Медеу Арынбаев: Балалар орнын тапқан соң, сыңарымды іздеймін

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 11 вер 2024
  • Медеу Арынбаев -“Алтын адам”! Иә, әнші бұл статусқа сонау 2002жылы иеленді. Тоқырау кезінде қазақ эстрадасына үлкен үлес қосқаны үшін алған еді. Расымен, өнерпаз алтын десе, алтын. Өнерін “Гүлдер” ансамбілінен бастап, АБК тобымен жалғады. Оның зор дауысы бүкіл қазақ жұртын тамсандырды. Түркістаннан шыққан дүлдүлдің небір атағы, марапаты болса да, кеуде соғып “жұлдыз” ауруына шалдықпады. Бұл әншінің өнерін саудаламағаны. Бұлдамағаны деп білеміз. Бүгінде жұлдыздар арасында махаббатқа адал, берік азамат деп біледі ел. Өйткені, жұбайынан ерте айырылған Медеу Арынбаев әлі күнге дейін сүйіктісін ардақтап, үйленбеген. Оған тең келер жар таппады. Екі баласына өнегелі әке. Қамқоршы. “Ұрпақ” подкасында жалғызбасты әкенің жан сыры. Ұрпақ тәрбиелеудегі әкенің балалары үшін ана да, әке де болған рөлін тарқатамыз!
    Жоба серіктесі @FreedomFinanceBankKazakhstan
    03:40 Мектеп ітіргеніме 40 жыл.
    05:15 Отыз жылдай көрмеген класстастарым бар.
    06:45 Әкем қатал адам болды. Бірақ, маған еркіндік берді.
    07:50 Менің балам ешкімнен ештеңе ұрламайды деп, әкем ұрысқан.
    10:48 Отбасында төрт баламыз. Мен тұңғышымын.
    14:10 Екінші сыныптан домбыра шертіп өстім.
    14:42 Көрші ауылдың балаларынан жеңілмегенмін төбелестен.
    15:50 Ата-анамның үмітін ақтап жүрмін.
    16:20 Толық атым Медеубек.
    16:40 8-сыныптан тойда табыс таба бастадым.
    17:56 10-мыныпта апта сайын 50 сом тауып тұрдым.
    18:22 Мен өзімше, кекірейіп, жұлдыз болып кеткенмін.
    20:10 Ер жігіттің әйел жандылығын ауыл адамдары ұнатпайды.
    20:30 Анам туберкулезбен ауырды.
    21:01 Анамызды 2 айда бір рет көретінбіз.
    22:20 Анам мен әкемнің арасы 10-15 жыл айырмашылығы бар.
    22:45 Әкем анама жанашырлықпен қарады.
    23:00 Әкем жетімшілікті көрген. Қай жылы туғанын білмейді.
    24:10 Ол кісілердің туған күнін тойламағанбыз.
    25:00 Ата-анамның сыйластығы күшті болды.
    26:00 Әкем жалтақтап өскен.
    27:00 Анам байдың қызы болды.
    28:20 Әкемнің білімдар болғаны септігін тигізді.
    31:20 Әр кезеңнің тәрбиесі өзгереді.
    32:45 Соғыстың салдары есімде. Аталарымыздың қолы, аяғы жоқ болды.
    35:00 Математика, химия, физикадан әкем есеп шығарып беретін.
    37:40 Әкемнің алдында өзімді кешірмеймін. Әрігерге қаратпадым.
    38:40 Біздің әулетте «аман болсаң болды» деген сөздің ішіне бәрі сыйды.
    39:50 Көз алдымызда үлкен дертке айналды. Айналдырған 1-2 жылда.
    40:43 Аяулы анаммен әбден сырлас болдық.
    41:40 Әкемнің қарапайымдылығы бізге дарыды.
    44:30 Маған өнер нағашыдан келді.
    45:50 Бөлелеріммен домбыра тартып жарысып өстік.
    47:20 Әкемнің дауысы Ескендір ағамның дауысына, анамның Бибігүл апамыздың дауысына ұқсайды.
    50:50 Марқұм әйелімен танысу сәті.
    52:30 Скрипкашы 50 қыздың ішінен көзім бірден түсті.
    55:25 Айгүл биге жақын екен. Сол күннен шығарып сала бастадым.
    58:50 98жылы үйлендік.
    01:01:30 Балажандығым тұңғышым қырқынан шыққан соң ашылды.
    01:01:27 Тағы ұл болсын деп шалқып жүрсем, қыз туылды.
    01:04:50 Сол қыз туылғанға қуанбағаныма әлі кешірім сұраймын.
    01:05:20 Қыздың «әке» дегені де басқаша естіледі.
    01:06:40 Біздің сол кездегі мобилографымыз Айгүл болыпты. Өкінемін соған.
    01:07:10 Айгүлмен жүрген ең бақытты кездеріміз.
    01:08:30 Соңғы күндері Айгүлдің көңіл күйі дұрыс болмады.
    01:09:50 Мен тек ақша тауып беремін, қалғанының бәрі Айгүлдің мойынында болды.
    01:10:20 Ұлым мен қызым жедел жәрдем шақырған өздері анасына.
    01:13:10 «Мен сені сүйемін, береги детей» дей беретін.
    01:16:28 Бір өкінетінім бар қатты жекіп қойғаным бар.
    01:18:45 Анам келді сол уақытта. Үй шаруасын анам қолына алды.
    01:19:45 Айгүлдің айтып кеткенін орындадым.
    01:20:50 Анам кеткенше мені өбектеп кетті.
    01:21:45 Анамның алты жылдан кейін бүйрегі істен шықты.
    01:22:40 Анам өмірден озған соң басталды бар қиындық.
    01:23:20 Айгүл менің денсаулығымды уайымдап жүріп, өзі кетті.
    01:26:10 Балаларыма жар таңдауда еркіндік беремін.
    01:27:20 Қарапайымдылық біздің қалқанымыз.
    01:27:47 Балам әлі өзін таппай жүр.
    01:29:10 Балаларыма айтамын, сендер үй болсаңдар маған еркіндік туады деймін.
    01:29:50 Жүрегім бос. Мен іздеп шаршағанмын.
    01:31:00 Шектеу жоқ. Басты өзіміздің құндылықты көтерсек екен деймін.
    01:32:00 Ұят дегенді білу керек.
    #МедеуАрынбаев #әнші #ұлменқыз #әке #балалықшақ #бала #әкеменбала #ұрпақ #жұлдыз #атаана #әке #қарымқатынас #әнші #психология #интервью #подкаст #қазақшаподкаст #әкетәрбиесі #әкеменбала #интервью #сұхбат #қызбаламенәке #ұлменәке #өкініш #ұлтәрбиесі #қызтәрбиесі #қызбенәке #уәде

КОМЕНТАРІ • 73

  • @user-dp9zt1vp6q
    @user-dp9zt1vp6q 3 місяці тому +57

    Аға, жарыңызға деген адалдық үшін, балаларыңызға деген қамқорлық үшін, анаңызды аяулы анашым деп еркелеткеніңіз үшін рақмет. Осының өзі ұрпақ үшін үлкен тәрбие🙏🏻

  • @user-nenny123
    @user-nenny123 2 місяці тому +16

    Медеу аға, Алла деніңізге саулық берсін! Біраз сынақтан өтіпсіз. Балаларыңыздың бақытын көріңіз! Өзіңіз де шәй ішетін, сырласатын теңіңізді тауып, бақытты болып, ұзақ өмір сүріңіз!

  • @Psychologist_Aray
    @Psychologist_Aray 2 місяці тому +15

    Медеу аға ұзақ өмір денсаулық тілеймін. Балапандарыңыздың қызығын көріңіз.

  • @Goodhighyahoojohnson
    @Goodhighyahoojohnson 2 місяці тому +11

    Медеу ағамды корип әкешім есіме түсіп кетті 😔😔алтын адам болатын әкешім анамыз ерте дүниеден өтіп кетті әкешім бізді жеткізем жетілдіре деп үйленбеген көрши дос таныс туыс жабылып жүріп үйлендире алмаған бізді құтты орынға қонгансоң деп жүрген біз құтты орынға қонғанда өзі о дүниелік болып кете барды алтын әкешім жаныңыз жаннатта болсын 😪

  • @user-sv6ej4ep5d
    @user-sv6ej4ep5d Місяць тому +2

    Медеу аға! Алла сізге балаларыңыздың тек жақсылығын нәсіп етсін! Жарыңызға адалдығыңыз, ата-анаңызға сый-құрметіңіз, балаларыңызға қамқорлығыңыз үшін рақмет!

  • @user-kh2yo2dr9k
    @user-kh2yo2dr9k 3 місяці тому +10

    Негізгі мықты жігіт Медеу ағамыз, Аллаһ өмірін ұзақ баянды бахытты болсын әмин...

  • @raushangd8205
    @raushangd8205 2 місяці тому +11

    Өте қуаныштымын Медеу ағаны көргеніме🤩Өнерінен бөлек адамдығы,адалдығы қандай керемет👍🏻👍🏻

  • @user-lr4od7gx2u
    @user-lr4od7gx2u 2 місяці тому +11

    Бәрі жақсы сұхбат болды, тек мына журналист сөзді бөліп кіріп кете береді екен

    • @botagoz_bekqara
      @botagoz_bekqara 2 місяці тому +2

      Иа сол ғой, ортадан бөле салып өз ойын тықпалап

  • @botagoz_bekqara
    @botagoz_bekqara 2 місяці тому +12

    жүргізуші, жағаласпай, тыңдап үйреніңізші❤

  • @user-ye5ll9jv7q
    @user-ye5ll9jv7q 2 місяці тому +7

    Керемет үлгі болатын тұлға! Балаларыңыздың тек рахатын, бақытын көріңіз

  • @Aishuak504
    @Aishuak504 2 місяці тому +9

    Керемет сұхбат, бақытты болыңыз. Келер ұрпақ сізден үлгі алсын

  • @user-ct4ve7mr4g
    @user-ct4ve7mr4g 2 місяці тому +4

    Не деген адалдық, аман болыңыз , Медеу аға❤

  • @user-cw7wm7oi5q
    @user-cw7wm7oi5q 2 місяці тому +2

    Медеу ағаға риза болдым. Қазақ азаматтарымыз,өзімнің ұлым да осындай адал жігіт болса деп тілеймін.

  • @user-cl1js3dg3p
    @user-cl1js3dg3p Місяць тому +1

    Медеу ағаның жарының алдындағы бала шағасның адал баққаны үшін бас иемін өте қатты сыйлаймын😊жүз жасаңыз

  • @ArailymMalikova7
    @ArailymMalikova7 2 місяці тому +6

    жүргізуші ауысса керемет болар еді, Тәуекел жақсы жүргізетін еді, сұхбат беріп отырған жанды тыңдау керек

  • @love-do1xb
    @love-do1xb 3 місяці тому +8

    Медеу агамыз оте керемет,баисалды аке. Омирде балаларыныздын кызыгын кориниз🙏🥀🌹🌷🌺

  • @user-cd6pn3lp9k
    @user-cd6pn3lp9k 2 місяці тому +11

    Шіркін, барлық әкелер осындай адал болса ғой. Бір жақсы қыз бұйырсын. Әлі да балалы болыңыз! Шын жүректен тілейміз.❤

  • @user-mz7nf1ic3o
    @user-mz7nf1ic3o 2 місяці тому +7

    Журналист жігіт бұл жерде өзі туралы айтпау керек еді.Сухбат алған сон келген қонақтың сырын тыңдауымыз керек қой

  • @user-yo1pl1mg9w
    @user-yo1pl1mg9w 3 місяці тому +5

    Керемет сұқбат .Ура бірінші мен жаздым.Медеу аға бақытты болыңыз🎉

  • @ahmakerimbek8294
    @ahmakerimbek8294 3 місяці тому +5

    Керемет сұхбат, рахмғт🎉 алатын түйін бар екен

  • @Zefirka.Safra24
    @Zefirka.Safra24 2 місяці тому +8

    Тыңдай білетін жүргізуші керек!

  • @user-pc7fo8kq1n
    @user-pc7fo8kq1n Місяць тому

    Өзіңе адалдық міне осы адамның бойында.Балалар өгей шешенің қабағына қарамасын деп болашағын ойлау үлгі алатын дүние.әйтпесе түр десе түрі,атақ абыройы ,өнері бар .Жарайсыз! Сізден бүкіл еркектер өнеге алсын! Бақытты болыңыз!

  • @user-bt4xg9vj5h
    @user-bt4xg9vj5h 2 місяці тому +8

    жургизушы мен мен деп неге адамды сойлетпейді, Медеуді тыңдайық деп едік😅

  • @aigerimmasirbaeva5601
    @aigerimmasirbaeva5601 26 днів тому

    Адалдығыңыз үшін рахмет керемет сұхбат болды

  • @user-ud5yo5ji5z
    @user-ud5yo5ji5z 2 місяці тому +3

    Балапандары өзінен аумайды аға ғұмырлы болшы ❤ қатты жақсы көріп құрмет ерекше сізге деген

  • @user-cp2jq7ic7d
    @user-cp2jq7ic7d 2 місяці тому +2

    Аллам денинизге саулык берсин, гумырлы болыныз ага. Балаларыныздын кызыгына тоймай журе бериниз.

  • @zamirautegenova4128
    @zamirautegenova4128 2 місяці тому +4

    Балапандарыңызбен ұзақ бақытты ғұмыр кешіңіздер! Дана жандардың бірегейі❤

  • @user-lw1iu5lq3w
    @user-lw1iu5lq3w 2 місяці тому +2

    Медеу ағаны ұнатпаушы едім, жақсы кісі екен гой, шынайы.. Аман болыңыз.. 🎉

  • @user-sv6ej4ep5d
    @user-sv6ej4ep5d Місяць тому

    Денсаулық берсін, өмір берсін Алла!

  • @user-ll9ks4zx4m
    @user-ll9ks4zx4m 2 місяці тому +5

    Кандай жаксы адам

  • @user-vk7zw5tz9q
    @user-vk7zw5tz9q 2 місяці тому +15

    Мына журналис сұқпат алуға лайықты емес жағаласып соз бермейді екен

    • @botagoz_bekqara
      @botagoz_bekqara 2 місяці тому

      Иа

    • @user-hd1id3vb4y
      @user-hd1id3vb4y 2 місяці тому

      Дым жақпайды сендерге

    • @user-hd1id3vb4y
      @user-hd1id3vb4y 2 місяці тому

      Просто так карауға болмайдыма? Міндетті түрде негатив жазу керекпа?

  • @user-fi4oi3cr5g
    @user-fi4oi3cr5g 2 місяці тому +4

    Әйелімен өткен күндерін соңғы бір айын айтқанда көзіме еріксіз жас келді😢

  • @user-uj7jc6kj6u
    @user-uj7jc6kj6u 2 місяці тому +3

    Аға Дарбазаның жігіті ма? Білмеппін. Недеген қарапайымдылық. Мұндай кісілер өте сирек өте өте. Аман болыңыз аға, жан жарыңыз көрмеген ұрпағыңыздың қызығын көріңіз. Шын жүректен сіз үшін тілектеспін.

  • @user-qo2uc8dm1z
    @user-qo2uc8dm1z 2 місяці тому +1

    Аман болыныз ага! Балаларыныз бакытты болсын!

  • @user-wz9yg3pm4m
    @user-wz9yg3pm4m 2 місяці тому

    Алла ұзақ ғұмыр берсін бақытты болыңыз аддалдығыңызға бас иемін❤

  • @akbotakazhibekova8240
    @akbotakazhibekova8240 2 місяці тому +2

    Мә жүргізу бүкіл кайфты бұзды-ау. Ойдың шарықтау шегіне келе жатқанда бөліп жібереді😢

  • @user-oo3on1wk8t
    @user-oo3on1wk8t 2 місяці тому +11

    Мына журналисті үйіне қайтару керек. Вообще неге өзін пихат ете береді. Өмір көрген сияқты мынауың пацан ғой кеше туылған. Нормально жүргізсейш

    • @user-nenny123
      @user-nenny123 2 місяці тому

      Айтпаш, бір шал құсап сөйлейді

  • @user-vj9gm9rb1s
    @user-vj9gm9rb1s 2 місяці тому +1

    Керемет сұхбат. Үглі тұтарлық адам

  • @user-lw1iu5lq3w
    @user-lw1iu5lq3w 2 місяці тому +7

    Туу мына жүргізуші не өзінің өмірін айта береді, сұрады ма осыдан біреу.. Вообще жүргізбей ақ қойшы жағаласып.. Саған мектепте физрук болу керек жүргізуші емес..

  • @raushangd8205
    @raushangd8205 2 місяці тому +8

    Сұхбат алушы неге сөзді бөле береді?

  • @user-xm9jy5fg7v
    @user-xm9jy5fg7v 3 місяці тому +2

    Алла жар болсын сізге де балаларыңфзға да

  • @user-cc9qe9dj3j
    @user-cc9qe9dj3j 2 місяці тому +2

    Мынау сукпаты пайдаланып,озын ,өз омырын айтып әлек,бөле береды,нервыма тиып отыр,дым Медеуды тыңдай алмадым

  • @user-jm3so3pq2v
    @user-jm3so3pq2v 2 місяці тому +2

    Уважение и благодарность

  • @user-bi6bx4sp9o
    @user-bi6bx4sp9o 2 місяці тому +1

    Керемет сұқбат

  • @feruza5602
    @feruza5602 2 місяці тому +2

    Ведущий часто перебивает и сбивает мысль. А так интервью хорошее. Медеу для себя открыла с другой стороны.

  • @molya99
    @molya99 2 місяці тому +1

    Жаксы интервью болды.

  • @user-sf3uj8sv8u
    @user-sf3uj8sv8u 2 місяці тому +4

    Журналист неге жағаласа береді?! Әлі біраз тәжірбие жинау керек екен👎🏼

  • @user-oo3on1wk8t
    @user-oo3on1wk8t 2 місяці тому +9

    Сен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдан сабақ алуың керек. Өз өзіңді ұстай алмайды екенсің

    • @botagoz_bekqara
      @botagoz_bekqara 2 місяці тому

      😅

    • @gulmirbapanova1586
      @gulmirbapanova1586 2 місяці тому +2

      Дәл содан емес. Оданда сауатты, мәдениетті журналистер бар

  • @user-sh5dn6hz3i
    @user-sh5dn6hz3i 2 місяці тому +1

    Жүргізуші жігіт жақсы жургізіп отыр гой👍🏻
    Сұрақтарын рет-ретімен қойып

  • @myrzagululesbekkyzy5048
    @myrzagululesbekkyzy5048 2 місяці тому

    Керемет

  • @ainurkasenova1290
    @ainurkasenova1290 2 місяці тому +1

    Медеу аға, балапандарыңыздың рахатын көріңіз.
    Мектепте оқыған кезде бізді күзді күні картоп жинауға далаға апаратын. Екі апта бойы байқағаным автобуста мұғалімдер де, балалар да үйлеріне қайтарда шелектеп картоп әкетеді. Мен де бір күні картоп алып келдім. Кешкі ас ішіп отырып әкеме айтып едім, әкем тамақтануын қойды. Маған ұрыспады, тек қабағын түйіп қарады, ал ертеңгі күні мені бір шелек картоппен мектепке өзі апарып тастады да. Ендігіде үкіметтің де, адамның нәрсесін алма, ол ұрлық деді. Маған өмір бойыма сабақ болды❤️

    • @Muahkiss777
      @Muahkiss777 2 місяці тому

      Түрік сериалы Үзілген жапырактардагы Али Рыза бей есиме тусип кетти

  • @sayhello7777
    @sayhello7777 2 місяці тому +2

    Тайм-код қойсаңыздар, рақмет!

  • @gulmiraanuarbekkyzy5388
    @gulmiraanuarbekkyzy5388 2 місяці тому +1

    Жауыр болған әңгіме.

    • @user-xc6zu5hr5q
      @user-xc6zu5hr5q 2 місяці тому

      Қанша жауыр болса да, тыңдауға тұрарлық әңгіме

  • @user-cc9qe9dj3j
    @user-cc9qe9dj3j 2 місяці тому +1

    Не сурак койып отыр,озын неменеге тыккыдай береды,Медеуды толык тыңдай алмадык,созын бөле берды,сауатсыз адамдар сухбат алмау керек

  • @user-xm9jy5fg7v
    @user-xm9jy5fg7v 3 місяці тому +1

    иә қарапайым иманды болсын

  • @Dana-yj4cu
    @Dana-yj4cu 9 днів тому

    Әкесіндей адамның сөзін бөлген дұрыс еместеу секілді, Балу деген жігіттің интервью алғанын қарап үйренсе жақсы болар еді

  • @АсылзатРустембаева
    @АсылзатРустембаева 2 місяці тому +1

    Қанша ақшаң болса да , жаныңа жақын адамдарды ұстап қалалмайтынымыздың дәлелі😢

  • @user-ff5ml2wo8m
    @user-ff5ml2wo8m 2 місяці тому +1

    Махаббат деген осы го

  • @user-lc1ys5ow4p
    @user-lc1ys5ow4p 2 місяці тому +1

    Басқа ұлттан ал деп аитпа өз ұлтты жақсы

  • @user-xv3lq9yp2e
    @user-xv3lq9yp2e 17 днів тому

    Жүргізуші неге жағаласып, сыпылдай береді, жап жас боп, өзін тығып зуылдап

  • @kulshahan1931
    @kulshahan1931 2 місяці тому +1

    Керемет әңгіме, бірақ журналист, журналист емес екен

  • @НурбибиБейсеева
    @НурбибиБейсеева 2 місяці тому

    Үйрек дейме. Аққу шығар агай

  • @user-vh4ct2hk3u
    @user-vh4ct2hk3u 2 місяці тому

    Журналист өзінің өмірін неге қоса береді? Келген қонақты тыңдау керек қой, жағаласып қоймайды екен