МУЗАРТ - ҚЫЗЫҚ TIMES I Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанабілов | ЗАМАН тобы
Вставка
- Опубліковано 3 лют 2025
- Ең мықты шығарылым! Арнайы қонақ ЗАМАН тобы! Соңына дейін көр! "Пуэрто-Рико" дәстүрлі ән стилінде? Калифарния, Мирас Жугунусов, Садраддин, Шиза әндерін мүлдем басқаша орындап берді!
Жастар айтпақшы, студияда нағыз "ЛЕГЕНДА" жандар! Қызық Times бағдарламасында аты аңызға айналған МУЗАРТ тобы. Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанабілов!
Бағдарлама басынан-ақ Кенжебек, Мейрамбек аға, Сәкен аға әзілмен бастады.
Кенжебектен ондайды күтпедік! Бірден бас салып ағалардың жасына тиісе кеткені қалай кетті?
Мәңгі жас Музарт тобы! Сәкен ағаның жас көрінетіні сонша тіпті Мейрамбек Беспаев Сакен Майгазиев ті оның ұлымен шатастырып алады екен.
Сәкен Майғазиев және Мейрамбек Беспаевтың жас көрінуінің себебі неде?
ОСЫ ЖЕРДЕ ЭКСЛЮЗИВ! Жуырда Мейрамбек Беспаев пен Садраддин дуэт жазады! бірақ ешкімге айтпаңыздар! Ол әзірше құпия! sadraddin
Музарт тобының қатысушыларын жас кезінде қалай атаған? Қандай лақап аттары болған? Қалай ойлайсыз? Сәкен Майғазиев - Қалдыбек! Кенжебек - Тайсон, Ал Мейрамбек Беспаев ше? Ешқашан таппайсыз!
Сонымен қатар МузАрт тобы өзінің жастарға көзқарасы туралы айтып кетті. Жастарды үнемі қолдап, шабыт беріп, оларға әрдайым талантын шыңдау үшін барын салатынын айтып кетті. Оған дәлел әрине ағаларымыздың жасап жатқан телевизиялық жобалары. Мысалы "Хабар" арнасында Мейрамбек ағаның бастауымен жүзеге асқан "Кавер-шоу", "Жұлдызды жекпе-жек", Сәкен Майғазиев жетекшілігімен "Хабар" арнасында "БЕС ЖҰЛДЫЗ" бағдарламасы эфирде жоғарғы рейтинг көрсетуде. Оған қоса ерекше "Музарт Лайф" жобасы бар! Мұның барлығы жастарға деген көңіл және де жаңа таланттарға жол ашып мүмкіндік беру, аға буынның жаңа буынға деген жанашырлығы мен қолдауы, алдыңғы толқын мен кейінгі толқын сабақтастығы деп білеміз!
Депутат, пара алғыш әкім, Қазақстан жолдарын Музарт музыкасына қосса не болады екен? Керемет эксперимент!
Бағдарлама барысында Музарт тобымен дуэт айтуды армандап жүрген Абзал Қамбаров өнерін көрсетті. Оның ерекшелігі тек актуал, өзекті тақырыптарға ән айтады. Бұл жолы Абзал Қамбаров Музарт әндерін қолданып өзгеше мәндегі әлеуметтік мәні бар, өзекті әндер орындады.
МҰҚАБА айдары! Қызықтаймс жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жымиып , күліп отырып әзілмен, ыммен көп маңызды нәрсені жеткізе алатынын білесіздер! Бұл жолы да әзілмен болса да ағаларына өте маңызды тақырыптарды жеткізе алды. Ерекше музыкалық талғамымен танымал МузАРТ тобына қазіргі таңда шығып жатқан қисықтау әндерді тыңдатқызды. Тақырыбы түрпілеу, ән мәтініі ыңғайсыздау бірақ сұранысқа ие әндер. Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев тіпті кей жастарға өзінің ренішін білдіргендей болды.
Әннің өзі идеология құралы. Сондықтан ән шығарғанда да жауапкершілікпен қараған жөн екендігін айтып кетті.
Бағдарлама соңында ерекше эксперимент. МУЗАРТ тобы ХАЛЫҚпен ДУЭТ айтты!
МузАРТ тобының әрбір әні нағыз классика, "халық" әніне айналып кеткені анық. Мысалға әйгілі "Сенің көзің" әнін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жатқа біледі. ҚызықТаймс редакторлары Алматы көшелерінде кездейсоқ жолаушыларға осы әнді айтқызып көрді. Нәтижесінде қарапайым көрермендер Музарт тобының өзімен осы әнді дуэт ретінде айтты! Не деген бақытты жандар!
Бағдарлама соңында ТОСЫН СЫЙ! Премьера! Жаңа ән! "Заман" тобы!"Сені сүйем"
ЗАМАН тобы - еліміздегі ең талантты дуэт! Ерген және Әсет! • Seni Suyem
Оған қоса "Заман" тобы еліміздегі ең мықты импровизатор екенін барлығы біле қоймайды! Осы жолы Ерген мен Әсетке заманауи әндерді өз стильдерінде айтып шығуын ұсынды.
"ЗАМАНға сай ән" айдары! Меховая тобы - Ақ көйлек киген, Калифарния - Пуэрто Рико дәстүрлі ән стилінде, Мирас Жүгінісов, Шиза әндері ерекше стильде орындалды
Заман тобы Қарақат көзің: • Заман - Қарақат көзің З
Музарт тобы әндері • МУЗАРТ - ең үздік әнде...
Музарт тобы концерт • «МузАрт» ансамблінің ж...
Сағындым Алматымды • МузАрт-Сағындым Алматы...
Мейрамбек Беспаев және Қанат Үмбетов • Мейрамбек Бесбаев & Қа...
Мейрамбек Беспаев және Ернар Айдар • Мейрамбек Беспаев & Ер...
БЕС ЖҰЛДЫЗ жобасы • Қанат Тасхан & Есқара...
• «Бес жұлдыз». Mariyam ...
Каналға жазыл / Подпишись на канал
/ @maratoralgazin
Жүргізушілер:
Марат Оралгазин - / oralgazin
Еркебулан Мырзабек - / rollanuly
Абзал Қамбаров:
#қызықtimes #музарт
Ұнады ма? Қай сәті? Минутымен жазып жібер! Лайк коммент жазып барлық ватсаптағы достарыңа жібер! 47:12 ЗАМАН тобы! Жарды🔥Соңына дейін көр
Халықпен дуэт 🔥
@@sa6itkz_Әндер ше?
18:50 прям в точку
Барлык минут кызык Ол кiсiлерге соз айту уят кой барлык казак елине.Ми жок тусиниги жок адамдарга айтпа айт тусинбейди барибир
Kaz korib jatrm magan ar sekunt minuti unaydigoy agalarimnin korinisterinin🥰
Қазақ тілінің шұбарлануы туралы өте орынды айтты. Аға буынның сыны жастарға жетер деген үміттемін!
Көп нәрсе айтты ағалар негізі
@@MaratOralgazinҚайрошты шақырындар братан
“Заман” тобын көргеніме
Өте қатты қуаныштымын! Кезінде Ұлықпан Жолдасов талантты жігіттерді танып,паш еткені үшін рахмет!
Заман тобын 24 сағат тапжылмай тыңдауға әбден болады,түр десе түр,вокал десе вокал❤
Сауаттылығы және орнымен сөйлеуі қандай керемет . Қазір бұл жастағы ағаларымыздың көбі телефоннан көз алмай , уақыттарын зая кетіріп отырады . Артынан ерген жастаға , балаларына саналы ақыл айталмай . Музарт тобы мен үшін үлкен құрметке лайық.
Керемет әндерімен халықтың сүйіктісі болып жүреберсін 🫂
Заман тобы таң қалдырды. Каверлері бірінен бірі асады. 🔥🔥🔥
Калифарнияның әні осы орындауда ата-әжелеріміздің сүйікті әні болып қалуы мүмкін.😊 Мықты.👏👍
МузАрт тобы әлем бойынша ешбір хейт алып көрмеген топ! Өзім сыйлайтын Сәкен аға ең 8қырлы 1сырлы жан,қазақилықтың иісі аңқып тұрады қашанда,ұлтсүйгіштігі өте жоғары! Жастарға деген ақылы бір бөлек! Дауысы да кейпі де өте керемет жан! Адам ретінде ең үлгі тұтар өнер жұлдыздарының бірі! Мейрамбек ағаның өзіндік ұстанымы мен өзіндік жолы да бөлек,жүрекпен жеткізетін дауысы жүрекке сөзсіз жетеді! Кенжебек ағамыз ол кісі шынымен ортасында кенжелігін көрсетіп отырады байқасаңыздар,көп сөз сөйлемей, сөздерін бөлмей,інілік сыпайылығын жасандылықсыз көрсетеді,себебі мықытылармен жүріп өзі де мықты болған азамат! Менімен қосылсаңыз лайк басып кетіңіз👍 негізі бұл жандар жайлы ауыз толтырып айтуға болады ,әттең көп сөзді ешкім оқи бермейді қәзір😢
Әлем бойынша
Керемет комментарии, Алланын нуры жаусын саган !
Мен оқыдым. Керемет жазыпсыз❤
Ризамын.
Сіздей сипаттай, бағалай алатын қазағым көп болсын.
Менде окыдым )
Мейрамбек пен Сәкен расымен қазақ тілін дамытты,айтқан ақыл-кеңестері дұрыс.Жүргізушілер де керемет.
Аңыз адамдар ғой! Қазақ өнерінің өшпес жұлдыздары!
Аныз дейтиндей не истеп еди бул адамдар оз калтарын толтврганнан баска халкым елим жерим деп бир шыкты ма?
Дұрыс@@ОРДА2023
@@ОРДА2023Басың істемей ма?Аңыз адам қазақ өнерінде деді
@@ОРДА2023сенин калтаннан алыппеди. Алла берген несибесин терип жур халыкка унап тойына шакырып, концерт берип. Шакырындарш бизди деп жалыныпта, кинапта журген жок. Талай казак андерин шыркап шет ел аншилерин экраннан сол жылдары вгыстырып бастаган осы кисилер. Мейрамбектин ози бала кезден халык журегин жаулаган. Домбырасын тастамай али дариптеп келеди. Не керек баска
Мынау пікіріңізбен келісемін енді
Қазақ тілі шұбарлады деп жандары шығып барынша айтып жатқанда жылағым келіп кетті ғой😢 Жандары ашып айтып отыр ғой. Ағалардың әнімен расымен де өзім қазақша ән тыңдап үйренгем. Бақытты болып Қазаққа үлес қоса беріңіздер!!! ❤❤❤
Ассалаумағалейкум Мәке Ереке мың алғыс сіздерге... Музарттағы ағаларымызды шақырып ... Жастарға айтқан өсиеті ақылдарына мың алғыс..
Заман тобы ең өнерлі .. жігіттер
Жезқазған қаласынан Жалынды сәлем🎉🎉🎉🎉
Керемет Болды Заман тобы жарды енди🎉Қатты ұнады Не деген өнер Әндерді керемет айтып шықты өзгертіп Сол жерлерін көргендер біргеміз❤
Құлақтың құрышы қанып қалды-ау. Осындай таза, сауатты сұхбат көрмегелі біраз болыр еді. МУЗАРТ ол легенда✅
Легенда есть легенда. Сәкен ағаның сөз саптауы қандай керемет. Өлең сөздеріне сындары орынды болды. Арзан ұйқас, қалай болса солай болып кетті. Дауыстары қандай керемет
МұзАрт тобы ерекше кісілер. Тәтті балалық шақ үшін мың алғыс. Заман тобы керемет. Түлендіру өзгерту шынымен де жарды
Мықты ұнады, рақмет! Музарт тобы жан жақтан алсақта үлгі тобы деп есептеймін. Заман тобың бірінші рет көріп отырмын, бірақ өте ерекше әсер қалдырды, жарайсыңдар жігіттер! Қызықtimesға рахмет!
Әнін тыңдадыңыз ба Заман тобының? Ән ғой! Трек емес нағыз ән😅
@@MaratOralgazinЗаман тобын жеке шакырсаңыздар дим👏👍
Корип куанып, шаттанып, рахаттанып, маз болып, конилденип калдым! Рахмет жигиттер аман болындар осындай. МузАрт агаларга жане Заман тобына улкен Рахмет✊✊✊ оылай салмакты сойлеп тамаша тамаша онер корсеткен Кызык Таймс конактары жане багдарлама жигиттерине улкен алгыз👍👍👍✊✊✊
Бәрекелді👍керемет шығарылым🤩
МузАрт легенда⭐️Мейрамбек кез-келген өз заманындағы әйел адамының “махабатты” болды ғой😊
Ақыл айтудың өзі өнер 👌
“Заман” тобын бірінші рет көруім! Мықты екен👍 Пуэрто-Риконы жандандырды😁 Жарайсындар!!!
Заман тобы мен шок болып отырмын,өтініш егер мүмкіндік болса осы айдарды Заман тобымен тұрақты етіп қалдырсаңыздар екен 🎉
💯💯💯💯👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Заман тобын бөлек шақырыңыздаршы тағы да🥺🥺❤️❤️❤️
Кызык таймс ең үздік шығарылымдарының бірі және бірегейі
Музарт легенда дауыстары қандай керемет
Зор заман тобы супер жарайсындар жигиттер
Х
Музарт қайталанбас топ ғой👍
Заман тобын да бағалау керек керемет әшейін жүрген сахнада әртіс сымақтар көп.
Заман тобын алға шығару керек
Марат пен Еркебұланға Рахмет,өте өзекті тақырып болды.Мұзарттың жігіттері де мәдениетті түрде жастарға түсінікті етіп жеткізіп отыр.
Заман тобы, жарды😂. Нағыз шынайы талант. Аман болындар, джиги
Өте керемет сұхбат болды. Сөздерінің жаны бар. 2000-жылдардың басында барлығы орыстың әншілеріне еліктеп, солардың әндерін айтып жүрген. Сол кезде “ Музарт “ шығып жарқ еткізді
Иә! Музарт, Орда, Абк! Аңыздар ғой
Музартты бәрі тыңдайды, мойындау керек✊ Десе де, 91-га дейін жастар қазақша ән тыңдаймын деп кеудесін ұрып мақтанып айтуға бүйректері бұрмайтын.
қазақша ән тыңдау, айту 91-дің арқасында да болғанын бір мәрте айтылса екен деген ниет❤ музартты сүйіп тыңдаймын❤️
Керемет азаматтар. Менің сүйікті тобым, кішкентай кезімнен тыңдаймын. Сакен аға сингормонизм жайлы керемет айтты. Қазақ тулін бұрын апайларымыз керемет оқытқан. Ақындар сәл сауаттырақ болса. Қаншама керемет әдемі сөздері бар тіліміз бар
Оте керемет айтып отыр Музарт ағалармыз.
Расында білгендерін жасап, мәң мағынасы жоқ әндері.
Өте орынды айтты Сакен ағамыз.
"Сенің көзің" өлеңінің сөздері қааандай әдемі. Мен енді мән беріп тұрмын, Ма ша Алла😍
Авторы Мұқағали Мақатаев, отыздан асып барамындыда сөзінің авторы Мұқағали
Күшті шығарлым болды 😅
Музарт легенда ғой
Дәл осы қалыптарынызда ақылдарынызды әндерінізді айтып жүре беріңіздер 🥰🙌
МузАрт бөлек шынымен, Алла ерекше бақ берген, тартымдылық берген, мәдениеттілік берген, еріксіз еліктегің келіп тұрады, Ма ша Алла!❤❤❤❤❤❤❤
Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевтың той туралы айтқан үгіт насихаты ұнады.
Заман тобының жаңа әніне ғашық боп қалғандар бар ма?🥹🔥❤️ 47:00 осы минутта
Керемет!🥰
Бар әрине, күтеміз енді сол әндердің жарыққа шығуын
Қандай ән шығарса да лайк қой тыңдамай жатып😊
Бөлек бөлекк😮
Барлық өлеңдері ұнайды, Қазақ тіліміз тамаша ғой 👍😇💯💯💯
қандай керемет 🔥 Музартты шақырғандарыңызға рақмет өте мағыналы шығарылым болды 👏. Қаптаған мәнсіз есер әндерге айтылған есті сын болды. Қазақ өнерінің, ұлтының, тілінің жанашырлары ❤❤❤❤❤ Сәкеннің сөз саптауы керемет-ай 👏 Нағыз қазақ, мәдени-әдеби сөздермен ойын тамаша жеткізеді екен 👏 Даусы сірә бөлек 🔥🔥🔥 Аман болсын Легендалар, вы просто 💣💣💣
Заман тобы да келгеніне қуаныштымын🤗
Негзі әндердің атауын жасыра отырып, енді шығып жатқан әнші жастарға үлкен сын екенін астарлы түрде көрсетіп жатқандарыңыз өте керемет, осындай айдарға іліккен ақын мен әншілер ойланар деген үміттеміз!!! 😊
Соның астарын түсіне білген сізге көп рахмет, Ерғалиқызы😍
Қазіргі жастарға жүрегі жылап, қынжыла отырып, күліпте дұрыс жол сілтеген Мұзарттағы ағаларым Жасасын❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
2001-де 14 жаста едім 😁 емханада емделіп жатқанда көп тыңдағанмын❤ әндері өте әдемі, құлаққа жағымды, ешқашан ұмытылмайтын және жаттауға оңай, мағыналары өте терең, тамаша👍👍 ғұмыры ұзақ болсын МУЗАРТ-тың 🤲 Қызық times бағдарламасы қатты ұнайды. Заман тобы өз атына ерекше 👍👍 өнерлі ағаларымыз, бауырларымыз жасай берсін.
МузАрт- легенда!!!!!❤
Благодарю kyzyk times, что
пригласили МузАрт! А то всегда молодежь😅
Жастардың ерсі аталған өлендеріне айтқан орынды сыны қатты ұнады👍
2012 жылы мектеп бітіру кешінде единогласно Музарттың “келеді кездескім” әнін таңдап, вальс билеген болатынбыз😊😊
Музарт тобы нағыз қазақы аңыз топ, жас кезімізге бір апарып қайттыңыздар, сондай ыстық кезеңдер,
Заман тобының осындай керемет қырларын сіздердің арқаларыңызда көріп қалдық.
Ностальгия
Жазира
Күлкімді келтіріңіз 😅
Қазақ тойға шақырса
тойдың иесінің қалтасын қаққан Аңыз әншілер ,
Қазақтың басына күн туса , Турцияға қашып кететін әншілер 😅
Заман тобы ол деген - эстрадаға серпіліс әкелген топ. “Өмір - өзен” әні әр қазақтың жадында деп ойлаймын.
Қазақ тіліне қатысты пікірлері өте орынды жарайсыздар астарлап жеткіздіңіздер 👍 Өз тілімізді өзімізден бастап құрметтейк
МузАрт, Орда топтарын сүйіп тыңдаймын.❤Жолдасымның сыныптасының тойында қызымның ауызына түкірткен едім Сәкен аға мен Мейрамбек ағаға. Енді арманым ұлымның сүндет тойына келешекте осы ағаларымызды тойға шақыртып,ұлымның ауызына түкіртсем деген үлкен арманым бар. ❤Аллам сол күнді нәсіп етсін.МузАрттың тойға шығуы қымбат деп естіп жатырмын.Сәкен ағаның жігіттік мәдениетіне,сөз саптауына қызығамын қатты.Ұлымның осы ағалар секілді ел азаматы болып өскенін армандаймын.🤲Қасықтап жинасам да,тамақ ішпей жинасам да, осы кісілерді Алла қаласа ұлымның сүндет тойына қайтсем де шақырамын деп миыма сигнал беріп қойғаным қай заман.Аллам сол күнді нәсіп етсін🤲Сол күнге жеткізсін🤲
Аумин
Ниетіңізге жетіңіз
Ән айтқанда дауыстары керемет!Нағыз шебер әншілер!Керемет !
Димаш және Музарт тобы, Марат ағамен Еркебұлан ағаларымыз жалпы өнер жолына келіп жатқан өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие беруде қарапайым болу және адам болып қалу ‼️ Өте маңызды дүниелерді. Байқасаңыздар қазіргі трендте қарапайымдылық және адамгершілік 👍👏
Рахмееет! ❤❤❤
Xabar арнасы сіздерге рахмет,Музарт тобын қонаққа шақырған жарыңызға, қазақ өнері дами берсін
Керемет шығарылым.
Марат, Еркебұлан, сіздерге жәй ғана әңгімелесуге шақырып қоймай, үлкен дайындықпен, ағалардың айтары бар екенін пайдалану мақсатында ойвндар ұйымдастырып шақырғандарыңыз үшін респект! Әнші деп жүрген жігіттердің ән тақырыптарын естіп жағамды ұстадым. Тыңдар құлақ табылар деп үміттенемін. Музартқа, да, сіздерге де үлкен рахмет! 👏
Соны байқаған сізге рахмет, Марал👏👏
Керемет👍 Бәрі ұнады. Әсіресе халықпен дуэт жүрегіміздегі сезімді тербеп жіберді. Және Қазақ тілі, ана тіліміз тақырыбы мені қатты ойландырады Қазақ қызы ретінде. Тілің өшше сенде бірге өшесің демекші, тілсіз ұлт ретінде де өшеді. Осыны балаларға қатты, жіктеп, бүйрық ретінде болса да жеткізсек 🇰🇿💪❤❤!!!
Балалық шағымның аспаны.Мейрамбек ағаның даусы бала кезімді еске салады.Жылағым келіп кетеді тыңдаған сайын. Аман болыңыздар🙌🏻
Осы комментті іздедім🫶 жүрегім дүрс етті ғой даусынан
Заман тобы керемет! Браво! Бөлек шақыру керек жасыл диванға!❤
Мықты азаматтар! Бойларынан өнері де, қазаққа деген жанашырлығы да, іні-қарындастарға деген ізеттілігі көрініп тұр! Салиқалықтары өте жоғары! Аңыз адамдар
Қазақ тілі жөнінде ағалар жақсы айтты. Мен Өзбекстаннан көшіп келгемін. Сондағы мақсатымыз өз тілімізде еркін сөйлеу болған. Бірақ Қазақстанға келгенде бәрі орысша сөйлеп жүретін. Қатты ренжігеміз. Қазақ тілінде қай жерде сөйлесеміз сонда деп 😢
Музарттың орны бұрыннан бөлек. Заман тобы шыныменен нағыз талант иелері. Әсіресе Ергеннің даусына басым кетеді. Қанаттарыңыз талмасын. Өнерлеріңіз өрге жүзіп әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіздер.
Бүгін керемет шығарылым болды😍 Көптен бері тек кино индустрия бағытындағы шығарылымдар еді, Музарт тобын көріп көз қуанып, жүрек толқыды… айтқан әрбір салмақты әңгімелері, жеткізер ойлары көп болды. Мен кеттім ағалардың әндерін бір тыңдап шығамын🫂
Рахмет! ❤❤❤
Керемет болды Марат Еркебулан кызык timesты жын жыбырдан бир аластап алдындар ау таза табиги андер мен демалып калдым оз басым рахмет
Бары сол ғой енді, достым. Талғам әртүрлі
Сәкен ағамыздың сөздері жүрекке жетті! Осындай дұрыс, орынды ақыл айта білетін ағаларымыз барда, еліміз гүлдене береді! Ал оны қазақ жастары тыңдай алып, жүзеге асырса, бізден артық ел таппас едік🥹 Ағаларымыз аман болыңыздар! Сіздер барда біз алға, биікке көтеріле береміз❤!
МузАрт Казак тіліне коскан үлесі зор гой сонау 2001 де орысшаланып жургенде баріне казакша олен айткызган осы музарт сенің көзің сагындым алматымды т.б
Еркебұлан, Марат, жарайсыңдар!👍🏻👍🏻👍🏻!!! “МузАРТты” көріп көңіліміз шалқып, марқайып қалдық! Еңбектеріңе жеміс тілеймін!
Кыргызстандан чооң салам бир туугандарыма.Мейрамбек Бесбаев агабыздын ырларын угуп чоңойдук.
Тілдің мәселесін орынды, түсінікті көтерді ⚡️⚡️⚡️
Заман тобы базар жоқ👍👍👍
Ерген нағыз талант😍🤩
Музарттың қандай абыройы бар екені соншалықты, тіптен Марат пен Кешаның өздері басыңқы болып, серьезный болып отыр, Музартта Қызықтаймста 2де қазақ өнерінде ойып алатын орны бар 🔥🔥🔥
Қазақ елінде Дос-Мұқасан тобынан кейінгі леганда ағаларым ғой. Өшпестей өз орындарын қойған. Марат-Еркебұлан сіздерге рахмет🫶🏻
Салем!Оте адеми сулу екенсин карындас
Зема екенсин карындас
Қарындас қарындас деп ағаларыңың сілекейлері ағып жатырғо фотоңа қарап😂.
@@Crazycrazybad🤣🤣🤣
дос мукасан легенда емес
Қызық таймс бағдарламасының фантазиясы керемет 👍 Күлдіріп қана қоймай, өзекті мәселелерді көтеріп отырады әрдайым✊🏻😇
Ал, Музарт тобына келетін болсақ, менің ең сүйікті тобым, ең сүйікті әншілерім☺️ Иа , бұл кісілердің орыс тілінде ән шырқағандарын көрмеппін мүлде 😇 Қазақ тілінің дамуына үлес қосқандары рас 👏👏👏
Жасай беріңіздер МУЗАРТ 🥳
Жасай берсін ҚЫЗЫҚ ТАЙМС🥳
Нағыз қазақтың мақтаныштары ғой ағаларымыз. Өте орынды әңгімелер айтылды. Осы айтылған әңгіме керек адамдарға жетсін деп үміттенейік. Алла разы болсын ❤
Бұл шығарылым топ болды енді ❤ Ерекше Музарт та Заман да қазақтың мақтануға тұрарлық әншілері ❤😊 жақсы көреміз екеуін де. Бір деммен көрдім өзім.
Заман тобының жаңа әні керемет екен…👏👏 өте қатты ұнады. Әдеттегідей тамаша шығарылым, еңбектеріңіз жана берсін, Марат, Еркебұлан!👏👏👏
Заман тобы нағыз әнші ғой
Заман тобы керемет көбірек хит әндер шығара беріңіздер молодцы🎉🎉🎉👍👍👍
Заман тобының әні керемеееееет😍😍 Ғашық болдым. Рахмет көп көп❤ Сағынып қалыппын❤
Мен күні бойы тыңдап жүрмін
@@MaratOralgazin🥺🥺❤️Аға Заман тобын тағы шақырасыздармаа🥺🥺🙏🏻🙏🏻🙏🏻
Кышкентай кезден бастап тындап келе жаткан аншылердын быры, кышкентай кезымды еске алсам МузАрт тобы Сакен агамыз Мейранбек жане Кежебек агаларымыз еске туседы жаным тынышталфп калады❤ бырак бары бырде естен журектен кетпиды, 2005 жылгымын
Керемет Заман тобы талант🥳 бірден әр-түрлі жанрда орындай алып,импровизация жасағанын-ай. Күлкілі болсада талантты жасалған зат өтеді💣
Керемет жандар Заман тобы. Аман болыңыздар ағалар. Таланттарыңызға бас иемін🧿
Өте әсерлі шығарлым болды👍 Музарт және Заман тобына , әрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, туған еліміздің мәдениеті мен өнерін дәріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспін.
Көптен күкен қонақтар еді. Марат, Еркебұлан мықты бағдарлама болды👍👍👍 тамаша дайындалған екенсіздер 👏👏👏 аға буынды жастармен байланыстырдыңыздар❤❤❤
Керемет, жастары 50ге таясада, дауыстары сол қалпында 😍🔥Заман тобы ерекше дауыс иелері😍😍нағыз, шынайы таланттар💐
Музарт тобы ағаларымыз аманболсын😍 Жасай беріңіздер сіздерден сын естудің өздері бізге бақыт деп жатыр сынаған әншілеріңіз 👏🔥
Заман тобы 🔥🔥 Әндердің оригиналын ұмытып калдық 😂 өте керемет 👏👏
Ой бәрекелді 👏👏👏 МузАрт тобы келгеніне қуаныштымын. Сәкен ағамыз айтып отырғандай расында, бұрын әжеміз айтып жүретін өлеңдерін, телевизордан тыңдайтынбыз әндерін ол кезде баламызғой . Қазір жасым 32 де түнде ұйықтарда балаларыма Ағаларымыздың әнін айтып беріп отырып өзімнің бала кездегі тыңдап өскен әндерімғой әлі де сөздерін музыкасын білемін деп таң қаламын. Өйткені құлақта жатталып, жадыда мәңгі сақталып қалды. Керемет жандар, отбасылары аман, дендері сау болсын. Ағаларымыз ұзақ жасасын🤲🤲🤲
Қашан МузАрт келеді деп күтіп жүргенде, мінекейіңіз дедіңіздер, зор алғыс!❤Орыстың Руки вверх,Hi-Fi,Вирус, Демо деген сияқтыларын тыңдап жүргенде жарқ етіп Музарт шыққанда "тазалағандай" болды, МузАрт ❤❤❤❤ Қызық Таймс алға🎉🎉🎉
Сұхбат дегендей осындай болу керек қой. Сұйық сөзден құлағымыз шаршады. Тым жақсы өнерлі жастар келеді, сұхбат тыңдай алмай қиналасың.
Ағалар деп шақырғанда айтары бары да, білімділігі ғой. Ештеңе айта алмай ыржаңдап кетпей. ❤❤❤
Сағыныппыз осындай сұхбатты❤
Халықпен дует өте әсерлі, көзге жас келді. Күшті. Әндердің атауы шынымен 😢 келеді. Тойға шығамыз деп, шектен шықпау керек ау. Ағаларымыз аман болыңыздар!
Сәкен! Мейрамбек! Кенжебек!Аңыз жігіттер!❤❤❤ Қазағымның үш арысын шақырғандарың үшін Марат пен Еркебұланға ерекше алғыс!
Гүлеке 0212
Күлкімді келтіріңіз 😅😅😅
Қайдағы,, Аңыз"
Қайдағы қаңғып жүрген Қазақтың : Арыстары 😅😅
Өз қара бастарын
асырағанды біледі , басқаны білмейді 👈
Қазақты тонағанды біледі , тойға барғандары үшін 10 миллион сұрайтын Аңыз әншілер - өз ұлтын тонайтын Арыстар деген - дұрыс болатын сияқты ғой 😅
Қазақтың басына күн туса , біреусін таппайсың 😅 Қазаққа
көңіл айтуға жарамайтын Аңыз әншілер , Турцияға қашып кететін ...
Қазақтың жерін су басып қалсада , қараспайтын әншілер
Қаңтарда 2022ж қансыраған Қазаққа демеу болмаған әншілер деген дұрыс болар.
Жаным ❤Мейрамбек баскалардын жаксы андерин аузы ашылып😅,берилип тындайтыны унайды,акконил адал жан екени,коринип тур,бозторгай,жетим бала анин айтып шырылдайтын бала да 50 ге келип калыпты,Сакен толыктырады жаксы создермен❤❤❤❤❤❤100 жазасын ушеуи де❤❤❤❤❤
Қосылам 100 пайыз ұрысып айтсада орынды, бірақ салмақты көркем түрде (ұрысып) жетесіне жеткізіп айтты рахмет осыныдайларды айтатын, тыйып отырптын ел ағалары барын шүкір әйтпесе болашақта таза қазақша әндерді таппай қалармыз❤
Сәкен аға мен Мейрамбек аға: тілімізді шұбарландырмай таза сөйлейік.
Тура сол кезде Еркебұлан: Кенжеке, сенің вариантың необычный))))
Жастарға азық болатын дүние екен Еркебулан Марат рахмет, МузАртка келетин болсак өте байсалдылық көркемділік оратор әсіресе Сәкен ағамыз ойлау деңгейлері жоғары. Мақтанам қуанам үлгі алатын дуние көп
Легенда нағыз...ең суціп тыңдаитын...тобым..МУЗАРТ ❤.....әндері қандаи.өздері қандай......Өлеңдерінің мәтіні керемет! Атап аитсак: Бұл көктем оралмаиды....Сагындым Алматымды..т б көп...Жоғары биіктерден көріне беріңдер..осындаи хит әндерің туындаи берсін..Мейрамбек.Сакен.Кенжебек аман болыңдар....
Музарт легенда !Эндери керемет!!!Абзал дуэт тамаша!Сондай эндер актуал.керек когамга!!!🎉🎉🎉
көп рахмет Мәке Ереке сіздерді де 50 жастарыңызда дәл осы қалыптарыңызбен көргім келеді✊🏻✊🏻✊🏻
Керемет шығарылым болған екен🎉🎉🎉🎉 Мәдениетті адамдармен сауатты сұқбат🫶Бір деммен қарап шықтым. Бала кезімізден тыңдап, көріп өскен МузАрт сол қалпында. Бұл кісілер нағыз аңыз адамдар. Өнердің шыңында өнерге адал қызмет етіп жүрген әншілер😍
Керемет😍 Музарт тобы легенда, өлеңдері өшпейді☺️ Заман тобы өте керемет орындап шықты, келесіде бұл кісілерді де шақырсаңыздар күшті болар еді👍🏻👍🏻👍🏻
Заман тобы ❤❤️🔥😍🥰👍керемет ! Не деген талант не деген дауыс ❤❤❤ жаңа ән енді сөз жоқ ❤️🔥 рақмет !
Қандай керемет Марат,Еркебулан ағаларымыздың арқасында бір көріп қуанып қалдық. Бала кезімде телевизорда қосылып тұратын үнемі. Содан бері өлең, өнер дегенде МузАрт тобы есіме бірінші келеді. Жалпы ағаларымыз нағыз қазақ азаматтары,мәдениеттің, таза өнердің көрінесі ғой.
Өлеңдері қандай жүрекке жылу береді, бірден тыңдағанда әрбір адамға әр-түрлі эмоция сыйлайды. Соңғы шыққан Заман тобы да сүйкімді жандар екен😊
Қазақ музыкасын немесе өнерін “Музарт” тобысыз елестету мүмкін емес. Керемет бағдарлама болды!!!
Қызық times бағдарламасының өзінідік бір ерекшелігі ол әр толқын мен өзіңдік байланыс орната алады. Бір сөзбен айтқанда керемет,шедевр бағдарлама!!! Қызық times ұжымына және Мырзабек Еркебұлан және Марат Оралғазин ағаларымның әр жұмыстарына алғысымды білдіремін!!!!!
Көөөөп рахмет, Мерей🥹😍😍😍
Жасым 19 ға келіп МұзАртты қатты, беріліп тыңдайтын болыппын. Қарап тұрсақ әрбір сөздерінде насихат бар. Қазақ елінің, тілінің дамуына бірден бір үлестерін қосқан “Аңыз” топ қой.
P.s. (Мейрамбек ағай сүйкімді отыр ғой🥹)
Заман тобы 😍😍 Мәссаған өнерлі талантты екен ғо 💯👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Жарайсыңдар жігіттер! Қазақ тілінің жанашырлары ! Әндері де керемет қой,шіркін.
Орынды сын.
Чикагода жатып қызықТаймстан Музартты көргенге не жетсін, бүгін Құрбан айтта ауылды сағынып жатыр едім, керемет шығарылым Мәке, Ереке мың алғыс сіздерге
Шынымен ба, Елдар? Әлде ұра салдың ба?
Жоқ, Мәке алдап не қылайын, сізге инстаграм әлеуметтік желісінде жазып қояйын
Мында аккаунт атында Чикаго деп қойдым, Америка Құрама Штаттарында уже 1жыл 3ай 😂@@MaratOralgazin
@@Eldar.Kz.Chicago1991мәссаған! Көөөп рахмет саған, Елдар! Аман жүр қайда жүрсең де
Керемет, Тамаша! Ғажап! Жасай беріңіздер ағалар 🎉
Керемет. Заман тобын да бала кезімізден тыңдап өстіп. Таланттар👏👏👏
Нағыз елім деген азаматтар😍қазақ тілінің жанашырлары😍аман болыңыздар ағалар. Сіздермен толық келісемін👍жақтардың өнері туралы керемет айттыңыздар. Енді соны тыңдайтын құлақ болса, әншісымақтар азайса ғой немесе дені дұрыс ән шығарса
Ми демалатын шыгарылым болды бугин рахмет улкен, Заман тобы таланткой
Керемет дүниелер айтылды. Мұзарт тобы мықты әрқашан!