Сұмдық жайт! Есік қаласында әкесі мен шешесі ковидтен көз жұмған төрт бала жетім қалды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 сер 2021
  • Алматы облысы Есік қаласында төрт баласы бар үйдің әкесі мен шешесі коронавирустан көз жұмды. Алдымен аяғы ауыр Гүлназ Ибрагимова ауруханаға түскен. Кесір тілігін жасағаннан кейін, жүрегі шыдамай бақилық болыпты. Бір аптадан соң жолдасы аураханаға жедел-жәрдеммен жеткізілген екен. Ем қабылдап, жағдайының жақсарғанын айтқан Диас Османовты 1 жарым сағаттан кейін жан сақтау бөліміне алып кетіпті. Сөйтіп, ертесі суыт хабар келген. Марқұмдардың артында 4 бала жетім қалды.
    Османовтар әулеті ұлымыз бен келінімізден ойда жоқта айырылып қалдық деп жоқтап отыр. Айтуларынша, 12 шілде күні осы үйдің жүкті келіні өзін нашар сезініп, ауруханаға барған. ПТР тест, рентген, қан талдауын тапсырыпты. Ештеңе шықпаған. Дәрігерлер тамағында баспа деп, жатқызып тастаған екен. 3 күннен кейін денсаулығы нашарлаған соң кесір тілігімен 28-ші аптасында босандырыпты. Араға 4 күн салып баланың анасы көз жұмған.
    КАМИЛА ШЕН, марқұмның туған әпкесі:
    - 90 процент порожение болып кеткен. Ол 3 аптада, 2 жарым аптада олар қайда қарады? Қалай қарады? 35 проценттен 90 процентке қалай көтерілді?
    Камила Шен туған інісінің өкпесі тек 16 пайызға қабынғанын айтады. Талдауының нәтижелері де қолдарында бар екен. Екі аптадан астам уақыт емделгеннен кейін інісімен телефон арқылы да тілдесіпті. О кезде жағдайы жақсарып қалған дейді. Бірақ 1 жарым сағаттан кейін жан сақтау бөліміне жеткізілген екен.
    ДИДАР АЙТЖАНОВ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
    - 31-і күні түнде жалпы жағдайы күрт нашарлап реанимацияға ауыстырылған болатын. Сол жақта барлық реанимациялық ем шаралар жүргізіліп, өкінішке қарай бірі күні көз жұмды.
    ӨМІР СЕРІКБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Дәрігерлер екі марқұмның да өліміне коронавирустық пневмония себепші екеніне сенімді. Енді бұл болған жайтты арнайы құрылған комиссия тексереді. Бірақ ол жұмыстар қашан басталатыны әлі белгісіз.
    Ал, 4 айында дүниеге келген нәрестенің жағдайы ауыр екен. Ішкі ағзаларының дамуына біраз уақыт керек дейді дәрігерлер. Марқұмның туыстары шақалақты Алматыдағы ана мен бала орталығына әкелмекші. Алайда құжат рәсімдеу жағы қолбайлау бола ма дейді.
    АЙДАР БОШҚҰЛОВ, Алматы облысы Есік қаласының әкімі:
    - Комиссия құрылып жатыр. Сол опекунство оформить ететін мекемеден, соц защитадан, әкімшіліктен, образованиядан. Енді толық құжаттарын жаңа туған нәрестенің құжаттарын рәсімдеуге полностью қол ұшымызды береміз.
    Қос марқұмның артында 4 бала жетім қалды. Оларды енді әжесі қамқорлығына алмақшы екен.
    Өмір Серкібекұлы Влад Шишко
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #қатал_тағдыр #жетімін_жылатпаған_қазақ

КОМЕНТАРІ • 1 тис.

  • @user-pw4ze7ff7v
    @user-pw4ze7ff7v 2 роки тому +320

    Балдарға алла өзі жәрдем берсін

  • @user-zx4pn5zp7d
    @user-zx4pn5zp7d 2 роки тому +285

    А құдай алла тағала сақтасын пәледен баримизди адамдар

  • @user-mw2fg3sc1i
    @user-mw2fg3sc1i 2 роки тому +146

    Иманды болсын Ботақандарым ай Алла сабыр берсін Әжелері аман болсын

  • @informburo31kanal
    @informburo31kanal  2 роки тому +240

    Әжеге күш қуат берсін Алла! Жетімдеріміз жыламасын...

  • @user-dl5sh9wu9i
    @user-dl5sh9wu9i 2 роки тому +77

    Аллах өз панасына алсын балаларын, Аллах жар болсын, Амин

  • @user-ls2wf9qp2e
    @user-ls2wf9qp2e 2 роки тому +64

    Бір қызығы ауырып уйде емделгендер тегіс айығып кетеді де,ақ халатты абзал жандардың қолына түскендердің жағдайы жазылып келе жатып күрт ауырлап бақи болады.

  • @user-pd2tn3qh3l
    @user-pd2tn3qh3l 2 роки тому +170

    Бұл үкіметке сенуге болмайды .шіріген жүие шіріген заң .

  • @bekturgandlmagambetov279
    @bekturgandlmagambetov279 2 роки тому +480

    Қазір дəрігерлер қарамайды каранавирус деп диягнозын қойып тастайды болды вирус сылтау жақсы болды ғой

  • @asdsakg5024
    @asdsakg5024 2 роки тому +60

    Иманды болсын, жандары жаннатта болсын. А себебин енди билмейз ау.

  • @user-el6er8kd5z
    @user-el6er8kd5z 2 роки тому +380

    Аллахым ажесине куат бер балапандар оскенше аман болсын.

  • @user-ij5fp4us7t
    @user-ij5fp4us7t 2 роки тому +46

    Отбасына сабыр берсін!

  • @asaasa2487
    @asaasa2487 2 роки тому +118

    Короновирус деп айта берет, көрім болды

  • @lloydbanks3442
    @lloydbanks3442 2 роки тому +117

    Жемкор билик казактын жауы

  • @user-mo6hv2pm5e
    @user-mo6hv2pm5e 2 роки тому +168

    Алла əжесіне қуат берсін

  • @user-gg4wq8ei1h
    @user-gg4wq8ei1h 2 роки тому +76

    Әр іс Алладан Алланың рахымына бөленсін олар көрмеген жақсы кундерді балалары көрсін🤲ӘУМііН

  • @user-py9vr8vj4q
    @user-py9vr8vj4q 2 роки тому +35

    Қайтыс болған қара халык шенеүніктерге неге ештеңке қылмайды

  • @user-pg2hp5qv8w
    @user-pg2hp5qv8w 2 роки тому +14

    Осы маркум болган болган казакстандык баурларымыздын обалы коз жасы биликтегилерге денсауоык минисииге урсулага Алланын алдында жауып берет марумдардын жанин жанната кылсын Алла

  • @user-pf6jt6ql7k
    @user-pf6jt6ql7k 2 роки тому +10

    Аллаһым өзінің раһметіне, Мұхаммед с.а.с шапағатына бұйыр марқұмдарды,ұрпағына артта қалған өмір бахыт бер,елімізді осы індеттен сақта

  • @qazaq-eli.8555
    @qazaq-eli.8555 2 роки тому +51

    Ажесiн таныймынго, фудмастерде столовый ашатын, жаткан жерi жайлы болсын маркумдардын.

  • @bagdatismailov9442
    @bagdatismailov9442 2 роки тому +36

    Аллах жазасын берсын колдан жасап таркатып жаткандарды суркия билыктегылер