"Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба" деп шырқаған Шынболат Ділдебаевтың "Шындық" толғауы.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 25 лют 2023
  • Құрметті тыңдарман, сіздердің назарыңызға Шынболат Ділдебаевтың халық жадында сақталған, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жатқа айтатын "Шындық" толғауын ұсынамыз. Баяғының сал-серілері сияқты ел-елді аралап, сахнаға жарқ етіп шыға келіп, саусақтарын пернеде әрі-бері жүгіртіп, тыңдарманын елітіп отырған. Термені аңсап күткен халқы: "Шындықтың тұлпарымен Шынболат кеп, Бір өзі қылыш жырмен тербетті елді" ,-деген сөзде осыдан қалған-ды. Олай болса заман жайын шынайы баяндайтын "Шындық" толғауын тыңдап отырайық.

КОМЕНТАРІ • 498

  • @user-de2wd5qu2e
    @user-de2wd5qu2e 9 місяців тому +527

    Сөйле, тілім алаңдама, тартынба
    Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
    Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
    Бір ауыз сөз қалмаған соң халқымда?!
    Заман қалай, адам қалай өзгерді,
    Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.
    Арың менен ақиқаттың алдында
    Шындықты айтып, шыңғыратын кез келді.
    Айтса нанар момын халық едік қой,
    Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
    Халқымыздың қамын жеген ұлдарын
    О, ғаламат, «Халық жауы» дедік қой!
    Күні болған қазағымның сорлаған
    Қасіреттің қара бұлты торлаған.
    Ешқашанда тарихымда даламның,
    Кешегідей бұрыс кету болмаған!
    Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
    Ағайыннан алыс кетті арамыз.
    Үш миллион аштан өлген жарамыз,
    Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?
    Сеніп өскен халық едік малына,
    Малын алса, Қайтсін халық налымай?!
    Америка, Түркия, Қытайға,
    Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?
    Шұбарала болып кетті тілдерің,
    Айтатұғын келді ау оны күндерің.
    Тілің кетсе, күнің қоса кетерін
    Қайран елім, қалай ғана білмедің?
    Орыс шала орыстарды таң қылып,
    Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
    Жалпақ далаң Өсер балаң, тұрғанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!
    Ауыруың бірте - бірте асқынған,
    Қара ниет асып кетті қасқырдан.
    Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
    Ата - анасын интернатқа тапсырған.
    Өкініштен өксігімді баса алмай,
    Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
    Бір азамат бір ауылды билеуші ед,
    Қазір қалдық бір әйелден аса алмай.
    Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
    Алкогольдың ауруымен шатылған,
    Бұл заманның Қобыланды мен Қамбары,
    Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.
    Бабамыздың биігінен аспадық,
    Құдай менен Дінді жауып тастадық.
    Маскүнем боп ұлдар түгіл қыздарың,
    Ол аз болса наша шеге бастадық.
    Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
    Қанша сәби өлді улы дәріден.
    Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
    Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
    Қайдасыңдар, азаматым, арысым,
    Қайда кеткен, қасиетті намысың?
    Адам түгіл шырылдаған торғайда,
    Жанын пида етпеушімед бала үшін.
    Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
    Жұрдай болдық қайран баба салтыңнан.
    Қасиетті қыздарымның қылығы,
    Арал болып, Балқаш болып сарқылған!
    Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
    Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?!
    Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
    Өз батырың, өз арысың тұрғанда!
    Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда?
    Мұның бәрі ақ кеткенімау шалғайда.
    Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
    Шала естілеу, мәңгүрт болып қалмай ма?
    Дұрыс болмай замананың жетегі,
    Еңіреген ердің толды етегі.
    Осылардың бәрін қосып ойласам,
    Бас айналып, көз бұлдырып кетеді.
    Қайран елім, сорың енді арылар.
    Күнім туды ағымнан бір жарылар,
    Шыдаушы еңдер, шыдаңдаршы шырылдап,
    Шындық жайлы айтатыным әлі бар.
    Туған елдің қазынасының бәрін ап,
    Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
    Полигон боп Абай, Мұхтар жүрген жер,
    Атом неге тек Семейде жарылад?!
    Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,
    Кімнің қандай ала - алмаған өші бар?
    Ел жоқ күн жоқ тундралар тұрғанда,
    Сары алтындай Сарыөзекте несі бар?
    Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
    Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
    Кімге керек жал мен жая жегенің,
    Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.
    Бауырларым, жанымыз бір кемеде,
    Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
    Лермонтовпен Пушкинді атқан жандарга,
    Абай деген Семей деген немене?!
    Оқымаған биікте тұр бабамыз,
    Оқыдық қой неге саяз санамыз?
    Асқынды ғой, асқынды ғой жарамыз.
    Ей, бауырлар, қайда кетіп барамыз?
    Ақмоланың ұмыттық біз аттарын
    Кереку мен Қызылжар ед мақтаным
    Орысша боп алаң түгіл қалаңда
    Байқайсыңба қайда бара жатқанын
    Қайран далам, өр төсіңе - нұр тұнған,
    Қырандайсың, қанатынан қырқылған.
    Мал өрісің, аң мен құсың жоқ болды,
    Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!
    Асқар тауым - ақыл, ойым - қорғаным,
    Есіңді жый, ешкімге жем болмағын.
    Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
    Кімге керек бес күн жақсы болғаның.
    Айтатұғын келді бүгін ақ таңдар,
    Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
    Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,
    Қайран елім, бірлігіңді сақтаңдар!

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  9 місяців тому +55

      Алла разы болсын!!!

    • @user-zp1us2pw5x
      @user-zp1us2pw5x 3 місяці тому +10

      Сәлеметсіз бе? Өлеңнің аяғында тағы бір шумақ бар еді. Шындықты айтып шырылдаған мен бір күні жоқ болып кетпейін деген мағынасы еш жерден таппай отырмын😢

    • @user-tx5pr1cp3y
      @user-tx5pr1cp3y 2 місяці тому +5

      Таңир жарылкап. Ата-баба аруағы желеп жебеп жүрсін.

    • @MukashGGG
      @MukashGGG 2 місяці тому +1

      Алла разы болсын

    • @user-kq8pe3tg6d
      @user-kq8pe3tg6d 2 місяці тому +1

      @@user-zp1us2pw5xол жерін айтыста айтқан

  • @user-kc8ok8bg9v
    @user-kc8ok8bg9v Рік тому +304

    Мына өлеңге тең келетін терме жоқ

  • @user-es5ln2ll8f
    @user-es5ln2ll8f 3 місяці тому +81

    Шынболат Ділдабаев --заманынан асып туған,асыл,текті азаматымыз еді....

  • @beka8434
    @beka8434 2 місяці тому +5

    Керемет айтылган создер😢😢! Жаны жанатты болсын!! 😢😢

  • @Makhi_07
    @Makhi_07 3 місяці тому +32

    Жүрегім дір етті ғой 💔

  • @sennagyzstilsyn
    @sennagyzstilsyn 6 місяців тому +46

    Сөйле,тілім алаңдама,тартынба,
    Найзағайдай шындықты айтып жарқылда.
    Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
    Бір ауыз сөз қалмаған соң халқымда.
    Заман қалай,адам қалай өзгерді,
    Өзгергенді шүкір,қазір көз көрді.
    Арың менен ақиқаттың алдында,
    Шындықты айтып,шыңғыратын кез келді.
    Айтса нанар момын халық едік қой,
    Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
    Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
    О,ғаламат,«Халық жауы» дедік қой.
    Күні болған қазағымның сорлаған,
    Қасіреттің қара бұлты торлаған.
    Ешқашанда тарихымда даламның,
    Кешегідей бұрыс кету болмаған.
    Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
    Ағайыннан алыс кетті арамыз.
    Үш миллион аштан өлген бабамыз,
    Қалғанымыз қайда кетіп барамыз.
    Сеніп өскен халық едік малына,
    Малын алса,қайтсін халық налымай.
    Америка,Түркия,Қытайға,
    Жетіскеннен шашылды ма тарыдай.
    Шұбарала болып кетті тілдерің,
    Айтатұғын келді бүгін күндерің.
    Тілің кетсе,күнің қоса кетерін,
    Қайран елім,қалай ғана білмедің.
    Орыс шала орыстарды таң қылып,
    Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
    Жалпақ далаң,Өсер балаң тұрғанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
    Ауруың бірте - бірте асқынған,
    Қара ниет асып кетті қасқырдан.
    Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
    Ата - анасын интернатқа тапсырған.
    Өкініштен өксігімді баса алмай,
    Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
    Бір азамат бір ауылды билеуші ед,
    Қазір қалдық бір әйелден аса алмай.
    Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
    Алкогольдың аурумен шатылған.
    Бұл заманның Қобыланды мен Қамбары,
    Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.
    Бабамыздың биігінен аспадық,
    Құдайменен,Дінді жауып тастадық.
    Маскүнем боп ұлыдар түгіл қыздарың,
    Ол аз болса наша шеге бастадық.
    Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
    Қанша сәби өлді улы дәріден.
    Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
    Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
    Қайдасыңдар,азаматым,арысым,
    Қайда кетті,қасиетті намысың.
    Адам түгіл шырылдаған торғайда,
    Жанын пида етпеушымед бала үшін.
    Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
    Жұрдай болдық қайран баба салтыңнан.
    Қасиетті қыздарымның қылығы,
    Арал болып,Балқаш болып сарқылған.
    Миымызға өрмекші тор құрған ба,
    Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба.
    Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
    Өз батырың,өз арысың тұрғанда.
    Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда,
    Мұның бәрі қалғаны ма шалғайда.
    Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
    Шала естілеу,мәңгүрт болып қалмай ма.
    Дұрыс болмай замананың жетегі,
    Еңіреген ердің толды етегі.
    Осылардың бәрін қосып ойласам,
    Бас айналып,көз бұлдырып кетеді.
    Қайран елім,сорың енді арылар.
    Күнім туды ағымнан бір жарылар,
    Шыдаушы еңдер,шыдаңдаршы шырылдап,
    Шындық жайлы айтатыным әлі бар.
    Туған елдің қазынасының бәрін ап,
    Ұрпағымыз кейін немен жарымақ.
    Полигон боп Абай,Мұхтар жүрген жер,
    Атом неге тек Семейде жарылад.
    Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,
    Кімнің қандай ала - алмаған өші бар.
    Ел жоқ,күл жоқ Тундралар тұрғанда,
    Сары алтындай Сарыөзекте несі бар.
    Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
    Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
    Кімге керек жал мен жая жегенің,
    Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.
    Бауырларым,жанымыз бір кемеде,
    Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де.
    Лермонтов пен Пушкинді атқан жандарға,
    Абай деген,Семей деген немене.
    Оқымаған биікте тұр бабамыз,
    Оқыдық қой:неге саяз санамыз.
    Асқынды ғой,асқынды ғой жарамыз.
    Ей, бауырлар,қайда кетіп барамыз.
    Ақмоланың ұмыттық біз аттарын,
    Кереку мен Қызылжар еді мақтаным.
    Орысша боп адам түгіл қалаңда,
    Байқайсыңба қайда бара жатқанын.
    Қайран далам,өр төсіңе - нұр тұнған,
    Қырандайсың,қанатынан қырқылған.
    Мал өрісің,аң мен құсың жоқ болды,
    Миллион гектар жырым - жырым жыртылған.
    Асқар тауым - ақыл,ойым - қорғаным,
    Есіңді жый,ешкімге жем болмағын.
    Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
    Кімге керек бес күн жақсы болғаның.
    Айтатұғын келді бүгін ақ таңдар,
    Бәрін біреу береді деп жатпаңдар

    • @Katana_f_f
      @Katana_f_f 5 місяців тому +6

      Бір қазақты үшке бөліп бөлінбей
      Қайран елім бірлігінді сақтандар

  • @user-rd8jq7xx9p
    @user-rd8jq7xx9p Рік тому +98

    Туелсіздіктің алғашқы қарлығашы Шынболат Ділдебаевті қазақ ұкіметі мемлекеттіе силыққа ұсынуы керек халықтың мұң зарын айтқан адам көшеге есімін беру керек

    • @user-gj6cz5qx7f
      @user-gj6cz5qx7f Рік тому +5

      Дұрыс айтасыз

    • @user-ye1ry1sh9d
      @user-ye1ry1sh9d 5 місяців тому

      Мен сатпаевьа тұрам шынболаттың мұражайы бар бірақ көше атамында жоқ❤

  • @user-xk8kq9vz4k
    @user-xk8kq9vz4k 4 місяці тому +27

    Жаны жаннатта болсын,

    • @user-oy7mo2xi4o
      @user-oy7mo2xi4o 3 місяці тому +2

      Алла, сөздері толғауддың қабырғаңды қайыстырады...ойланайық ағайын...

  • @user-qe9ki8bn9x
    @user-qe9ki8bn9x Рік тому +29

    Ол кезде бұндай сөзді ешкім айтып көрмеген ғой, халық аузынан тастамай керемет болды ғой, есімде. Марқұм ерте кетті..

  • @armannurasr4151
    @armannurasr4151 7 місяців тому +16

    Сөйле, тілім
    Алаңдама, тартынба
    Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
    Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
    Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!
    Заман қалай, адам қалай өзгерді,
    Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.
    Арың менен ақиқаттың алдында
    Шындықты айтып,
    Шыңғыратын кез келді.
    Айтса нанар аңғал халық едік қой, Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой.
    Халқымыздың қамын жеген ұлдарын
    О, ғаламат,
    «Халық жауы» дедік қой!
    Күні болған қазағымның сорлаған,
    Қасіреттің қара бұлты торлаған.
    Ешқашанда тарихымда даламның, Кешегідей бұрыс кету болмаған!
    Сеніп өскен халық едік малына,
    Малын алса,
    Қайтсін халық налымай?!
    Америка,
    Түркия,
    Қытайға,
    Жетіскеннен шашылды ма тарыдай?
    Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
    Ағайыннан алыс кетті арамыз.
    Үш миллион
    Аштан өлген бабамыз,
    Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?
    Шұбарала болып кетті тілдерің,
    Айтатұғын келді бүгін күндерің.
    Тілің кетсе,
    Күнің қоса кетерін
    Қайран елім,
    Қалай ғана білмедің?
    Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
    Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
    Өсер балаң,
    Байтақ далаң тұрғанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!
    Ауруың бірте - бірте асқынған,
    Қара ниет асып кетті қасқырдан.
    Қай бабаңның дәстүрінде бар еді, Ата - анасын бөтен қолға тапсырған.
    Өкініштен өксігімді баса алмай,
    Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
    Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед,
    Қазір қалдық бір келіннен аса алмай.
    Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
    Алкогольдың арбауына шатылған, Бұл заманның
    Қобыланды мен Қамбары,
    Оқ тимей - ақ шығып жатыр қатардан.
    Бабамыздың биігінен аспадық,
    Құдай,
    Дінді таза жауып тастадық.
    Маскүнем боп ұлың түгіл қыздарың,
    Ол аз болса наша шеге бастадық.
    Сәл кідіріп, ойлаңдаршы әріден,
    Қанша сәби өлді улы дәріден.
    Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
    Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
    Қайдасыңдар,
    Азаматым, арысым,
    Қайда кетті, қасиетті намысың?
    Адам түгіл шырылдаған торғайда,
    Жанын пида етуші еді бала үшін.
    Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
    Жұрдай болдық
    Қайран баба салтыңнан.
    Қасиетті қыздарымның қылығы,
    Бейне Арал,
    Балқаш болып сарқылған!
    Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
    Көр соқыр қып құдай таза ұрған ба?!
    Қара көздер кімге ғашық болдыңдар,
    Өз батырың,
    Өз арысың тұрғанда!
    Намыс қайда, ұят қайда, ар қайда?
    Оның бәрі қалғаны ма шалғайда.
    Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
    Шала естілеу,
    Мәңгүрт болып қалмай ма?
    Дұрыс болмай замананың жетегі,
    Еңіреген ердің толды етегі.
    Осылардың бәрін ойлап қарасам,
    Бас айналып,
    Көз бұлдырып кетеді.
    Күнім туды ағымнан бір жарылар,
    Қайран елім,
    Сорың енді арылар.
    Шыдаушы еңдер,
    Шыдаңдаршы шырылдап,
    Шындық жайлы айтатыным әлі бар.
    Туған елдің қазынасының бәрін ап,
    Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
    Полигон боп
    Абай, Мұхтар жүрген жер,
    Атом неге тек Семейде жарылад?!
    Бұл сөзіме түсінер - ау есі бар,
    Кімнің қандай ала - алмаған өші бар?
    Талай елсіз Тундралар жатқанда,
    Сары алтындай Сарыөзекте несі бар?
    Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
    Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,
    Кімге керек жал мен жая жегенің, Бауырларың қылтамақ боп жатқанда.
    Бауырларым,
    Жанымыз бір кемеде,
    Уық сынып, қирап жатыр кереге.
    Өз дауысын көтермесе өз елім,
    Өзгелерге Абай, Семей немене.
    Бауырларым,
    Жанымыз бір кемеде,
    Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
    Лермонтов пен Пушкинді айтқан жандарға,
    Абай мен Сәкен деген немене?!
    Қайран далам,
    Өр төсіңе - нұр тұнған,
    Қырандайсың, қанатынан қырқылған.
    Мал өрісің,
    Аң мен құсың жоқ болды,
    Миллион гектар жырым - жырым жыртылған!
    Кереку мен Қызылжар еді мақтаным,
    Ұмыттық қой Ақмоланың аттарын. Өзге тілде қойып алдық аттарын,
    Байқайсың ба қайда бара жатқанын?
    Оқымаған биікте тұр бабамыз,
    Оқыдық қой:
    Неге саяз санамыз?
    Асқынды ғой,
    Асқынды ғой жарамыз.
    Ей, бауырлар,
    Қайда кетіп барамыз?
    Асқар тауым - ақыл,
    Ойым - қорғаным,
    Есіңді жый,
    Ешкімге жем болмағын.
    Есіл ерлер ертеңді де ойлаңдар,
    Кімге керек бес күн жақсы болғаның.
    Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар,
    Бәрін біреу береді деп жатпаңдар. Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,
    Қайран елім,
    Бірлігіңді сақтаңдар!..

  • @user-kn1kj6em2d
    @user-kn1kj6em2d 5 місяців тому +19

    Міне нағыз шындық нағыз қоғамның дерті отыз бес жылдаи уақыт өтседе әлі сол қазақтың маңдаиында журген дерт бул отыз жыл еш өзгемеген жуиені көрнісі дәл қазірге келіп тур толғауы шынболат ағамыздың енді қашан арыламыз қазағым

  • @user-oz8fy2tw2m
    @user-oz8fy2tw2m 8 місяців тому +58

    Шынболаттай агама Алматынын ортасынан коше берилсин

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  8 місяців тому +6

      Әмин!

    • @wwsgein
      @wwsgein 4 місяці тому +1

      қолдаймын

    • @galymzhankyrykbaev2976
      @galymzhankyrykbaev2976 27 днів тому

      ⁠сосын Ділдебайев деп емес, Шынболат көшесі деп ат беру керек. қашанғы орыстар құсап фамилиямен ат беретін болдық?

  • @user-hf7iv5fy4w
    @user-hf7iv5fy4w Рік тому +62

    Нағыз қазақ, Алаш азаматы! Алла тағала иман байлыгын берсiн, жаны жанатта болсын.

  • @jio-4568
    @jio-4568 Рік тому +788

    Сөздерін ЖАТТАП баларымызға үйретейік ағайын!!!!

    • @user-eu3bj6wt8t
      @user-eu3bj6wt8t 9 місяців тому +15

      балаларымызга жаттатып и озимиз де жаттау керекпиз

    • @Adams_adam
      @Adams_adam 9 місяців тому +14

      Білім Ғылым Шариғат Отанға деген махаббат үйретш эй

    • @user-si6il9yz7u
      @user-si6il9yz7u 8 місяців тому +5

      Дұрыс айтасың

    • @shehrizatbaizaq-rx2ik
      @shehrizatbaizaq-rx2ik 7 місяців тому +5

      Бірден жаттап алған мен👍😍

    • @qia1
      @qia1 6 місяців тому +6

      @@Adams_adamдұрыс айтасыз!!бұл өмірге жаңа келген адамға емес, қателікке толған үлкендерге керек.

  • @user-cy1zb1ue9g
    @user-cy1zb1ue9g 4 дні тому +2

    Керемет айтты

  • @qwertyuasdfgh7729
    @qwertyuasdfgh7729 6 місяців тому +19

    Ең алғаш айтысқа шыққаннан бастап үзбей тыңдадым. Осы жырын бірден жазып алдым, осы күнге дейін сақтаулы, арасында оқып қоямын. "Балаларымызға үйретейік" деп жазыпты, бала түгілі үлкендердің көпшілігі білмейді де, тыңдамақ түгілі. Мен біразын жаттап алып едім, артынан ұмыттым, себебі тыңдар құлақ жоқ болды.

  • @user-ko3dz7go8y
    @user-ko3dz7go8y Рік тому +24

    Оте дурыс айтты! Тындайтын,еститин, тусинетин ултымыз болса гой

  • @I_am.Kazakh707
    @I_am.Kazakh707 Рік тому +45

    Әр сөзінде үлкен мағына жатыр бұл толғаудың

  • @user-he5jr9rj4c
    @user-he5jr9rj4c 2 місяці тому +9

    Осыдан отыз жыл бұрын айтылған терме,жаттап домбырада айтып өстік.Әлі өзектілігін жоғалтқан жоқ өйткені осы айтылған проблемалар сол күйі шешілген жоқ....
    Жаныңыз жәннатта болсын Шынболат аға.

  • @user-de5kl3wy3l
    @user-de5kl3wy3l Рік тому +60

    Жаныңыз жәннатта болсын отыз жыл өтседе Әли озгерыс болған жок Әли ағатай бызде сол баяғы былык

  • @qahbaqcal
    @qahbaqcal 6 місяців тому +77

    80-жылдардың ортасында жарық көрген толғау әлі күнге дейін өз актуалдығын жоғалтпағаны таңғалдырады, қынжылтады...

  • @user-lz5zw3rp6c
    @user-lz5zw3rp6c Рік тому +88

    Шіркін, Шынболат Ділдебаев атамыз керемет айтып кеткен ғой.. Бір туар азамат еді...❤️🌺👏🎙️📽️🪕🇰🇿

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому +4

      Алла разы болсын!

    • @user-yh3pc7ry2e
      @user-yh3pc7ry2e Рік тому +4

      Ия мен сизбен келисем

    • @user-yh3pc7ry2e
      @user-yh3pc7ry2e Рік тому +3

      Шакиртиниз Саян😊

    • @user-yh3pc7ry2e
      @user-yh3pc7ry2e Рік тому +3

      Шакиртиниз Саян

    • @turganbeksagatbek6508
      @turganbeksagatbek6508 Рік тому +2

      Иман ды болсын ақын. Кәзіргі бизнес шоудың. Ақындары.емес. жатанды емес бәрі көз бойяшылық

  • @user-jh3ug7by2o
    @user-jh3ug7by2o 3 місяці тому +14

    Балаларға Ана тілі қазақ әдебиетінде оқыту керек!

  • @NazymTusupbekova-vb5jx
    @NazymTusupbekova-vb5jx 6 місяців тому +27

    Осы толғау жүректің төрінде орын алуы керек!Қазақ елінің ұраны болуы керек!

  • @user-sr3qd9tp2y
    @user-sr3qd9tp2y Рік тому +9

    Шынболат Ағамыз шындықты шырылдатып жеткізді! Батыр Аға алдыңнан жарылқасын! Есіл ер қазақтың келешегін оилаған!

  • @alibekahmetov3947
    @alibekahmetov3947 5 місяців тому +8

    Бүл таза шындық кой!өткен кездеде және қазырғы заманда өте манызды!!!!осындай түрмелер болса біздің халықты шұқып отыратын халығыміз өз қалыпымызға келетін шығармыз!👍👍👍👍👍🤝

  • @user-pj1pg2lj5f
    @user-pj1pg2lj5f Рік тому +21

    КЕРЕМЕТ ТАМАША КҮШТІ👍🏻👏🏻💪🏻

  • @adilzhanzhakyp4730
    @adilzhanzhakyp4730 8 місяців тому +56

    Осындай толғауларды теледидардан күнде-күнде көрсете беру керек!

  • @user-xk2ko3pk9n
    @user-xk2ko3pk9n Рік тому +133

    Ассалаумағалейкүм қазақ елі! Шынболат ағамдай шындықты шырылдатып айтар ақын аз ғой қазір. Қазақ айтыс өнерінде есімі алтын әріппен жазылған нағыз ақын. Иманы серік болсын🙏

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому +8

      Әмин! Айтқаныңыз келсін!

    • @user-kf3ge8cl4i
      @user-kf3ge8cl4i 4 місяці тому +1

      Сахнада айтылып турса гой осы ан оте жаксы болар еди
      Тамаша ан гой

  • @baisatsergazy4739
    @baisatsergazy4739 4 місяці тому +10

    Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба!
    Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
    Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
    Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!
    Заман қалай, адам қалай өзгерді,
    Өзгергенді, шүкір, қазір көз көрді.
    Арың менен ақиқаттың алдында,
    Шындықты айтып шыңғыратын кез келді!
    Айтса нанар момын халық едік қой,
    Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
    Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
    О ғаламат халық жауы дедік қой.
    Күңі болған, қазағымды сорлаған,
    Қасиеттің қара рухын қорлаған.
    Ешқашанда тарихымда даламның,
    Кешегіндей ұрыс-керіс болмаған!
    Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
    Ағайыннан алыс кетті арамыз.
    Үш миллиондай аштан өлген жарамыз
    Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?,
    Сеніп өскен халық едік малына,
    Малын алса, қайтсін халық налымай?!
    Америка, Түркияға, Қытайға,
    Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?
    Шұбар ала болып кетті тілдерің,
    Айтатұғын келді бүгін күндерің.
    Тілің кетсе үнің қоса кетерін,
    Қайран елім қайдан ғана білмедің?!
    Орысшалап орыс тілді таң қылып,
    Ана тілді білмеу қандай заңдылық?!
    Өсер балаң,жалпақ далаң жатқанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
    Ауруыңда бірте-бірте асқынған,
    Қара ниет асып кетті қасқырдан.
    Қай бабаның дәстүрінде бар еді,
    Ата-анасын интернатқа тапсырған?!
    Азаматтар қол бастаған қаһарман,
    Алькоголдің арбауына шаталған.
    Бұл заманның Қобланы мен Қамбары,
    Оқ тимей-ақ шығып жатыр қаһардан.
    Надандықтың биігінен аспадық,
    Құдайдыңда таза жолын тастадық.
    Мас күнемдік ұлдар түгіл қыздарың,
    Ол аз болса наша шеге бастадық.
    Сәл кідіріп ойлаңдаршы әріден,
    Қанша сәби өлді улы кәріден.
    Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп.
    Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
    Оқымаған,биікте еді бабамыз,
    Оқыдық қой неге саяз санамыз?!
    Асқынды ғой,асқынды ғой жарамыз,
    Ей бауырым қайда кетіп барамыз?!
    Шынболат Ділдебаев

  • @user-tc3re1sg4y
    @user-tc3re1sg4y 7 місяців тому +7

    Ассалаумагалейкум казакели мусылман бауырлар жараткан Алла осындай Шынболаттай шындыкты тилип айтатын еразаматар казак елине Алла тагала коптеп насип етсин Жане ел тизгинин осындай азаматар устауын Алла насип етсин сонда елимизде ардакты Ана тилимизде ешкашан жогалмайды

  • @user-cv3nt3gf6j
    @user-cv3nt3gf6j Рік тому +89

    Пай шіркін! Ағатай жатқан жеріңіз жайлы болсын!

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому +4

      Әмин...

    • @user-gd5dd2jg5p
      @user-gd5dd2jg5p 8 місяців тому

      Қайтыс болды ма?

    • @user-cv3nt3gf6j
      @user-cv3nt3gf6j 8 місяців тому

      @@user-gd5dd2jg5p қашан қайтыс болғалы

    • @user-ln5ee3gm2b
      @user-ln5ee3gm2b 7 місяців тому

      ​@@user-gd5dd2jg5pжайдан жай айтпайды ғо

    • @user-wc5yr2dr7e
      @user-wc5yr2dr7e 6 місяців тому

      ​@@user-gd5dd2jg5pИя 1998 жылы қайтыс болған Шынболат Ділдебаев ағамыз.

  • @beautymaker01
    @beautymaker01 5 місяців тому +10

    Сөйле, тілім, алаңдама тартынба,
    Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
    Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
    Бір ауыз сөз қалмаған соң халқымда?!
    Заман қалай, адам қалай өзгерді,
    Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді.
    Арың менен ақиқаттың алдында,
    Шындықты айтып, шыңғыратын кез келді.
    Айтса нанар момын халық едік қой,
    Сенгіштіктен талай таяқ жедік қой.
    Халқымыздың қамын жеген ұлдарын,
    О, ғаламат, "Халық жауы" дедік қой!
    Күні болған қазағымның сорлаған,
    Қасіреттің қара бұлты торлаған.
    Ешқашан да тарихында даламның,
    Кешегідей бұрыс кету болмаған!
    Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
    Ағайыннан алыс кетті ау арамыз.
    Үш миллион аштан өлген жарамыз,
    Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?
    Сеніп өскен халық едік малынай,
    Малын алса, қайтсын халқым налымай?!
    Америка, Түркияға, Қытайға,
    Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?
    Шұбар ала болып кеткен тілдерің,
    Айтатұғын келді ау оны күндерің.
    Тілің кетсе күнің қоса кетерін,
    Қайран елім, қалай ғана білмедің?
    Орысшалап орыстарды таң қылып,
    Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
    Жалпақ далаң, өсер балаң тұрғанда,
    Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!
    Ауруың бірте-бірте асқынған,
    Қара ниет асып кеттік қасқырдан.
    Қай бабаңның дәстүрінде бар еді,
    Ата-анасын интернатқа тапсырған?
    Өкініштен өксігімді баса алмай,
    Айту қиын ойлы көзге жас алмай.
    Бір ақсақал бір ауылды билеуші ед,
    Қазір қалдық бір әйелден аса алмай.
    Азаматтар қол бастайтын қаһарман,
    Алкогольдің ауруымен шаталған,
    Бұл заманның Қобыланды мен Қамбары,
    Оқ тимей-ақ шығып жатыр қатардан.
    Бабамыздың биігінен аспадық,
    Құдай менен дінді жауып тастадық.
    Маскүнем боп ұлың түгіл қыздарың,
    Ол аз болса наша шеге бастады.
    Сәл кідіріп ойлаңдаршы әріден,
    Қанша сәби өлді улы дәріден.
    Қыздарымыз үйде отырып жүкті боп,
    Тірі жетім көбейді ғой бәрінен.
    Қайдасыңдар, Азаматым, Арысым,
    Қайда кеткен қасиетті намысың?
    Адам түгіл шырылдаған торғай да,
    Жанын пида етпеуші ме еді бала үшін?!
    Алған кезде бұл тоқырау алқымнан,
    Жұрдай болдық, қайран баба салтыңнан.
    Қасиетті қыздарымның қылығы,
    Арал болып, Балқаш болып сарқылған!
    Миымызға өрмекші тор құрған ба?!
    Көрсоқыр ғып Құдай таза ұрған ба?!
    Қаракөздер, кімге ғашық болдыңдар,
    Өз батырың, өз арысың тұрғанда!
    Намыс қайда, Ұят қайда, Ар қайда?
    Бұның бәрі кеткені ма шалғайда?
    Бұл бетімен кете берсе ұрпағың,
    Шала естілеу, мәңгүрт болып қалмай ма?
    Дұрыс болмай замананың жетегі,
    Еңіреген ердің толды ау етегі.
    Осылардың бәрін қосып ойласам,
    Бас айналып, көз бұлдырап кетеді.
    Қайран елім, сорың енді арылар.
    Күнім туды ағымнан бір жарылар,
    Шыдаушы еңдер, шыдаңдаршы, шырылдап,
    Шындық жайлы айтатыным әлі бар.
    Туған елдің қазынасының бәрін ап,
    Ұрпағымыз кейін немен жарымақ?!
    Полигон боп, Абай, Мұхтар жүрген жер,
    Атом неге тек Семейде жарылад?!
    Бұл сөзімді түсінер-ау есі бар,
    Кімнің қандай ала алмаған өші бар?
    Ел жоқ күн жоқ Тундралар жатқанда,
    Сары алтындай, Сарыөзекте несі бар!
    Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,
    Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға.
    Кімге керек жал мен жая жегенің,
    Бауырларың қылтамақ болып жатқанда!
    Бауырлармыз, Жанымыз бір кемеде,
    Мен ешкімге жүрген жоқпын сене де!
    Лермонтов пен Пушкинді атқан жандарға,
    Абай деген, Семей деген немене?!
    Оқымаған биікте отыр бабамыз,
    Оқыдық қой, неге саяз санамыз?
    Асқынды ғой, асқынды ғой жарамыз,
    Ей, бауырлар, қайда кетіп барамыз?
    Ақмоланың умыттық біз аттарын
    Кереку мен Қызылжар еді мақтаным,
    Орысша боп адам түгіл қалаң да,
    Байқайсың ба, қайда бара жатқанын?
    Қайран далам, өр төсіңе нұр тұнған,
    Қырандайсың қанатыңнан қырқылған.
    Мал өрісің, Аң мен құсың жоқ болды,
    Миллион гектар жырым-жырым жыртылған!
    Асқар тауым, ақыл ойым, қорғаным,
    Есіңді жый, ешкімге жем болмағын.
    Есіл ерлер, ертеңді де ойлаңдар,
    Кімге керек бес күн жақсы болғаның.
    Айтатұғын келді бүгін ақ таңдар,
    Бәрін біреу береді деп жатпаңдар.
    Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей,
    Қайран елім, Бірлігіңді сақтаңдар!

  • @user-il8bi9eg3o
    @user-il8bi9eg3o 3 місяці тому +10

    БССМИЛЛА ҚАЙЫРЛЫ ТҮН БАРШАҢЫЗҒА РАХМЕТ РАХМЕТ АҒАЛАР ДҰРЫС АЙТТЫ ЖӘРӘЙСЫҢЫЗ , АҒС

  • @user-kc8ok8bg9v
    @user-kc8ok8bg9v Рік тому +55

    Мына өлеңді естіп көрген ақындар өз деңгейін көрген шығар.

  • @user-zd2cz7cf8r
    @user-zd2cz7cf8r 7 місяців тому +54

    Қайран өмір -ай! Ортамызда әлі жүрер ме еді! Шымболаттың осы термесін естіген сайын көзіме жас келеді! Жаны жәннатта болсын!

  • @user-kt5hx7dp1b
    @user-kt5hx7dp1b 8 місяців тому +15

    Мектепте ән сабағында айтып бес алып едім марқұм Нуқын ағайдан

  • @user-zy6zz7nw3o
    @user-zy6zz7nw3o Рік тому +9

    Өте дұрыс мағыналы қазіргі ыдырап кеткен еліміздің жыры ғои.Ұлтарқтаи жер де қалмады Өлшенде бір уыс топырағы ыз ең болмаса өз елімізден бұйыртса екен деп тілейміз
    Алла жар болсын

  • @user-ts3ej3fl3h
    @user-ts3ej3fl3h 8 місяців тому +7

    Бұрындада осы қазіргі жағдай екенғой я, Қазақ орыстан ажырамай бұданда бетер жағдай күтіптұр Қазақ мемлекетін

  • @user-gg2zr5yo8y
    @user-gg2zr5yo8y Рік тому +56

    Алла қолдансын!Сәттілік! Бойында сан-қырлы қасиеті бар ШЫНКЕҢНІҢ дарыны қазақ елінің ұл-қвзына дарысын .

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому +4

      Әмин!

    • @I_am.Kazakh707
      @I_am.Kazakh707 Рік тому +3

      Әмин

    • @osikabenov5269
      @osikabenov5269 Рік тому +6

      ШЫНБОЛАТ АҒАМЫЗДАЙ ШЫНДЫҚТЫ АЙТАТЫН АДАМДАР АЗГО СОНАУ ТОҚСАНШЫ ЖЫЛДАРДА АҒАМЫЗДЫ АРАЛ КАЛАСЫН ДА КОРИП КОЛЫН АЛҒАНМЫН

    • @amangulhosai4571
      @amangulhosai4571 Рік тому +4

      КЕРЕМЕТ АЛЛА ЖАР БОЛСЫН

  • @user-qt4vz7gs3o
    @user-qt4vz7gs3o Рік тому +22

    Керемет айтылған🔥🔥🔥

  • @user-hc5hi4nt2e
    @user-hc5hi4nt2e Рік тому +25

    👍👍👍👍👍 Керемет айтылған щындық.

  • @enes_28_7
    @enes_28_7 14 днів тому +2

    Selam olsun Türkiyeden bütün Turan yurtlarına

  • @user-cp6vf2ju9r
    @user-cp6vf2ju9r Рік тому +112

    Осы айтқандары әлі күшінде.
    Қазақ мемлекеті Дүние тұрғанша тұрсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @askaridaaskarida4756
    @askaridaaskarida4756 8 місяців тому +6

    Кереметгой эх кайран заман умыттырып жатыргой осындай азаматтарымызды☝️☝️☝️

  • @user-qf7qb9id8n
    @user-qf7qb9id8n 9 місяців тому +6

    Өте керемет!!! Шынболат ағамыздың осы толғаудағы адал сөздері әлі күнге дейін ақылшы сөздер ғой...

  • @user-nh5fi6dr7y
    @user-nh5fi6dr7y Рік тому +17

    Ассаламу аләйкүм ҚАЗАҚ ЕЛІ ұлтым ҰЙҒЫР Шынболатың айтқаны шынекен. Нағыз Қазақ деп осыны айтайық. Пайпайпайпай аламәт қалтис ейтидекән. Басқа тилні білу керек өз тіліңні унутпа.🌏🇰🇿🌷🌷🌷🌷🌷🥀🥀🥀🥀🥀🌹🌹🌹🌹🌹🌺🌺🌺🌺🌺

  • @user-gq7jy5jp1m
    @user-gq7jy5jp1m Рік тому +6

    👏👏👏👏👏👏👏👏👏

  • @mirsalimmirkurbanov5744
    @mirsalimmirkurbanov5744 3 місяці тому +118

    Өзбек болсамда осы термені күніне тыңдап қоям 😢

    • @Noname-95110
      @Noname-95110 2 місяці тому +7

      Менда озбекпин, казах баурлар менен дардимиз бир

    • @ashymaily
      @ashymaily Місяць тому +2

      Озбек емес қазақпын деп смело журе берси. мұсылманбыз, ата бабамыз бір халық болған

    • @user-rn9ue3km9w
      @user-rn9ue3km9w Місяць тому +1

      Өзбек деген халық қыпшақтан шыққан, сол себепті өзбек емес қыпшақ қазақ бауырым де. Әрине қанымыз бір сол себепті жәніміз ашып, көзге жас келеді

    • @user-hp4sp7ip8s
      @user-hp4sp7ip8s Місяць тому +1

      Даналықпен айтылған ащы шындық бәрімізге ортақ бауырым, біз Өзбек пен Қазақ бір туғанбыз🙏🙏🙏🤝😊❤️😊

  • @user-bz8ty7vx7g
    @user-bz8ty7vx7g 7 місяців тому +11

    қазіргі уақыт қа дәл келеді екен мына терме

    • @arapauly_janai
      @arapauly_janai 3 місяці тому

      30 жылдык жуйеден кейн арине казирге уксайды себеби ештене озгермеген

  • @sweatdreams-W
    @sweatdreams-W 6 місяців тому +8

    Ей бауырлар, қайда кетіп барамыз?!

  • @user-qd1dx1nr1q
    @user-qd1dx1nr1q Рік тому +20

    Өте керемет

  • @user-ki1gw3bi6x
    @user-ki1gw3bi6x 4 місяці тому +9

    Мықты орындау жаттадық қои сол кезде ұлы да қызы да👍🔥🔥🔥👏👏👏қазір ұлыма аитып жүрмін жаттап алшы деп .Шынболат деген Атаң аитқан деп .Шынболат а аитқанын тыңдатқым келіп жүр еді жақсы болды ❤қазір әртүрлі аитып жүр..Ұлым үшінші сыныпта оқиды Абаи атасының бір өлеңін жаттап алған ұмвтпа өмір боиы керек деп аитқыза бергем ғои " Ғылым таппай мақтанба"деген енді тағы бір "Сөйле тілім алаңдама тартынба "деген өлеңді жаттап алса деп жүрмін😊

  • @aktilek_zharkyn
    @aktilek_zharkyn 7 місяців тому +10

    😢😢 осы өлеңді талай естіген едім бірақ осы кісіден алғаш естігендей болып қалдым

  • @user-vn9sq5qq4q
    @user-vn9sq5qq4q Рік тому +106

    Еститін құлақ болса түсінетін мый болса қабылдайтын жүрек болса аитудай аиткан екнсің аиналайын

  • @user-zi1fo5bt7u
    @user-zi1fo5bt7u Рік тому +14

    Керемет айтылған толғау

  • @dosai5094
    @dosai5094 8 місяців тому +30

    Нағыз Жырау екен ағамыз! Қосып алары жоқ, нағыз шындық... Осыны айтып елге ойландырар ой салдырған марқұм Ағамыздың жаны жанатта болсын!

  • @user-gj6cz5qx7f
    @user-gj6cz5qx7f Рік тому +32

    Өзіңізсіз Шындығыңыз шырылдап қалдау, Алла жәннәттан жай берсін. 🤲 әмин

  • @romanaman111
    @romanaman111 7 місяців тому +5

    Өте мағыналы, біздің ең үлкен мәселелеріміз айтылған

  • @serikakytan9843
    @serikakytan9843 9 місяців тому +8

    Осыны естіи тұра ,өз тілін білмеимін,кеңес деитін жіиіркенішті кезді аңсаитын мәнгүріттер оилансағои .

  • @user-rz7yx8ro7r
    @user-rz7yx8ro7r Рік тому +9

    👍👍👍

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому

      Рақмет🤗

    • @user-cu1oo4mn4w
      @user-cu1oo4mn4w Рік тому +1

      @@shynbolatdildebayev шымболат агамыз омырге быр рет келетын азамат

  • @user-jc2lm7sj1s
    @user-jc2lm7sj1s Рік тому +7

    Иманды болсын

  • @kyzyljebe-kl9hi
    @kyzyljebe-kl9hi Рік тому +7

    Керемет толғау, толқисыңғой толқисың

  • @user-cw4mb8cc9y
    @user-cw4mb8cc9y Місяць тому +2

    Мыкты айтылган екен

  • @ernurOmirserik-dz8ys
    @ernurOmirserik-dz8ys 11 місяців тому +9

    Беу шіркін қазақтың біртуар азаматы ғой

  • @user-mi6ur2ij9e
    @user-mi6ur2ij9e Рік тому +16

    Керемет👍

  • @user-nq8px9fp7k
    @user-nq8px9fp7k Рік тому +6

    Ұрпақ аман болғам жастарым тыңдаңдар бұл өсиет қои сенжерге

  • @user-cb1qf3nu9g
    @user-cb1qf3nu9g Рік тому +8

    Не деген керемет шындық!!!!!

  • @user-ds9kj9jg3m
    @user-ds9kj9jg3m Рік тому +12

    .. Еш жерден көрсетпей елеусіз қалып бара жатқан. Шынболат ақынды халықтың алдына алып шыққаныңз үшін рахмет .. Шынболат ақын ұрпақтан ұрпаққа ғасырдан ғасырға жалғаса беретін үлкен тұлға

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому

      Алла разы болсын сізге! МІНДЕТТІ түрде каналға ТІРКЕЛІП, жан-жақты таратсаңыз керемет болар еді.

  • @user-iy8nf4hl3x
    @user-iy8nf4hl3x 9 місяців тому +10

    Жарайсың

  • @iemb56
    @iemb56 Місяць тому +4

    Пах шіркін. Жүректі дір еткізген жыр болды

  • @user-ez6qy7cm4x
    @user-ez6qy7cm4x Рік тому +13

    Керемет айтылған

  • @hadiwaaydjanova5350
    @hadiwaaydjanova5350 9 місяців тому +7

    Өте керемет терме! Бәрі дұрыс айтылған. 👍👍👍👍❤❤❤

  • @user-td6hk9em6h
    @user-td6hk9em6h 6 місяців тому +4

    Біздін бейліктегі ағаларымыздын таңы осы толғаумен басталу керек🇰🇿🔥

  • @user-qf2ne9ec7w
    @user-qf2ne9ec7w 5 місяців тому +1

    Керемет жыр толгау нагыз шындык айтылган .

  • @user-ks8gg2hj1t
    @user-ks8gg2hj1t 7 місяців тому +35

    ОҚЫМАҒАН АТА БАБАМЫЗ біздерден МЫҢ есе ақылды да артық

    • @sktvins
      @sktvins 2 місяці тому

      Сол оқыған аталарың, оқымаған ата бабаларыңа жеткізе алмай жатыр

  • @user-hi4rx9if9h
    @user-hi4rx9if9h 7 місяців тому +45

    Мен 15 те болсамда осындай толғаулардан Рахат аламын!

    • @wwsgein
      @wwsgein 4 місяці тому

      менде бармын

    • @ondasynaishuak5391
      @ondasynaishuak5391 Місяць тому +1

      оның несі рахат жылап тұрғанда

    • @user-pc2rf2qy4p
      @user-pc2rf2qy4p Місяць тому +1

      Көбісі түсінбиді

    • @mrfenics5601
      @mrfenics5601 Місяць тому

      сен красавчиксынго

  • @user-ic2ul5fl3n
    @user-ic2ul5fl3n 6 місяців тому +12

    Шындыкты шырылдатып аитып кетиптигои келешек урпака

  • @user-ri8nx2mm5d
    @user-ri8nx2mm5d Рік тому +11

    Керемет

  • @abatbaybekimbetov1530
    @abatbaybekimbetov1530 Рік тому +12

    Керемет айтылған екен енді резултаты болғай

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому

      Иә!!!

    • @altyalash7114
      @altyalash7114 Рік тому +1

      Ой жаным-ау , бұл толғау отыз жылды асырды ғой, тура бүгін жазылған сияқты, еш өзгеріс жоқ....😢

  • @user-kb4nf3bl7c
    @user-kb4nf3bl7c 7 місяців тому +5

    Күшті

  • @kazakhstanfansbvb0963
    @kazakhstanfansbvb0963 9 місяців тому +6

    Бугинги куннин откир маселеси, Шынболат ага калай билип айткан

  • @user-zz8qt1eu3m
    @user-zz8qt1eu3m Рік тому +17

    Құдай үшін осы кездесудің толық нұсқасын интернетке салсаңдаршы.

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому +1

      Алла қаласа алдағы уақытта салынады. Каналға тіркеліп, қоңыраушаны бассаңыздар, бірінші болып көресіздер)

    • @I_am.Kazakh707
      @I_am.Kazakh707 Рік тому +1

      @@shynbolatdildebayev жазылдым, қоңыраушаны бастым

    • @user-gg2zr5yo8y
      @user-gg2zr5yo8y Рік тому

      Сізге рахмет! ШЫНКЕҢНІҢ терме жырларын мен бейне таспалары жариялатын болады. Таныстарыңызға өария ардагер заиандастарына да тарата беріңіз

  • @bacytzhan
    @bacytzhan 4 місяці тому +6

    Қазақ қасқыр тектес халыкпыз
    Жігіттерімз намысты
    Кыздарымз кылыкты

    • @JTE021Controler
      @JTE021Controler 4 місяці тому

      Баягыда аталарымыз болган шыгар,казир кырткан соз намыста дым калмад

  • @aserlishagirova7301
    @aserlishagirova7301 Рік тому +33

    Жаныңыз жәнәтта болсын!👏👏

  • @user-wd2ff4fh4t
    @user-wd2ff4fh4t Рік тому +13

    Әп бәрекелді аға, Аллаһ разы болсың сіздерге

  • @Zanger_kz01
    @Zanger_kz01 8 місяців тому +5

    Бұдан артық ешкім жеткізіп айталмас ау, рахмет! Алла рахымына бөлесін!!!😢

  • @fortsfs
    @fortsfs Рік тому +6

    Кушти

  • @missinabat562
    @missinabat562 Рік тому +8

    1990 жылды қарсы алған Жаңа жылда айтылды осымен бірге ламбада алғаш рет айтылып билеп шықты Қазақстан арнасында

  • @alexcross10891
    @alexcross10891 Рік тому +9

    Керемет🔥💯

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  Рік тому +2

      Рақмет! Каналға тіркеліп, басқа адамдармен бөліссеңіздер

  • @user-wk1wg2gd7h
    @user-wk1wg2gd7h 4 місяці тому +2

    Керемет! Шынболат ағамыздың осы термесін бала күнімізден естіп өстік. Ұмытпасам, тіпті біздің ауылға да келді-ау деймін. Ол кезде баламыз ғой

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  4 місяці тому

      Рақмеет !!! Алла разы болсын пікіріңізге!

  • @missinabat562
    @missinabat562 Рік тому +4

    Қазақстан арнасында 1990 жылдың Жаңа жылын қарсы алғанда айтылды сонымен қоса Ламбада биі әнімен қоса айтылып шықты

  • @user-ex2op1kw9h
    @user-ex2op1kw9h 7 місяців тому +3

    Керемет толғау. 🎉🎉🎉

  • @dosaev227
    @dosaev227 8 місяців тому +3

    🔥🔥🔥🔥

  • @user-zn9bm8tw8e
    @user-zn9bm8tw8e 11 місяців тому +8

    Мықты-мықты АЛЛАҺ РАЗЫ БОЛСЫН!!!

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  11 місяців тому +1

      Сізге де Алла разы болсын

    • @shynbolatdildebayev
      @shynbolatdildebayev  11 місяців тому +1

      Каналға тіркеліп, туыс-туғандармен канал туралы бөліссеңіз нұр үстіне нұр болар еді

  • @Bakut_Mamyrov
    @Bakut_Mamyrov Рік тому +4

    ❤❤❤

  • @user-hu7xs6ij4o
    @user-hu7xs6ij4o 2 місяці тому +1

    Рахмет саган казагим

  • @kadesoralgazin5177
    @kadesoralgazin5177 Рік тому +4

    👍👍👍👍👍👍

  • @user-we2vm4kb4s
    @user-we2vm4kb4s 10 місяців тому +4

    Рақмет

  • @azamatjanatuly6684
    @azamatjanatuly6684 7 місяців тому +4

    Не деген қатты сөздері