Ерекше қонақтарға арналған ұлттық тамақ | Түрлі дәм
Вставка
- Опубліковано 23 гру 2024
- Бас қарын - ерекше қонақтарға арналған ұлттық тамақ. Еті мен қарны өз майына бірнеше сағат қайнатылып дайындалады. Оның ішінде пияз, болгар бұрышын, картоп қосуға болады. Қой етінен дайындалатын асты Наурыз мейрамында әзірлесеңіз, дастарханыңызға ерекше шырай бере түсеріз.
Сары май сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Шикі сүттен ұйытатын айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады. Бұрындары майды қыл-қыбырынан тазарту үшін пышақпен «қылшықтайтын». Сүзгіден тазарып шыққан майды суық суға салып, іркітінен арылтып, тоңазытады. Сонан кейін жайпақ ыдысқа салып, қолмен мытып, алақанмен шапалақтап суын шығарады. Содан кейін тұздап, ыдысқа салады. Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды.
#ұлттықтамақ #сарымай #НұрсұлтанЕсжан #түрлідәм #дастархан #басқарын