Кітапты баламен бірге оқыңыз! / Kitapal podcast #6

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов жасты да, кәріні де кітап оқуға қалай қызықтыру жайлы сұхбаттасады.
    Тайм-код:
    00:10 Кіріспе
    01:35 Сторителлиң арқылы кітапқа қызықтырамын
    04:22 Кітапты активно тықпалаймын!
    06:00 Қызықтырамын десем өзің қызық!
    07:20 Білімді адам жарқырап жүруі керек!
    08:35 Кітап оқитын адам - ботаник
    09:30 Алаш ордашылар әдемі жүрген
    11:20 Білім берілмейді, оны алады!
    13:23 Кітаптан басқа нәрсенің бәрін оқып жүр!
    13:45 Тәрбие тал бесіктен!
    15:50 Кітапсыз адам көп нәрседен құр қалады
    20:00 Миссия
    24:00 Кітапты баламен бірге оқыңыз!
    29:10 Ықпалды адам көбірек кітап оқуы қажет!
    30:40 Кез келген жерде кітап тұрсын!
    31:00 Кітапқа әдеттену үшін оған жету жолын жеңілдет!
    33:30 Қалай болмасын кітап таратыңыз!
    34:00 Бәрі кітап оқитын кез келеді!
    35:00 Бала жатырда жатқан сәттен бастап кітап оқи беріңіз!
    38:00 Оқимын деген баланың бетін қақпаңыз!
    39:00 Ата-ана баласына не қажет екенін білмейді!
    42:05 Жақсылыққа шақыр, жамандықтан қайтар!
    44:00 Баланың қиялына қанат бітірер кітап!
    45:40 Мұқағалиден асып кеттім!
    46:10 Бұрыштан биікке шыққан бала!
    49:15 Миға шын мен өтірік айырмасы жоқ!
    50:10 Кітап оқитын адам оқымайтындар үшін жауапты!
    50:45 Кітап оқыған балаға марапат тағайындаңыз
    53:00 Оқымайтын ел отар болады!
    53:45 Қорытынды
    Daniyar: / dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов / shrazadddin
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: clck.ru/3Cje82
    Kitapal instagram: / kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: / kitapal_house
    #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

КОМЕНТАРІ • 204

  • @user-sv9se6uj4f
    @user-sv9se6uj4f Рік тому +25

    Сәлеметсіздерме "kitapal" ұжымы
    Барлық подкасттарды көріп шықтым, өте қатты ұнады, бастамаларыңыз ел үшін жасалып жатқаны көрініп тұр
    Мен біреуді кітапқа қызықтыру үшін оның жанында жүріп, кітаптағы қызық оқиғаны айта беремін айта беремін. Сосын ол адам менен қандай кітап екенін сұрағанда барлық кітап жайлы, автор жайлы ақпараттарды айтып шығамын. Басқаларға пайдалы болса қолданыңыздар.

    • @kitapal
      @kitapal  Рік тому +1

      Сәлеметсіз бе! Қуаныштымыз сіз ең үздік пікір жазып, кітап жеңіп алдыңыз 87755622233 номеріне жазыңыз😉

  • @user-ds4cp2pl6m
    @user-ds4cp2pl6m Рік тому +52

    Өлім алдындағы адамдардың 5 басты өкініші (Бронни Уэр):
    1. Соншалықты өте көп жұмыс істегеніме өкінемін!
    2. Менен басқалар күткен өмірді емес, өзім қалаған өмірді сүруге батылдығым жетпегеніне өкінемін!
    3. Өз сезімдерімді білдіруге батылдығым жетпегеніне өкінемін!
    4. Достарыммен байланысымды үзіп алғаныма өкінемін!
    5. Өзіме бақытты болуға мүмкіндік бермегеніме өкінемін!

  • @_gunnies
    @_gunnies Рік тому +49

    Жақында бір оқиға болды.
    Мектеп. Сабақ уақыты. Белгілі бір себепке байланысты бір сабақ бос отырдық. Яғни,жолымыз болып кетті десек те болады.😁
    Сол күні мен кітапханадан "Гауһар тас" Д.Исабеков кітабын алғанмын. Жаңағы бос отырған 45 минутта алғашы "Бекет" деген повесін аяқтадым. Оқып отырып еріксіз жылап қалдым. Оны басқа сыныптастарымның бірнешеуі көрді. Кейін менен сұрады.
    Бір құрбыммен кітапханаға қайта барып,сол кітапты алып қайттық. Ол да оқып,әрі қарайғы повестерін де оқып... Жалпы,оған ұнады. Солай үнемі менімен кітап алып жүретін болды. Оған қоса,маған алғысын айтқанда өте бақытты сезімде болдым.
    Кейін тағы бір сыныптас құрбым сол кітапты алып,әсерімен бөлісті. Іштей өте қуанышты болдым...

    • @madikoshmadikoshzhoraboi8559
      @madikoshmadikoshzhoraboi8559 Рік тому +4

      Сізге көп рахмет . Біздеде көп сабақтар бос қалады, тіпті мектепке барсақ 6-7 сабақтарда өтілмеген кездер болған. сол кезде уақытты бос өткізбей-ақ кітапханаға барып кітап оқып уақытымды тиімді нәрселерге жұмсаса да болады екен сізге Алла разы болсые

    • @user-gs5fu1lf4j
      @user-gs5fu1lf4j Місяць тому

      Умница

  • @user-nr6ng8kq4u
    @user-nr6ng8kq4u Рік тому +70

    Кітапалдың подкасттын басқалардан бірінші көрудің өзі мәртебе сияқты😍🥰🤭 Қазір көріп бастағандарға: “Хайырлы подкаст болсын”,-дедім🎉

  • @svnzhvr_
    @svnzhvr_ Рік тому +19

    “Егер сен біреуге қызық болғың келсе, қызығатын нәрселерің де көп болуы керек”
    Д.Жігітбек

  • @user-gy8hy8eu8l
    @user-gy8hy8eu8l Рік тому +21

    👉"Жамандықтың жайылуына жақсы кісілердің үндемеуі жеткілікті"👈 осы подкастта айтылған, рамкаға салып іліп қоятын нақыл сөз болды. Жігіттер, кітап оқудың пайдаларын насихаттай беріңдер. Істеріңе сәттілік тілеймін👏

    • @user-hw7rt9lx5e
      @user-hw7rt9lx5e Рік тому

      Кітапты тыңдау мен кітап оқудың айырмашылықтары туралы айта аласыздар ма,қазір оқуға уақыт жоқ,тек тыңдау көп.

  • @user-gw1zd3zl4x
    @user-gw1zd3zl4x Рік тому +19

    Жамандықтың көптеп жайылуына Жаксы адамдардың үндемегенi жеткiлikтi.......
    Мықты ел болғымыз келсе жаһанның Жеруйығы болуын қаласақ білімді болуымыз қажет,бiлiмдi болу үшін Кiтапты өте көп оқуымыз қажет......

  • @user-rw2ue1ys3v
    @user-rw2ue1ys3v Рік тому +15

    Алла разы болсын сіздерге! Мен де мұғаліммін. Өзіме керек жерлерін түртіп қойып, оқушыларыма қолданып жүрмін. Оқуды талап етіп,марапаттап жүрмін.

  • @mblgrf_live
    @mblgrf_live Рік тому +24

    Подкастты көру барысында түртіп алған пайдалы ақпарттарым:
    1) Адамды кітапқа Storytelling(стори телинг) арқылы қызықтырған өтімдірек.
    Менің ойымша
    2) Басқа адамдарға қызықты тұлға болғың келсе, сен өзің көп нәрсеге қызығуың керексің
    3) Өмірдегі өкініштерді азайту.
    Өкініш әрдайым болады, тек сол өкініштің мөлшерін азайту керек. Мысалы ертерек неге кітап оқып бастамадым, неге ертерек тіл үйреніп бастамадым, неге мынаны жасамадым деген өкініштердің алдын алу керек
    4) Кітапты қол жетімді жерлерге қою
    Кітапты қол жетімді жерге қою ол бір күнде сенің кітапқа деген бөлетін уақытыңа қатты әсер етеді. Ал ол өз кезегінде көп кітап оқи білу бір іске деген тұрақтылықты арттырады, ойлай деңгейіңді көтеріп тастайды. Ойлау деңгейі жоғары адамның өмірі жеңілдейді. Бір проблеманы шешу керек болса, миында неше түрлі варианттар тұрады.
    5) Ми өтірік шынды ажырата алмайды, тек жиі қайталанға нәрсені дұрыс деп қабылдайды. Бұл ақпарат әдет қалыптастыру барысында өте жақсы көмектеседі деп ойлаймын
    Жоғарда айтылғандардың барлығы менің минустарым болғандықтан ба, маған өтімді болды. Подкаст үшін сіздерге ерекше рахмет айтқым келеді.
    Менің пікірімді оқып отырған көрермен, егер сізге жазбам қызық болса, өзіңізге сақтап қойсаңыз болады)

    • @user-yu8lo9yv8c
      @user-yu8lo9yv8c Рік тому

      Китап оки бастагам сиздерди корми калдым да и кайттан кииап Оки алмай. Калдым😂,и сиздерди кайта карауым керек деп ойладым и #6 подкасттан бастап кайттан карадым и китапты да кайттан жалгастырдым сиздерди корсем кызыгушылыгым артады екее...

  • @user-rw2ue1ys3v
    @user-rw2ue1ys3v Рік тому +21

    Рас, тың идеялар болды мен үшін. Оқушыларымды кітапханаға алып барып,кітап таңдап беріп,жас ерекшелігіне қарай таңдап,талғаммен оқуды үйретіп жүрмін.Тоқсанды үздік аяқтаса,кітап сыйлаймын! Бір кітапты оқып,сыныпта жарнамаласа,мен оқыдым сен де оқы деген сияқты ұранмен міндетті түрде марапаттаймын,сыйлық беремін.

    • @contentuser08
      @contentuser08 Рік тому

      сіз сияқты ұстаздарымыз көбейе берсін

  • @ArmWek
    @ArmWek Рік тому +9

    Кітап оқу өсетін адамның әдеті!
    Сотка шұқу өшетін адамның әдеті!

  • @Yerlan.q
    @Yerlan.q Рік тому +9

    Жасап жатқан істерінізге береке берсін ✊✊✊

  • @user-fr3ul2jp5e
    @user-fr3ul2jp5e Рік тому +9

    Абайда "Адасып алаңдама жол таба алмай,
    Берірек түзу жолға шық қамалмай"-деген ғой. Кітап адаспай дұрыс адам болуға, мәнді де, сәнді өмір сүруге көмегі мол ғой.

  • @user-cu8bt4cv5h
    @user-cu8bt4cv5h Рік тому +13

    Шыққанына 1мин болмай көрдім 😮❤🎉

  • @user-xi5fs4mu9n
    @user-xi5fs4mu9n Місяць тому

    Алла разы болсын жігіттер!

  • @user-fo4gv9vc6f
    @user-fo4gv9vc6f Рік тому +5

    Осы подкастарды тыңдамас бұрын бір кітап бастап соңына дейін жетпесем өзімді кінәлі сезінетін едім. Әр подкаст құнды ақпараттарға толы рақмет👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-ov7nr1zl6z
    @user-ov7nr1zl6z Рік тому +9

    Кітап оқуды жақсы көремін, оқығанымды адамдармен бөлісуге асығамын.

  • @svnzhvr_
    @svnzhvr_ Рік тому +11

    6-шығарылымда айтылған кітаптар тізімі:
    “Өмір мектебі”, С.Мұқанов 📚
    “Адамзаттың асыл тәжі” 📚
    «Теория игр»📚
    “Үш ноян” А.Дюма📚
    “Психология влияния”📚
    “Рыцарь пустыни”📚
    “Когда дыхание растворяется в воздухе”📚
    “Менің сүйікті Альбинам”📚
    “Рождение гражданина”📚
    “Жусан иісі”📚
    “Көшпенділер”📚
    “Алтын Орда”📚
    “Меняющий мировой порядок”📚
    “Пять откровений о жизни. Или о чем жалеют люди перед смертью”*📚
    *- Мирас аға айтқан медбике жайлы кітап

  • @user-nm8pk8gt6z
    @user-nm8pk8gt6z 7 місяців тому

    Керемет. 🎉🎉🎉

  • @user-hc5im6qb4n
    @user-hc5im6qb4n Рік тому +15

    Керемет шығарылым рақмет, сіздерді үзбей тыңдап жүрмін.Негізі өзім мектепте жақсы оқығанмын,бірақ кітапты тек оныншы сыныпта оқыппын.Содан кейін универде жүргенде тек каникул кезінде оқыдым.Жалпы өзім математика,физикаға жақсымын.Сіздерді қарау және тағы басқа ютубтағы жобаларды көріп,күніне 50 беттен кітап оқи бастадым және басында электронды оқулықтар оқып жүр едім,бірақ сіздердің бір подкасттарыңыз қатты😅 әсер етіп.Кітап сатып алып оқи бастадым.Қазіргі кезде күніне бірнеше кітап оқимын.Менің бастай алмай жүрген нәрселерімді осы кітап арқылы бастадым.Мысалы тіл үйрену,ютубтан,курстан үйренгеннен көрі маған кітаптан үйренген оңайырақ болды.Сонымен қатар өмірім жеңілдей түсті,көңіл күйім көтеріңкі жүретін болды.Негізі бұрында көңіл күйімді барынша жақсырақ ұстайтын едім,бірақ жасандылық сияқты көрінетін.Ал қазір бәрі керемет.Жоғарыда айтып өткендей математикаға,физикаға қызықсамда ғылыми кітаптарды оқу қиынырақ болатын,ал қазір ешқандай кітапты бөлмей оқи беремін.Дами беріңіздер!Елімізді кітап оқитын елге айналдыруға бәріміз атсалысайық.✊️

  • @amanzo1294
    @amanzo1294 Рік тому +4

    Ең үздік подкасттар🔥🔥🔥

  • @Bauke0407
    @Bauke0407 Рік тому

    Бәрекелді 👍

  • @makpalbederova
    @makpalbederova Рік тому +3

    Кітап оқу клубын аштым қыз-келіншектерге
    Бірге талдаймыз деп қызықтырамын❤

  • @user-qs3ql4st7m
    @user-qs3ql4st7m 7 місяців тому

    Өтее керемет

  • @user-je4pb4wp6x
    @user-je4pb4wp6x 7 місяців тому

    Рахмет айналайындарым❤❤❤

  • @aigulibragimova3785
    @aigulibragimova3785 11 місяців тому +1

    Сіздердің мұнда айтып жүрген әңгімелеріңізді тыңдап отырып, кітапқа деген махаббатың ашылады. Өзімнен қанша жас кіші жігіттердің, қазақ зиялылары деп атағым келіп отыр, айтқан ақылы көзімді ашып көкірегімді оятады. Тіпті сипаттауға, ойыма келген түйіндемемді жеткізуге сөз байлығым жетпейді. Ризамын жігіттерге!

  • @Shakherezada_k
    @Shakherezada_k Рік тому +2

    Жастар кітап оқымайды деп өздері оқымайтын кісілер айтады, өздері кітапқа құмар адамдар біреулердің ондай әрекеттерін тіптен аңдымайды да. Менің атамның үйінде өзінің жеке кітапханасы бар, 5 баласының ішінен 3-і кітапқа қызығып өскен, соның бірі менің әкем, қазір үйімізде атамнан қалған мұра кітаптар санын толықтырып, кішігірім кітапхана жинап отырмыз. Кішкентайымнан кітапқа құмар болып өскенімнен, әкем үнемі кітабыңды бір сәт тастап тамақтан деп те сөйлейтін. Осы уақытқа дейін жастар қазір кітап оқымайды деген сөзді тек үлкен ағалардан естігенмін. Өздері кітап оқымайтын, қара жұмыспен күн көргенді жөн санаған соң, соны көрген баласы да әкесін қайталағысы келеді. Өзің үлгі бере алмасаң, ешкім өз бетімен керемет болып туылмайды

  • @user-rw2ue1ys3v
    @user-rw2ue1ys3v Рік тому +4

    Ертегіні қалай аяқтар едің деген әдіс қатты ұнады. Мирас сендей оқушысы болған Ұлман апай бақытты!

  • @user-qk7ke5ri8m
    @user-qk7ke5ri8m Рік тому +2

    Сотка құртадығои уақыттың бәрін тик ток инста керек емес нәрсе кино дегендеи өміріңе жақсы өзгеріс бермесе керегемес сол уақытың орнына кітап оқу керек .

  • @user-hb3jl2dl4y
    @user-hb3jl2dl4y 2 місяці тому

    Барлық шығарылымдар күшті ,рахмет сіздерге

  • @dr_aigerim
    @dr_aigerim Рік тому +3

    Кітап ал тек алға ❤

  • @arujanmb
    @arujanmb Рік тому +1

    Сіздерге алғысым шексіз!
    Бұрын мен кітапты электронды оқып жүргем. Ал қазір сіздерді 6подкастарыңызға дейін көріп келе жатырмын! Менде кітапқа деген үлкен махаббат оянды. Электронды кітаптарды оқып жүрген мен кітап дүкендерінен өзімнен өзім кітаптар қатты алғым келетін халге жетіп, алып қазір оқып жатырмын. Кітаптың маңыздылығын құндылығын жоғары деңгейде жеткізіп жатырсыздар! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!Бұйырса Қазақстан кітап оқитын елге айналып, білімдері кітап санымен өлшенетін халге жетсін!!!

  • @Artist_miko
    @Artist_miko Рік тому +6

    Менi 1 курста әдебиеттен беретін ағай қызықтырды (әдеби к. Оқиғаларды айту арқылы).Содан 2-3i курстарда байкадым өзгергенiмдi, мұғалім сұрақ қойса группаластарымнан озып😅, бiрден жауап беретін болдым, пiкiрiмдi айта алатын болдым.
    Қазiр менiң сатып алған кiтаптарыма iнiм қызығып, оқып кеттi.

  • @user-fr3ul2jp5e
    @user-fr3ul2jp5e Рік тому +5

    Сізбердің жаңа шығарылымдарыңызды асыға күтеміз. Керемет. Биік белестерді бағындыра беріңіздер!
    Мен өз балаларымды сіздердің магазинге апарамын. Жаңа болғандықтан, әдемі болғандықтан, қызығып оқиды. Сатып алған кітаптарын қайталап оқып жүреді

  • @Aru-zq8vo
    @Aru-zq8vo Місяць тому

    Мені ағам мәжбүрлі түрде оқытты😂өзім қаламады бірақ ағам оқуға итермеледі сол арқылы кітапқа деген махаббатым ашылды

  • @user-st7ft9rk4b
    @user-st7ft9rk4b Рік тому +2

    Осы подкастты көрмесем бір нәрседен қалып қоятындаймын. Әр шығарылымын асыға күтем. Қалай екенін білмеймін бірақ "бізді көрсең ақылды, көрмесең дамымай ақылсыз болып қаласың" - деген ойды мыйма қондырып тастадыңыздар. Көп рахмет.

  • @user-fr3ul2jp5e
    @user-fr3ul2jp5e Рік тому +4

    Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи-дейді ғой Шәкәрім ия, кітап оқыған адам жарқырап, қызықтыра білген дұрыс. Мен поэзия жаттаймын. Мұқағалидің "Өлең керек" өлеңінде мықты жазған жырдың пайдасын. Соны насихаттап, үлгі болуға тырысамын

  • @umit.artykbayeva
    @umit.artykbayeva 6 місяців тому

    Балалы болып кітаптан қол үзіп қалып едім, балаларым сәл өсіп бірге оқи бастадық. Кітап біздің күнделікті ойындарымыздың бірі болды. 1 жастағы ұлым басында көп жырта берді, ұрыспай скотчтап қоямыз, кітапқа солай болса да қызықсын деген ой болды. Қазір өзі кітапты ұстап келіп, оқы деп тұрады

  • @user-ev4iq7yv4q
    @user-ev4iq7yv4q Рік тому

    Рахмет.

  • @bakhromurinbasarov6918
    @bakhromurinbasarov6918 Рік тому +1

    ma sha Allah
    Allah jardem bersin sol missiyalarynga
    p.s dinge de targib qyluga tyrysyngdar
    tek qana alga jigitter

  • @user-hz6si9fn8l
    @user-hz6si9fn8l Рік тому +2

    осы подкасттар шыққан сайын асыға әрі үздіксіз көретін болдым, кітапты тыңдап меңгеріп жүрмін, енді осы айтылған заттарда өмірде пайдаланамын,рахмет еңбектеріңіз үшін

  • @zhannatnagmedollakyzy8381
    @zhannatnagmedollakyzy8381 11 місяців тому

    Өте керемет😍👍🏽

  • @user-rx5gk6pj5n
    @user-rx5gk6pj5n Рік тому +1

    Рахмет коп коп

  • @Timur_Kurmanseytov
    @Timur_Kurmanseytov Рік тому +1

    Жалғастыра берің, осыдан таймаң. Алға. Қазастанның болашағын жарқын болар.

  • @user-cl4ed8cg5o
    @user-cl4ed8cg5o Рік тому +5

    Менде китап оқығаннан кейін ойлау көкжиегім кеңейіп, түрлі нәрселер қызықтырмай қойды))

  • @amanzo1294
    @amanzo1294 Рік тому +7

    Келесі подкасттарда, сұрақ жауап айдарын қоссаңыздар екен деген ұсыныс бар) яғни коментте жазылған сұрақтарға тоқталып соларға жауап берсеңіздер күшті 🔥

  • @-argressor-8483
    @-argressor-8483 Рік тому +2

    Рахмет сіздерге! Мен 6 шығарылымдың барлығын көрдім жәнеде маған жаңа идеялар келекбастады. Алла істеріңізге береке берсін!

  • @user-bd1bo4wn8g
    @user-bd1bo4wn8g Рік тому +1

    Кітап ал подкаст үнемі көремін,осы подкаст маған көптеген инсайттар берді.Мен балаларыма дауыстап пайғамбарлар туралы кітаптар оқып беремін,олар қызыға тыңдап отырады әрі иманы берік болсын деп осындай кітап оқып беруге тырысамын.Құрандағы жануарлар туралы кітап оқып бергенмін өте қызық олар қандай қасиетке ие барлығы жазылған. Гарри Потердің кітабын оқығысы келеді енді сол тілегін орындасам,өзі мектептен ертегі кітап әкеліп оқиды,кіші ұлдарыма да сол ертегіні оқып беремін мәз болып қуанып қалады

  • @user-hb1zb8fe4z
    @user-hb1zb8fe4z Рік тому

    Кітап оқымайтын дені сау адамдарға кейде қуыс кеуде ретінде қараймын. Адам құдай берген денсаулықтың арқасында өзін дамыту керек. Санамаппын бірақ былтыр әжептәуір шығарма оқыппын

  • @user-ow5ve1qv7m
    @user-ow5ve1qv7m Рік тому +2

    Керемет тұшымды, пайдалы үлкен әсерлі ойлар айтыңыздар.Осындай халыққа пайдалы подкастарыңыз көбейе берсін.Менде айналамдағы адамдарға кітап оқыңдар деп жиі айтамын.Сіздерденде өзіме пайдалы ақпараттар алдым.
    Менде баламды түрлі әдістер қолданып кітап оқытамай қойып едім....Кейін балама бір бетіне 50теңгеден ақша берем деп едім ...басында балам ақша үшін оқыды .Кейін түсіне келе өзі үшін қызығып оқитын болды.Мектебінде" кітап клуб"атты кітап оқуға шақыратын,кітапқа қызықтыратын үйірмеге қатысып жүр.Ұлдардан екі ұл ,қыздар көп дейді.
    Қызық болғанда достарына сыйлық жасағанда кітап сыйлатын болды.Осы 8-ші наурызға қарсы сыныптас қыздарына хабарласып қандай жанрдағы кітап ұнайды деп хабарласып жатыр....
    Ұлыма сіздердің подкастарыңызды көреуге кеңес беріп отырам.

    • @kitapal
      @kitapal  Рік тому

      Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман!❤
      Сіз үздік пікір қалдырып, сыйлық ұттыңыз. Құтты болсын🎉
      what's up 87775722233 "подкастта үздік пікір жазып, кітап ұттым" деп жазсаңыз❤

  • @Angramoon
    @Angramoon Рік тому +1

    Таза қазақша, әдемі жеткізесіздер👍🏻
    Кітапты шайнап тастағандар екені көрініп-ақ тұр☺️

  • @user-xn6bq1lo1s
    @user-xn6bq1lo1s Рік тому

    Керемет бауырларым сендерди асылдың сынықтары көбие берсін

  • @meruert.rahymhan6
    @meruert.rahymhan6 Рік тому

    Бұйырса бәрінің қолында кітап болтын заман болады♡♡♡

  • @maralkuanyshova5476
    @maralkuanyshova5476 Рік тому +4

    Еңбектеріңізге көп рахмет!

  • @arunaabdikerimova4011
    @arunaabdikerimova4011 Рік тому +1

    Кітап оқуым біраз жылға тоқтап қалып еді, солай осы жылы қайта қолға алып “Шұғаның белгісі” Б.Майлиннің кітабын оқып бастадым өте керемет сезіммен бір демде оқып шығып,соңында жылап та алдым.Әдеби кітаптарды оқу Данияр ағамыз айтқандай витамин сияқты басқа жанрлармен қоса алып жүруге тырысамын✨😉

  • @user-cq4mm3ir4b
    @user-cq4mm3ir4b Рік тому

    Керемет. Үзбей тыңдап отырамын. Алла істеріңізге береке берсін

  • @akerketory
    @akerketory Рік тому +1

    Әр подкасттарыңызды асыға күтемін😍Өте керемет👍Жақсы инсайттармен бөлістіңіздер😍🙌

  • @user-qw7fx3nv5x
    @user-qw7fx3nv5x 7 місяців тому

    Мен бір жылда жүз елу кітап оқимын деп жоспарладым. Бір жыл шыны керек кітап ашпадым.Кітапқа деген махаббаттым ашыла бастады. Сіздерге көп рақмет.

  • @user-fw6re8xw5q
    @user-fw6re8xw5q Рік тому

    Жігіттер маладес дұрыс осылай пайдалы болып жатқадарна

  • @Dake008
    @Dake008 Рік тому +1

    Ассаляму алейкум калайсыздар?Сіздердің білімдеріңіз сепші болды, өз саламда кітап жазу дегендей өзім дәнекерлеуші саласында 10 ж тәжірибем бар осы білімімді бөліссем деген жақсы ой келді Аллах разы болсын Сіздерге

  • @aiymsoo
    @aiymsoo Рік тому +1

    Мен үшін ең керемет подкасттардың бірі. Подкастта аты аталған кітаптардың тізімін жазсаңыздар жақсы болатын еді. Өтініш

  • @zhuldyz_kuralbekqyzy
    @zhuldyz_kuralbekqyzy Рік тому +1

    Қайта қайта тыңдаудан жалықпайтын подкаст болдығой 😍🤤сіздердің арқаларыңызда көп нәрседен көзім ашылды рақмет үлкен.

  • @dianayesbolova6900
    @dianayesbolova6900 Рік тому

    🔥🔥🔥

  • @samandarnurlanbekuulu2175
    @samandarnurlanbekuulu2175 Рік тому +3

    Кыргызстандан Ассалому алейкум!

  • @balganymzhanbolatkyzy96
    @balganymzhanbolatkyzy96 Рік тому

    Осы подкасты көрген сайын кітап оқуға қызушылығым артады. Рақмет сіздерге🤩🫶🏻😇👍🏼🫰🏻

  • @user-cu8bt4cv5h
    @user-cu8bt4cv5h Рік тому +1

    Керемет❤🎉

  • @user-fr3ul2jp5e
    @user-fr3ul2jp5e Рік тому

    Көп рақмет. Өркендерің өссін

  • @user-lp3yb6gd3v
    @user-lp3yb6gd3v 9 місяців тому

    Мен балаларыма арнап кітап аламын, сол кітапты бәріміз кезекпен оқып бітіреміз де , соңында бірге отырып талқылаймыз, бөлісеміз.
    Шынымды айтсам кітап оқымайтын едім, балаларым кітап оқысын, білімді болсын деген ниетпен өзім де оқып бастадым. Балалар менен бір модель көріп өссін деп

  • @Shakherezada_k
    @Shakherezada_k Рік тому +3

    Менің анам бізді кітаптарға қызықтыру үшін соның сюжетін толық айтып беретін, бірақ арасында өзі ойынан құрастырып бір артық ақпарат қосатын немесе бір ақпарды тастап кететін. Сосын бізге қай жері өзгеше, соны табыңдар дейтін. Қай жері ерекше екенін табу үшін кемі 2 рет оқып шығатын едік сол шығарманы. Нәтижесінде, ойымызда тез сақталып қалатын

    • @kitapal
      @kitapal  Рік тому

      Сәлеметсіз бе! Қуаныштымыз сіз ең үздік пікір жазып, кітап жеңіп алдыңыз 87755622233 номеріне жазыңыз😉

  • @aruzhanshynbolat4433
    @aruzhanshynbolat4433 Рік тому

    👍👍👍Алла разы болсын сіздерге

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Рік тому

    Жандарым аман болыныздар саттилик тилеймын

  • @zhalgasssss
    @zhalgasssss Рік тому

    Ассалаумағалейкүм өте керемет подкаст,жалғасын күтемін

  • @user-fo4gv9vc6f
    @user-fo4gv9vc6f Рік тому

    Кітап өзімді танудың, өзіммен танысудың бірден бір жолы және кітап оқып бастағалы ой жүйелілігі, ойлану қалыптасып жатыр.

  • @mereyseydulla495
    @mereyseydulla495 Рік тому

    Сәлеметсіздерме!
    Өте керемет пайдалы подкаст үшін рақмеет . Көп жасағаннан емес көп көргеннен көп оқығаннан сұра дегендей каншама инсайт ала білдім. Кітап өте құнды дүние өз сұрағыңа жауап таба аласың . Менің кітапқа деген қыщығушылығымды екі есеге арттырып жібердіңізбер Алла разы болсын сіздерге. Таңертең таңғы ас ішіп отырып осы подкастты қосып қоямын кажетті сөздерді жазып аламынгой🤭 көптеген қазақ жастарының көзін ашып жатқандарыңызға Аллахым мол сауаптан жазсын Әр жаңа дүниені үйреткен сайын адам баласының өзіне де оданда үлкен білім жолы кеңейеді екенн рақмет сіздерге . Өзімде кітап оқуға катты қызығамын соңғы кездері әдеби шығармалар ұнап жүр алдыңғы подкастта айткандай әдеби кітапта біз образ ала білеміз расымен ☺️ Дами беріңіздер көп рақмет .
    Кітаппен дос бола білейік бізді плға жетелейді ✨

  • @gamego5910
    @gamego5910 Рік тому

    Кітапқа қызықтыру үшін өзіңдегі өзгерісті жаң жағыңдағы адамдарға көрсеткеннің өзі жеткілікті, ойлы кісі көріп ғибрат алады.Кітапалдан Рамазан айында 1 діни кітап сыйлыққа алған керемет болатын еді.

  • @zhanserikkens696
    @zhanserikkens696 Рік тому +1

    Комментарийді қарасам ешқандай негатив жоқ, соған қарағанда подкастты көретіндер тек саналы аудитория сияқты😊

  • @keikibatir1496
    @keikibatir1496 Рік тому

    Керемет подкаст болды.

  • @user-eu7go7fs7u
    @user-eu7go7fs7u Рік тому

    🔥

  • @user-om9ou2se9u
    @user-om9ou2se9u Рік тому

    Әр подкастан пайдалы нәрсе алып, ойым, кітап жайлы біраз ақпарат алып жатырмын❤

  • @tamshy.mathcourse
    @tamshy.mathcourse Рік тому

    Өте керемет!
    Алла істеріңізге береке берсін!

  • @kadirgalievna_sandugash
    @kadirgalievna_sandugash Рік тому

    6 подкастқа да жеттім. Ең үздік канал❤

  • @user-tv5xf8ll4e
    @user-tv5xf8ll4e Рік тому

    Өте әдемі сұхбат!
    Сауаттты😍

  • @user-nm6bk8wd3d
    @user-nm6bk8wd3d Рік тому

    Керемет 😊

  • @user-lg9jr8qy8s
    @user-lg9jr8qy8s Рік тому

    Керемет

  • @user-pc3gr8ef9q
    @user-pc3gr8ef9q Рік тому +5

    Кітаптың бас жағын айтып, қызық жеріне келгенде айтпай қою.Сонда ол өзі барып оқитын болады 😉

  • @RON-cm9ld
    @RON-cm9ld Рік тому

    Жақсы👍

  • @Kasymkhanova_Togzhan
    @Kasymkhanova_Togzhan Рік тому

    Мен кітаптан алған тәжірибемді көрсетуге тырысамын, дұрыс сөйлеуге тырысамын(үйлесімді), өзімді ерекше ұстауға тырысамын.Осыдан бауырларым, сіңілдерімде қызығушылық туды
    +айтқым келетіні сіздерді жолықтырғаныма қатты қуаныштымын,I wish you joyful moments.Break a leg:)

  • @aiduksa
    @aiduksa 4 місяці тому

    ❤❤❤❤

  • @Quatbektinqyzy
    @Quatbektinqyzy Рік тому

    Мен тұрмыс құрмағанмын. Інім бар. Ағамның баласы. Мен өзім кітапқа карантин кезінде ғана қызығып оқып бастадым. Оған дейін сыйлыққа кітап сыйлап қалса, жаман ғой иә? дейтіндерден едім. Өзім кітаптың пайдасын көре бастаған соң ініме кітапты қалай қызық қыламын деп ойлана бастадым. 4 жасында 2 кітап алдым. Бірі - әліппе, бірі - ертегі кітап. Әліппе бір жерде қалды түртілмей. Ертегіні кешкісін жатарда подкастта айтқандай образбен оқып беретінмін. Күнде-күнде оқып ішіндегісін жаттап алдық. Сосын жануарлар, теңіз, адам денесі, шаруашылық деген бірнеше кітап алып бердім. Ішінен Данияр ағаның баласындай жануарларды қатты ұнатты. Әріпті танығанмен сөздің басын қоса алмайды. Сонымен, мен жұмыста кезде үйдегілердің жанынан қалмай жүріп, бәрімен кітап оқиды. Соңында үйдегілер қашып бастапты. Қазір бәрін жаттап алған. Мен білмейтін ақпараттарды айтып таң қалдырады. Шүкір! Осы қызығушылығын сөндіріп алмауға ниеттімін!

    • @kitapal
      @kitapal  Рік тому

      Сәлеметсіз бе! Қуаныштымыз сіз ең үздік пікір жазып, кітап жеңіп алдыңыз 87755622233 номеріне жазыңыз😉

  • @sytube2790
    @sytube2790 Рік тому +1

    Мына агаларым казыргы заманнын Алихандары✊🇰🇿

  • @bakhakzz2589
    @bakhakzz2589 Рік тому

    Подкастарыңыз керемет,респект

  • @meruertspabekova3666
    @meruertspabekova3666 Рік тому

    Керемет дами беріңіздер

  • @orleon4312
    @orleon4312 Рік тому +2

    Досыма кітаптың экранизациясын айтқан едім, фильмнің ұнағаны соншалықты, келесі күні кітабін қайдан алу керегін сұрады😂

  • @gulnarabdilda6674
    @gulnarabdilda6674 Рік тому

    Көп адамдар қазір құндылықтарын ауыстырып алған материалды заттарға(машина, уй,соңғы үлгідегі айфон т.б.) бақытты болу үшін мелочь заттарға мән беріп, әдемі заттарды байқап жүру, жақындарыңды жай жылы сөздермен қуантып жүру деп айта берсек көп, сіздер айтқандай кітап оқып, үйірмелерге қатысып, осындай подкасттар тыңдап жетістікке жетуге және жақсы жаққа өзгеруге болады

  • @user-ms3zs5mf2p
    @user-ms3zs5mf2p 11 місяців тому

    🎉

  • @user-cl4ed8cg5o
    @user-cl4ed8cg5o Рік тому

    В точку, өкініш бар...өртенеді өзек 😢

  • @dinmukhammedashimkhan2062
    @dinmukhammedashimkhan2062 Рік тому +1

    Бір жерде оқығаным бар еді, Такеда деген жапон кісі туралы. Ол балаларға скрипкада ойнауды үйрететін. Оның баланы қызықтыру тәсілі бар екен. Алдымен анасына үйретеді скрипканы, үйрету барысында баланы мүлдем скрипкаға жолатпайды. Бала қанша құлшыныс танытса да жолатпайды. Бірақ бала анасының скрипка үйреніп жатқаның көре тұра қызыға береді. 1-2 ай өткеннен соң ғана балаға үйрете бастайды. Оның шәкірттерінің көбісі есейгенде ұлы скрипкашылар болды дейді. Осы тәсілді кітапқа қолдансақ қалай болады? 🤔

  • @FIRDAUSTVKZ
    @FIRDAUSTVKZ Рік тому

    Қазақ тілінің мына подкаст арқылы миына көп оттегі барды ау 🤯

  • @meruert.rahymhan6
    @meruert.rahymhan6 Рік тому

  • @Aidana_017
    @Aidana_017 Рік тому

    Керемет 😍