Қара зеренің пайдасы, қандай ауруларға таптырмас ем.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 чер 2024
  • Қара зере-өлімнен басқасының бәріне ем.
    Және көптеген ауруларды емдеуге арналған күшті құрал.
    Оның бірегей қасиеттері демікпемен күресуге көмектеседі, ұстамалардың жиілігін азайтады және тыныс алуды жеңілдетеді. Қара зире майы экзема мен псориаз үшін де тиімді: терінің зақымдалған жерлеріне үнемі қолдану оның жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, қара зире қан қысымы мен қант деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі, бұл оны гипертония мен қант диабеті үшін пайдалы етеді. Ол сондай-ақ созылмалы шаршаумен күреседі, дененің жалпы тонусын арттырады. Салаттар мен смузилерге олардың тағамдық құндылығын арттыру үшін қара зире тұқымын қосыңыз.
    Күн сайын таңертең аш қарынға бір шай қасық маймен бастаңыз немесе тұқымдарды тамаққа қосыңыз, сонда сіз өзіңізді жақсы сезінесіз.
    Қара зеренің денсаулыққа қатысты емдік мынадай пайдалары бар:
    Қара зере шаштың түсуін азайтады, шашты қуаттандырып, қалыңдатады;
    Зерттеулер барысында қара зеренің есте сақтау қабілетін жақсартатын қасиеті анықталған;
    Қара зере тері ауруларына қарсы қолданылады. Безеулер мен терінің құрғақтануын емдейді.
    Сонымен қатар қартаюдың белгілерін тежейді.
    Иммунитетті күшейтеді; Ісіктерге қарсы пайдасы мол;
    Денені улы заттардан тазартады, қара зерені көкнәрға тәуелді болып қалған адамдарды емдеуге қолданады;
    Сонымен қатар көптеген зерттеулер қара зеренің зиянды сәулелерге қарсы, әсіресе ми жасушаларына зиянды сәулелерге қарсы мол пайдасы бар екенін анықтады.
    Қара зеренің пайдасы
    Зеренің құрамында А, Е және С витаминдері мол, пайдалы минералдар көп және эфир майымен байытылған. Көне заман емшілері зерені иммунитет көтеруші, асқазан жұмысын жақсартушы, денедегі зиян қалдықтан арылтушы дәрілік шөп ретінде қолданған. Сондай-ақ қандағы холестеринді азайтып, зат алмасу процесін жақсартуға қауқарлы.
    Қара зеренің құрамы ерекше қасиетіке ие, яғни, ағзаның жалпы жұмыс жасауын, жүйке жүйесін жақсартып, бұлшықеттің физиологиялық күш-қуатын арттырады.
    Зияны қандай?
    Қара зере майы да басқа дәрілік өсімдіктер сынды дұрыс қолданбаса зиян келтіруі мүмкін. Мәселен, оны аш қарынға ішуге болмайды. Сондай-ақ екіқабат әйелдерге аздан қолданған жөн. Өйткені жатыр бұлшықеті жиырылып, жүктілікке зиян келтіруі ықтимал. Сондай-ақ кей адамның қара зере майына аллергиясы болуы мүмкін.
    Медицинада қолданылуы
    Қара зере медицинада бауыр, өт, бүйрек жұмысын жақсартуға, өт айдауға қолданылады. Сондай-ақ жоғары айтылғандай, зеренің антиоксиданттық қасиеті бар, яғни, ағзада қатерлі ісікті тудыратын жасушыларды, радикал бөлшектерді "өлтіреді".
    Сондай-ақ, қара зеренің вирусқа, қабынуға, түрлі бактерияларға қарсы және іштегі құрттарды түсіретін, зәр айдайтын қасиеттері де бар.
    Халық медицинасы
    Халық медицинасында қара зеренің дәнінен шай қайнатып, іш кебу, іш өту мен өт шаншу сияқты ауруларды жазу үшін ішеді. Босанған әйелдерге де осы шайды ішуге болады. Бұл ана сүтін көбейтеді.
    Қара зерені қолданудың тағы бір жолы - балмен араластырып ішу. Ол үшін қара зеренің дәнін 1 ас қасықпен алып 1 стақан суға қайнатады. Сосын қайнаған суға балды қосып, ас ішкенге дейін 10-15 минут бұрын ішеді. Қара зерені бұлай ішу иммунитетті көтереді.
    Сондай-ақ, асқа дәмдеуіш ретінде қосып жеген де дұрыс. Ересек адам бір күнде 3 грамм, 3-15 жастағы балалар 2 грамм дәмдеуіш жегені жөн. #дерек #қазақстан #қазақстанжаңалықтары #қазақшакино #қазақшаобзор #қызықты #қысқашакино #обзор #отношения #денсаулық #қаразере #тмин #love

КОМЕНТАРІ •