Қаһарман өндіріс тарихының белгісі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 чер 2023
  • 2022 жылғы 16 қыркүйек Жезділіктер жадында қалған күн. Соғыс жылдары іске қосылып тарихта аты қалған марганец кенішінің ашылғанына 80 жыл толуына орай кент орталығындағы төбеде қаһарман өндіріс символына айналған кен тасымалдаушы вагонетка - шөміш бейнеленген белгі ашылды. Бұл -Жездінің байырғы тұрғындары Кәдірбай шыңы, бертінгі ұрпақтың есінде қызылшың аталған, сонау 1941 жылдың соңында-ақ кен аршу жұмыстары жүргізілген төбе.
    1942 жылдың соңы мен 43 жылдың басында Жезді кенін өндіру шахталық әдіске көшіріле бастаған. Найзатас карьері мен осы қызылшың етегіндегі қара тасты ашық әдіспен алу жоспарлы межені бермегені анық. Геологиялық есептер бойынша түзілген картада ең алғаш кен алған орын осы төбенің оңтүстік-батысына қарай 1 шақырым жердегі № 12 залежь деп көрсетілген.
    Жерасты жұмыстарында кен аттыру мен оны тасымалдау ең ауыр жұмыс болғаны белгілі. Кеніштің алғашқы еңбеккерлері қатарында жерасты жұмыстарында еңбек еткен ОТКАТЧИЦА -мамандар бар. Олар кен тиелген вагонеткаларды рельс бойымен итеріп жер үстіне шығарылуын қамтамасыз етті. Сыйымдылығы 2 кубометр вагонетка - кеніштегі алғаш кен тасымалдаушы механизмдердің бірі музей экспозициясына қойылған.
    Мерейтой қарсаңында жезділік жастардың ұйымдастыруымен жеңіске зор үлес қосқан кеншілер еңбегіне құрмет ретінде осы белгіні орнатуды жүзеге асырған азаматтардың сұхбатын ұсынамыз.

КОМЕНТАРІ • 3

  • @user-nc5vj7gv7i
    @user-nc5vj7gv7i 3 місяці тому

    06 куба дмру шахта 6 на центральной 2 х кубовые

    • @user-nc5vj7gv7i
      @user-nc5vj7gv7i Місяць тому

      Я начинал на 6 й шахте работать в кшпу 3 проходчиком сколь этих вагонеток загрузил в каждую смену 17 штук

  • @user-nc5vj7gv7i
    @user-nc5vj7gv7i 3 місяці тому

    Рельсы р18 р24 на центральной р33