Тұмауды осылай емдеңіз

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Тұмау мен суық тиюі қарапайым әрі табиғи тәсілдермен оңай емделуге болатын аурулар. Алғашқы белгілерін байқаған сәттен емделіңіз. Тек асқындырып алмасаңыз жеткілікті. Бірден ауыр зиянды дәрілерге жүгірмеңіз. Ауруды ерте емдесеңіз 1.тез жазыласыз
    2.асқынулар болмайды
    3.жұмысқа бару немесе басқа маңызды тірліктеріңізге жоспарларыңызға кедергі келтірмейді.
    4.қаржыңызды дәрі дәрмекке жұмсап шығындалмайсыз
    5.дәрілермен ағзаңызды уламайсыз
    Алдымен сақтық шаралары 1.Балаларға үлгі көрсетіп қолыңызды иі жиі жуыңыз және әдетке айналдырыңыз
    2.Бетперде маска киіңіз. Отбасы мүшелерімен басқа адамдарға жұғудың алдын алу үшін.
    3.Құнарлы тамақтаныңыз
    4.Үйді бөлмені жиі ауаландыру керек Суықтан қорықпаңыз үйдің ауаландырылмауынан қорқу керек
    5.Жақын қарым қатынаста абай болу
    6.Жылы су көп ішу ағзаның сусыз қалуын алдын алу
    7.Көбірек демалу
    Емдеу тәсілдері 1.Мұрынды тұзды сумен жуу
    Тұзды су мұрын бітелуін ашумен қатар, вирустармен бактерияларды өлтіреді
    Жарты шай қасық содамен жарты шай қасығы тұзды жылы суда араластырыңыз
    Қоспаны шприц немесе мұрын тазалауға арналған құрылғы көмегімен мұрныңызға жіберіңіз
    Мұрныңыздың тесіктерінің біреуін қолыңызбен жауып тұрып,екіншісін тазалаңыз.
    Осылай 2,3рет қайталаңыз
    Және осы әдісті мұрныңыздың 2ші тесігіне де жасаңыз
    2)Мұрында дұрыс сүрту
    Ауру кезінде мұрын тазалығына көңіл бөлу маңызды. Әйтпесе мұрын шырышы қойнауларына жиналып қалады.
    Қатты сіңбіру қысым әсерінен бактериялардың құлақ каналына кетуіне себеп болуы мүмкін
    Мұрынды тазалаудың ең жақсы жолы бір мұрынның тесігін жауып тұрып келесісін ауаландыру
    3) Жақсылап демалыңыз және жылулыққа көңіл бөлу арқылы ауруға қарсы күресіп жатқан ағзаңызға демеу беріңіз
    Ауру денені әлсірететіндіктен энергияңызды жұмсамауға тырысыңыз
    4. Тамағыңызды шайыңыз
    Тамақты шаю ауырсынып тұрған тамағыңызды ылғалдандырып, өткінші болса да жайлылық береді.
    Бір стакан суға жарты шай қасық тұз салып араластырып күніне 3,4 рет шаюға болады.
    5. Ыстық сусындар ішіңіз
    Ыстық сусындар бітелген мұрыныңызды ашып шөліңізды басады жәнеде тамағыңыздың қабынған беткей қабатын тазалайды
    Сондықтан сорпа қара шай өсімдік шайлары мен ыстық суды ауруыңыз жазылғанша тұтыну керек
    6.Булы душ ыстық сусындар тәрізді әсер көрсетеді
    Мұрын қойнауларын ылғалдандырып жайлылық береді
    Егер ауру салдарынан бас айналуыңыз бар болса отырып жуыну керек
    7.Мұрныңыздың алдына жалбызды жақпа май жағыңыз
    Мұрынды ашуға көмектеседі
    Жалбыздың құрамында эвкалипт және камфора бар
    Үнемі сүрту салдарынан зақымдалған мұрын терісін емдейді
    Жақпа майды мұрынның ішіне жағуға кеңес берілмейді!
    8) Ұйықтаған кезде артық 1 жастық қолданыңыз
    Түнде ұйықтаған кезде басты жоғары ұстау бітелген мұрынның ашылуына көмектеседі
    9)Инфекцияға қарсы тағамдар қолданыңыз
    Кейбір тағамдар құрамындағы заттар арқылы сіздің ауруды жеңуіңізге көмектеседі
    Банан
    Асқазанға жайлы және іш өтуіне қарсы өте жақсы
    Көп мөлшерде С витамині бар апельсин мандарин киви қарақат клубника
    лимонды қолдану жақсы көмектеседі
    Құрамында бета кератоны бар сәбіз
    Қойнауларды ашып қақырық түсіруші ащы бұрыш
    Тыныс алу жүйесінің кщмекшісі инфекцияларды жоюшы пияз
    Дәруменлер; Мырыш Цинк және А витамин қолдану Ол 2і шырышты қабаттың жаңаруы үшін өте маңызды витаминдер
    2.С витаминін тамыр ішіне қабылдаудың жақсы көмектесетіні дәлелденген. Антиоксиданттық әсер етеді. Тамыр ішіне С витаминін алу ішу арқылы қабылдаудан қарағанда әсері мол. Тіпті зерттеу нәтижелері короновируспен ауырмен науқастардың арасында тамыр ішіне С витамині қабылдаған адамдардың өлім көрсеткіші төмен екендігін дәлелдеген.
    Д витаминін қабылдау. Мен тек тамшы түрінде қабылдауды ұсынамын.Таблетка түріндегі формасы асқорыту жүйесі арқылы сіңуі төмен.
    Тұмаусыз ба әлде суық тиді ма? Төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз⬇️
    • ТҰМАУ СУЫҚ ТИЮ
    #тұмау ...
    Ішек кұрттарын біржолата жою туралы үйреегіңіз келсе төменгі сілтемені басыңыз⬇️
    • Ішек құрттарын біржола...
    #Грип #тұмау #Суық тиюі #Тұмауды үй жағдайында емдеу #Грипп #Тұмау белгілері #Тұмауды емдеу жолы #Тұмау пайда болу себебі #Тұмаудан емделу әдісі #Тұмау тию салдары алдын алу #Тұмауды қалай кетіруге болады #тұмаудың алдын алу шаралары #жұқпалы тұмауды емдеу #тұмау халық емі #тұмаудан қалай құтылуға болады

КОМЕНТАРІ • 15