанда міндетті түрде дауыстап оқимын және ол менің жылдам оқуыма еш кедергісі жоқ. Ал, плюстары өте көп, сөйлеген кезде анық сөйлеймін, әрбір әріпті анық шығарып. Информация өте жақсы қонады. Өйткені, көзің оқып тұр, құлақ естіп тұр, тіл қозғалу арқылы жан-жақты информация алынады. Күшті бір лайфхак десем болатын шығар, дауыстап оқығанда мүлдем ұйқың келмейді. Бір оқығанда отырып 100 бетке дейін оқып тастайсың. Арасында болады іштей, көзбен кітап оқып отырып көз алдында әріптер ұша бастайды, ұйқың келе бастағанда сразу отырсам тұрып немесе жатсам отырып, қайтадан дауыстап оқи бастаймын. Жақсы көмектеседі.
Мен бұрын орысша енді қате сөйлейтінмін. Сол орысша кітаптар, орысша посттар оқу арқылы қазір таза, акцентсіз, әрі ойымды ашық жеткізе алатын болдым. Егер мен тек көзбен оқығанда, мүмкін ондай нәтижелер болмас па еді?! Бастысы керек кітапты түсініп оқу, барлық кітапты оқып алып, өмірде қолданбасаң, бос зая кетіру деп ойлаймын.
Дұрыс жаздыңыз. Дауыстап оқу мен үшін дауысты анық шығуы үшін өте тиімді. Әр әріп анық шығады
Неге екенін білмеймін мен дауыстап оқысам не оқып жатқаным есімнен шығып, ойым бөлініп кетеді. Даусымды сәл ғана шығарып я болмаса іштей оқысам оқығаным қонымды болады.
@@iamamericaa Алланың құдіреті ғой, әрқайсысымыз әртүрліміз, ерекшеміз 👍🏻👍🏻👍🏻
Бір қарасаң 10-5 мин көргендей болсың видеоны , негізінде 1 сағат өтіп кеткен . Яғни сіздердің паткастарыңыз өте қызықты болып жатқанынан уақытта тез өтіп жатыр ! 👍👍👍
Алдыңғы подкасттарды тыңдап 1 күнде “время деньги» ді оқып бітірдім
Шабыт сыйлағандарыңа рақмет🫶
Сәлеметсіз бе, неше беттік кітабын оқыдыңыз? Мен филип кз көрдім, екі түрі тұр, қайсын таңдарын білмей тұрм
сауатты адамдарды тыңдаған қандай күшті Kitapal подкаст үшін рақмет❤
Менің өмірімдегі ең бірінші тыңдаған подкасттарым осы Kitapal арнасының шығарылымынан болды! Бұл подкасттардан жалпы не алғанымды қысқаша айта кетейін. Біріншіден, Кітаптің адам өміріндегі атқаратын рөлі мен маңызын түсіндім. Екіншіден, кітапқа деген шабыт пен махаббатымды ашты. Үшіншіден, менде осы үш ағамыз Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязовқа еліктеу сезімі пайда болды. Айта берсем бұданда басқа пайдалары жетерлік. Ағаларымызға сөз жоқ, Алла разы болсын, күш-қуат берсін! Kitapal ұйымына да мың алғыс айтамын! Осындай жақсы жоба бастап жатқанына. Әрдәйім қолдауға дайынбыз және кеңес береміз! Өзімде таңғалып отырмын, осыған дейін бірде бір кітап оқымасамда осындай сөздерді қалай жазып жатырмын деп. Себебі мұның бәрі шын жүректен шығып жатқан сөздер!
жалғастыра беріңдер жігіттер👍✊
Қосыламын!👏
Кітап оқып біткеннен кейін талдау жасаудың пайдасы көп. Ол кітапты тереңірек түсінуге және есте жақсы сақталуын арттырады. Талдауды қалай жүргіземіз? Біріншіден кітаптың идеясын, мақсатын, айтпақ ойын анықтап алу керек. “Бұл кітап маған не айтпақшы?” деген сұраққа нақты жауап болу керек. Кейіпкерлерге талдау жасаудың да артықшылығы көп. Себебі кітаптағы кейіпкерлер өмірдегі адамдарға қарап жасалынады. Тағы бір кеңесім- бір кітапты жақын адамыңызбен бөлісіп оқыған тіпті керемет. Кітаптан ұққаныңыз, көзқарастарыңыз жайлы әңгіме-дүкен құрып отырсаңыздар, кітап оқу қызығырақ әрі тереңірек түсінікті бола түседі.
Рахмет коп коп тусындым мен
Абай жолы
Және де американдық кинодағы сияқты оқырмандар арасындағы кітапты талқылау клубы болса, сол кезде қызықтырақ болады.
Мен кітап сатып аларда 3 кітапты бірге аламын.1 ғылыми,ауыр кітап,2-еуі оңай кітап (көркем әдебиет) .Ғылыми кітапқа арнай уақыт арнап қойам.Ол кітап ғылмый болғасын қиын болады түсініксіздеу,энергия жеткеше оқыймын.Осылай ғылыми кітапты 1 ай көлемінде оқыймын.Ол аралықта 1 ғылыми кітап адамды жалықтырып жібереді.Сол себепті ғылыми кітап оқып жүріп көркем әдебитті қоса оқимын .Сонда 1 айда 3 кітап оқылады.
Ассалаумағалайкум. Жұмыста жүріп үш подкаст тыңдап тастадым жұмысым сварщик. Енді үйге жеткен ше кітап оқыған ша асығудамын. Сіздерге рахмет.
1. Бірнеше кітапты қатар оқимын (жалығу сезімі болмау үшін);
2. Оқуды бастаудан бұрын өзіме шарт қоямын (қанша бет оқимын немесе қанша минут оқимын);
3. Кітапта өз өміріме енгізу керек деген ақпаратты конспект ретінде жазып алу.
Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз маған қатты ұнайды💝 ""Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру " бұл ниеттеріңіз қабыл болсын 🥰 алдағы уақытта пайдалы білім, ақпарат аламыз деген ойдамын!
Мәә саған дұрыс айтасыз 15- 20 минуттан соң жақпай қалады👍
Сонун Кыргызстандандан коруп жатам.
Ишиниздерге ийгилик ,
Терен ыраазычылык
ЖАРАТҚАН ЖАҚСЫЛЫҒЫМЕН ЖАРЫЛҚАСЫН ЖАРАЙСЫҢДАР ЖІГІТТЕР! ЖАСТАРДЫҢ ЖІГЕРІН ЖАНЫП, ЖАЛЫНДАТЫП, ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАТАТЫН ЖАҚСЫ ЖОБА ЖАСАПСЫҢДАР! ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАРҚЫРАҢДАР!!!!!
ma sha Allah
Подкасттан түйгенім:
1) Зейін екі режимде жұмыс жасайды: 1 - шашыраңқы; 2 - шоғырланған; Көптеген жаңалықтар, идеялар зейіннің шашыраңқы кезінде келеді. Сондықтан кітаптарды әртүрлі жанрда, араластырып оқыған жөн.
2) Кітапты бос уақытыңда оқыма, кітапқа арнайы уақыт бөл және оқитын индивидуалды уақытыңды таңда.
3) Кітапты тиімді әрі тез оқығың келеді ме? Тұрақтылықты әдетке айналдыр. Бір айда 300 беттік кітапты оқып бітіргің келетін болса, күніне 10 бет оқы. Одан тез бітіргің келсе 30 беттен оқы.
4) Кітапты энергияң тасып тұрған уақытта оқу керек. Ал энергияң бір күннің ішінде бірнеше рет тасиды. Сондықтан ол белгілі бір минутқа дейін кітап оқуға мүмкіндік бергеннен соң, өз-өзіңе демалыс бер. Және солай бір күннің ішінде бірнеше рет қайтала.
5) Кітап оқу барысында қанша минуттан кейін сенде жалығу сезімі пайда бола бастайды? Өлшеп көр, есепте. Ол қанша минут болсын, жалығып бастаған кезде бірден басқа жанрдағы кітапқа көш.
6) Телефон, басқа да түрлі гаджеттер бізді арбауға, фокусымызды басқа нәрсеге бұруға тырысады. Сондықтан кітап оқу барысында саған кедергі келтіретін, фокусыңды ұрлайтын барлық сыртқы факторлардан арылу қажет.
7) Әр кітапты бастамас алдын, өз ниетіңді анықтап ал. Саған бұл кітап не береді? Одан сен не алуды көздейсің?
8) Кітапты тек ғана көзбен оқы.
9) Кітап оқып келе жатқанда, кейбір моменттерді түсінбей қалсаңыз, жіберіп алсаңыз, ары қарай жалғастырып оқи беріңіз. Артқа қайту, қайталап оқу - дұрыс емес, өте зиян.
10) Жылдам оқу - жылдам түсіну.
11) Кітапты бір адаммен сұхбаттасып жатқандай оқу керек. Яғни, сен мысалға Наполеон Хиллмен кездесуді жоспарласаң, белгілі бір уақыт арнап, барлық телефон, гаджеттерді өшіріп, дайындалып барасың.
Тек бизнес, психология, нон фикшн әдебиеттен бөлек, көркем әдеби шығармаларға да арналған подкасттар болса жақсы болар еді:
- Абайды қалай оқу керек (Омар Жәлелұлы ағамызды қонақ ретінде көрсек керемет болар еді)
- Қазақ мифологиясы
- Қазақ әдебиетіндегі әйелдің образы
- Актуалды және ескірген әдебиеттер
- Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті сияқты тақырыптар болса жақсы болар еді. Рахмет
Подкаст өте керемет! Көптеген ақпаратттар мен әсерге толы екен! Енді подкаст соңында айтқандай мен өзім кітапты қалай және қандай жанрларда оқитынымды айта кетсем... Мен кітапты яғни маған ауадай керек деп санайтын кітаптарды үш түрге бөліп қараймын. Олар: классика, дәрі кітап және міндетті түрде рухани кітап болуы керек. Сонымен қатар осы жанрдағы кітаптарды бір күнде оқуға пландаймын. Яғни күніне үш кітап , тұрақты турде жеке жеке 15 беттен. Сосын айтарым негізгі менің кітап оқу уақытым таңғы уақыт болғандықтан мен ол кезде дәрі кітаппен рухани кітапты оқимын. Себебі таңғы уақытта адамның миы энергияға толы және шабыты да жақсы болып тұрған кезде неғұрлым адам өзіне ақпарат алу керек кітаптарды оқу керек деп ойлаймын. Сол кезде ол кітаптардан алған ақпараттың өзіңе барынша сіңу ықтималдылығы жоғары. Ал әдеби түрдегі кітапқа келетін болсақ мен оны тұрақты түрде түскі ас кездерінде оқимын. Себебі адамның миы осы уақыттарда көп жұмыс жасап тұрып жалығу процессі бастала беретін кезде мен оны лезде тоқтатып яғни энергиямды одан әрі арттырып , қуат алу үшін әдеби кітапты асқан шабытпен оқимын. Яғни әдеби кітап маған осы кезде күш беретін сияқты. Сөйтіп мен бір күндік кітап оқу мақсатыма жетемін. Аз аздан үздіксіз. Коммент соңында сіздерге айтарым , тек алға , подкасттарыңыз әр қазақтың тыңдайтын бестподкастына айналсын!!!
Сіздерге риза болдым қазақстандағы мұндай бағыттағы подкаст бірінші көруім. Сіздерге рахмет жігіттер, сіздердің подкастарыңызды жақындарыма көрсетіп, бөлісіп отырамын. Сіздер бұл бағыттағы номер 1 подкаст деп айтқым келеді
Мирас дұрыс айтасыз кітапқа байланысты. Мен көбіне настольный кітаптқа айландырып жіберетін сияқтымын
Көп рақмет. Пайдалы кеңестер алдым өзім үшін
Oʻzbeklardan salom ✅
Айтарға сөзім жоқ. Кітап оқудағы барлық лайфхактарды алып, кітап оқуға деген талпынысым ашылды. 😻👍🏻👍🏻👍🏻
"ұнамаған кітапты соңына дейін оқуға міндетті емессің" дегенді үйрене алмай-ақ қойдым😟 тастап, басқа кітапқа көшсем, өзімді бір жаман сезінем.
Мүмкін олда дурыс шығар бул деген сіз әр нәрсені аяғына дейін жеткізетін мақсатына жетпей тынбайтын адам екеніңізді көрсетеді
менде сондай адам едім. бірақ “Оқы да байы” кітабын аяқтай алмадым, 2-3 күн аяқтауға тырыстым, бірақ бір күні ол кітапты досыма сыйлап, құтылдым
европейская литератураны казакшага аударганда биздин тилге,миымызга дат создер коп кездеседи сол ушин синтездеу процессы киынырак болады жане китап кызыксыздау болып келеды.Мысалы маган Дейл Карнеги Адамдарга ыкпал ету онери деген китап ауырлау жане кызыксыз болып келди)
Сіздерді бір көргеннен ойыма қазақтың үш биі есімі түсті өте керемет іс бастадыңыздар рахмет үлкен .Жұмыстарыныз жемісті болсын
Соңғы кезде менде кітап сатумен, оны түсіндіру бағытындағы қызметті жасай бастадым. Неліктен? Көп жерде адамдардың тауарларға деген мультиқызығушылығын байқап, мұның салдары өте өкінішті болатыны туралы ой келді. Өсіп келе жатырған балаларының тек телефонның ішінде отырғанын көріп, мектепте не оқығанын сұрасаң, білмей қалатыны, ұмытып қалдым деген жауаптарын естіп, жағамды ұстадым. Мені оқитын 3-4 адамға болсын ой тастасам да жақсы шығар деп ойлап, осы бағытты таңдадым. Сіздерге сәттілік тіледім.
Енді, енді кітап оқып жүргендердің бірімін. Өзім кітап оқығанда саусақпен санауға келетін беттен кейін ойыма бір нәрсе келген кезде, бір нәрсені түсінген кезде, түйген кезде әрі қарай кітапты оқымастан. Мен, кітаппен сұхбаттасып отырамын. Бұл 1-2 сағатқа созылып жатады.
Одан кейін жаңағы саусақпен санауға келетін беттен өзіме түртіп алатын дүниені жүйелеп алу үшін блокнотыма жазып отырамын. Бұған да шамамен 1 сағат уақыт кетеді.
1-2 айдан кейін кітаптың соңғы бетін аяқтаған соң блокнотта жазылған дүниелердің барлығын біріктіріп түсінгенімнен бір туынды жасап шығарамын. Кейде өмірдегі ситуацияға байланысты немесе ойға бір нәрсе оралған сәтте жаңағы оқыған кітабыма қайтадан бір шолу жасап шығамын.
Аристотельдің кітаптарының әрқайсысын Әл-Фараби шамамен 100 реттен қайталап оқыған десе-ді. Содан Аристотелді түсіну үшін қазіргі дамыған кезіндегі Батыс елдері Әл-Фарабидің кітаптарына жүгінген екен.
Ғалым болғыңыз келсе, елге пайдасы тиетін аға-әпке болғыңыз келсе: Көп кітап оқу қажет емес. Бір кітапты көөөп оқу қажет дейді...
Кітап оқығанды өте жақсы көретінмін. Бірақ кәзір үйде 3 кітап тұр, сатып алдым, но оқуға желание жоқ, шыдамым жетпейтіндей, даже сериал көре алмайтын болғанмын, но аудиокниганы тыңдағанды жақсы көремін, қосып қойып тірлікті істей бересің. 1,2,3 подкастты тыңдап кітап оқуды қайта қолға алдым ❤️ рахмееет ❤
Шразаддин Каниязов краш😍
Ризамын❤
Мен Марғұлан Сейсембай ағаның кітап оқудағы кайдзен әдісін қолданып келемін, яғни бір түсті маркер, және 5 түсті бетбелгілер, және кітапты тасмалдауға арналған арнайы сөмке.
Керемет подкаст. 1ші шығарылымнан бері үзбей тыңдап келем. Бірақ Шразаддин мырзаға көбірек сөз берсеңіз екен. Данияр мырза сөзді толық тыңдамай, адамның ойын бөліп жібересіз. Шразаддиннің сөздері салмақты әрі ой саларлық, дауусы анық және паразит сөздер қолданбайды. Бір бірлеріңізді тыңдай біліп, үшеуіңіз де теңдей дәрежеде пікір айтылса екен деген ұсынысым бар. Келесі шығарылымда осыны ескересіздер деп үміттенем☺️
Жылдам оқы кітабы менің қазақша алғашқы жақсы көрген кітаптарымның бірі👍🏻.
Сөз қорын көбейтетін, ойыңды таза жеткізу қандай кітап оқыса болад
Хел Элродтың Магия утро кітабында осылай жазылған -Таңда кітап оқу керек,өзіңе таңда уақыт бөл деп!күшті кітап
Алғаааа Қазақстан, алға КітапАл подкаст 🔥🔥🔥
Өмірімде бірінші рет подкаст тыңдап көрейін деп сіздердің подкасттарыңызды тыңдап бастадым, өте керемет, дами беріңіздер! Кітап оқуға мотивация болып жатыр👍👍👍
50:15 мен кітапты 2 бағыт бойынша араластырып оқығанды ыңғай көремін. Керек болады ау деген жерлерін маркермен бояп қоямын немесе сол бетті стикермен белгілеп кетемін. Кейде қайта ашып сол жерлерді оқып аламын. Батсапқыда қиын болатын, содан кейін кесте құрып “күніне 10 бет кітап оқу” деп қойдым, содан кейін әдет болып кетті. Подкастта да айтылған, ми расымен галочка қоюға асығып тұрады) және кітапты болғаннан кейін анализ ретінде қорытпа ой жазамын.
Өте пайдалы, рахмет!
Рух беретін де ақпараттар болды!
Күшті мотивация!
Мына жасап жатқан еңюектерің мықты жігіттер,Жарайсыңдар🔥🔥🔥🔥🔥
Өте сауатты.👍🏻Артық сөз жоқ. Тыңдаудың өзі жаныңа жағымды.👍🏻Жарайсыздар,жігіттер. Тек, алға!👍🏻Бір тыңдағанда 3 Подкастты тыңдап тастадым. Кітаптарды өзіме жазып алдым. Алла разы болсын!🤲🏻
Білімді жастар көп болсын ! Подкаст керемет !
Толық қанды қазақ тілінде бөліскен пайдалы ақпараттарыңыз үшін алғыс!!!
Мен кітапты дауыстап және бастадым ғой деп соңына дейін оқитын едім. Енді көзбен оқуға тырысамын. Өте жақсы кеңестер айтылды рахмееет🥰🙌🏻
мен кітап оқығанда, жалпы кез келген нәрсе жасағанда, бір күнде осынша бет немесе осынша рет жасауым керек деп оқимын. мысалға менде бір күнде 20 бет кітап оқу деген меже тұр делік. мен кітапты таңертең оқитын болғандықтан 16-17 бетке келгенде кітап оқуды тоқтатамын. ендігі менің ойымда межені орындау үшін белгілі бетті оқып бітіру керек деген кішкентай мақсат қалыптасады. оны орындау үшін ыңғайлы уақытта жаңа энергиямен қалған 3-4 бетті оқимын және энергиям толып тұрғасын + 10 бет оқып қоямын. сонда бір күнде 20 бет орнына 30 бет. және кітап бастап оқып жүрген кезімде 4-5 беттен кейін ұйқым келе бастайтын, сол кезде ерінбей тұрып мысалға 20 рет отжимание немесе пресс жасаймын. сонда мен әр 5-6 бет сайын күнделікті жасауға тырысып жүрген кішкентай мақсат 100-150 пресс, отжиманиены қоса бітіріп қоямын.
Кітап оқуға мотивация бересіздерғой, дами беріңіздер🔥🔥❤️
Данияр бүгін 3ші класс)
Ассалаумагалейкум, құлақтың құрышы қанып тұрып тұңдайтын подкаст. Кітап оқуға көз қарасым жақсы жағына өзгеріп жатыр) лайфхактарғада рахмет!
Керемет подкаст, китап окуды кайтадан колга алдым. Шукир
бұл подкасттың маған қатты өткен жері бастап қойған кітаптің алғашқы оншақты бетінен соң оқығың келмей қалады,басқа кітап бастағың келіп тұрады,содан өзімді кінәлі сезініп жүремін де соңында өзімді қинап оқып бітіруге тырысамын。сол сұрағымның жауабын тауып қуанып отырмын 👍👍👍 рақмет ❤❤❤
Сіздердің көмектерінізбен кітап оқу әдетін өзімде күн сайын қалыптастырып жатырмын ❤ Рақмет көп көп ❤❤ Алла разы болсын сіздерге ❤
Рақмет. Көп жасаңдар!!! Кітап оқуға шабыты ашылды. Бастадым.
Өте керемет подкаст. Осындай подкастарды көбінен шығара беріңіздер! Оқырмандардың кітапқа деген махабаттарын оятып жатырсыздар. Келесі подкастты асыға күтетін боламын.
Кітапты мәлімет алу үшін оқу керек. Ойды қозғау үшін көптеген мәлімет керек.
Жалпы осындай подкасттарды анағұрлым көбейте беру керек. Пайдасы мол екен. Алғысымыз шексіз осындай подкасттарыңызға
Мен соңғы кезде кітаптың мазмұнын қарап, өзіме керек тақырыпшаны оқуды әдетке айналдыра алдым. Бұл уақыт үнемдеуге жақсы әрі энергиямды сақтай аламын. Егер ақпараттық кітап (сату, бизнес туралы) болса, осылай оқуға кеңес беремін.
Ал әдеби кітаптар оқыған кезде тез бітірсем деп сағаттап отыратынмын. Осы подкасттың арқасында энергиямды есептеп, тұрақты оқуды үйренудемін.👍 Кітап оқуға шабытым қайта ашылуда!🤩💞
Қайырлы күн.
Жалпы осы уақытқа дейін кітаптарға қызығып қолыма алған кезде кітап оқуға деген құлшынысым азайып кете беретін. Осы шығып жатырған подкасттың арқасында кітапқа деген екінші тынысым ашылып. Оқуға ниеттеніп жүрген Бейсен және болмыс деген кітапты оқып бастадым. Осы подкастты көрместен бұрын мен ойлайтынмын, дауысымды шығарып оқымасам кітапты түсінбей қаламын деп, бірақ жылдам оқу техникасын естіп сол техникамен оқып көруге тырысамын. Бұл подкастта жаңа нәрсемен таныстым, өміріме пайдалы кеңестер алдым деп ойлаймын.
Кітапка деген желанияны катты ашып жатыр жыгыттер , Алга баса берындер 👍👍👍
«Көркем әдебиетті оқысам ішім пысады, соңына дейін жете алмаймын»,- деген жандарға менен кеңес:
Қолыңызға кітапты алғанда бірден установка беріп қойыңыз.Мен осы кітаптың ішіне енемін. Кино қарағандай елестетемін. Кітапты ашып, оқығаннан бастап не оқып жатырсыз, соны елестетіп, кітаптың ішінде жүресіз. Табиғатты суреттеп бастадыма? Керемет, айналаңызды дәл сол табиғатты суреттегендей елестетесіз. Басты кейіпкерді суреттеп бастадыма, киноның алғашқы кіріспесі, введениесі деп қабылдаңыз. Кейіпкерлердің айналасындағы оқиғалардың қасында жүргендей сезімде оқысаңыз, сол адамдардың ішінде не болғанын сезіне аласыз. Шарасыздық, бақыт, қуаныш, жұбаныш әр түрлі сезімдердің спектрын сезіне аласыз. Және де кітап дәл осы сезімдерді маған сезінуді үйретті ✨ Сізде сезініңіз
Кеңесім пайдаға жараса, рефлексия жасап жіберіңіз
Барлық жастар тыңдаса ғой, шіркін. Мың алғыс🇰🇿✊ Қандай керемет ақпараттар алдым🙏🙏🙏
Бәрекелді, жігіттер! Кітап оқитын осындай азаматтарды құрметтеймін👍
Мен күндіз жұмыста шабытым келеді оқуға, содан Абай жолын оқып жатырмын, үйге келіп жолдасыма айтып беремін, мяяя Абай атамыз бар ғой деп тұрып))))
Кітап көп оқитынмын түрлі жанрда, Алла қалауымен басыма үлкен сынақ келіп, оқи алмай қалған едім, сіздер айтқандай энергиямның мүлде болмай қалғанынан бе екен деп ойлап қалдым қәзір, содан дақында әр түрлі кітапты алып оқып көре бердім, баяғы ықыласымды аңсап, содан Алла қалауымен Абай жолы жүрді, қайта қолға алып бастадым
Сіздерге іске сәт, шығармашылық табыс🎉
Алғысым шексіз,өте пайдалы кеңестер алдым,рахмет көп көп.
Өте білімді жігіттер,сіздерден үйренеріміз көп.
Өмірге енгізу керек ақп.-қызыл
Ойландыратын ақп.-жасыл
Есте сақтап қалу керек ақп.-сары
Біреуге айту керек ақп.-көк (таным көкжиегін арттыратын ақп.)
•Қорытынды жасап үйрену
Марғұлай Сейсембаевтың оқу үлгісі
Өзіңді дамыт,Сосын жаныңдағы досынды дамыт , содан кейін елінді дамыт кітап оқытып❤️🇰🇿
Әссәләмүғәлэикүм жігіттер бұларың өте керемет құнды мәғулуматта болды мен үшін .
Осындай жанға азық болатын құнды мазмундарыңызды шөліркей күнтемін ...
КСРО кезіңде сәндік үшін,сөреде тұру керек деген мақсатта алатын болған кітапты(Күміс кітап)Ендігі кезекте бұл мақсатты өзгертіп,кітапты ең көп оқитын халық деп танитын Қазақ халқын бірге құрайық
Мен енді ғана әдет қалыптастырып жүрмін.
Таңертең өз мамандығыма қатысты кітап оқуға тырысамын. Жұмысқа автобуспен 1 сағат баратын болғандықтан өзіммен бір көркем әдебиет кітап алып аламын. Жұмыста да кітаптар бар. Жұмысқа ерте барсам сондағы мотивациялық кітапты оқып жүрмін. 😅
Бәрекелді Алла жар болғай.
Міржақып тың оятқан қазағына ары қарай кітап оқыптып дамыту мен пара пар.
Асылдың ұнтақтары
Бәйтеректің бұтақтары
Ойпырмай ел дегенде ішер асын жерге қойған.
Мәрт қазағымның ұрпақтары.
Керемет!!! Тек алға✊🏻
Ассалаумағалайкум. Өте керемет подкаст. 👍. Оқыған кітаптарды біраз уакыт өткенсон қайталап отырған дұрыс деп ойлайсыздар ма. Мысалы: Абай жолын мектеп кезінде оқысақ ол кезде мүлдем басқа түсінік алғанбыз уақыт өте келе студент кезімізде оқысам мүлдем басқа түсінікте демек адамның жас ерекшелігіне қарай әр түрлі түсінікте қабылдайтын болғаныма әлде адамның көніл күйіне қарай әр түрлі түсінуі мүмкін бе ондай өмірлерінізде кездестіме. Мысалы мен осы хабарламаны қуанышты күйде сіздердің ойларынызды білу мақсаттын жазып отырған болсам сіздер жазылған сөзді оқу арқылы біреулерініз сын ретінде, біреулерініз ақымақтық ретінде көрсеңіздер. Қайталап оқу жалықтырып жіберетін секілді бірақ ар түрлі шынымен қай бағытта жазылғанын түсінгін келетін кездер болады. Сол үшін сұрап жатырмын. Берген ақпараттарынызға рахмет.🎉🎉
Самый лучший подкаст ♥️
Кыргызстандан салам, алга жыла бериниздер пайдалуу канал. Эмне корууну билбей озумчо ютубду ачып сиздерди таап алдым Азырынча сиздерди тааныбаймын бирок дагы уланта берсениздер жакшы болмок азаматсыздар👍
Данияр мырза менің ойымша сіздің істи алмай жүрген шаруаларыңыз көп секілді. Бұлай айту себебім, осы подкасттарды көре отырып сіздің әлі істеу ойымда бар дегеніңізгн сүйеніп айтқаным. Подкаст өте керемет болды, ешқандай кемшілік жоқ😊
Үзбей тыңдап келе жатырмын, алға қазақ жігіттері!
Кітап оқу,өміріңде шешім жасауға көмектеседі.Кітапты таңда оқыған дұрыс.Еңбектеріңе сәттілік!!!
Салеметсиздер ме!!! Улкен рахмет сиздерге ! Барлык подкасттарды карап шыктым. ❤
Жарайсыздар! Тамаша! Рахаттанып тыңдайсың ғой… Шығармашылық шабыт,табыс тілеймін!
3 подкастты да көрдім,Мә шәә Аллаһ! Қаншама ақпаратты біліп,амалға асырып жатырмын.
Баршаңызға Ассалаумалейкум 🤗подкаст өте құнды мол білімдер айтылды, тыңдап соны амалға асырушыдан болайық,жеңіл еркін фтрмат болды. Еңбектеріңізге көп рахмет! Шығармашылық, өмірлік табыс бақыт тілеймін.
Мен кітапты дедлайнмен оқитынмын, яғни 300бетті 10күнде оқу деп, кәзір кітапты оқып конспект жасап соған анализ жасаим, өзіммен сұхбаттасам, мәліметтер соғұрлық қызық болған сайын миымда бомба болып талқылап кетем. Бұл жақсы көмек берді. Конспектілегенде миымда өзім қортындылаимда соған күні бойы ойымда жүреді. Бұл білген біліміңе амал етуге келеді. Алхамдулиллах баршаңызға Алла хайырлы білім нәсіп етсін.
Сіздерғе бұл подкаст үшін көп рақмет🙏
Куриный бульон для души,101 историй о любви кітабын оқып жүрмін.Бірақ бірдеңе беретін үйрететін кітапқа ұқсамайды.Бірақ оқығым келеді,қызық.
Жарайсыздар жігіттер! Тамаша подкаст! Жылдам оқуға қатысты біраз ақпараттар білсемде, соны іске асырмай жүр екенмін, енді сол білімді бекітіп қолдануға тырысамын! "Синдром перфекциониста" өте жаман әдет менде, ұнамаған кітапты аяқсыз қалдыру, оқылған бетке кеткен уақытқа ішім ашып, түгел оқып тастауға тырысу, одан қалса басты кейіпкердің ашуыңа тиюі тым энергия көп жеп қояды!🤦♀️🙄 осы әдетті тастауға бекіндім енді! Рақметт! Айтар кеңестеріңіз бітпесін!
Бастапқы кезде маған өзіміздің әдеби кітаптарды оқыған ұнайтын. Ол уақыттарда кітапты аса тез, әрі көп оқымайтынмын. Кейіннен кітап оқудың маңыздылығын түсіне келе өз-өзімді мәжбүрлі түрде күштеп үйреттім. Қазір әр түрлі жанрда кітап оқи беремін және кітап оқыған ұнайтын болды. Тағы бір лайфхак әр кітап оқып бітірген сайын өз-өзіңізге сыйлық сыйлап отырсаңыз болады😊
Сіздерге үлкен рахмет. Осы подкасттың арқасында зона комфортқа кіріп кеткенімді сезіндім. Сіздерне алғысым шексіз.
Асаламалейкум жігіттер сіздерге алі омірден коп тәжірибе алу керек екен.....коесіңдер омір курестен турады...
Керемет Жігіттер сіздерге істеген істеріңізге сәттілік тілеймін оқитын халық көбейсің
Осы күнге дейін ойлайтынмын әдеби кітаптар оқып не керек.Біреудің өмірін оқып не істеймін оданда мотивациялық кітап оқымайма адамдар деп.Бірақ сіздердің подкасттарыңызды көріп өте төмен ойланғанымды түсіндім.Енді кітаптарымның қатарына әдеби кітаптар қосып,өмірмде қолданатын боламын.Сіздерге көп рахмет! Алла разы болсын
Өте керемет таңа атысымен физикалық жаттығуымның серігі еттім, көрерменнің көзін тартар құнды мағлұматтар! Алла өз мейірім шапағатына бөлесін!
Мен кітап оқып энергия аламын. Ең қызығы мен өзім қызыққан кітапты тоқтамай бір күн оқимын. Жақында бір аниме көрдім аты "великий из Бродячих псов" сол жердегі персонаж аттары әлем жазушыларынан алынған екен. Маған Дазай өте қатты ұнады. Мен оның кітаптарына қызығып таңертең тұрып алып соны оқыдым 4 сағатта бәрін бітірдім. Кітап аты "исповедь неполноценного человека" негізі бұл кітап маған адамдарды түсінуге көмек берді. Негізі адамғаегер сол кітап қызық болса ол ештеңеге қарамай оқиды. Ең маңыздысы кітап сырты емес іші.
Өте көп ақпарат,кеңестерді алдым,өте керемет!Білім-ілім жолындағы ниеттеріңізді,құштарлықтарыңыз арта бергей!
жігіттер көп рахмет өте жақсы пайдалы сұхбат болды қайталап көрдім👍🔥