САЙЫН МҰРАТБЕКОВ ЖАБАЙЫ АЛМА

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 чер 2021
  • Жазушы Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» (1972) повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.
    «Тау бөктері тұтасқан жабайы алма болатын.Соғыс жылдары біз, жас балалар, қалың бөргезге қол-аяғымызды қызыл-ала жоса ғып жырғызып, ұзақты күнге алмадан алма таңдап,сол бөктерде тентіреп жүруші едік» деп басталғаннан, оқырманды бірден өзіне баурап алады.
    Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.
    Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы, жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі. Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген.
    Осы шығарманы оқығандар болса пікір қалдырып, ой бөлісіңіздер, ал әлі оқымағандарға оқуларыңызға кеңес береміз.

КОМЕНТАРІ • 8

  • @user-fi3pn5dm3m
    @user-fi3pn5dm3m 3 роки тому +2

    өте жақсы кітап екен👍🏻

  • @user-fi3pn5dm3m
    @user-fi3pn5dm3m 3 роки тому +1

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-fi3pn5dm3m
    @user-fi3pn5dm3m 3 роки тому +1

    керемет

  • @madinaamirova3401
    @madinaamirova3401 3 роки тому +1

    Өте керемет!
    Жарайсың алға баса бер,жұмысыңның жемісін көр😍

  • @user-tk4zw7nx9h
    @user-tk4zw7nx9h 2 роки тому

    Осы кітапты оқып бастап едім. Жаксы жалпы, кеңес берем али окымагандарга

  • @user-wj1mi6od7v
    @user-wj1mi6od7v 2 роки тому

    💭💫💫💫💫🥰💋💋