“ҚЫЗДЫҢ ПОРТРЕТІН ЖАСАУ” КЕҢЕС ШАЙ | ПРАКТИКАЛЫҚ ПОДКАСТ | АҚАН МЕРГЕМБАЙ | ОТБАСЫ ӘЛЕМІ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024

КОМЕНТАРІ • 80

  • @Perizat.akberdi
    @Perizat.akberdi 4 місяці тому +11

    Ақан мырзаның МХМ, мысалыға дегенімғой дегендері өтеді ше😂😂😂🔥🔥🔥🔥🔥

  • @dana_daurenqyzy
    @dana_daurenqyzy 4 місяці тому +28

    Жігіттердің арасында бірінші өзіне келіншек, қабырға емес, үйіне служанка, ата-анасына келін іздейтіні өкінішті😢
    Қыздан тек ала беру, жұмсау, қызметін алу, еркіндігін тартып алу - өзін жоғалтуына алып келеді…
    Ал жігіт, ер азамат ретінде келіншегінің көңіліне медет болу, қамқор болу жағы ескерілмей қалған сияқты шеткі екі жігітте…

  • @missakhmetovna
    @missakhmetovna 4 місяці тому +18

    Өз басым өте тазайынмын,бірақ мұндай нәрсені талап ретінде маған қойса әрі қарай таныспаушы едім...)

  • @ZHANERKE_STORY
    @ZHANERKE_STORY 4 місяці тому +11

    «Жұрттың көңілінен шығу керек» дегендерінен-ақ ұнамай қалды. Үнемі жұртқа жағуға тырысу - самооценкасы төмен, бақытсыз қыздың белгісі

  • @zhazira_k
    @zhazira_k 4 місяці тому +8

    Келесі жолы келетің құрметті бауырлар! Артық білімді ысырып, тек сұрақпен жауап іздеп келсеніздер. Көп білсеніз өте жақсы, жаман демейміз бірақ, бұл жердің негізгі фокусы Ақан Ұстаз. Ұстаз сіздердің сұрақ арқылы жалпы көрермендерге жауап береді соңы ұмытпайық!

  • @ZHANERKE_STORY
    @ZHANERKE_STORY 4 місяці тому +6

    Біреуінің айтуы бойынша: «Шымкенттікпін. Әйелім таңғы 7-де завтрак дайындап бастап, кешке үйдің барлық жұмысын бітіріп барып демалсын» дейді. Мұндай жұмысы бар служанка шаршағаннан сіздің еркектік мұқтаждығыңызды қалай өтесін?😂 Ал ондай жағдайда әйел мен ердің арасы сүйіспеншілікпен емес «міндеттермен» толығады

  • @NaziraAbzelbek
    @NaziraAbzelbek 4 місяці тому +13

    Алиханға айтарым : әйел емес робот ала салсыншы , күйеуге шығуға емес құдды бір армияға бара жатқандай оның үстіне төркінімен араласуы азайсын дейді мыс … қандай ессіз перзент отбасын ұмытар?
    ондайға көзі ашық , көкірегі ояу қыз көне қоймас деп ойлаймын, қатты айтсам ренжімессіз…)

    • @tanatarb3517
      @tanatarb3517 4 місяці тому

      Отбасын ұмыт деп жатқан жоққой, тек араласуы азайса дейді. Ал қалған көп айтылған сипаттамалары нақты емес, оған келісеемін!

  • @Nazzz45566
    @Nazzz45566 3 місяці тому +2

    Әйел адам робот емес қой.Оның да сезімдері өзін жайсыз сезінетін,шаршайтын кездері болады.Әйел -ер адамға тыныштық сыйлау үшін.Ал тыныштықты тек өміріне көңілі толатын бақытты әйел ғана бере алады.Азаннан кешке дейін бытовухада жүріп,адамдардың көңіліне қарап жүрген әйелдің жүрегі қайдан тыныш болсын.

  • @SANASAR86
    @SANASAR86 4 місяці тому +6

    Субханаллах, мен бұдан бір нәрсе түсіндім, ұлдарыма құл, служанка емес, өмірлік серік алыңдар деп ақыл айтып отырам ❤

  • @Кунсулудани
    @Кунсулудани 2 місяці тому +1

    Неге көзі отты, жүзі нұрлы, өзіне сенімді жігіттерді шақырмасқа ? Өзі қойған талабқа сәйкес жігіт болса деймін

  • @ainurmzh4063
    @ainurmzh4063 4 місяці тому +9

    😂😂😂😂😂 негізі в шоке от запросов😂 Алла нәсіп етсін енді 🤲🤲🤲 менің түсінгенім жгіттер мүлдем проблема шешкісі келмейді ау 😂😂😂😂😂әйел адам ер адамнан күрделірек жаратылған ау

  • @almasssalmass8266
    @almasssalmass8266 4 місяці тому +12

    Мяяя мына бірінші сөйлеген жігіт езеді екен енді базар жоқ. Өмірді қиындатыыыып жібередіғо. Әңгімені былай айналдырып ары айналдырып таудан өзеннен өткізіп әкеледі екен базар жоқ. Нақты нақты базар жоқ айт келтіріп мысалдармен но мында отырыпиалып ақыл үйретіп кеткен қалай кетті. Внимание керек ау негізі. Ақылды деп ойласын деп күрделіі қылып айту сәннен қалған. Өмірді жеңілдету керек и так қиын.

    • @ainurmzh4063
      @ainurmzh4063 4 місяці тому +1

      😂😂😂😂честно, в шоке от запросов 😂😂😂😂😂

    • @Perizat.akberdi
      @Perizat.akberdi 4 місяці тому

      Точно😂😂😂😂

  • @nazokay
    @nazokay 4 місяці тому +12

    1ші жігіт Төребек ағайдың шәкірті ғой дейм😅

    • @gukamoon
      @gukamoon 4 місяці тому

      Походу 😂 Төребектен аулақ

  • @АрдакШоканова-ч4г
    @АрдакШоканова-ч4г 4 місяці тому +6

    Бул жигиттер Озине айел издеп турма? Или Халыкка айел издеп турма?
    Мени суиетин жар издеимин
    Дегенди естимедим

  • @y.kurmangaliyev96
    @y.kurmangaliyev96 4 місяці тому +10

    Жақсы роботтар бар қытайда 😂

  • @dealace2393
    @dealace2393 4 місяці тому +7

    19 жастағы балаға өзі емес басқа біреулер қарайтын, айтатын және еркектік мінезі бар жауапкершілікті алатын қыз керек екен, ол жүреді әйеліне бәрін табыстап қойып.
    26 жастағы балаға оптом 4 әйел алу керек: біріншісі өзіне, екіншісі әке-шешесіне, үшіншісі ұстазы болатын, төртіншісі бала шағасын қарайтын. Бәрінде 1 мінез болу керек оны ым мен түсінетін, себебі ол түсіндіріп бітемін дегенше әжептеуір уақыт өтеді екен.

  • @ШынарКаби
    @ШынарКаби 4 місяці тому +5

    Бірінші жігіт четкий екен. Сөзіне нық нық запросыда нақты. Алла тілеуіңді берсін. Өзіңде лайықты болуды нәсіп етсін. Сөзіңнен ісің арық болып қалмаса екен.

  • @nazokay
    @nazokay 4 місяці тому +5

    Отбасы әлемі, ерлі-зайыптылар туралы подкаст болса да, сол отбасын берік ұстайтын “махаббат” , “сезім” туралы ештеңе айтылмады. 🚩

    • @КемалНуриддин
      @КемалНуриддин 3 місяці тому

      Отбасын ұстап тұратын сезім емес жылулық қарым қатынас мейірімділік па деп оилаимын, иә сезім ол маңызды бірақ басты критерий емес сияқты себебі ол нәрсе көбіне эмоцияға байлаулы ғой Ал ол тұрақты емес)жеке ойым

  • @НурсулуЖармаганбетова

    Жігіттер өз пікірлерін білдірді го,бірақ қыз балаға тиым салган нәрседен өздері бас тарта алатындай айтады екен,алдымен өздері сондай қызға лайық болу үшін жұмыстансын,дамып,оқысын,қызға анау жасатпайм,мынау болмайды дегенше,қыз да біреудің перзенті,куйеуге тиді екен деп оның да өмірлік ұстанымдарын жоққа шығармау керек,уйінде әйел бақытты болса,отбасы бақытты, бірақ мына жігіттердің шектеуімен бақытты өз ойын ашық айта алатын еркін отбасының улгісін жасау қиын,өздерің сай болганда сондай жар кездеседі деп ойлаймын, сыйластығы жогары отбасын құруга тілекшімін!

  • @olkz9435
    @olkz9435 4 місяці тому +2

    Ақан аға 20, 21 дегі әлі оқып жүрген бала емес ақылы пісіп жетілген реалды жігітті қонаққа шақырсаңыз болама сәл сапасын көтеріңкіреп.

  • @КамшатКойбагарова-и3б
    @КамшатКойбагарова-и3б 3 місяці тому +1

    Кепкадағы жігітке жетім қыз алу керек , қатты айтсам кешірім сұраймын, төркінмен көп араласпау деген не ол?! Аллаһ :әйелдерің, бала - шағаларыңды сынақ , деген ғой . Айдан қарап көру керек қой Алла ай ?! Жылайын ба күлейін ба ?!

  • @ZHANERKE_STORY
    @ZHANERKE_STORY 4 місяці тому +2

    Дұрыс болды осы бағдарламаны ашқандарыңыз! Білім мен ой керек жігіттерге, әйтпесе көп нәрсенің байыбына бара бермейді 80% жігіттер

  • @SweetPipin
    @SweetPipin 4 місяці тому +13

    Сонда қыздың хоббиінен келген ақшаны қалай садақаға жұмсайсыз😂 оны қыздың өзі шешеді ғой негізі

    • @tanatarb3517
      @tanatarb3517 4 місяці тому

      Иә, әрине қыздың өзі шешеді, бірақ кәсіптен тапқан ақшасын еріне әкеліп беретін жағдайларда болады

  • @КамшатКойбагарова-и3б
    @КамшатКойбагарова-и3б 3 місяці тому +2

    Ма шаа Аллаһ , жігіттер талаптарың керемет екен 😂 сіздерге көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, тілі жоқ қыздар керек қой ! Әке - шешені разы қылу ол әркімнің өз әке - шешесіне айтылған. Жігіттердің айтып отырғандары жақсы әрине , бірақ, қатып қалған қағида жоқ, басыңа түссе баспақ боласын! Ата - ене қанша төселсең де қызындай көрмейді , ол ақиқат ! Келін ба келін қалай бар солай қабылдау керек әркім бір - бірін , екі жастың арасында ғана емес жалпы үлкен отбасында!

  • @Perizat.akberdi
    @Perizat.akberdi 4 місяці тому +3

    Ведущщий ағаны жайдарманнан білемғой, ең жақсы таңдау сол кісі мына жігіттердің ішінде🔥

  • @Dumanken
    @Dumanken 4 місяці тому +2

    Қыртыған жігіттер😁

  • @АруМакаш
    @АруМакаш 4 місяці тому +2

    Ужас кара футболкадагы бала озыне коп алады екен айел емес служанка издеп отырго
    Озы сондай айелге лайык па екен?!

  • @zhazira_k
    @zhazira_k 4 місяці тому +5

    Ақан Ұстаз әдеттегідей топ👏 Осылай ер адамдарды дамыту керек!

    • @user88_5
      @user88_5 4 місяці тому +1

      Ия керек кезінде қисық жерлерін түзетіп алды)))

    • @zhazira_k
      @zhazira_k 4 місяці тому

      ​@@user88_5 Иа көркем түрде жеткізеді.

  • @user-369muslim
    @user-369muslim 3 місяці тому +1

    Жигиттердин оздери кандай екенин билмеймин,бирак кызга коятын талаптары тым завышенный сиякты,"ата-ене кабагына карап тусину,орамалда болуы,куранга тусуи,шалбар кимеуи,жумыс жасамайтын тагысын тагы" мынау артык кой шынымен жигиттер,сиздердикине караганда кыздардын талаптары кыска нуска база сиякты.Арбиринизге хайырлы жар тиледим!

  • @Aidanatb
    @Aidanatb 3 місяці тому +1

    Акан ага, келеси подкастта кыз балаларды шакырсаныз. Кыз балалардын ойын билгим келип отыр😍

  • @erkebulanjbajdulaev
    @erkebulanjbajdulaev 3 місяці тому +1

    Жігіттер жарайсыңдар!
    Алла салиқалы жар нәсіп етсін🤲
    Байқағаным ниеттерің түзу, қыз баласының бойында табылуы тиіс дүниелерді тілге тиек еттіңдер, нәзік жандыларды қиндыққа салмай, өзге бөтен көзден қорғағыларың, жаман әдеттерден сақтағыларың келеді. Асылы жігіттер өздерің осылай түзу болып жүрсеңдер, Алла нәсіп етсе салиқалы жар нәсіп етер. Айтылған дүниелерде қыз баласы қор болады деген ұғым жоқ түсінгенім. Өзгелер дұрыс түсінбеседе, бастысы өздерің түзу болыңдар, қалғанын Аллаға тапсырыңдар!

  • @tanatarb3517
    @tanatarb3517 4 місяці тому +3

    Конкретность бар екен Омарда. Ал екі кісіге кейде бір жауапты алу үшін 7-8 сұрақ қойылған жағдайлар болдыыы

    • @marlenyelamanalekaabzal
      @marlenyelamanalekaabzal 4 місяці тому

      Омар дастойни бала, кросавчик не на мен дики Данияр дарабоз, әәәә дәкәнсәә дәкәнсәәә

  • @Ai-suly
    @Ai-suly 3 місяці тому +1

    Мә Шәә Аллаһ! Алла разы болсын! Үлкен Рақмет. Осындай құнды, қазір өте маңызды біліміңізбен бөліскеніңізге

  • @dianavendetta6877
    @dianavendetta6877 4 місяці тому +2

    Болашакта, буйыртса, уйленып кызды боласа, озынын кызын сурап келген жыгыттын талаптары осылай болганын калайды екенба?

  • @Arna_zher_ui_satu
    @Arna_zher_ui_satu 4 місяці тому +1

    Бірінші жігітті көріп риза болып отырмын нағыз үйленуге дайын ер жігіттей. Алла анығын білуші. Алла тілеуін беріп. Ойындағы қызды нәсіп етсін бақытты ғұмыр кешсін. Қалған екі бала әлі өспеген кішкентай бала сияқты е сөзі нақты емес е ойы нақты емес. Баршасы ниеттеріне жетсін. Тілеулеспіз.

  • @Aknur_daulet
    @Aknur_daulet 4 місяці тому +5

    1 ші жігіт сондай керемет сипаттап берді. ИншаАлла сол тапсырыстарыңыз орындалсын!

  • @Aaaaaaavt
    @Aaaaaaavt Місяць тому

    Қонақтарға әлі де ойланып, өздеріне не керек екенін түсініп, әлі де жүру (есею) керек сияқты біраз. Өздеріне емес, үй-ішіне, қоғамына әйел іздеп жатқан сияқты: ‘жұрт мақтау керек’, ‘ол қыз туралы анау былай, мынау былай айту керек’ деп біреудің сөзіне тәуелді өмір сүріп жүр. Адамдардың ойлары күнде өзгереді, бүгін бір қыз ұнап, ертең сол ‘жұрт’ өзіне бір нәрсе ұнамай қалғанда ‘ол қыз жамаан’ деп айтса сол жұртқа еріп, өзіне аманат етіп алған қызды тастап кететін секілді “өте жеңіл” естіледі сөздері.
    Ешкім ешкімге ұнауға міндетті емес, главно әйелі мен күйеуі бір команда болса, екеуі бір-біріне ұнаса болды, ал басқа адамдар (жұрт) бүгін бар, ертең жоқ.
    Ақан мырзаға рахмет, қонақтардың ойларын жеткізу үшін сұрақтар қойып, ақылымен бөлісіп отырған

    • @Aaaaaaavt
      @Aaaaaaavt Місяць тому

      ‘Күйеудің разылығы’ дегенді де дұрыс түсіну керек сияқты. Ол дініміздегі қағидаларға, қызға өзінің денсаулығына, принциптеріне зияны болмайтын жағдайларда ғана айтылады. Қонақтар айтып отырғандай күні бойы жігіттің үйіне келген қонақтарын күтсе, жігіттің ата-анасына қызмет етсе, таңнан тұрып, кешке талып келіп құлап жатса, одан қалды жұптардың бірге өткізетін уақытына энергиясы қалмай жатса, оған ‘разы болмаймын саған’ деп қызды одан әрі сындырасыздар)))
      Кішкене жарларыңыздың жағдайына кіруді де ойлау керек сияқты) тек алуды ғана емес, беруді де ойлап, бір күні үйін жинауға көмектесіп, бір күні шаңын сүртуге көмектесіп, үй шаруасына қарайласып тұрса, ол қыз да көңілі көтеріліп, шаршағанын сәл де болса ұмытар ма едііі дейм да

    • @Aaaaaaavt
      @Aaaaaaavt Місяць тому

      (Жігіт ата-анасымен бірге тұру керек те, бірақ қыз ата-анасымен араласпау, сөйлеспеу керек, яғни жігіт бөлек тұрғысы келмейді еще қыз өз үйінен бөлек кетуі керек, өзінің әке-шешесін ұмыту керек. Ол қыздың енді ата-анасы - ‘ата-енесі’ болуы керек. Өз ата-анасының емес, жігіттің ата-анасының разылығын алу)
      Тиіп кетсе кешіріңіздер бірақ бұл слишком артық!

  • @aytkulkobeisinova607
    @aytkulkobeisinova607 4 місяці тому +1

    Ақан мырза қыздармен осындай подкаст жасап жатсаңыз мені шақырыңызшы

  • @Erlan9693
    @Erlan9693 4 місяці тому +3

    АСЫҒА КҮТТІК АҚАН АҒА ШАРШАМАҢЫЗ

  • @aytkulkobeisinova607
    @aytkulkobeisinova607 4 місяці тому +2

    Омар мырза типті ер адамға тұрмысқа шыққым келеді🤭

  • @باقداوليتبنقالدان
    @باقداوليتبنقالدان 4 місяці тому +1

    Алла жеңілдік, сәттілік беріп аман-есен хайырлы жарларыңды табындар бауырлар, іздену өте орынды, Ақан ұстазымызға Алла разы болсын, керемет әртүрлі ой, әртүрлі өзгеріс, сан алуандылық✊️✊️✊️

  • @Ai-suly
    @Ai-suly 3 місяці тому

    2 кезеңге арналған подкастты күтіп жүрмін

  • @adissem
    @adissem 4 місяці тому +3

    Әлем менің айнам деген біздің ақидада жоқ, психолог коучтардан емес, ілім алған ұстаздардан білімді ізденіп, алсаңыздар екен.

    • @Про100_Я
      @Про100_Я 4 місяці тому

      Әлем менің айнам деген рас. Бұл өмір заңдылығы. Бір адамның қандай да бір қасиеті ұнамаса, сондай қасиет дәл өзімізді де бар. Бірақ оны байқамаймыз, мойындағымыз келмейді. Бірақ өмір бізге дәл сондай қасиеті бар адамдарды кездестіре береді. Қабылдап үйрену үшін. Себебі ... адамдардың жаратылысы бір ❤

    • @user-no-name12
      @user-no-name12 4 місяці тому +1

      Бірақ барлық кезде айна бола бермейді

  • @user88_5
    @user88_5 4 місяці тому

    2:12:52 аяқ киімін өзі сүрте алмайтын хәлде емес шығар ?! Сосын көлік жуу дедіма, мәә күлкім келіп тұр,кешіріңіздер

  • @ОмарБайтурганов
    @ОмарБайтурганов 4 місяці тому +1

    Кепка киіп отыра салу керек екен😅

  • @БексултанТилеуберди-е3ы

    Мені шақырасыз ау Ақан аға😅 біраз әңгіме айта алады екенбіз

  • @nurislamseiitbayev
    @nurislamseiitbayev 4 місяці тому

    МашАлла подкасттың жаңа форматы өте керемет!!! Жігіттер де тақырыпты өте жақсы аша алды. Пайдалы болды!

  • @raimbeknazarkhan
    @raimbeknazarkhan 4 місяці тому

    Өте керемет пайдалы ақпарат болды Алла разы болсын сіздерге Дами беріңіздер❤

  • @Dr.Khaldarbekovna
    @Dr.Khaldarbekovna 4 місяці тому

    Әдеміі, Подкаст болды Ақан аға, Алла разы болсын сізден,🌸

  • @nurgullyaashambaeva6000
    @nurgullyaashambaeva6000 4 місяці тому

    Наконец-то новый подкаст ! 🥹🥹🥹

  • @Kuarerasyl
    @Kuarerasyl 3 місяці тому

    Неге қыздарды шақырмайсыздар?

    • @akanmergembai
      @akanmergembai  3 місяці тому +1

      Отбасының дұрыс болуы көп жағдайда жігіттерге байланысты деп санаймыз. Сол үшін жауапкершілік алғысы келетін жігіттерге осы подкастар көмекші болса екен дейміз.

  • @АҚӘДІЛСЕҢГІРБАЙ-б7ц
    @АҚӘДІЛСЕҢГІРБАЙ-б7ц 4 місяці тому

    👍👍👍

  • @НазеркеЖолдас-в5в
    @НазеркеЖолдас-в5в 4 місяці тому +2

    Ақан аға, сізге Аллаһ разы болсын,подкастты асыға күттім🙂берекесін берсін, сіз арқылы біраз нәрселерге көзім ашылды

    • @akanmergembai
      @akanmergembai  4 місяці тому +1

      Баршамызға Алла разы болсын! Тамаша, қуаныштымын. Пайдаңызға жарасын!