Табылды Досымов - әндер жинағы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 гру 2024

КОМЕНТАРІ • 522

  • @БейнеуАктау-э7о
    @БейнеуАктау-э7о Рік тому +71

    Әндері керемет, әсерлі.Өнеріне бас иемін ,халықтың жүрегінде мәңгі қалады.Жаны жәннатта болсын,АЛЛА рахымына алсын.

  • @СейдуллаОмаров-г8в
    @СейдуллаОмаров-г8в 2 роки тому +99

    Мұқалиға ұқсап барлық қазақтың мұңын арқалап жалғанға симай кеткен Табылды бауырым жаның жәннәттің төрінде шалқысын.

    • @Маралбек-ь3ю
      @Маралбек-ь3ю Рік тому +1

      Тура айтсан туганына жакпайтын заман гой.
      Казыр думшелердын заманы гой.😢

    • @RavilbekAtyrau
      @RavilbekAtyrau 8 місяців тому +1

      ИНДЕР
      Агамыз Тири кезинде ешкем колдамаган екен Окиништи ак!!!

  • @НурланОмаров-к8у
    @НурланОмаров-к8у 2 роки тому +58

    Табылды барлық Қазақ Елінің азаматы! Қазақтың мұңы, зары, әні, ойы, арманы, намысы! Әттең, осындай бір туар, 1000 жылдық асылды көре алмаған, көріп тұрып төзе алмаған сорлы Қазақ!!!
    Өз түбіңе өзің жеткеннен басқа не бітірдің! Әлім Сақтан өзгемен емес, өз Қазағың мен алысып келесің!
    Табылдың да түбіне жеткен, Сен Қазақсың!!
    Мен Табылдың әндерін тыңдап отырып ,оның ойы ұшқыр, алдын болжайтын көріпкел-философ екеніне көзім жетті. Кеш те болсын зерттеуді қажет етеді дер едім. Қазақы тәрбие алған ұл-қыздарымызға үлгі етуіміз керек. Табылдың әндерін тыңдап, жаттап , айтып жүрген жас ұрпаққа оның ән-сөздерінің мән-мағынасын ұқтырсақ ештеңеден ұтылмаймыз.

  • @ЖұмабикеКәкенбай
    @ЖұмабикеКәкенбай 3 роки тому +234

    Бұндай ақын, әнші мың жылда бір рет қана туады! Басымды иемін, талантына! Табылды, сенің әндерің ешқашан өлмейді. Мың сан алам сені сағынышпен еске алады! Жаның жәннатта болсын!

  • @ГалияЖанашева
    @ГалияЖанашева Рік тому +84

    Бұндай дарындар 1 000 жылда бір - ақ рет туады ! Бақұл бол қазақтың маңдайына сыймай кеткен аяулы азамат !!!

  • @KurmanaiUteu
    @KurmanaiUteu Місяць тому +10

    Табылды иниммен 1982 жылы Журфактын жатакханасында таныскан едим. Көнили кен дария керемет жигит еди.Сол кезде өлен жазатын. Пәндаш лик өмир деген осы.Жаткан жерин жәннаттан болсын.Артында калган урпактары аман болсын.Ия амал канша.

  • @mirkhanzhumabayev
    @mirkhanzhumabayev Рік тому +50

    Тірліктен шаршаған кезде жанға дауа болған Табылды!

  • @AyqulKamzina
    @AyqulKamzina 10 місяців тому +30

    Жаны жанатта болсын бир жабыккан сатте ТАБЫЛДЫН анин Тындап бир маркаиып калалам керемет андеримен есте сактаимыз казактын бир туар азаматы ТАбЫЛДЫ

  • @beken8742
    @beken8742 10 місяців тому +53

    Бәріміз бір қазақтың баласымыз ғой, замандасым Табылды әндері жанға жайлы өз басыма керемет әсер береді. Табылды менен 1-ақ жас үлкен екен, қазіргі жеңіл әрі арзан хит әндерден , қалың қазағымның кредитке белшеден батып жатқанын көре тұрып, Табылдының мазмұнды, мәнді, мұңлы әндерін тыңдап сабыр табамын. Менің ойымша Табылды әндері мәңгі жасайды өйткені, оның шығармашылығында Махамбеттің рухына сай керемет үндестік бар! Әттең-ау , неге замандасым ерте кетіп қалдың, сен әлі де Қазақ деген халыққа кесек- кесек туындыларыңды әкелер едің. Жатқан жерің жайлы болсын ,жаның жәннатта болсын. Ешкім таласа қоймас қазақтың меніңше 1-ші Бард әншісі Табылды Досымов! Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы Жаңажол ауылынан Сейтқожин Бекен.

    • @БауыржанУмбетьяров-ы5й
      @БауыржанУмбетьяров-ы5й 4 місяці тому

      Дұрыс айтасың АЛЛА тағала жарылқасын сізді

    • @nurbolashirbekov9208
      @nurbolashirbekov9208 21 день тому

      Беке сізге Алланың нұры жаусын, жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деген осы.

    • @nurdauletkuantur6755
      @nurdauletkuantur6755 12 днів тому

      Бір ағам немесе інім табылды. Аманшылық тілеймін

    • @nurdauletkuantur6755
      @nurdauletkuantur6755 12 днів тому

      Даже бұл сөзіңді оқымасамда. Жалпы көңілің бір. Екен

  • @КайратЖанибеков-р5з
    @КайратЖанибеков-р5з 2 роки тому +136

    Өнеріне бас иемін. Мәнгі қазақ жүрегінде қалатын өнер тұлғасы. Жаны жанната болсын!

  • @АглаМусирова
    @АглаМусирова 2 роки тому +51

    "Жалған дүние" өлеңінде жырау бард ақынымыз Табыл Досымов барлығын баяндаған, Табылдың бір кездегі әні екен деп тек қалың Адай емес, қалың қазақтар айтуда. Алла алдынан жарылқасын, жатқан жері жайлы, жұмақтың төрінде болсын! Дарынды жандарды "алтынның қолда барда қадірі жоқ"-дегеннің кері ғой қадірлемеген қолдан сусып кеткесін өкінеміз, дегенмен Табыл жырлары барда өлмейді, мәңгі жасайды

  • @ЕрекеЕрекеұлы
    @ЕрекеЕрекеұлы 2 роки тому +85

    Мәңгілік ел тыңдайтын Қазақтың- Тұлғасы.!!!

  • @ГулнарКайролла
    @ГулнарКайролла 2 роки тому +48

    80 жылдары, Табылды ағаның әндері қытайда кең тарады, әттең өмірде бар болғанда қаншама әндер өмірге әкелер еді деші.

  • @samsunks5303
    @samsunks5303 2 роки тому +34

    Жүз жылда бір туған азаматқой шіркін

  • @dinanurpeissova4021
    @dinanurpeissova4021 2 роки тому +704

    кезіңде осы Табылды Досымовқа аудан әкім мен басшылары жұмыс бермеді, аудандық мәдениет үйінде қызметте жүргенде сыйғызбай, ақыры жұмыстан алып тастады. Концертін өткізбеді, сол байғұс әкімдер қайда екен, талай таланттың жолын кесіп, аяғына шырматылып еді. Табылды олардың біреуіне де жалынбай, арын жоғары ұстап кетті ғой. Мықты адам еді, жігіттің төресі осындайлар ғой.

    • @ЕржанЛебетов-т1м
      @ЕржанЛебетов-т1м 2 роки тому +21

      Табылды,шынында кубылыс!!!

    • @НурлыбекБаулыбаев
      @НурлыбекБаулыбаев 2 роки тому +36

      Себеби Адай гой. Адайларды алиде биликке жолатпайды го

    • @ГулжанСабит
      @ГулжанСабит 2 роки тому +24

      @@НурлыбекБаулыбаев бул кисинин адай руынан екенин енди естип отырмын

    • @НурланОмаров-к8у
      @НурланОмаров-к8у 2 роки тому

      Сол қарабет әкімсыматың атын неге айтпайсың! Табылдың ұлтарағына тұрмайтын иттің ұрпақтары білсін де іштей тынысын!

    • @ТалгатШотаев-к5н
      @ТалгатШотаев-к5н 2 роки тому +28

      Қайран жан аға адайлардың маңдайына біткен жарық жұлдыз жатқан жеріңіз жайлы болсын жан аға.

  • @tsere_ra
    @tsere_ra Рік тому +94

    Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
    Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
    Сәкен, Ілияс, Бейімбет - үш арысты бір түнде,
    Арамыздан ап кеткен "Үш әріппін" десеңші.
    Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
    Самар асқан составпен астық едім десеңші.
    Өзіме өзім, дүние-ай, қас қып едім десеңші,
    Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.
    Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
    Бар дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
    "Кемелденген кездерде" елу миллион болып,
    Құла түзде мыңғырған мал едім ғой десеңші.
    Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
    Әуелетіп "Айдайға" салып едім десеңші.
    Бойдан қуат кеткенде ұл қызыммен қоштасып,
    Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші.
    Қазақ едім дегенше, өліп едім десеңші,
    Басындағы әркімнің бөрігі едім десеңші.
    Шәкәрімдей шыңырау тектілерді шыңғыртып,
    Алпыс жылдай архивке көміп едім десеңші.
    Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші,
    Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
    Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді,
    Алыбымды абайсыз өлтіріп ем десеңші.
    Қазақ едім дегенше, нағыз едім десеңші,
    Шаш-етектен талайға қарыз едім десеңші.
    Қолым "қышып" кеткенде ер-азамат үстінен,
    Астанаға жазылған арыз едім десеңші.
    Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші,
    Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші.
    Өзбегіме мал сатып, шашылығын сыраға,
    Қосып жеген, дүние-ай мұңсыз едім десеңші.
    Қазақ едім дегенше...

  • @НурияБисенова-е9о
    @НурияБисенова-е9о 2 роки тому +56

    Талантты адам екен. Әттең ғұмыры қысқа болыпты. Қысқа ғұмырында қаншама әндерді өмірге әкелген.

  • @МошканИргебаева
    @МошканИргебаева 5 місяців тому +11

    Нағыз қазақсың. Топырағың торқа болсын.Алдың бейіш артың кеніш болсын.

  • @МархабатАманбаева-т5д

    Жаратылысы бөлек, Табыл ағаның әндері жыл өткен сайын биіктеп барады!

  • @МустахимаОтепова
    @МустахимаОтепова 3 роки тому +109

    Қазақтың маңдайына сыймай кеткен ерлерім-ай!Қазақ барда Сіз мәңгі тірісіз,қазақтың бард әншісі!

    • @blackrussiangames2501
      @blackrussiangames2501 2 роки тому +1

      Марат Дюсенóв Россия. Пусть земля пухóм. Ты в сердцах наших навечно.

  • @БакытСабыр
    @БакытСабыр 2 роки тому +17

    Жан агам андери керемет. Аттен жана андери болса екен тындаган сайын тындай бересин сагынышпен. Жанын жаннатта болсын АЛЛА рахымына алсын.

  • @bolat8702
    @bolat8702 Рік тому +12

    Желтоқсанға қатысқан батыр ағамыз, Қазақтың алғашқы шыққан әнін, сөзін жазатын жалғыз әнші, Жаныңыз жәнатта болсын

  • @ТалгатКулебаев-я1р
    @ТалгатКулебаев-я1р 14 днів тому +2

    Табылдың орындауы керемет жылап отырып тебірене тыңдайсың. Қазақтың маңдайына сыймай кеткен азамат .😢❤

  • @Нурлан-ы8в
    @Нурлан-ы8в 2 роки тому +17

    Кай онирдин казагы болсак та, Табылды агамыздын олендери баримизди табындырады осы агамыздын талантына!

  • @aibekqudabai1767
    @aibekqudabai1767 2 роки тому +35

    Жатқан жерің жайлы болсын Бауырым !! 🇰🇿🇰🇿👍👍

  • @satay5513
    @satay5513 3 роки тому +25

    Аттен гумырын аз кылган кудай
    Айтпесе аттен ай аттен нагыз патриот акын нагыз казак еди казак едим дегенше

  • @ВенераЕрежепкызы
    @ВенераЕрежепкызы 2 роки тому +17

    Сіз сыяқты нағыз ер жігіттер азайып баражатыр... Жаныңыз жәннәтта болғай🙏🙏🙏🙏🙏🙏

  • @ТалгатСулейменов-к3у

    Табыл ағамыздың жанын жәннәтта ете гөр Аллам, жатқаның жерің жайлы болсын, әндері мәңгі өлмейді, және тыңдарманы көбейе берері сөзсіз адамға ой салатын әндер

  • @БауыржанСаринжипов
    @БауыржанСаринжипов 2 роки тому +14

    Табыл агам индер ауданы Абылга шабыт гумыр берсин

  • @КадишаАлпысбаева-т4р

    Әулие адамдар ғой. Жаның тек жәннаттық болсын! Талай талант кетті ғой, құсалықта.

  • @armankozhmetov7565
    @armankozhmetov7565 2 роки тому +30

    Кандай жай,карапайым создермен бастагы мимен ,кеудедеги журекти Бир ортага жинай салды,ой мен сананы оята салды

  • @ДиханҚамзабекұлы
    @ДиханҚамзабекұлы 8 місяців тому +15

    Табылдының рухы шат болсын!
    Мінезі де, қасиеті де, өсиеті де ән-өлеңінде тұнып тұр...

  • @ОрынбасарТурланов
    @ОрынбасарТурланов 2 роки тому +46

    Ақындығымен қатар, тарихты да жаксы білген. Тангалыпта тамсаныпта отырмын. Жаралы жанына "жабу" ды, жер ана" дан тапты ау, есіл ер😪

  • @ГафурКуспанов
    @ГафурКуспанов Рік тому +6

    Қазақта бұрын болмаған ең алғашқы бард ақыны Табыл.өзі автор өзі орындаушы.тарпаң талант ешкімге бас имейтін

  • @Dauke102
    @Dauke102 Рік тому +108

    Әкем. Марқұм Табыл ағамыздың үйінде қонақта болыпты 2003-04жылдары жұмыс сапармен . Бір кассета беріп жіберіпті әкеме, соны тыңдаушы едім көлікте жасым 15тер шамасы . Қонақжай кісі болатын еді дейді әкем . Иманды болсын! Аллам біліп білмей істеген күнәләрін кешіргейсің!

    • @РозаАдиетова-г2ь
      @РозаАдиетова-г2ь Рік тому +1

      🤲🤲🤲🤲

    • @КасымУнгаров-щ8ю
      @КасымУнгаров-щ8ю Рік тому +3

      Тамаша бврд әнші.Көп тыңдаймын.Пейіште нұры шалқысын !!!!

    • @bayjigitbutabay4495
      @bayjigitbutabay4495 Рік тому +1

      АССАЛАУМАҒАЛАЙКУМ, Сізге қалай хабарласа аламын,Табылды аға жайлы

    • @azeke3504
      @azeke3504 6 місяців тому

      Әлі бар ма сол кассета?

    • @Dauke102
      @Dauke102 6 місяців тому

      @@azeke3504 кассета мафонмен бірге ұрланып кетті 2008жылдары 😬😊

  • @qazfilms
    @qazfilms 2 роки тому +53

    Жатқаның жарық, иманың жолдас болсын! Қазақтың бір туар ұлы бард ақыны🤲🤲

  • @НурболатБулекбаев
    @НурболатБулекбаев 2 роки тому +20

    Жарайсын олендери суйегимнен отип кетти

  • @sangilsss-seven4331
    @sangilsss-seven4331 3 роки тому +42

    Табылды Досымбеков Нағыз талант кісілер 1000жылда 1 келетін тұлғаларғой

    • @ИнгаАхметова-ы3м
      @ИнгаАхметова-ы3м 2 роки тому +1

      Неге бурмалайсыз.Табылды Досымов емеспе толык аты жони

  • @КарашашМуханбетжанова

    Иманды болсын Жаннатын торинде болсын Керемет Тым жас кеткен екен Окиништи

    • @zhannabalgaziyeva450
      @zhannabalgaziyeva450 2 роки тому +1

      Аиналаиын иним аи мандаига сыимаи кеткнн

  • @Маралбек-ь3ю
    @Маралбек-ь3ю Рік тому +9

    Атка жайдак мынген адайларды колдау керек.адылдык ушын адайларды колдаймын.
    Адайлар суперрр...Бала немере ушын ештемены кшыруге болмайды. Жасым 70 те конылым жас...
    Келешек жасап кету керек , , бала шага немерелерге.

  • @БолатханКарибжанов
    @БолатханКарибжанов 3 місяці тому +6

    Разымын Атырауға, Разымын Адайға, Табылдыдай бір алыпты, Бір дарынды туғызған. Наразымын Атырауға, Наразымын Адайға, Сол алыпты, Сол дарынды, Жоқсыңдар ғой сыйғызған.

    • @Сауле-у6я
      @Сауле-у6я 14 днів тому

      Өте дұрыс айттыңыз. Намысыма қатты тиди. Қайтейін.

  • @ZhakeAbdikalikov
    @ZhakeAbdikalikov 3 роки тому +53

    Қазақтың бір туар жұлдызы!!

  • @samsunks5303
    @samsunks5303 Рік тому +14

    Марқұм бауырым Қазақтың маңдайына бірақ рет туған азаматқой

  • @ДарханНаушабай
    @ДарханНаушабай Рік тому +9

    Аллаһ Тағалам құлы Табылды ағамызды жарылқасын!
    Рахымына алып, Жәннатқа кіргізсін!

    • @ArdakKosshu
      @ArdakKosshu Рік тому

      Рахметқалиев Жангелді, Құдай алдындынды жауып бергізді ғой😂

  • @НұрасылҚанатұлы-б2о
    @НұрасылҚанатұлы-б2о 3 роки тому +51

    Шіркін-ай Табылды ағамызда бұл қараңғы, санасыз, намыссыз қазақты оята алмай, 45 жасында өмірден өттіғой.

  • @ГулжиханНуртаева
    @ГулжиханНуртаева 4 місяці тому +5

    Табыды дай адамдар коп омiр сурмейды окiнiш ке орай. 😢 Иманды болсын бауырым! 🙏🙏🙏

  • @КалижанБекбулатов
    @КалижанБекбулатов 2 роки тому +41

    Ақын аға жатқан жерің жарық болсын. Алла разы болсын. Қолда барда алтынның қадірі жоқ, өкінішті…

  • @ДӘКЕРАХМЕТТУЛЛАЕВ
    @ДӘКЕРАХМЕТТУЛЛАЕВ 2 роки тому +17

    Жаны жанната болсын бір туар тұлға Табыл ағам!

  • @АаАатак-д1м
    @АаАатак-д1м Рік тому +27

    Табыл ағамыз мәңгі өлмейді!Біздің заманымыздың Махамбеті.

  • @БолатбекАқау
    @БолатбекАқау 3 роки тому +44

    Табылдының таланты таңғалдырмай қоймайды.

  • @shtor6116
    @shtor6116 Рік тому +12

    Қандай керемет әндер.мағнасы қандай зор.

  • @КозайымАллаберди

    Неткен кастерлы создер,аны кандай дауыс казактын мандайына быткен,мын жылда быр туатын,кайталанбас тулгалар.Жаныныз жаннаттын торынде болсын Табылды ага

  • @Маржангуль-ь3ю
    @Маржангуль-ь3ю Рік тому +8

    Керемет сәттілік қазағымыздың ән мен күйлері көбейе берсің 🙏👍❤

  • @ЕржанБатырханов-й4л
    @ЕржанБатырханов-й4л 3 роки тому +19

    Рахмет, керемет жигит болган екен!

  • @РозаАдиетова-г2ь
    @РозаАдиетова-г2ь 2 роки тому +28

    Соңымнан зарлап жүрсін түгел Адай деп дәл айтқаны ғой.

  • @Қазаққызы-х7ч
    @Қазаққызы-х7ч 3 роки тому +53

    Ия, өзі де бір тау ғой! 👍🏻✊🏼

  • @assyl6773
    @assyl6773 Рік тому +15

    09:09 Алматыда қалған қыз
    12:36 Астананың аруы
    14:31 Әулет
    16:17 Жалғыздық
    19:07 Күнекей қыз
    22:18 Кешіккенің қайткенің
    30:44 Жалған дүние
    33:28 Өмірзая
    42:42 Мен қазақпын
    47:45 Ауылдың түні

  • @МаратТугелбаев
    @МаратТугелбаев 3 роки тому +22

    Жаның жаннатта болсын қыранының қанаты жетпеген биікке өрлеген жігітқой

  • @Жасминказакстан
    @Жасминказакстан 2 роки тому +6

    Оте жаксы андер, олендер. Жаксы орындаушы, арбир сози магыналы.

  • @ГульнараКасымова-п1ш

    Осы жаска дейын осы адамнын бар екенын былмеппын Еленанын сухбатынан естып керемет куйге енып отырмын. Кандай керемет осындай акындарды кобырек жазса гой.Омыр баянын калай окуга болады екен

    • @ГуляОразалиева-к5ш
      @ГуляОразалиева-к5ш 2 роки тому +2

      Қалай былмегенсыз. Американың қазағысыз ба🤭🤭🤭🤭😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂

    • @bakhytakhmet7621
      @bakhytakhmet7621 2 роки тому +2

      Мен бұл кісінің тағдырың тек осы ютубтен ғана ұзақ видеодан көріп, таңыстым.
      Білмегеніңізге таңқалмаймың, негізі Табылды Досымов шыңдықты айтқан, өткір өнері жақпаған сияқты. Бұл сияқты жігерлі адамдар көп таңымалы болмайды емес пе...!
      Енді кеткеннен кейін көпшілік таңып жатыр. Өкіңішті...
      Өнкей шегірткелер сияқты болған жоқ, ары мен ұятың жоғары ұстап кеткен 👍

    • @ИнгаАхметова-ы3м
      @ИнгаАхметова-ы3м 2 роки тому +1

      Еленанын досымау деген клипин кординизбе

  • @zhalgastaldykov4982
    @zhalgastaldykov4982 3 роки тому +70

    Бір Ғасырда бір туатын, Қазақтың екі ғасырының ауыр зұлматын жүрегіне алып, бір ұлттың қайғысы мен мінезін бір ауыз әнге сыйғызған, Қазақтың ҚАЙРАН НАР ТҰЛҒАЛЫ ӘЗИЗ БАСЫНА НОҚТА СЫЙМАҒАН, АЛЫП ЖҮРЕКТІ НАҒЫЗ АЗАМАТЫ, ЖЫЛҚЫДАҒЫ ҚАЗАНАТЫ...
    Әттең бір кем дүние деген осынша қайғыны жер басып көтеріп жүру, ақын үшін қиын болған болар,...

  • @gulsanabaymukhanbetova1403
    @gulsanabaymukhanbetova1403 2 роки тому +26

    ...Өмірден кəрі де өтеді, бəрі де өтеді,
    Берілген мына өмір бізге прокатқа.
    😢

  • @aibekqudabai7829
    @aibekqudabai7829 3 роки тому +85

    Жатқан жерің жайлы болсын асыл аға !!

  • @ГульжанЖолжанова-к9ш

    Қандай керемет ерекше дауыс, біздің қазағымыздың Высоцкийі ғой, Виктор Цойымыз ғой. Жаны жәннәтта болсын ағамыздың.

  • @БакытжанБукембаев-н5м

    Шіркін Табылды біртуар қазақтың ақыны еді, жатқан топырағы торқа болсын.

  • @НазгулШаку-ч9к
    @НазгулШаку-ч9к 6 місяців тому +1

    Табылмен бірге жүрген күндер мәңгі елсімізде қалады. Ұл қыздарынан көрінген немере жиендеріне өнерін берсін. Аллам ұрпақтарына ғұмыр берсін.

  • @birleskoishegulov3160
    @birleskoishegulov3160 Рік тому +13

    Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
    Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
    Толағай боп туылмадым, әттең-ай,
    Атырауға әкелер ме ем бір тауды...
    Шыңды армандап төбесі көк сүзгілер,
    Экраннан Эверестке үздігер.
    Обаны адыр, адырларды төбе деп,
    Төбелерді тау деседі біздің ел.
    Тартыспай ақ Ғамзатовтай көкеммен,
    Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен,
    Осы қырда төбешіктей Аналар,
    Дүниеге таудай Ұлдар әкелген.
    Ерліктері айналмайтын елеске,
    Атыраудың алыбының бәрі есте.
    «Ереуіл атқа ерін салған егесте»
    Махамбеттің өзі бір тау емес пе?
    Жанарында жасын ойнап керемет,
    Жауған оққа қарсы шапқан, себелеп.
    Санаң болса қалай ғана айтарсың,
    Нысанбаев тау емес ед, төбе деп.
    Тау ұлдары тауда нағыздай сырбаздай,
    Жүздеріңде шабыт оты жүр маздай.
    Біздің қырда қыдырса егер бір жаздай,
    Талай таулық кетер ме екен жыр жазбай...
    Алты алаштың алыптары берсе дем,
    Таусыз ғұмыр кешеріме мен сенем.
    Биіктікті айналайын, туған ел,
    Қыранының қанатымен өлшеген.
    Бір құдірет тұла бойды тасқанда,
    Құлаш ұрмай тауға, шыңға, асқарға,
    Қыр баласы тауға қарап өспейді,
    Қыр баласы қол созады аспанға...

  • @КумарбекНурлыкан
    @КумарбекНурлыкан 2 роки тому +9

    өте керемет ,дүниеге бір келер азамат амал қанша өмірі қысқа болды барлығын айтып кеткен

  • @bekmuratmuhat2583
    @bekmuratmuhat2583 7 місяців тому +1

    Керемет тындай бергің келеді Жаны жәннатта болсын Барлығы Алланың қалауымен

  • @БайгалиевАсылхан
    @БайгалиевАсылхан 2 роки тому +11

    Табылды Ага жаткан жерин жаилы болсын Асыл Ер

  • @КоныратбайЫрзаханов
    @КоныратбайЫрзаханов 10 місяців тому +2

    Табылды. Саган беш. Кнтем досым. Балаоынга. Беретт берсин жан. Достыинга уийене берекек деп каракалп конырат. Рзахан. Аман. Болын ош. Басын

  • @ГаляТымакбаева-я4о
    @ГаляТымакбаева-я4о 4 місяці тому +3

    Керемет андер козине жас алып тындайсын жаннын жаннатта болгыр зарлап айтып журсин калын адай дейди калын адай емес барлык казак айтады анинди 😢олмейтин андар .

  • @prstudio667
    @prstudio667 2 роки тому +9

    Рахмет аға. Осындай өлеңдерің үшін рахмет.

  • @СержанАсембаев-н8д
    @СержанАсембаев-н8д 2 роки тому +18

    Өнеріңізге басымды иемін, Табылды Аға. Жаныңыз жәннәттің төрінен болсын! Әндеріңіз ұмытылмасын ешқашан.

  • @Лаура-п4л
    @Лаура-п4л 3 роки тому +25

    Қазақтың тұнңыш барып ақыны Жаны жәната болсын🤲🤲🤲

  • @Aityar555
    @Aityar555 11 місяців тому +1

    Ең алғаш марқұм ТӨЛЕНИЯЗОВ АЙБАР ағам жаны жанаттық болсын,флешкасын тыңда деп берген еді.Осы Табылды ағамыздың өлеңдері екен.Өлеңдері өте қатты ұнады.Тыңдаған сайын АЙБАР ағам есіме түседі.!

  • @ЖенисДаулетов-я5и
    @ЖенисДаулетов-я5и 2 роки тому +27

    Кешеги откен Мукагали, Шамши, Бакр, Толеген, Табылды, казаха берген Алланын сыйы.

  • @МишаСпартак-м4в
    @МишаСпартак-м4в 2 роки тому +45

    Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп жоқ болдың ғой Табылды жаның жанатта болсын қазақ деген ел өшпесе сенің де атың өлмейді

  • @БахытЖусупова-б2н

    Керемет бардист ақын әнші .әттең ерте сөнді. Орны жұмақтан болсын.

  • @АйманАкназарова-ф4ч
    @АйманАкназарова-ф4ч 7 місяців тому +1

    Табылды көрген әділетсіздікті,әділ адамдар әлі еөріп жатыр.Бұл қазақтың әділетсіз билігі мен басшыларынан әлі талай таланттар шет қақпайлықты көрері анық.

  • @МахаббатЖОЛАМАН-х7й
    @МахаббатЖОЛАМАН-х7й 3 роки тому +59

    Қанында даусында Адайлардың шындық үшін кіжінетін жұлқынған қайсарлығы жатыр. Алла рақымына алып пейіштің төріннен етсін рухын Табылды ағаның. 🤍🤍🤍

  • @Белка18ауменямногоподписчиков

    Қандай Сөзі әні керемет.Өткен сәбет өмірінен ,осы өмірглейін жырлаған.Әр өленінде Қазақтын намысын көтеріп.Нағыз Елінің Патрёті көрініптұр .Мен ғалым ,атақты ақын емеспін.ҚАЗАҚ қашан батыболады ,тілеушің бірімін Мен Қазақ жігіті беретін ,бұл Батырды АЛАШТЫҢ ТҰҚЫМЫ,МЫҚАҒАЛИДАНН КЕИІН,БЕТКЕ АЙТАН НАҒЫЩБАТЫР ДЕИМІН.Әр әінінде Қазақтың мұң ,зары,намысын ойататын Әндері -ай АЛ НАМЫСЫБАР Намысыбар Таришы,Әдебетші Туыстарым Жазыңдар Осы Батыр жайлы Алла разыболсын Өз Батыр,патрёттарбы Тапсаңдар.Нұр-Нұр ұстіне жұржауар Бүл Батырдан Аллашшың исіаңқыптұр.

  • @ЖанатУсманова
    @ЖанатУсманова 3 місяці тому +1

    Коке рақмет неге осы кезден есыипелым мына казактын талантының жұлдыз дуненын ❤❤❤❤

  • @ГаляТымакбаева-я4о
    @ГаляТымакбаева-я4о 3 місяці тому +1

    Кайран жаннын жаннаттык болгыр Адайдын баласы иниимау жаткан жерин жайлы болсын .Олендерин ар казактын аузында айтылып жур.Ауылымызда адайдын балалары шыркап жур андеринди.Умытылмайды андерин урпактан урпакка жалгасады.😢❤

  • @казакадай-г6т
    @казакадай-г6т 2 роки тому +18

    Агамыздын жаны жанната болсын.

  • @KurmanaiUteu
    @KurmanaiUteu Місяць тому +1

    Табылды иниммен Журфактын жатакханасында Казгуград калашыгында абитурент кезимизде бирге турган едик.Көнили кен дария акконил жигит еди.Жаткан жерин жәннатта болсын бауырым.ия өлендери ерекше еди.Артта калган урпактарын аман болсын .Мәнги есимиздесин.

  • @ЖасланСмагулов-т6й
    @ЖасланСмагулов-т6й 2 роки тому +11

    Аға рахмет. Алла жаныңызды жанната қылғай

  • @ЗабираЖумабек
    @ЗабираЖумабек 2 роки тому +14

    Жүректен шыққан тұп -тұнық дүние...

  • @НуркисаРахметов
    @НуркисаРахметов 2 роки тому +13

    Табылды ағамыз жарықтық жатқан жері жайлы болсын, әндері жүректі тебірентіп көзіне жас келдіреді.

  • @ЗейнепШингалиева
    @ЗейнепШингалиева 6 місяців тому +1

    Т. Досымовтың әндері өлмейтін ғұмырлы әндер. Тек жинаққа Солдат сағынышы мен Достар деген әндері енбей қалыпты. Табылдың өз дауысында әндерін есту қандай әсерлі. Қасымызда отырып айтқан кездері еске түседі.

  • @АтласМыкбасова9
    @АтласМыкбасова9 3 роки тому +14

    Бундаи акын жуз жылда бир туатин адам тек омири кыска болган

    • @КульзираРысова
      @КульзираРысова 3 роки тому

      Иә, жатқан жері жайлы болсын бауырымның

    • @МаргуланКалижан-и1ь
      @МаргуланКалижан-и1ь 3 роки тому +1

      Өмірі қысқа деп қалай айтарсыз, өнерін түсінетін азаматтар бар да мәңгілік тұлға ғой

  • @akzhonassakupova4114
    @akzhonassakupova4114 3 роки тому +17

    Керемет талант!

  • @everlast1302
    @everlast1302 2 роки тому +31

    Ағам ай,қандай тақырып болмасын дәп басып айтқан екенсіз.жаныңыз жәннатта болсын.қазақ едім дегенше деген еліңіз аман,жақында бір сілкінді.бабамыз оян қазақ деп шырылдаған еліңіз қалың ұйқысынан оянғандай болды.сонда да өз елін қанаған шибөрілер көп.ия сорымызға біткен басшыларымыз әлі тақта.Алла қаласа жақсы күндерге де жетеміз.от жүректі азаматтарымыз көп болсын лайым

  • @tsere_ra
    @tsere_ra Рік тому +21

    Мен қазақпын, жүре алмайтын
    Шаттанбаса, күлмесе.
    Мен қазақпын,
    Ішкен асын тастай салар жыр десе.
    Мен қазапын,
    Ашуланып, талақ қылар тірлікті,
    Шайға бола бір кесе...
    Мен бұл күнде құл емеспін,
    Күң емеспін, Азатпын!
    Енді азатпын,
    Басымыздан өткен талай тозақ күн.
    Мен қазапын,
    Жалғыз атын сыйға арнайтын қонаққа,
    Ертесіне қиналмайтын қазақпын.
    Мен қазақпын,
    Басқа жанмын деп айтуға жоқ дәрмен.
    Мен қазақпын,
    Азапты да, ғажапты да көп көрген.
    Мен қазақпын,
    Жүрегімде шырылдаған шындықты
    Жасқамандар шоқпармен!...
    Мен қазақпын, мен қазақпын,
    Қазақпын деп айтам ән.
    Халқым үшін қан додаға кірмей қалай жай табам?!
    Менің қаным тіберенсе,
    Тентек Каспий секілді,
    Қинайтұғын, ұйымайтұғын,
    Арнасына сыймайтұғын қайтадан...

  • @user-Jien
    @user-Jien Рік тому +1

    Ия жаткан жери жайлы болсын, жумактык болсын!
    Андерин айына бир рет толык тындап турамын,керемет талант!!!

  • @ЗабираЖумабек
    @ЗабираЖумабек 2 роки тому +10

    Керемет дарын иесі !!!

  • @рузаруза-ф4л
    @рузаруза-ф4л 2 роки тому +7

    Қазақтың мұңын арқалаған екенғои.жүректен кеткен емеспе екен.бұндаи адамдардың өмірі қысқа болады көбінде .ещкімге ұқсамаитын талант.ақ дидарың аиды кімнің әні екенін білмеитінем.Еленаның сұхбатын көргеннен соң іздеп таптым.жаның жаннатың төрінен орын алсын,жалғанға сыимаи кеткен алып тұлға

  • @ГабитСмагулов-б6ы
    @ГабитСмагулов-б6ы 2 роки тому +5

    Дина дұрыс айтыпсыз ,.дарын , мәдениетті адамдарға жол жоқ , байларға жол ашық , мақылық балларын оқытад , қайран Табылдым , 16 жасымнан сіздің өлеңдеріңді оқып едім

    • @samsunks5303
      @samsunks5303 Рік тому +1

      Інім ,дарын,талант,ақйқат ж/е шын ақындық тамұқтанда жол тауып тесіп шығады

  • @ЖолдаскалиЖасанов
    @ЖолдаскалиЖасанов 2 роки тому +5

    Табылды жаткан жерин жайлы болсын маркум өлеңдерин машинада күнде тыңдаймын биздер ушин сен али тирисин

  • @KurmanaiUteu
    @KurmanaiUteu Місяць тому +2

    Өте керемет аккөнил жигит еди.Бирге абитурент кезимизде Журфактын жатакханасында турдык.Сол кезден өлен жазатын.Бауырым топырагын торка болсын .Артында калган урпактарына узак өмир суруди алла нәсип етсин.