ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВ: ӨНЕРДЕН КӘСІПКЕ ДЕЙІН | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | 3 МАУСЫМ #30

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 лют 2025
  • 13)11)00:01:30 - Алматы қаласындағы мүмкіндік
    00:07:18 - Саланы ауыстыру: ақындық пен жазушылық
    00:12:30 - Ең бірінші жобадағы қиыншылық
    00:16:24 - Көпшілік алдында сөйлеу неге қорқынышты?
    00:23:15 - Алғашқы тікелей эфир
    00:27:16 - Дебаттың ораторлыққа әсері
    00:30:28 - Сату - өнер
    00:37:06 - Жарнамадағы қазақ тілі
    00:45:59 - Сатылымға әсер еткен Chevrolet жарнамасы
    01:00:40 - Саланы ауыстыруға не керек?
    01:03:20 - Тәуекелге бару
    “Төртеу түгел болса...” бағдарламасының бұл санында сөйлеу қабілеті, жарнама тілі мен тәуекелге барудың маңызы туралы әңгіме қозғалды. Бағдарлама спикерлері - Shonbay Online мен Shonbay Business School негізін қалаушылар Қуаныш Шонбай, Мейірбек Бердібайұлы, Ескендір Бестай және қонақта айтыскер ақын, тележүргізуші, "Сөз менеджменті" кітабының авторы Жандарбек Бұлғақов.
    29 шығарылым жеңімпаздары:
    1) Султанахмет Казбек 30
    2) MaxQant 110
    3) Kazakhstan Astana 26
    4) Бакытжанулы Олжас 39
    5) Баке баке 12
    6) Унербековна 14
    7) Inzhu Pirmanova 11
    8) Fariza Balgazyeva 15
    9) Zahivi_Go 7
    10) Шыңғыс Ұзақбай 7
    11) Айгерім Өтебергенова 7
    12) Gennadiyev Makhambet 19
    13) Шекербек Наватбаева 13
    14) abilbekio 11
    15) Balzhan T 29
    16) Naz Abdi 8
    17)Акан Асылбекова 6
    18) Qazaq Saulet 7
    Құттықтаймыз!!! Сыйлықтарыңызды алу үшін www.instagram.... жазыңыздар
    Жоба парақшалары:
    ► Instagram: / shonbay.online
    ► Facebook: / shonbay.online
    ► Вконтаке: sho...
    Жеке парақшалар:
    ► Instagram: / kuantr
    ► Facebook: / kuan.kz

КОМЕНТАРІ • 1,4 тис.

  • @berdalizhumyrbaev5480
    @berdalizhumyrbaev5480 3 роки тому +13

    Бес арыс болып отырсыздар, өте керемет, қазақ тілінің дамуына қосып жатырған үлестеріңізге рахмет.

  • @ЖансаяЕрғалиқызы
    @ЖансаяЕрғалиқызы 3 роки тому

    Әрине осы бағдарламада қазақ тілінің болашағы қозғалып жатқаны көңіл қоншытар жайт! Ескендір мырзаның қазақ тілі бизнестік тілге келмейді, не болашағы жоқ дегенге келіспеймін. Қазақ тілінің қандай көркем және кез келген жайтты керемет сипаттап беретін сөздік қоры жетеді. Оны дұрыс қолдана алмайтын, дұрыс меңгере алмай жүрген “маркетингтегі” адамдардың салдарынан бизнеске, жарнамаға сай келмейтіндей болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ол дегеніміз қазақ тіліне кері пікірді тудырмауы керек! Жандарбек ағамыздың сөз саптауы керемет! Ол кісінің бастамасы оңынан болсын. Қазақ қашанда сөзге шешен, сөз құдыретімен жаудың бетін қайтара білген, сол өнерді ел арасында таратып, қайта жаңғыртып жатқаныңызға дән ризамыз! Сөз менеджменті кітабыңыз бізге бұйырып жатса нұр үстіне нұр болар еді!)

  • @dakedake9390
    @dakedake9390 3 роки тому +43

    Қазақ тілінің құндылығымен, көрерменін көбейтіп жатқандарыңызға рахмет. Мен қазақпын деген әрбір қазақтың өз тілін құрметтеуі міндет деп ойлаймын. Жақсы шығарылым болды.

  • @Bakhdaulet98
    @Bakhdaulet98 3 роки тому +1

    ,,Сенің қанша тіл білгеніңнен пайда жоқ, егер адам тілін білмесең’’ - дегендей жалпы осы сөз өнері, оратырлық шеберлік, шешендік барлық адамға керек дегенге менде қосыламын. Жалпы өмірде, карерада жетістікке жетем деген адам үшін, дұрыс, жақсы, орынды сөйлеп білу маңызды. Менде әдемі сөйлеп, ойымды ашық жеткізуді қалаймын.
    Әдемі тақырып 👍

  • @kazaktili5209
    @kazaktili5209 3 роки тому +6

    Төртеу түгел болсын қазақтың бар жоғын түгендеп жүрген тамаша бағдарлама ғой, шіркін! Жасай беріңіздер!

  • @СагынышТурсынкул
    @СагынышТурсынкул 3 роки тому +1

    Ассалаумағалейкум. ТТБ-ның керемет шығарылымдарының бірі болды. Жандарбек ағадан үйренетін білім көп екен. Тәуекел етуді білетінмін, бірақ маңыздылығын Жандарбек ағадан үйренгендей болдым. Қазақ тілінің дәрежесін көтеретін курс ашу керек деген ой түйдім. Сіздерге көп рахмет халыққа көп пайдаларыңыз тиіп жатыр. Жалпы адамдардың ең қайырлысы - басқа адамдарға пайдалы болғаны дейді. Сіздер өсіп келе жатқан біз секілді жастарға керемет пайдалы ақпараттармен бөлісіп жатырсыздар. Яғни Қазақ халқына көп пайдаларыңыз тиіп жатыр. Тағы да айтып кететін жайт, сәздердің отбасылық әзілдеріңіз(прикол) маған да өтеді. Менің досым бар Ескендір мырзаға ұқсайтын. Көп білетін. Көп рахмет.

  • @nuorjeangrand
    @nuorjeangrand 3 роки тому +87

    Жандарбек ағаны кішкентай кезімнен тыңдап өскем, қазақ тілінің әдемілігін осы кісінің ұйқастарынан көруге болады
    ТТБ жалғассын дегендер лайк аямаймыз
    Көрсін ағалар ❤

  • @aizhanasxat1069
    @aizhanasxat1069 3 роки тому

    Жандарбек мырзаны керемет айтыскер ақын ретінде жақсы білем, сүйіп тыңдаймын! Көп жас жігіттерге үлгі болатын тұлға! Соңғы жылдары бастаған кәсібі өте жақсы, уақытында шыққан жоба деп ойлаймын. Шынымен біздің қазаққа кейде сол бір тойдағы жылы лебізді елдің алдына шығып айту оңайға тимейді, көпшілік қауым айта алмаймын деп қашқақтайды. Әрбір жас буын осы кітапты оқу арқылы, сөздік қорын молайтып, бойындағы қорқынышты жеңуіне септігін тигізеді деп сенемін. ТТБ ұжымына мың алғыс! Осындай қазағымның біртуар тұлғаларын, біздерге дәріптей беріңіздер!

  • @КуандыкМамбетяров
    @КуандыкМамбетяров 3 роки тому +5

    Мен мұғалім болып жұмыс атқарамын сөз өнері сөйлеу мәдениеті дамыған азаматтардың бағдарламасы керемет әсер етіп жатыр менің өміріме

  • @bakebaibakebai3017
    @bakebaibakebai3017 3 роки тому

    Ассалаумағалейкум Қазак Елі.өте қызыкты шығарылым.Берері мен айтары көп.Тыңдаған сайын тыңдағың келе береді.Барлығы өте Білімді Еліміздің Тұлғалы азаматтары.АЛЛА алда да осындай сапалы сырлы ойлы пайдалы хабарларыңызды көбейтсін!!!🙏🙏🙏🤲👍

  • @МолдирМағзом
    @МолдирМағзом 3 роки тому +4

    Қазақ тіліне үлкен жанашырлықпен қарап, күнлелікті қолданысқа енуіне қосқан еңбектеріңіз жемісті болсын!

  • @РамазанТолеуов995
    @РамазанТолеуов995 3 роки тому

    Әзіл қалжыңы жарасымды, өзіндік тақырыбы бар салмақты жоба болған екен, жігіттер еңбектеріңіз жана берсін, қазақ тілі коммерцияда да ҚАЗАҚСТАННЫҢ әрбір отбасы мен кең даласында да кеңінен қолданылатындай, жаңағы айтқан әдеби тілді әр қазақ түсінетін және солай әдемі сөйлей ала берсін, ортамыз нағыз қазақтарға тола берсін, осындай берері көп есті жиын жиісінен бола берсін!

  • @nurtoremoldashev9850
    @nurtoremoldashev9850 3 роки тому +6

    Керемет жоба, жалғасын таба берсін, қазақтың қазақтан басқа жанашыры жоқ, қазағым деген азаматтар көп болсын!!!

  • @АйгеримДаулетовна

    Керемет бағдарлама. Жандарбек Бұлғақов ең жақсы көретін айтыскер ақыным. Неше түрлі инсайт алатын подкаст🙌

  • @abilayabilay4935
    @abilayabilay4935 3 роки тому +15

    Төртеу түгел болса, төбедегі келеді деп бекер айтылмаған. Жалпы 3 маусым бойы ТТБ-ға келген қонақтардың ішінде сөйлеген сөзі мен айтылған ойы тұщымды болған, сәтті шыққан шығарылымдардың алғашқы қатарында деп ойлаймын. Позитив, әзіл, салмақты ой, үлгі боларлық іс, шынайылық тізе берсек тағы біраз дүниені бүгінгі шығарылымнан алуға болады. Бастысы көрген көрерменнің 1 сағат 12 минут 30 секунды (+мегабайты) зая кетпесі анық.

  • @Avtopro17
    @Avtopro17 3 роки тому

    Ассалаумағалейкум баршага. Оте керемет сухбат болды. Казак тилин осылай котере берсек жарнаманыда татти татти кылып шыгаруга болады

  • @temuramur3974
    @temuramur3974 3 роки тому +51

    Ассаламу алейкум! Сіздерге үлкен рахмет! Передачаларыныз өте жақсы. Қалаулымдың орнына сіздердің передачаларынызды көрсетсе халқымыздың сауаты ашылып елдің экономикасы алға жылжыймыды! Әттең ай!

    • @ЭльмираПазлиева-х6щ
      @ЭльмираПазлиева-х6щ 3 роки тому

      Жандарбектин ораторлык курсына барган Кызылордалык кисинин акшасын алмай ауели проблемысы неде соны тауып жол силтеп жиберген адамдыгы унады айтпесе каншама курстар бар акшага бола жумыс жасайтын,

  • @КанатТолебаев-ж1з
    @КанатТолебаев-ж1з 3 роки тому

    Ассалаумагалейкум агайын
    керемет сұқпат болды
    әрбір қазақтың жастары осындай тілге шешен ойға жүйрік иманға берік ұлтына қамқор болып өсе берсін . Мынандай жобаларыңыз ары қарай осындай Қазақтың майталман жігерлі жігіттерімен жалғасын таба берсін. рахмет сіздерге көп көп.

  • @aidarova9
    @aidarova9 3 роки тому +163

    "Рисксіз-ақ та біздің ризығымыз берілген" деп Ескендір мырза мықты айтып жіберіпті

    • @akmoldirnl
      @akmoldirnl 3 роки тому +7

      ТТБ мен Жандарбек Бұлғақов -өте мықты уйлесімді жане қазіргі жастарға өте мықты улгі аларлық "Тажірибе ал" "тек -Аллаға Тауекел ет "деген Әрекетке ашық шақыру болды!"Мен бірінші рет көрдім каналды ӨТТІ.

    • @nurk.a7684
      @nurk.a7684 3 роки тому

      Түсініксіз концепцияларын ба)

    • @Асема-г4с
      @Асема-г4с 3 роки тому

      Рисксіз-ақ та

    • @ЕржигитСирлибаев
      @ЕржигитСирлибаев 3 роки тому

      Барлығы керемет жоғары деңгейде өтті 🔥🔥🔥

    • @Бали-р1с
      @Бали-р1с 3 роки тому

      Х за хх

  • @КыдырканКузенбетов

    Күшті бағдарлама болды маған қатты ұнады ойымды өзгертті жақсы сезім сыйладыңыздар. Еңбектеріңіздің жемісін көргейсіздер.

  • @meiirbekzhamalbek1221
    @meiirbekzhamalbek1221 3 роки тому +6

    Керемет, ризамын ашық жарқын ойларыңызды дәйекті жеткізе білдіңіздер! Недеген эмоциялар десеңізші. Дами беріңіздер, сәттілік тілеймін!

  • @sagadatabdrakhman7517
    @sagadatabdrakhman7517 3 роки тому +2

    Қазақ тілін сондай жақсы көремін. Барынша қазақ тілінде таза сөйлеп, таза жазуға тырысамын.
    Сіздер және біздер барда қазақ тілі өсіп-өркендей береді құдай қаласа!

  • @АрайкаДауренкызы-т2э

    Қайырлы күн! ТТБ - жастар үшін өте құнды ақпараттар беретін жоба! 4 маусым болсыншы, өтініш!

  • @almazabilhassim4668
    @almazabilhassim4668 3 роки тому +1

    Өте керемет шығарлым болды! Ескендір мырза сіз шынымен ғалымсыз. Сіздің айтқан сөздеріңіз афоризмге айналып барады.

    • @abat6326
      @abat6326 3 роки тому

      Сократтың інісі ғой енді 😉

  • @АбылайБердимуратулы

    Өте керемет сұхбат болды, әсіресе сөздің қадірлігі туралы керемет отырыс болды🔥Шешендік өнермен ақындықпен айтыстың яғни өнердің шеңберінде қалмай, кәсіп шеңберіне кіріп, өзіндік орын табу өте құрметті де қошеметті іс деп санайм🔥🔥🔥

  • @ydyrysbakytbek
    @ydyrysbakytbek 3 роки тому

    Ассалаумағалайкум ,төртеу түгел болса бағдарламасын қалдырмай көріп келемін.Әр жолғы бағдарламада айтылған мәселелерді өз басымнан іздеймін,және шешу жолдарын қарастрамын.Жақсы бағдарлама халыққа керек.Жандарбек бауырымның тәуекел еткеніне рйзамын.

  • @АкжолНурболулы-м1в
    @АкжолНурболулы-м1в 3 роки тому +3

    Жақсы! Өресі де, төбесі де биік сұхбат болды. Алла разы болсын! 💪🏽💪🏽💪🏽💪🏽🔥

  • @yelpatsalimzhan7147
    @yelpatsalimzhan7147 3 роки тому

    сөз құдіретін одан ары түсінгендей болдым. Бала тәрбиесіндегі сөздің рөлі өте маңызды екен. Тәрбиенің басы біздің дұрыс сөйлеп оны дұрыс қолдану. және Тәуекел деген сөзді шын мәнінде мағынасын ұқтым. Аман болыңдар Асыл ағалар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  • @dulatergali
    @dulatergali 3 роки тому +13

    Ескендір мырзаның ойының ұшқырлығына,кез келген жерден сөз тауып,тұщымды дәлел айтатынына сөзім жоқ,керемет!

  • @kuataldamurat2952
    @kuataldamurat2952 3 роки тому

    Бүгінгі бағдарлама өте пайдалы және ой саларлық болып өтті.Менің ойымша кейіпкерлердің тәжірибесі басқаларға керемет сабақ болды деген ойдамын!

  • @bakdauletyessengeldiuly7425
    @bakdauletyessengeldiuly7425 3 роки тому +7

    Өте жақсы өтті👌☺️
    Бұйыртса дін өкылдерін шақырып, кәсіп пен нәсіп арасындағы байланысты көрсетсеңіздер

  • @Ерсултан-т6ш
    @Ерсултан-т6ш 3 роки тому

    Жандарбек мырза керемет бағдарламаның ең үздік қонағы болды👍👍👍👍 ТТБ бағдарламасын үзбей көріп келеміз👍👍👍👍 ТТБ ұжымына рахмет Жандарбек мырзаны шақырғанына Сөз менеджменті керемет жазылған кітап 👍👍👍

  • @asselzhuparbek
    @asselzhuparbek 3 роки тому +20

    Керемет сұхбат болды,Ескендір мырзаның әр бағдарламада нақты нақты сөйлейтіні ұнайды.

  • @БексұлтанКүнжаркынов

    Ассалаумағалейкум қазақ еліне тіліне жанашыр болып жүрген бауырларымызды қолдайық.

  • @Поэзияәлемі-э8э
    @Поэзияәлемі-э8э 3 роки тому +3

    Керемет сұхбат!!! Керемет әсермен бөліспеске болмады!

  • @ЖанботаМанарбекқызы

    Керемет, біз қазіргі кез келген салада, бизнес саласы болсын жарнама жасауда қазақ тілінің өресін кеңейтіп, жаңашаландырып, Қуаныш ағаның айтқан ойындай құлақтың құрышын қандырар әдемі естілетін сөздерді көбейтіп, халыққа жеткізер болсақ қандай керемет болар еді, сонда біз мақтанышпен өз тілімізде еркін білім алып, дамитын едік деп ойлаймын. Сол себепті, Жандарбек ағамыздай тіл майталмандары ат салысып жатқанын көріп көңіліміз бір марқайып қалады екен.

  • @ruslanbazarbaev7668
    @ruslanbazarbaev7668 3 роки тому +6

    Бағдарлама өте керемет! Сата білу кез келген адам үшін маңызды! Қазақ тілді жарнама көбейе берсін!

  • @salimaabdildinova2601
    @salimaabdildinova2601 3 роки тому

    Өте жақсы сұхбат болды, мен қазақ тілінің жарнамаға аса келе бермейді деген пікірмен келіспеймін. Мәселе тілде емес, сол тілді қажетімізге жарата алмай жүрген бізде, өйткені өзіміз сауатсызбыз, дәлірек айтсам, аударманы жасайтын адам. Ұра берсе құдай да өледі демекші ана тіліміздің тынысын тарылтып жүрген өзге емес өзіміз екені өкінішті.

  • @assemgulkozhabek109
    @assemgulkozhabek109 3 роки тому +27

    Осы шығарылымға рахмет! Ескендір мырзаның ойлары ерекше👍🏼

    • @nurk.a7684
      @nurk.a7684 3 роки тому

      Түсініксіз концепцияларын ба)

  • @nurbolkhalmukhametov6779
    @nurbolkhalmukhametov6779 3 роки тому

    Бәрі Керемет болды, Рахмет! Сіздер Жандарбек мырзаның кітабын мақтай берген соң меніңде оқығым келіп кетті)) Ескіндір мырза айтқандай Ең 1 ші қорқыныш қой Көпшілік алдында сөйлей білу)) Бұйырып жатса бізде оқырмыз ИншАллаһ

  • @l.b.9521
    @l.b.9521 3 роки тому +4

    Қазақ тілі туралы айтылған тұжырымдар қатты ұнады❤️ Алла Тағала қазақ тілінің “модный” болуын нәсіп етсін🙂🤲🏻

    • @t1000bay
      @t1000bay 2 роки тому

      Әумин 🤲

  • @aidana_ydyryssova
    @aidana_ydyryssova 3 роки тому

    Керемет сұхбат болды. Істеу керек деген 2 нәрсе түртіп алдым. Бұйыртса пайдаланамын. Бұл сұхбаттың тек сұхбатта айтылған дүниелерді өмірде қолданысқа енгізгенде ғана ПАЙДАСЫ тиеді. Тыңдайық , саралап керегін өмірде пайдаланайық.

  • @Adiletberdibekuly
    @Adiletberdibekuly 3 роки тому +3

    Мощно! Жақсы тақырып болыпты, барлық жағынан ашылған сиакты, алдағы уақытта тағы шакырса жақсы болатын еди

  • @ТұралыЖолышов
    @ТұралыЖолышов 3 роки тому

    Керемет шығарылым ұнады. Жандарбек бауырыма шығармашылық табыс тілеймін. Айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын, енді кәсіпкерлік саласында да өзіндік қолтаңбасын қалдыра білсін.

  • @nurikk1848
    @nurikk1848 3 роки тому +4

    Өте керемет бағдарлама болды) Жандарбек ағаның арқасында өмірімде бірінші рет кітапқа деген махаббатым оянды💖

  • @Аиша-ъ5е8н
    @Аиша-ъ5е8н 3 роки тому

    Керемет👏👏👍. Шыны керек айтысты мулдем кормеген екем, бирак Жандарбек мырзага инстада жазылып, окып-корип журем. Оте байсалды, сози жанды, жагымды, ози де тулга ретинде тартымды адам. ТТБ мушелери де, келген конак та керемет сұхбат откиздиниздер👍

  • @assylanbekzhumageldi6993
    @assylanbekzhumageldi6993 3 роки тому +21

    Ассалаумағалейкум!
    Өте керемет, сіздерге өтініш келесі жолы Олжас Оқас мырзаны шықырыңыздаршы)

  • @yelzhasturarkhan3041
    @yelzhasturarkhan3041 3 роки тому

    Мына бір сұхбат керемет болды 1 сағат уақыттың қалай өткенін байқамай қалдық . Мен шыны керек ТТБ - ны алғаш көруім. Ішінен өзіме керектіні алдым десемде болады , ең өкініштісі осындай жобалардың қаралу көрсеткіші болмашы бір пайдасыз бағдарламалардың қаралу көрсеткіші жағынан және де белсенділігі жағынан төмен болуы . Ішіңнен “Әттеген - ай “ деп айтқызады екен. Дами беріңіздер ТТБ

  • @Author_secret
    @Author_secret 3 роки тому +5

    Қазақтың сіздердей ұлдары көп болсын!!! Еліміз өркениетті, бай-қуатты болсын!!!

  • @АяжанИсмаилова
    @АяжанИсмаилова 3 роки тому +1

    Сұхбатты көріп, тәуекел ету, сөйлеу өнері, тауарды жарнамалау жайлы біраз дүниелерді біліп алдық. Рахмет!

  • @m.s.sarymsakov
    @m.s.sarymsakov 3 роки тому +4

    Ассалау мағалейкум бауырлар, жақсы сұхбат болды👍👍👍, Жандарбек бауырымыздың кітабы бұйырсын, төртінші маусымның жалғасуына тілектеспін 🔥

  • @ТемирланГаббасов-б9ц

    Нақты , пайдалы ақпарат алдым. Алла разы болсын. Ізтеріңіз ілгеріле берсін...

  • @ОразханКанлыбай
    @ОразханКанлыбай 3 роки тому +10

    Ескендір аға тамаша сөз айттыңыз ғой бүгін, керемет 👍 . Жалпы бүгінгі подкастағы айтылған әр бір сөз , айтылған әр бір ой бірімізге қамшы болсын , бірімізге тамшы болсын . Екіжақты пайдаға ассын деп тілеймін 😀👏

    • @nurk.a7684
      @nurk.a7684 3 роки тому +1

      Түсініксіз концепцияларын ба)

    • @Alimusic2025
      @Alimusic2025 3 роки тому +1

      @@nurk.a7684 сен осы сөзден басқа білесіңбе бәріне осы сөзді жаза беріпсіңғо

    • @nurk.a7684
      @nurk.a7684 3 роки тому

      @@Alimusic2025 баска сөз билем бирак осы созди жазгым келди

    • @Alimusic2025
      @Alimusic2025 3 роки тому +1

      @@nurk.a7684 Түсініксіз концепцияларындыма?

  • @ОрынбайМекенбаев
    @ОрынбайМекенбаев 3 роки тому

    Жақсы сұхбат болды Ескендір мырза бала тәрбиесі жөнінде бала кішкентайынан өз ортасында қауіпсіз еркін өсе өскенде өз ойын сөзін жеткізетінін жақсы түсіндірді жалпы тіл тәуекел жайлы жақсы әңгімелер болды рахмет

  • @sagadatabdrakhman7517
    @sagadatabdrakhman7517 3 роки тому +3

    Сіздерді осы қазақилықтарыңыз үшін, діннен қараң қалмай сауатты болғандарыңыз үшін, әрі өз істеріңізде маман болғандарыңыз үшін үзбей көруге тырысамын. Өзім қазір Ресейде Вахталық әдіспен жұмыс жасап жүрмін. Сіздерді көріп алдыма үлкен мақсат қойып, Ин шаа Алла соған жететініме сенемін. Қазіргі жұмысым болашаққа дайындық...

  • @Поэзияәлемі-э8э
    @Поэзияәлемі-э8э 3 роки тому

    Керемет сұхбат! Тұщымды ойларды естіп кейде осындай қоғамда өмір сүргеніңе қуанасың. Небір тегін білім алып жатырмыз. Осы бағдарлама телевизордан көрсетілсе мықты болар еді....

  • @nurkuat_k
    @nurkuat_k 3 роки тому +9

    Осындай ұлтымыздың, қазақ тіліміздің көркендеуіне ат салысып жүрген жігіттер, тастарың өрге домаласын....

  • @sheberhanym2696
    @sheberhanym2696 3 роки тому

    Ерекше ұнаған шығарылымдардың бірі болды! Аллаға тәуекел етіп іс бастап кету көптеген жетістіктерге жетелейтінін түсінгендеймін.
    Жандарбек мырзаның кітабы туралы жасаған роликтері расында ерекше болған😍 “не деген идея” деп таң қалған едім, дами беріңіздер!
    Алға жетелейтін, пайдасы бар бағдарлама жасағандарыңызға алғысым шексіз!

  • @АгайшаТилеубекова
    @АгайшаТилеубекова 3 роки тому +6

    Өте керемет сұхбат болды!
    Баланы кішкентай кезінен шешендік өнерге баулуды түсіндік

  • @KHALYK
    @KHALYK 3 роки тому

    Ассалаумағалейкум, ағалар. Жақсы сұхбат болды. Жандарбек мырзаның кітабын алу ойда бар. Әр қазақтың сөз шеберлігі, сөйлеу өнеріміз дами берсін деген тілегім бар. Сіздерге Алла разы болсын

  • @АзимханСултаев
    @АзимханСултаев 3 роки тому +4

    Ассалаумағалейкүм қалдарыңыз қалаи келесі маусым өз жалғасын тапсын күшті сұхбатты болды келесі қонаққа Арман ұстазды шақырсаңыздар Алла жар болсын

  • @akzhuniskydyrbay4552
    @akzhuniskydyrbay4552 3 роки тому

    Бүгінгі бағдарламада “Сатуды кез -келген адам жоғарғы деңгейде білу керек” деген сөз ерекше әсер етті. Сонымен қатар адамға тұлға ретінде дамимын десең қай уақытта болсада әр істе тәуекел етіп, жаңа бағытқа ауыса білуде үлкен жетістік екенін түсіндім. Рақмет! 👏🏻

  • @janajoba
    @janajoba 3 роки тому +3

    Осындай сұхбаттар көп болсын❤️👍

  • @rinatalgadan2929
    @rinatalgadan2929 3 роки тому

    Кереметтендірілген жігіттер кеңесі. Тіл мәселесі өте-мөте актуалды. Оны дамытудағы үлес сіз бен бізде болсын! Жалпы деалекті сөздерсіз және тұрмыстағы неткенде нағылатын дегендей сөздерді қолданыстан алып тастап көрсе соның өзі көп деген жалқы есімдерді керемет қазақшаландырып жіберер- ау, деймін!

  • @Dr.Bakalek_Khainollayev
    @Dr.Bakalek_Khainollayev 3 роки тому +19

    Жандарбек Бұлғақов үздік жобаның үздік қонағы болды👏👏👏👏

  • @araska5750
    @araska5750 3 роки тому

    Тоқтамасын, көп болсыншы осындай бағдарлама

  • @ПапаМама-ф1х
    @ПапаМама-ф1х 3 роки тому +4

    Өте керемет сұхбат. Сіздерден уйренерім көп.

  • @БейбітАлтынбеков-с8к

    Озінің мемілекттік тілі бола тұра озге мемлекттің мемлекеттік тілімен соилейтін мемлекет емес екенімізді мына бес батырымыз далелдеді
    Жарайсыңдар қырандар

  • @nurikk1848
    @nurikk1848 3 роки тому +3

    Барлығы керемет,аузың ашылып тыңдайсың,Жандарбек ағаның сөйлегенін үздіксіз тыңдай бергің келеді😍

  • @Zar34268
    @Zar34268 3 роки тому

    Баланың бағын ашатын Сөз, сағын сындыратын Сөз. Сол сөзді сөйлей алсаң Тамшы болады, сөйлей алмасаң Қамшы болады👍👍👍

  • @mirakablakat6807
    @mirakablakat6807 3 роки тому +7

    Бір деммен көріп шыктым. Істеріңізге Алла берекесін берсін!

  • @МейрамбекТурсынов-ж4е

    Керемет тәтті сұхбат болды.Жандарбек аға дұрыс айтасыз үлкен постты ешкім оқымайды бейнелі түрде жеткізу ұтымды болып тұр.

  • @olzhas_zhakypbek
    @olzhas_zhakypbek 3 роки тому +3

    Рисксиз ак та биздин ризыгымыз берилген !! прям мощный инсайт болды гой маган , Алланын созин айтты 👍🏼

  • @БекзатӘубәкір
    @БекзатӘубәкір 3 роки тому +24

    Өте керемет шығарылым. Келесі кездесуге Қайрат Жолдыбайұлын шақырсаңыздар!

  • @ГүлмираДосанқызы
    @ГүлмираДосанқызы 3 роки тому +1

    Осы маусымды əдемі аяқтаған шығарылым болды! Жандарбек аға айтпақшы, біз қазақ тілдің болашағына сеніп, үмітпен қарауымыз керек. Ол үшін қазақ тілдің дамуына өзіміз барынша үлес қосып, Сіздер сияқты халық алдында жүрген ағалар осылай ТТБ сияқты бағдарламаларды көбейтіп, қазақша ұсынып, жастарға өз тілін сүюді үйрету! Негізі, кез - келген адам əлеуметтік желіге пікір қалдырған кезде де, қатесіз, сөздің мағынасына мəн беріп жазатын болса, тілдің қадірі кетпейді, қайта, қазақша сөйлеу, жазу, қазақ тілдегі жарнамалар трендке айналатын еді. Сонда ғана тілдің деңгейі жоғарылайтын еді. Өзге тілдерді білу қажет, бірақ өз тілімізді күнделікті өмірде əдемі қолдансақ болашақ ұрпақ та дəл солай болады! Тəуекел ету жайлы тақырыпты жақсы көтердіңіздер ! Бүкіл адамда осы қасиет жоқ! Болашағына сенбей, өзі тон пішіп қорқа береді, шешімге келе алмайды. Аллаға бар ісіңді сеніп, просто амал етсең, Алла сені еш жерде лақтырып кетпейді. Сенімен соңына дейін бірге болады. Кез- келген іс бастасаң да, өмірлік жар таңдасаң да осы Аллаға тəуекел ету адамды құтқарады. Ал, қорқып шеше алмай, мың ойланып жүру адамды адастырып, қараңғыға батырып жібереді! Дінді жақсы білген адам, шешімге келіп, Алладан осының хайырын бер деп дұға етіп, тəуекелге барады жəне көп ұзамай оңды жемісін көреді өмірінде! Өйткені арада Алла бар, берекесін міндетті түрде көреді. Аллаға сенген құстай ұшады дегендей, тауекел ету- əр бір істе, адамда болу керек қасиет. Бізден тек амал, береке Алладан! Жалпы, комментатор ретінде көп нəрсе айтуға болады бүгінгі айтылған инсайт пікірлер жайлы! Оның бəрі сыймас! Осындай сіздер сияқты Артистотель мен Сократтың брəтишкілері көбейе берсін!😃 Ескендір ағамыз сияқты ғұн- сақтар тілінде, тосап, шаншықы сияқты сөздерді біз де қолданып көрейік 😃 Келесі маусымды асыға күтеміз! Нұржан ағаның əзілі өтті бірақ, мына жерде😂😂😂😂😂😂

  • @НазеркеТулешова-ф3щ
    @НазеркеТулешова-ф3щ 3 роки тому +10

    Тамаша, қызық әрі көңілді, танымды шығарылым болды. Маған ұнады

  • @ЕрнұрМадет
    @ЕрнұрМадет 3 роки тому +7

    Өте керемет🔥
    Жандарбек ағаның сөз саптауы, ортасында қыстырма сөздерді қиыстырып әкететіндігі,бір нәрсені жеткізуі өте жақсы.Шынайы ерекше сұқбат болды👍🏻

  • @МайнурИзжанова-м8м

    ТТБ жобасы өте керемет екен. Жақында көріп бастадым. Дами беріңіздер. Жандарбек мырза күшті мотивация бердіңіз. Рахмет. Енді Айнур Тұрсынбаева әпкемізді шақырсаңыз екен😘😘😘

  • @КуанФан
    @КуанФан 3 роки тому +13

    Жандарбек аға Айтыстың дүлділі таза қазаққой! Ризамыз сізге

  • @jakexan7867
    @jakexan7867 3 роки тому

    Жумыс уакытында унеми корип журемин. Бугинги сухбат оте жаксы орбиди. Риза болдым. жумыс оз жайында калды, шыны керек. Керемет! Китардын 1-уин табыстасаныздар нур устине нур болушы еди

  • @ДамирТулебаев-и1т
    @ДамирТулебаев-и1т 3 роки тому +5

    Алла берекелі етсін жұмыстарыңызды!

  • @Ss-yi3rz
    @Ss-yi3rz 3 роки тому +1

    Өте өзекті мәселе қозғалды деп ойлаймын, өзіме қажеттіліктер тауып , сұрақтарға жауап және пайдалы инсайттарды түртіп алдым, өте керемет 👍

  • @almasamanzholuly1503
    @almasamanzholuly1503 3 роки тому +6

    "Кез келген істе жақсы, берекелі ой қосатын ұжым болмаса, қанша жерден талантты болсаңда, жалғыз ешкайда шаппайсың". Менің барлық проблемамды шешіп берді ғой осы сөздерімен.

  • @yerkebulanis
    @yerkebulanis 3 роки тому

    Расында да қазіргі таңда біршама курстар бар осы ораторлық шеберлік тұрғысында, алайда барлығы дерлік сол академияның терминдеріне келіп тіреледі. Оны күнде естімей жүрген халықтың түсінуі қиынға соғып жатыр, содан да болар олардың сатылымының болмауы.
    Келесі маусымды тағатсыздана күтеміз, істеріңізге береке тіледім. Біршама қазақтың ұл-қыздарының көзін ашып жатқандарыңызға Алла разы болғай.

  • @digitialCircus
    @digitialCircus 3 роки тому +17

    “Дебат - бәдіктіктен басқа ештеңе бермейді” дегендеріңізге қосыламын! Өйткені бұл басқа қоғам, бөлек заман, жылдам уақыт!

    • @КуанФан
      @КуанФан 3 роки тому

      Ескендір Бестай бәдікпа не?
      Барлығына бірдей топырақ шашпау керек деп ойлаймын.

    • @ЖайсанАрт
      @ЖайсанАрт 3 роки тому

      @@КуанФан Ескендир мырза тындаушы 5%киреди, калганы бадик деп ози айтты

  • @КуантайАкшабаев-ч4й

    Болар елдің жігіттері бірін бірі батыр дейді демекші
    Керемет сұхбат болды жігіттер
    Істерің алға басса берсін
    Ттб ның әр санын асыға күтетін болдыққой👍

  • @Meiz24
    @Meiz24 3 роки тому +4

    Мен де көне «сақ тілінде» сөйлейді екенмін және барған жерімде «Қазақша қызмет көрсетесіз бе»,«қазақша ақпарат бересіз бе» деп сұраймын.

  • @ЖантореМайконов
    @ЖантореМайконов 3 роки тому

    Керемет. Өсіп, өніп, өркендей беріңіздер. Көрермендеріңіз көбейе берсін. Түсірілімдеріңіз таусылмасын. Халыққа пайдасы көп болсын.👍👍👍

  • @ДинараМусабаева-с2ц

    Керемет, ТТБ-ның өкілдері бірін-бірі толықтырып, әдемі сұхбат жасайды. Қазақ тілді тамаша контент!

  • @botaderbisali8788
    @botaderbisali8788 3 роки тому

    ТТБ подкаст форматындагы әр бағдарламасынан сүттен қаймағын сүзіп алғандай ойлар түйіп, жалпы кәсіпке де, өмірге де құштарлықты сезіне аласын..Сонымен қатар, осы ағаларды қарай отырып, ер азаматқа деген бөлек құрметің артады екен..Керек дуние, улкен алғыс!!!

  • @Chuzhdye
    @Chuzhdye 3 роки тому +4

    Керемет сұхбат болды, көптен күтіп жүр едім Жандарбек ағаны, рахмет.

  • @otanali2610
    @otanali2610 3 роки тому

    Қазақтың екі баласын ерекше жақсы көремін, тыңдаймын, жаңалықтарын іздеп отырамын. Олар Жандарбек пен Димаш. Екеуінде ұқсастық бар, екеуі де өз саласының ДАРАСЫ. Бүгінде Жандарбек жайлы ақпарат іздеп, Сіздің бағдарламадан тауып алдым. Рахмет, Сіздерге, Жандарбекпен кездесу ұйымдастырғаныңызға.

  • @yerzhanovmurat
    @yerzhanovmurat 3 роки тому +11

    Керемет,казак тилинин болашагына улкен улес пен енбек синирип жатырсыздар.Жумыстарыныздын берекесин кориниздер😄

  • @adiletbaidaly
    @adiletbaidaly 3 роки тому +1

    ТТБ уақыт өткен сайын жақсы дамып, ашылып келе жатыр. Қазақ тілі аудиториясында #1 ші подкаст десем артық болмайтын шығар. Кейбір сөздерді жәй айта салғанымен, ол мәнді, мағыналы болып шығады. Жарайсыздар, тек алға!!!👍🏻👍🏻👍🏻

  • @aiymadai7234
    @aiymadai7234 3 роки тому +3

    Керемет контент! ТТБ жасасын! Кез келген қонақ ерекше! Маусымның жалғасын күтеміз! Жақсы сөз айталмасаң үндеме дер едім!

  • @НурболатБолатов
    @НурболатБолатов 3 роки тому

    Ассалаумагалейкум! ТТБ-нің жургізушилері 1,2,3 маусым 1-30 ға дейн үзбей түгел көріп шыктым.
    ТТБ бағдарламасы маған өміріме жаксы әсер берді (зона комфортадан) шығып, енді өз ісімді бастайн деп жатырмын! Үлкен РАХМЕТ сіздерге!!!👍👍👍 4 маусым күтемін!✔

  • @42clouds18
    @42clouds18 3 роки тому +6

    Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетесің.
    Уайым түбі тұңғиық, батасың да кетесің! Тәукел жасай білу туралы ойларыңыз өте орынды,Тәуекел етіп бір Аллаға сенейік

  • @sagadatabdrakhman7517
    @sagadatabdrakhman7517 3 роки тому +1

    Ассалаумағалейкүм! Біраз пікірлерді (комментарий) оқып шықтым. Шынында бағдарлама өте керемет, қызықты болып өтті.

  • @АрхатМаратов
    @АрхатМаратов 3 роки тому +16

    Качество, звук на высшем уровне✊🏻✊🏻✊🏻

  • @ШынтемирТлешжанов

    Ассалаумағалейкум жігіттер тамаша көрсетілім болды.Қазақ тілінің дамуына қосып жатырған еңбектеріңіз жана берсін.