ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР СӨЙЛЕЙДІ «Қабден Шыңғысов мұражайы»

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 сер 2024
  • Жас зерттеушілер сөйлейді айдарының кезекті баяндамасы «Қ.Шыңғысов атындағы №5 Жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің 7 сынып оқушысы Мұханбедия Ринат ұсынған «Қабден Шыңғысов мұражайы» атты зерттеу жұмысы.
    Жезқазған қаласында №5 орта мектеп Қабден Шыңғысов атымен аталады. Мұнда арнайы музей ашылған. Аймаққа белгілі оқу-ағарту саласының үздігі, құрметті ұстаздың өмірі мен еңбек жолын мектеп музейінің экспозициясы негізінде зерттеген жеткіншек мектеп тарихын, ұстаз есімін ұлықтауға үлес қосты.
    «...Бейнеті мол, зейнеті тәтті жолды таңдаған, сол таңдауына адал боп ғұмыр кешіп өткен ұстаз Қабден Шыңғысовтың соқпақтары. Сол асқар таудың ұшар басы - Шыңғысов шыңы»
    Шыңғысов шыңы - ұстаздың ізденіске толы еңбегі. Ұстаз еңбегінің нәтижесі музейлік жобаларға ұштасып, жеткіншектерді өлке тарихын оқып үйренуге, зерттеуге жетелейді.

КОМЕНТАРІ •