ЗОНА КОМФОРТА: НЕДЕН ҚОРЫҚПАУ КЕРЕК? | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | 2 МАУСЫМ #16

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 вер 2024

КОМЕНТАРІ • 593

  • @VersusAcademy
    @VersusAcademy  3 роки тому +41

    16-шығарылым сыйлығы: Спикерлерімізден 10 адамға арнайы мерч.
    Сыйлықты алу шарттары:
    1.Инстаграм парақшаңызға #torteutugelbolsa16 хэштегімен пост жазу.
    2.Келесі шығарылымға дейін кері байланыс күту, ең көп үздік пост иесіне сыйлықты табыстаймыз!

    • @araika2809
      @araika2809 3 роки тому +3

      Зона конфортада үйде баламен декретте отырғанда кіріп кеттім. Ешқандай алға ұмтылу жоқ. Тек күнделікті өмір болып кетті. Сосын психологиялық марафонға қатысып өзімді зона комфортадан шықтым. Яғни алға мақсат қойып соған ұмтылдым, басында қиын болды. Может осы өмірім дұрыс шығар деген ойлар болды. Бірақ арманыма жету үшін күрестім, біреумен емес өзіммен күрес басталды. Арманымды бөлшектеп күнделікті бір нәрсе істеуге ұмтылдым. Істеген сайын өзімді жақсы көріп мақтап отырдым.
      Менің ойымша зона комфортадан шығу үшін адам өзі сол нәрсені түсіну керек. Аллаға шүкір зона комфортадан шыққаныма.

    • @Elaman_Ermuhamet
      @Elaman_Ermuhamet 3 роки тому

      Мерч деген не

    • @ibonurdangazy9561
      @ibonurdangazy9561 3 роки тому +2

      @@Elaman_Ermuhamet гуглдан іздеп көр

    • @aidaesengoghaeva6414
      @aidaesengoghaeva6414 3 роки тому +1

      Оте керемет, Рахмет

    • @manarbektoksanbai506
      @manarbektoksanbai506 3 роки тому

      👏👏👏 оте керемет

  • @zmoneymonster2036
    @zmoneymonster2036 3 роки тому +59

    Мен өз историямды айтып берейін:) студент болып 1 курска келдім, сөйтіп бірінші курс обедтен кейін оқитын болдық. Менің дворыма пәтер жалдап курстасым келді, сабаққа бірге баратынбыз. Сөйтіп жүріп таңертеңнен обедке дейін уақыт өткізу үшін күреске жазылдық, үй жақта. Күреске бірінші рет бардық, сөйтіп жүргенде 6 ай өтіп кетті. Бір күні ағай кешкі тренировкаға шақырды. Кешке келсек біз келіп жүрген зал лық толы, таңертеңгі тренировкаға бар жоғы 10 ға толар толмас бала келетін, ал кешкі тренировкада минимум 50-60 жүр, біздер в шоке ). Разминка бітті спаринг күрес басталды, ағай бізді курстасым екеумізді бәрімен күрестіріп шықты. (Кроме тех кто с нами утром ходили остальные 8, они тоже были) Біздер бәрін жеңіп тастадық, содан кейін ағай аналарға айтты: мына екеуі сендер сияқты 6 ай келіп жүр тренировкаға деп (бізді айтып жатыр). Біздер крутой мұрт салып алғанбыз.))) Бірақ таңертең спарингте күрескенде жеңіліп жүрдік почти бәрінен. Сөйтсек таңертең тренировкаға келіп жүрген балдар ылғи чемпиондар Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, Олимпиада ға барған балдарда бар екен, олар оказывется күніне екі рет тренирока істейді екен, таңертең бізбен бірге, то есть біз олармен бірге , сосын кешке. Мораль истории: орта қатты әсер етеді, күштілердің арасында күшті болады екенсің.

    • @ansheingo7611
      @ansheingo7611 7 місяців тому

      😍🔥 мотивация береді екен

  • @alibekkaz
    @alibekkaz 3 роки тому +82

    Ескендір мырза бізге керек нарсені сұрақ қою арқылы шығарып беріп отырады рахмет 😊 Қуаныш мырза айтпақшы дұрыс сұрақ, жарты жауап

  • @akerkeurstemova1347
    @akerkeurstemova1347 3 роки тому +85

    Күйеуім айтпақшы " Вышел из зоны комфорта ,в жизни ничего не изменилось, но теперь ещё и не комфортно" 🤣🤣🤣

  • @brothersbro799
    @brothersbro799 3 роки тому +101

    Ескендир мырза өте білімді жігіт✊✊✊✊

  • @dnk01
    @dnk01 3 роки тому +198

    Ескендір мырза қазіргі заманның Мағжаны👍

    • @ndoublen9408
      @ndoublen9408 3 роки тому +1

      От кісі🔥🔥🔥🔥

    • @Taefakkur
      @Taefakkur 3 роки тому +2

      Құлан мырза жақсы ашылды, әңгімелі шынайы, өтті!

    • @userbek_
      @userbek_ 3 роки тому

      келісем🤙🏻

  • @meirbek2878
    @meirbek2878 3 роки тому +32

    Ескендірдің айтқандары өте орынды айтты

  • @sagna.alvarez
    @sagna.alvarez 3 роки тому +20

    Ескендир мырза бизде пайда болган сурактын барин кояды, рахмет!!

  • @assylzatabilkassym4470
    @assylzatabilkassym4470 3 роки тому +6

    Керемет бағдарлама.
    Шыны керек қазақ жастарына жаны ашып дамуы үшін өздерінің оқып түйген білімдерін тегін айтып жатыр. Алла разы болсын Қуаныш, Мейірбек, Ескендір,Құлан ағаларымызға.
    Шыны керек мен 3күн болды көріп жатқаныма толықтай көріпте үлгердім бағдарламаларыңызды. Тағы да үлкен рахмет айтам алғысым шексіз😊♥️

  • @user-dd1mf2im1k
    @user-dd1mf2im1k 3 роки тому +15

    Күтіііп жүретін ең сүйікті бағдарламам ғой Аллах разы болсын, сіздердің ниеттеріңіз қабыл болғаны деп білемін! Өте көп көмектеріңіз тиіп жатыр өзімнің ішкі және сыртқы күйімнің өзгеруіне үлкен үлес қосып келе жатырсыздар, Еңбектеріңіз жана берсін🤗Алланың назарында болыңыздар әрбіріңіздің отбасыңызға екі дүние бақытын берсін!

  • @user-ic1fp4dk2i
    @user-ic1fp4dk2i 3 роки тому +21

    Недеген тіл байлық бауырлар Алла разы болсын сендерге.Ауылдың қара домалақтары осындай тірлік жасап жатқандарыңа қайран қарлдым.Алға жігіттер.

  • @user-tq9uo9zz4v
    @user-tq9uo9zz4v 3 роки тому +10

    Ескендір мырза аз сөйлеп семіз шық деген тура келеді ✨

  • @nuur6222
    @nuur6222 3 роки тому +53

    оо бірінші🔥🔥🔥
    ТТБ ны асыға күтетіндер барма😍😍

  • @Tommy-Sary
    @Tommy-Sary 3 роки тому +11

    Зона комфорта деген басқаша көз қараста қарасақ: жалқауланып, бірқалыпты, ізденіссіз, күнделікті тыныш қана өмір сүру. Яғни ештеңеге өзіңді қинамау (дұрыс тамақтануға, спортпен айналысуға, кітап оқуға, ерте оянуға, т.б)
    Қысқасы, бұл сенің жалқаулығың үшін комфорт зонасы дегенді білдіреді.
    Мысалы, спортпен шұғылданып бастасаң сен комфорт зонасынан шығасың, яғни қиналып, жасағың келмей, саған ол некомфортно. (Жалқаулығыңа😆)
    Ал комфорт зонасынан шыққым келеді дегендер, осы мағынада айтады деп ойлаймын.

  • @bekzatsagat5609
    @bekzatsagat5609 3 роки тому +24

    Кейінгі ұрпаққа: "Осындай адамдармен бір заманда өмір сүрдік, осындай кісілер болды кезінде" - деп айтып отыруға тұратын деңгей👏

  • @user-ej9vw5ot9h
    @user-ej9vw5ot9h 3 роки тому +5

    Жигиттер , сендерге коп рахмет . Ангимелериниз оте салмакты , ен бастысы мани бар . Сиздерге карап елимиздин болашак келе жаткан жастары , осы мемлекетимизди жана денгейге котереди деп сенемин Алла каласа .

  • @didar_yesbossinov
    @didar_yesbossinov 3 роки тому +25

    Қуаныш мырза, машина құтты болсын! LS500👍👍👍

    • @anarbisengali876
      @anarbisengali876 3 роки тому

      Эфир кушти ,🔥🔥🔥🔥👍👍🏿👍🏿👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-bg2fk3xo2y
    @user-bg2fk3xo2y 3 роки тому +7

    Жігіттер, ризамыз Сіздерге! Қуаныш мырза керемет түйіндедіңіз, көпке пайдалы кеңестер, Алла разы болсын баршаңызға

  • @zhzh6686
    @zhzh6686 3 роки тому +15

    Ескендир мырза красавчик ✊

  • @KRGCINEMA
    @KRGCINEMA 3 роки тому +20

    Зона комфортадан шыгып Туркистан да истеп жатырк стройкада Аллага шукир

    • @NURASSYL_AUSTRALIYA
      @NURASSYL_AUSTRALIYA 3 роки тому

      Сонда сіз үшін зона комфорта не болып еді бұған дейін

    • @KRGCINEMA
      @KRGCINEMA 3 роки тому +2

      @@NURASSYL_AUSTRALIYA уйде просто жаттым

    • @KRGCINEMA
      @KRGCINEMA 3 роки тому

      @@user-vi2rf6nw8h аха

    • @user-vf5mc5xy9q
      @user-vf5mc5xy9q 3 роки тому +1

      @@KRGCINEMA красавчик брат 👍👍😀

  • @chayfantazeru1222
    @chayfantazeru1222 3 роки тому +9

    Блин, С каждым разом когда смотрю вижу как вы растёте 😍 интро и шуточки это просто бомба!!! Под видео должно быть как минимум 10млн просмотров

  • @uljankaltaeva8667
    @uljankaltaeva8667 3 роки тому +2

    Күшті МашаАллах Қуаныш Шонбаймен Мейырбек Мырза екеуі күшті психолог👍👍Алла разы болсын керемет эфир болды 😍

  • @farkhadabzhapparov8921
    @farkhadabzhapparov8921 3 роки тому +17

    Ескендір мырза мықты маман😊👍🏻

  • @Technar111
    @Technar111 2 роки тому

    Ескендір мырза, менин койгым келген сурақтарымның арасындағы сурақтарды көп кояды. Баримиз бир Алла Тағалага тауелдимиз. Бізден тек максимум амал жасау, ал береді ме бермейді ме тек Алла Тағаланың колында. Рахмет жігіттер. Керемет дискуссия болды. Алла сиздерге разы болсын. Келеси видеоларынызды катты күтіп жүремін.

  • @ERJANSAGIDOLLA
    @ERJANSAGIDOLLA 3 роки тому +5

    Рахмет ағалар! Әр шығарылым сайын адамға ой салатын дүниелер болып жатыр!

  • @user-ml1bz6vd5q
    @user-ml1bz6vd5q 2 місяці тому

    Любой БӘӘННДААҒА келмейді ғой- деп айтқан жері Қуаныш мырзаның қарапайым сөз тапқырлығы. Сөздің орнын тауып, орнына қоюы керемет!

  • @Saken_trader
    @Saken_trader 3 роки тому +1

    Күшті тақырып болды. Мықты бағдарлама, Бағдарламаның ғұмыры ұзақ болсын, көптеген дамығысы келетін адамдарға таптырмас дүние!!!

  • @user-yj8fk8fj1w
    @user-yj8fk8fj1w 3 роки тому +1

    Неге екенин билмим бирак Ескендир мырза унайды маган! Адам ретинде ! Баскаша адамгой ози, оте умный адам сиякты! 3 еуи бир болек, Ескендир мырза бир болек алем болып отырады! Жалпы казактын мандайына биткен жандарсыздар! Аман болыныздар! Дами бериниздер!

  • @saidinvestbaza9882
    @saidinvestbaza9882 3 роки тому +2

    МӨРЧ ИДЕЯ - ТТБ деген циферблатымен қолсағат болса алар едім. Телефон и эйрподсқа чехол болса тіптен керемет. Сумка - мак салатын, кошелек сияқты. Жазу жазылған киім кимес едім, но осындай аксесуарлар болса клиенттеріңіздің қатарындамын.

  • @user-ex4zv8xm1t
    @user-ex4zv8xm1t 3 роки тому +1

    Осы бағдарлама шыққалы бір бір рет көрмеген кезім болмапты. Қуаныш мырза рахмет! 👍👍👍

  • @moldirkurmangalieva2126
    @moldirkurmangalieva2126 3 роки тому +5

    Ескендір мырза 👍🏼

  • @Nurbalot
    @Nurbalot 3 роки тому +2

    Керемет бағдарлама👍🏼 көптеген жаңа ойларды күнделікті өмірде қолданып жүрмін. Үлкен рахмет жігіттерге✊🏼

  • @alma_kenes
    @alma_kenes 3 роки тому +4

    1:04:00 Ескендір мырза🤣🤣🤣
    Қуаныш мырзаның взглядын-ай😄❤️

  • @MADONNAKZ_12
    @MADONNAKZ_12 3 роки тому

    Мықты, керек осындай сіздің ақыл кеңес, жол сілтеген бағыттар

  • @user-dv5hc3tu7w
    @user-dv5hc3tu7w 3 роки тому +3

    Ескендыр мырза өте сауатты - тұлға!!!

  • @user-iq3rh1us3k
    @user-iq3rh1us3k 3 роки тому +5

    Ескендір мырзаны ауыстырманыздар, өз басым сыздермен отирғандағы мен қоятын сұрактарды кояды)

  • @user-hl5hc3ot9o
    @user-hl5hc3ot9o 3 роки тому +15

    Марғұлан ағаға қолқа салсаңдаршы, ттб ға қонақ болуға, өтініш

  • @user-op2df6mc1z
    @user-op2df6mc1z 3 роки тому +1

    Қуаныш мырза сізге рахмет,бастысы бағдарламаны әр тақырыпқа сай мағыналы жетік жеткізу және көңілді,түсінікті тілде жеткізу шеберлігіңізді байқап,әр апта үзбей қарап отырамыз😀🙏👏Баршаңызға алла разы болсын,еңбектеріңіз жана берсін!❤️🙏

  • @nurlybekmm
    @nurlybekmm 3 роки тому +1

    Ассалаумағалейкум. Барлық шығаралымдарыңызды қалдырмай көріп жүрмін. Маш Аллаһ керемет. Орта туралы осы шығарлымда көп қозғадыңыздар. Ескендір мырза көп сұрақ қойды. Негізі оның жауаптарын өздеріңіз алдыңғы “Ортаның маңызы” деген шығарылымда айтып кеткен едіңіздер. Ортаның маңызын толығырақ түсіну үшін: Бенджамин Хардидің “Сила воли не работает” деген кітабын оқуға кеңес беремін. Сәттілік🙌🏻

  • @Askhat.777
    @Askhat.777 3 роки тому +1

    Ескендiр мырза тура в "точку" айттыныз. 60 мын тауып озиндi керемет сезинем. Сол куйде кобиси болады. Оз деке басым солай болды. Мейрбек мырза Ия осы видеоны кореди изденип журген адамдар. Жасаныздар мырзалар оте жаксы программа.

  • @perizatmakhanova5252
    @perizatmakhanova5252 3 роки тому

    Пайдалы мағлұматтарға толы, арасында өз ішіңе үңілуге итермелейтін, әдемі әзілдерге рахаттанып күліп алатын жақсы бір бағдарлама болды. Рахмет

  • @zhansayaospanova3790
    @zhansayaospanova3790 3 роки тому +1

    Куаныш Шонбай мырза сиздин китабыныз оте керемет "не будь вторым" деген, магыналы, пайдалы кенестер барлыгы бар😍

  • @user-rl9ps3fb2y
    @user-rl9ps3fb2y Рік тому

    Алла істеріңізге берекет, отбасыларыңызға аманды берсін! Керемет эфир осының өзінен көп мағлұмат алып серпіоіп отырмыз

  • @user-xl6zs5fj3c
    @user-xl6zs5fj3c 7 місяців тому

    Көңіл күйімді көтеріп тастады, күшті, супер, Рахмет

  • @user-sb2ei7yo6k
    @user-sb2ei7yo6k 3 роки тому

    Ассаляму алейкум. Куаныш мырза экстримальный спортпен айналысатын бала туралы айтты. Мен де естиген едим арбир истин артында бир себеб бар деп. Айтадыгой кейбир адамдар ата анасына далелдеу ушин бир жумыспен айналысады деп. Бул подсознательно журетин процесс. Сиз айттыныз егер де сол тупки себебти психология бойынша обработка жасап шешсениз омир жаксы болу мумкин. Бирак сол обработка жасау кажет пе деген сурак бар. Мысалы егер барлык экстримальный спортспендер оздеринин тупки психологически проблемаларын шешип тастасы то баягы шыкпай журген энергиянын денгейі басылып, экстримальный спортка деген кулшыныс басылып калмайдыма. Жана айтканымдай егерде ата ананмен барлык сурактарды шешип подсознанияда ештене калмаса то адамда далелдеуге деген кулшыныс жогалмайма. Коптеген бизнесмен болсын карапайып жумысшы болссын сол далелдеу жолында бираз жетістікке жетті. Тура солай кери натиже бар. Далелдеймин деп ауызы куйгендер. Мысалы менин озимде уакыт отип алдынгы бизнес жасап асыгыс шешим кабылдаган кезимде именно сол далелдеу процессі болган еді.

    • @user-sb2ei7yo6k
      @user-sb2ei7yo6k 3 роки тому

      Оратага да катысты айткандарынызга коскым келип отыр. Студен кезимде тандаган касибим унамай, окудан томендеп, гранттан айрылып жане отчислениеге шыгарган болатын мени. Сол кезде осу ушин баягы группада араласып журген былай айтканда движниковый достарымнан алшактадым. Содан барлык сабактарда биринши партада отыратын болдым. Сабактарды да барынша окып кайта грантка илиндим. Сиздер де айткандай ортадан кету кетпеу ол озине байланысты. Ен бастысы сенин коз карасын касындагы адамдарга. Мысалы мен катты ишетин, анаша шегетин болмаса катты проблемасы коп адамдармен араласпаймын. Былай айтканда фильтргой егер сен кери асер, физически или эмоция болсын любой негатив туындататын адам болсан мен ушин, олай болса араласпаймын. Озимнин жакын достарым карапайып жумысшылар. Арасында тек мен тиршиликтер мен араласып журетин. Енди осуим ушин маган оларды тастаудын кажети жок. Бар жогы олар мен олар ушин тусиниксиз такырыптарга сойлеспеймин. Оынын орнына ортаны кенейтип отырамын. Жан жакты дамыган адамдар мен арасалып сойлесип.

  • @user-ev2ld8ek1e
    @user-ev2ld8ek1e 3 роки тому +2

    Кемедегінің жаны бір демекші.Барлығымызды осында қосқан ізденіс, талпыныс, білім. Сол себепті осы каналдың оқырмандары барынша таратайық 100.000 деген не?? Мектеп іргесінде айтылмаған ақыл кеңестер айтылып жатыр.Сіздердің видеоларыңызды көріп шабыттанып, зона комфортты кеңйттім, жұмысты ауыстырдым, онлайн курсқа жазылдым.Алла қаласа сіздердің орталарыңызға қосылуды нәсіп етсін.Ол күнді алла тағала нәсіп етсін.

    • @user-ty6ms2zg1s
      @user-ty6ms2zg1s 3 роки тому

      Дурыс айтасыз. Биз мектепте окы деймиз. Бирак окушыларга казир осындай билим беруге тырысамын

  • @nurislamrn
    @nurislamrn 3 роки тому +5

    TTB күннен күнге дамуы бізді қуантып жатыр,тек алға

  • @togzhankanabekova8807
    @togzhankanabekova8807 3 роки тому +1

    Ескендір мырзаның тонкий юморына лайк 👍👍👍😁

  • @user-ol3kx6fm6f
    @user-ol3kx6fm6f 3 роки тому +3

    Бүгінгі шығарылым шикарно болды🔥👍🏻 ТТВ жазуы бар кепка немесе футболка болса алуға дайынмын😁🔥🔥

  • @user-wt7oc1xe2g
    @user-wt7oc1xe2g 3 роки тому +6

    Қазақстанның көбісі зона "выживаниеде" тірі қалу зонасында айлықтан-айлыққа қарап жүрген сияқтығой🤔

  • @azamatturdalibekov3171
    @azamatturdalibekov3171 3 роки тому +4

    Ташкент корген демекшы. Ташкенттик Qazaq тан жалынды салем барлыктаринизга.

  • @1kz594
    @1kz594 3 роки тому +37

    Ескендір мырзаға көп қалжындай бересіз Қуаныш мырза? Бұл нормадан артық емес пе?!

    • @almazblasev
      @almazblasev 2 роки тому

      Енді арасында кішісі болгасынго. Заңдылық қой,любой ортада солай жасын кіші болса үлкендер тек саған приколын откызедыгой))

  • @aktilekmural1742
    @aktilekmural1742 3 роки тому +9

    Дами беріңіздер тек қана алға! ✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @itstalcho
    @itstalcho 3 роки тому

    Бұл ТТБ расын айтсам үзбей көремін, кейбір жерлерін қайта-қайта көремін өйткені қайталап көрген кезде басқада жағынан қарап көруге мүмкіндік ашылады екен, Сіздер бізге риза болап жатыр екенсіздер, бірақ біздің яғни көрермендеріңіздің ризашылығы молылар болғай👍

  • @user-xk1lp9nn3l
    @user-xk1lp9nn3l 3 роки тому +4

    ...Бугинги локация керемет !Жарык жаксы койылган.

  • @user-mt6tm7kx5i
    @user-mt6tm7kx5i 3 роки тому +1

    Ассалаума ғалейкүм! Өте орынды сұхбат болды. Рахмет жігіттер.

  • @ibonurdangazy9561
    @ibonurdangazy9561 3 роки тому +2

    Атым Ыбырай Сейдін.
    Аяғына дейін оқыңыз.
    Жайлы аймақтан (зона комфорта)- қалай шығамыз?!. Харф Экердің Миллионер сияқты ойла деген кітабында бұл жайлы былай айтылады - барлығымыз әдетпен өмір сүреміз сондықтан қорқынышқа, күмәнға,мазасыздыққа,сенімсіздікке,жайсыздыққа(ыңғайсыз)түсіп тұрсаңда мақсатыңа қарай әрекет қыл тіпті өзің қаламасаңда.
    Біз "ЖАЙЛЫ АЙМАҚТЫ" айттық, ал жайсыздықшы(ыңғайсыздық)?.Жайсыздыққа қарамастан әрекет қылу неге маңызды? Себебі "ЖАЙЛЫЛЫҚ"- бұл сіздің қазіргі жағдайыңыздың деңгейі. Егерде қазіргі деңгейіңізді көтергіңіз келсе "ЖАЙЛЫ АЙМАҚТЫ" жарып шығып көңіліңіз қаламайтын әрекетті жасап үйреніңіз.
    Сіздің деңгейіңіз 10 деңгейлік шкаламен санағанда 5ші деңгей деп ойлайық, ал сіз жаңа деңгейді бағындырғыңыз келеді. 5 және одан төмен деңгейлер Жайлы аймақта қалды, 6шы және одан жоғары деңгейлер сізге таныс емес және жайсыз. Яғни 5ші деңгейден 10шы деңгей аралығы толықтай жайсыздықты бағындыру арқылы ғана жетеміз.
    Кедей және орта адамдар жайсыздықтан қашады.олар үнемі жайлылы аймақта өмір сүреді.Бірақ мен сіздерге байлар және жетістікке жетушілер ғана білетін сыр ашайын:адамдар жайлылықты шектен тыс бағалайды.жайлылық - жылы, қолайлы және тыныш жер,бірақ бұл адамның дамуына қатысы жоқ.Дамып өсу үшін жайлы аймақтан шығу керек.Өз жайлы аймағыңызды үлкейтуіңіз керек!.бұны қалай түсінеміз?.
    Мына сұраққа жауап беріңізші:өміріңізде бірінші рет бір проект немесе іс бастағанда өздеріңізді керемет ыңғайлы, жайлы сезіндіңіздерма?- Әрине жоқ, басында қиын болады,жайсыз болады,бірақ сол істі бір талай қайталап істегенде үйренісіп жайлылық пайда болады.дәл солай.бастамада бәрі жайсыздықты сезінеді,бірақ берілмей артқа шегінбесе ерте не кеш сіз үйренісіп, жайсыз күйді бағындырып өз "ЖАЙЛЫ АЙМАҒЫҢЫЗҒА" айландарысыз. Бұл деген сөз ,сіз өз "ЖАЙЛЫ АЙМАҚЫҢЫЗДЫ" үлкейттіңіз дегенді білдіреді.
    Есіңізде болсын:сіз шынайы тек қолайсыз,жайсыз жағдайда дамып өсесіз. Бүгіннен бастап жайсыздықты(ыңғайсыздық) сезінетін болсаңыз,жайлылыққа қарай қашпаңыз,оданда өзіңізге:"мен дамуға тиіспін"-деп алдыға қарай жылжыңыз.Бай болғыңыз келсе,өзіңізге жайсыз жағдайда,жайлы сезінуді үйреніңіз.
    Мысалы:сіз интровертсіз,сізге адамдармен сөйлесу жайсыз,өзіңізге мен бұл жайсыздықты жойуым керек, жаңа таныс табу кәсіпте үлкен рөл ойнайды деп, берілмей адамдар мен танысуды жалғастырсаңыз бір күні адамдармен сөйлесудің пайдасын көргенде сізден жайсыздық кетіп орнын жайлылық басады, осылайша өз жайлы аймағыңызды үлкейтіп,жаңа деңгейге көтерілдіңіз деген сөз.
    Байыса қазақ байысын!. Бір қазаққа болсада көмек тигізсем ризамын.
    Ерінбей жазу себебім осы😁.

  • @khumyrzakhnurbagys7510
    @khumyrzakhnurbagys7510 3 роки тому

    Сиздерди карап кулип отырып билим алып отырады екен, рахмет кушти😁

  • @dnk01
    @dnk01 3 роки тому +24

    Осы Қуаныш Ескендірге тиісе береді екен)))

  • @user-ev5od1gq4o
    @user-ev5od1gq4o 11 місяців тому

    Сіздерге көп рахмет, істеріңіз алға бассын

  • @abat6326
    @abat6326 3 роки тому +4

    Ескендір мырзаға тиіспең ей 😇

  • @user-ds2lc9lk3m
    @user-ds2lc9lk3m 3 роки тому

    Оте керемет создер пайтасы зор енбектин артынан келген создер екен сезнп тындап карадым ТТВ созге мен ойым елмизде ноутбука бренд ойластырп шыксаныздар елимизе оте зор пайдасы болатын еди коп коп рахмат айтам сиздерге.

  • @user-ze9xd6lh3w
    @user-ze9xd6lh3w 6 місяців тому

    Керемет сұхбат болды, жігіттер алға!

  • @user-fi7ip9sj1h
    @user-fi7ip9sj1h 3 роки тому

    Ассалаумалейкум ТТБ жiгiттерi өте жақсы тақырыпты қозғалды.Браз нәрсе тусiндiм курс оқығандай болдым. Өте маңызды әңгіме айтасындар тек алға, сәттілiк! 👍 👍 👍

  • @aeereassh4804
    @aeereassh4804 3 роки тому +27

    Ескендір мырзаға неге тисе береді?) Ерсі көрінеді сырт көзге кекетіп отқандай

    • @danaermek4574
      @danaermek4574 3 роки тому +4

      Иа тиыспеныздер Олай Ескендирге! Созбен)

    • @dreamerhigh5005
      @dreamerhigh5005 3 роки тому +2

      Соз берсе гой сол кысыге, созын болып еды, коп сойлемнй калды

    • @kenzhekey
      @kenzhekey 3 роки тому +2

      Маған да солай көрінеді(
      Ескендір мырзаға тиіспеңіздерші 🙂

  • @zhannurzhastalapova2345
    @zhannurzhastalapova2345 3 роки тому +1

    Өте керемет бағдарлама. Беріп жатқан дүниелеріңіз мол. Өсе беріңіздер

  • @Pubg-cx7sc
    @Pubg-cx7sc 6 місяців тому

    Аллах істеріңізге береке берсін Ағалар маған өте көп көмектіріңіз тиді и тиіпте жатыр✊🫂

  • @user-ds8do2lj2p
    @user-ds8do2lj2p 3 роки тому

    «Зона конфортаның» қазақша баламасын тауып, таза сөйлесеңдер. Ой-пікірлерің өте керемет... Тек алға!!!

  • @user-oz8yx6if8y
    @user-oz8yx6if8y 3 роки тому

    Қарап отырып идеялар, түсініктер келе береді екен, ұнады осы шығарылым

  • @seppiseppi1346
    @seppiseppi1346 3 роки тому

    Мәәәә, Қуаныш мырза қалай зуылдатыыып тез сөйлейді. Реально, өте пайдалы эфир болды, молодцы жігіттер. Мықты тәжірибеден, аналитикадан, анализдан, іс-әркеттен, ой-өрістен шыққан тұжырымдар, бүгін ерекше ашылдыңыздар.

  • @Senku013
    @Senku013 3 роки тому

    Ассаламуалейкум акалар🙋🇺🇿мен сизларни бошдан кузатип келаман👍яхши,фойдали нарсаларни айтасизлар рахмат!

  • @user-bb2tz4js8x
    @user-bb2tz4js8x 3 роки тому

    Керемет! Бағдарлама тегін разбор . Бар жақсылықты тілеймін. TTB логотипі бар заттар шықсын.

  • @user-hl5hc3ot9o
    @user-hl5hc3ot9o 3 роки тому +1

    Зор дүниелермен бөлісіп жатырсыңдар жігітер, рахмет көп көп

  • @muratzadashov4365
    @muratzadashov4365 3 роки тому

    Рахмет сіздерге, шын ниетпен жасалған бағдарлама екені көрініп тұр 🤗

  • @Spacez11
    @Spacez11 3 роки тому

    Өте пайдалы мағлұматтарға толы контент. Барлық тақырыптары өте қызық. Маған ұнады.

  • @user-fy9jj2mb5s
    @user-fy9jj2mb5s 3 роки тому

    Өте үлкен тақырып. Адам өміріндегі ең маңызды момент..Көп адамда бала кезіндегі қалған комфорт...

  • @user-lt8dy5tm1s
    @user-lt8dy5tm1s 3 роки тому +7

    Зона комфортадан шыгудын жолы ортанды дурыс тандап солармен араласу сиякты.

  • @aigerimzhunissova3225
    @aigerimzhunissova3225 3 роки тому

    🥺🥺🥺🥺 АЛЛАНЫН НУРЫ ЖАУСЫН барлыктарынызга! Багдарламаны тусирип откан, биз кормейтин команданын арбирине🤩...кандай тамаша,окыган, кокиреги ояу агаларымыз барда, казак тилди, оз исинин мамандары кобеймесе, азаймайды!!! Куаныш, Мейирбек, Ескендир жане Кулан мырза, сиздердин аталарынызга рахмет! Узбеймин корип, типти куйеуим де кызыгып сиздерди кутип карайтын болды жане билесиздерме?! Куйеуим екеумиз ар выпускты корип болган сон..ортак талкыга салып, билгенимизди, естигенимизди..калай кабылдадык..калай тусиндик соны талкылаймыз. Расында биз мулдем билмеппин сиздерди..9лек басталарда ровно 1 апта бурын ау..сиздин тегин вебинарынызга катыстым..куйеуим оз жумысымен откан..ал мен уйде оз тирлигиммен даусын шыгарып койяп тындап жургенмин..бир уакытта куйеуим де косыла тындады..мя болатын нарсе екен ия деп..потом сразу ойланбай акшасын толеймин..окып ал!деп колдады..мен кымбат кой жан..кысылып калмаймыз ба деп едим.. "жок, ол жагын уайымдама, окып ал, сен алып кете аласын, саган сенемин!" Деп заявка калдыртты! 😍😍 катты куандым...Аллага мын шукир, танымасак та дурыс жолды корсеткенине.. айтпеСе Куаныш Шонбайды мулде естимегенбиз кормегенбиз гой..СОЙТИП 9 лек студенты болдым❤

  • @user-eo3ns4de7t
    @user-eo3ns4de7t 3 роки тому

    Тортеуиниз де керемет жумыс жасап жатсыздар казак жастарына рахмет улкен

  • @user-ln5fv1rp1r
    @user-ln5fv1rp1r 3 роки тому

    ТТБ ның жігіттері зекет беруде. Білімнің зекетін беруде. Білмейтіндерге зекет тек ақшадан берілмейді, зекет алынған білімнен де беріледі екен. Жарайсыздар! Тек қана алға! Марғұлан ағаның өзін өзі зерттеудегі жетістіктеріне жетіп озуды тілеймін. ТТБның барлық бағдарламасы трендке шығу керек.

  • @karzhauturganbaev6838
    @karzhauturganbaev6838 3 роки тому +1

    Ассалаума алейкум жігіттер, дұрыс әңгіме айттыңыздар, күшті 👍, аман жүріңіздер.

  • @user-rz8mx8ct3u
    @user-rz8mx8ct3u 3 роки тому

    Ассалаумағалейкүм! Сіздерге АЛЛА РАЗЫ болсын! Əр Қазаққа жазылу керек деп ойлаймын. Өйткені Қазақтар білімді, бай-қуатты болу керек. Құдайдан қорқатын Халқына қызмет ететін ата арманын орындайтын ұрпақтардан болу керекпіз...!!!

  • @user-hd3fs5jc1c
    @user-hd3fs5jc1c 3 роки тому +2

    Аллаһ разы болсын сіздерге, Мырзалар!

  • @user-ul5cd7kr2c
    @user-ul5cd7kr2c 3 роки тому

    Бүгінгі талқыланған тақырып, дәл қазір өз басымда болып жатыр,бұрыннан болыпта жүрген, бір салада істеп келе жатқаныма 18 жыл болды, өзіме қойып тастаған пікірлерімді өзгерту керек түсіндім ,жалпы айтқанда Жігіттердің бағытын дұрыс деп ойлаймын .Өмірде ең қиыны өзіңді табу.Түсінгенім өзіңді іздесең табасың.Іздемесең өз обалың өзіңе.

  • @NURASSYL_AUSTRALIYA
    @NURASSYL_AUSTRALIYA 3 роки тому +1

    1:04 Ескендір аға өтті плотно 🤣. Жарысқаныңызды білген де жоққо дейма😂

  • @Taefakkur
    @Taefakkur 3 роки тому +1

    Құлан мырза жақсы ашылды, әңгімелі шынайы, өтті!

  • @user-zb1vz3qs3m
    @user-zb1vz3qs3m 3 роки тому

    Кеш жарык!Өте керемет тақырып👍🏻Өте керемет талқылау👍🏻Алла разы болсын🤲🏻

  • @zhadosh3088
    @zhadosh3088 3 роки тому +4

    Ескендір ағаааа😊💯🔥🔥

  • @user-bu2sf6hm9k
    @user-bu2sf6hm9k 3 роки тому

    Ассалаумағалейкум қазақ елі.Алла разы болсын Иншалла жігіттер бүгінгі тақырып өте жақсы болды.жалпы ттв ның форматы тартымды екен..кітапты көп оқығанарыңыз . жастарға пайдасы мол

  • @jarkin.s5165
    @jarkin.s5165 3 роки тому

    Өте керемет! Жақсы кеңес. Қарапайым тілмен жеткіздіңдер жігіттер.

  • @user-li1bp5go2y
    @user-li1bp5go2y 3 роки тому

    Осы жолы ттб асыға куттім маған ұнайтын жобалардың бірі тақырыптар ашылып жатыр сұрақтарыма жауап алып жүргендеймін 👍

  • @bkalimuratkyzy
    @bkalimuratkyzy 3 роки тому +1

    Менде мынандай сұрақ туындады🤷🏻‍♀️🤷🏻‍♀️🤷🏻‍♀️
    Мен өмірде өте көңілді, ашық жарқын адаммын. Қуанғаным да, ренжігенім де бірден білінеді, яғни сезімдерімді қатты шығарамын. Бірақ, өткенде бір видео көріп қатты ойландым, ол жерде Абай атамыздың сөзі келтірілген: қуанышта да, қайғыда да бір қалыпты адам болған дұрыс" деген (менің түсінгенім бойынша). Содан кейін менде өзгеріс басталды, қуансам да ішімнен, ренжісем де ішімде.
    Сұрақ: сезімдерді сезіну деген жерде (25 минуттарда) Сіздер сезімді шығармаған ауруға әкеледі дедіңіздер. Сонда менің қуанғанда да, ренжігенде де бір қалыпты болуым керек дегенім, мені жетістікке емес, құрдымға әкеледі ме?
    Және Абай атамыз не айтқысы келген?

    • @eskenbestai
      @eskenbestai 3 роки тому

      Бірінші, Абай атаның нақты не айтқанын қарау керек ау. Сосын не меңзегенін талдасақ түсінерміз.
      Қазіргі жазбада қайшылық көріп тұрғаным жоқ. Абай ата ситуацияның бізге әсер етпеуіне (толық адам) ұмтылуды меңзеген болар. Ал біз әсер етсе жасырмай шығаруды айттық. Екеуі өзара толықтырып тұр сияқты. Қалай дейсіз?

  • @zhannamusilimova4948
    @zhannamusilimova4948 3 роки тому

    Өте тамаша! Әлсіздердің ішіне мықты болғанша,мықтылардың арасында әлсіз болған алдеқайда жақсы. Бұл сөздің авторы кім екен? Жігер беретін сөз екен.

  • @user-yd8vw4dg1i
    @user-yd8vw4dg1i 3 роки тому +1

    Мәә бір шешім қабылдар кезде сенімсіздік па әйтеуір нестим, нестесем дұрыс болады деп көрінгеннен сұрап бас қататыныз рас, түйгенім кез келген шешімді тәуекел жасап көру керек, өтсе күшті, өтпесе тоже ниче тәжірибе болады

  • @user-yb4cz7ps3e
    @user-yb4cz7ps3e 3 роки тому

    Блесиздермаа осиини ойлаап жур едимм катти. Рахмет алғысым шексизз. Ойланардай болдии. Білесізба мен сіздерге алғысым шексіз

  • @ddke1
    @ddke1 3 роки тому

    Зона комфорта туралы біраз көзімізді ашып жібердіңіз ғой. Әлі де оған жетпей жүр екенбіз ғой. Сіздрдің осылай бірігіп, бір бірлеріңізге көмектесіп, итеріп жүргендеріңе қуанам. Сіздер секілді орта тапсақ екен. Мүмкін сіздерде оқыған адамдар арасында орта бар ма? Жоқ болса мықты нәрсе болар еді. Жастарды біріктіріп, қазақ бауырларымыз бір біріне тәжербиесімен бөліссе, қандай керемет болар еді. Қазақ тілінде ең мықты бағдарлама деп ойлайм, сіздерді. Бар болса маған корсетіп жіберіңізші, өзіме ең керек нәрсе қазіргі кезде орта табу болып тұр. Бір жерде тұрып қалгандай сезінем, істеген ісім жүрегіме сай емес, өз өзімді табу арманым. Рахмет сіздерге үлкен

  • @Ereke.Almaty
    @Ereke.Almaty 3 роки тому +4

    Келесы серияға дейін жүз мың подписчик болсын👍👍👍

  • @kosherbayzhansaya6972
    @kosherbayzhansaya6972 3 роки тому

    Бүгінгі бағдарлама өте керемет өтті .Егер толстовка , футболка, кепке шығатын болса Ин Ша Алла алатын шығармыз .

  • @user-ql6pt2sf9x
    @user-ql6pt2sf9x 2 роки тому

    Керемет ой келді, рахмет.

  • @miraskurman914
    @miraskurman914 3 роки тому

    Керемет тақырып болды. Осы выпуск көп просмотр жинайды. Я в этом уверен. 😁👌