Қасым Аманжолов. Өзім жайлы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 23 лют 2016
  • Қасым Аманжол " Өзім туралы"
    Орындайтын - Ерлан Рысқали

КОМЕНТАРІ • 374

  • @user-lz9vf3sq9z
    @user-lz9vf3sq9z 10 днів тому +5

    Қазіргі жастар осыны көріп тыңдасағой, өкінішке орай болмағыр нәрселерді көріп тыңдайдығои....

  • @user-mw7om6kt3y
    @user-mw7om6kt3y 3 місяці тому +26

    Не деген дауыс,Қазағым аман бол!

  • @user-yr7gu6sc4c
    @user-yr7gu6sc4c 4 роки тому +150

    Не деген керемет өлең. Керемет орындау. Адамның жүрегін тербеп көзге жас келді.

    • @user-bv1px4yj1h
      @user-bv1px4yj1h Рік тому +1

      Біздің әкеміз осы оленді өте жақсы көрген😢

  • @user-qz2cd4rl1j
    @user-qz2cd4rl1j 3 роки тому +165

    Аллаға рахмет осндай адамдары қазаққа берген.

    • @anarbekusupbaev1211
      @anarbekusupbaev1211 5 місяців тому +1

      Аллах эмес,Аллах еврей араптарга бермек.Бизге Тенир берген.

    • @anarbekusupbaev1211
      @anarbekusupbaev1211 5 місяців тому +2

      Не арабский Аллах,казахский Тенир!

    • @HalauLilau
      @HalauLilau 4 місяці тому +1

      @@anarbekusupbaev1211 Походу Аманжолов, Касым Рахимжанулы не вкурсе про арабов? Имя арабский и имя Отца тоже

  • @user-qm9gn8uq2t
    @user-qm9gn8uq2t Рік тому +63

    Қасым ақын осы әнімен өзіне мәңгілік ескерткіш
    орнатып кетті ғой!
    Осы әнді тыңдағанда егіліп жыламайтын жан жоқ шығар!!?

  • @arman.kasymhan
    @arman.kasymhan 3 роки тому +20

    Керемет ☀🎸🐎 Қазақтың Даланың Өнері жасай берсін

  • @lucky_kid182
    @lucky_kid182 Рік тому +22

    Керемет дауыс сыңғырлап тұрған 🎉 Баяғыда әкем айтушы еді осындай әндерді үйде отырып ❤Менің әкемнің дауысы да кереметтей еді. Сол кезде жазып алсам шіркім осылай шырқаған өлеңдерін әкешімнің❤

  • @iellouston
    @iellouston Рік тому +25

    Осы өлеңді тыңдағанда рухтана түсемін🔥 меніңде атым Қасым Аманжолов керемет осындай кісілер тірі болғанда қазір біз басқа ой өрісіміз дамыған интелегентті тұлғалар болармедік

    • @user-ye2hb5om2o
      @user-ye2hb5om2o Місяць тому

      Әттең, Қасым ағамызды тірі кезінде бағаламады ел, аш, жалаңаш үйсіз күйсіз жүріп өмірден өтіп кетті, таудай тұлға! Жаны жәннатта жатсын!

  • @user-tl7we3wn1l
    @user-tl7we3wn1l 4 місяці тому +5

    Керемет ән керемет орындау РАХМЕТ

  • @user-wn2im3xr1m
    @user-wn2im3xr1m Рік тому +30

    Казагымнын əндеры мен жырлары ешкашан ошпесын.,тарих жырлай берсын !!!

  • @user-di3to5mn8b
    @user-di3to5mn8b Місяць тому

    Керемет

  • @user-gh7mx6bf5i
    @user-gh7mx6bf5i 3 роки тому +21

    Өте әсерлі керемет орындау.🥰
    Осындай ақын жазушы ағаларымыз бар екеніне мақтанамын.😍😍

  • @ersinjusupbekov5109
    @ersinjusupbekov5109 4 роки тому +61

    1000 жылда бір туатын ақын жандар әр сөзінде ерекше тұнып тұрған мағана бар жаныңа әсері берет жаның руқани азық алады !!!

  • @user-zr5kd2jj6f
    @user-zr5kd2jj6f 3 місяці тому +11

    Касым Аманжолов занимает особое место в нашей казахской культуре, культуре относительно современной, культуре 20го века, когда мы жили в рамках СССР. Касым ага - это комок к горлу сразу, это мурашки по коже сразу, это щемящее чувство сразу. Это талант воистину народный, самородок, потомок легендарных народных, степных акынов (извиняюсь за свой - не французский - но русский. Кеширерсиздер мени)

  • @user-yj2st7qt5y
    @user-yj2st7qt5y 2 роки тому +16

    Керемет және жан тербеттеттін əн қаигылы əн 😭🍃🌺🍁🍁🍁🍁

  • @user-um1tf9ze4i
    @user-um1tf9ze4i 27 днів тому

    😢😢😢Недеген ән

  • @user-rz6jf1fl4g
    @user-rz6jf1fl4g 4 роки тому +67

    Бир жылап Алам осы оленде естисем

  • @aidosyeszhanov5295
    @aidosyeszhanov5295 2 роки тому +20

    Аман болайық бауырлар✊

  • @user-tc1yc4hc7m
    @user-tc1yc4hc7m Рік тому +4

    Керемет өлең, сөздері қандай мағыналы, Қасым Аманжол бір туар тұлға ғой.

  • @aitolkynshaiakhmet2763
    @aitolkynshaiakhmet2763 2 роки тому +84

    Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
    Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
    Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
    Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
    Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
    Мен қалған бір атаның ғасырымын.
    Біреуге жұртта қалған жасығымын,
    Біреуге аспандағы асылымын.
    Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
    Көрінер көлеңкесі келбетімде,
    Қай жерде үзіледі қайран сапар,
    Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
    Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
    Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
    Немесе бастармын ба екінші өмір,
    Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
    Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
    Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
    Арпалыс ала құйын заманалар
    Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
    Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
    Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
    Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
    Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
    Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
    Қараймын елесіңе мен таңырқап.
    Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
    Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
    Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
    Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
    Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
    «Досың да,туысың да біздерміз» деп.
    Ризамын туғаныма адам болып,
    Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
    Адамзат сапарының мейманымыз,
    Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
    Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы ,
    Көруші ең құбылысты қай - қайдағы.
    Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
    Қап - қара түнек болып маңайдағы.
    Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
    Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
    Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
    Барым да, бақытым да осы өлеңім,
    Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
    Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа,
    Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.
    Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік,
    Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
    Суарып шынықтырам күйге малып,
    Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
    Құя алман үгітілген балшық өлең,
    Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
    Серінің семсеріндей сертке таққан
    Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
    Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
    Бұлқына тасып едім, басып едім.
    Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді,
    Жақсының жүрегіне ғашық едім.
    Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім,
    Өз жерім, өз елімде еркеледім.
    Өмірдің алтын сарай аспанына
    Қиялым қақты қанат ерте менің.
    Кең жайдым құлашымды дүниеге,
    Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де.
    Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ,
    Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде...
    Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
    Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан
    Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
    Айрылсам ала көңіл он досымнан.
    Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
    Бақытын ойламаймын құр басымның.
    Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын,
    Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын.
    Боламын ақын Қасым әлі де мен,
    Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
    Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
    Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен.
    Бір күні от өмірім қалса өшіп,
    Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.
    Торқадай жамылып ап топырағын,
    Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
    Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
    Басымнан таярмысың бір күн дәурен.
    Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
    Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.
    Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
    Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
    Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып,
    Мерт болған балапанның қанатындай.
    Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,
    Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
    Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.
    Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
    Сондықтан ап кел бері домбырамды,
    Кеудеме күй қанаттықондыр әнді.
    Берейін өмірімнен өлең жасап,
    Шашайын оңды - солды сол мұрамды.
    Дүниеге келер әлі талай Қасым,
    Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
    Өртке тиген дауылдай өлеңімді
    Қасымның өзі емес деп кім айтасың!

    • @user-dk6jx3mv1c
      @user-dk6jx3mv1c 4 місяці тому +1

      ҚАНДАЙ. ҚҰНАРЛЫ. СӨЗ. ❤ЖҮРЕКТІ. ЖАРЫП. ШЫҚҚАН. ИМАНДЫ. БОЛСЫН. АРДАҚТЫ. ҚАЗАҚТЫҢ. БІР. ТУАР. АЗАМАТЫ.

    • @user-el6ik9em2n
      @user-el6ik9em2n 4 місяці тому

      Абай😊

    • @user-lb9sl6il9j
      @user-lb9sl6il9j 3 місяці тому

      Баұырым өленнін шұмақтарының орындарын аұыстырып жергенсің

    • @user-gk3ct3oi8m
      @user-gk3ct3oi8m 17 днів тому

      ✊✊✊

  • @bazjankalkaman6629
    @bazjankalkaman6629 2 роки тому +16

    Осы өлеңды естыгым келе береды құдайға рахмет

  • @rzr_strelok1685
    @rzr_strelok1685 5 місяців тому +7

    Жатқан жерің жайлы болсын Қасым Ата! Ешкім - ештеңе естен шыққан жоқ!!!

  • @Ma1990_3
    @Ma1990_3 Рік тому +143

    Бұл әнді 70 - 80 жылдары кеңінен таралған.
    Жаттап алып той туманда айтып, жарысып отыратынбыз.
    Тойларда жаңа әндер айтуға тырысатынбыз.
    Қазіргідей асабалар басты қатырмайтын.
    Келген адамдар өздері әндете беретін.
    Ол бір керемет заман еді.

    • @nurlanbeisov3803
      @nurlanbeisov3803 Рік тому +4

      Атамыздың сөздері атылған оқ,әр қазақ ұмытпай айтта ,жүрсе ұмытылмайды.

    • @user-hi1hw2vf1r
      @user-hi1hw2vf1r Рік тому +3

      Иә өте дұрыс айтасыздар тойға келген адамдар көңіл көтереміз деп келеді асабаға бағынып іштерінен тынып өнерлерін сыртқа шығаралмай тойға емес мектепке келген оқушылар сиықты жалтақтап барын көрсете алмац түкке тұрғысыз баланың ойынын ойнап тарайды.

    • @user-lv7ft3yv4w
      @user-lv7ft3yv4w Рік тому +4

      Иә,басты қатыратын асабалар,жаныңда отырған кісімен танысып,сөйлесе алмайсың,құдаша болмақ түгіл құдағи болсада,ұнамайды

    • @user-ln3vr7gy1u
      @user-ln3vr7gy1u 4 місяці тому

      Тойымызда, отырысымызда мәнді, мағыналы болатын, мейірім мен шуақтан, көңіліміз тоқ болған

  • @user-qn9xz3iy3t
    @user-qn9xz3iy3t 3 роки тому +29

    мен осының бəрін жаттап алдым бірəқ осыны айсам жылағым келеді

  • @user-mw5ld3gz2i
    @user-mw5ld3gz2i 3 роки тому +107

    Айналайың асылым жатқан жеріңіз жайлы болсын

    • @user-fy6py2cf9i
      @user-fy6py2cf9i 2 роки тому +1

      Али де кадирин билмей келе жатыри

  • @bazjankalkaman6629
    @bazjankalkaman6629 2 роки тому +11

    Керемет осы өлеңді естісем жылагым келе беред жатқан жерінің жайлы болсын

  • @user-hk4ig1uq1c
    @user-hk4ig1uq1c 5 років тому +30

    Керемет керемет
    Келешекке өсиет

  • @user-bf6ob9rw6m
    @user-bf6ob9rw6m Рік тому +14

    Балалык пен мектеп қабырғасын еске тускенай
    Әдебиет мугалимим топырағың торқа болсын ұстаздарым Өзбекістан тумалары Тәуелбай елді мекен ұрпақтары

  • @user-dd3ku6sn6t
    @user-dd3ku6sn6t 3 роки тому +30

    Өлең сөздің ,нағыз тілді құрмет тұтар жандар үшін Мәңгі өлмейтін ірі тұлғалар осы КІСІЛЕР !!!

  • @user-wl1ji9qb2w
    @user-wl1ji9qb2w 2 роки тому +10

    Керемет мағыналы өлең 🙏🙏🙏
    Не бір адамдар дүниеден озды ау ...🙏

    • @user-rw9rf7vm9h
      @user-rw9rf7vm9h Рік тому

      Қайран абзал, кемеңгер азаматтар жатқанжерлеріңіз жәйлі топырағыңыз торқа болғай? Жалғаншы деген осы ғой?! Ханға да қараға да, баратының бір жер ғой! Тек қана бұл кіісілердің артында, өшпейтін мұралары өьеңдері мәңгі, өшпес із болып қслды. Сабағаң болып кетейін!?. Шығарушыға да, айтқан ағаға да мың алғыс, басымыз жерге жеткенше, тағзым етеміз!? Ұрпақтарын және бүкіл қазақ елін желеп жебеп жатқай дағы осы аталардың аруақтары??!.

  • @Antishovinist
    @Antishovinist 2 роки тому +5

    Ерлан аға- мың рахмет!!!

  • @user-uf2zp1ng1e
    @user-uf2zp1ng1e 2 роки тому +10

    Өте керемет өлең жүрекке жетеді

  • @zhanibekzheniskhan6000
    @zhanibekzheniskhan6000 6 місяців тому +4

    Қазақтың осындай азаматтары көп болса ғой

  • @abeke88-jx9fc
    @abeke88-jx9fc 15 днів тому +1

    Жаныңыз жәннатта болсын

  • @westqazaq2823
    @westqazaq2823 3 роки тому +22

    Дүниеге келер әлі талай Қасым...

    • @user-kj4fd8yy1o
      @user-kj4fd8yy1o Рік тому

      Бирак бұл Касым сияқты ешким болмайды

  • @user-qz2cd4rl1j
    @user-qz2cd4rl1j 3 роки тому +16

    Алланың қазққа берген дарыны ғой.

  • @lazzatbalkibaeva7189
    @lazzatbalkibaeva7189 2 роки тому +5

    Всем хочу поделиться вот этим епизодам шындык.

  • @user-mz3sq4ru4z
    @user-mz3sq4ru4z 5 місяців тому +1

    Қанша тыңдасам жалығар емеспін, мағынасы терең тұңғиық қа бойлаймын, сөзі де ,әні де керемет, ех шіркін

  • @jauharaubakirova9673
    @jauharaubakirova9673 2 роки тому +10

    Нағыз шахид осы кісілер мащааллах Аллах жаткан жерлерін жаннат бақшасынан қылсын☝🏻💐💐💐💐

  • @Kinokazakha1212
    @Kinokazakha1212 Рік тому +18

    Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
    Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
    Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
    Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
    Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
    Мен қалған бір атаның ғасырымын.
    Біреуге жұртта қалған жасығымын,
    Біреуге аспандағы асылымын.
    Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
    Көрінер көлеңкесі келбетімде,
    Қай жерде үзіледі қайран сапар,
    Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
    Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
    Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
    Немесе бастармын ба екінші өмір,
    Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
    Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
    Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
    Арпалыс ала құйын заманалар
    Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
    Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
    Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
    Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
    Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
    Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
    Қараймын елесіңе мен таңырқап.
    Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
    Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
    Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
    Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
    Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
    «Досың да,туысың да біздерміз» деп.
    Ризамын туғаныма адам болып,
    Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
    Адамзат сапарының мейманымыз,
    Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
    Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы ,
    Көруші ең құбылысты қай - қайдағы.
    Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
    Қап - қара түнек болып маңайдағы.
    Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
    Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
    Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
    Барым да, бақытым да осы өлеңім,
    Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
    Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа,
    Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.
    Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік,
    Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
    Суарып шынықтырам күйге малып,
    Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
    Құя алман үгітілген балшық өлең,
    Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
    Серінің семсеріндей сертке таққан
    Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
    Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
    Бұлқына тасып едім, басып едім.
    Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді,
    Жақсының жүрегіне ғашық едім.
    Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім,
    Өз жерім, өз елімде еркеледім.
    Өмірдің алтын сарай аспанына
    Қиялым қақты қанат ерте менің.
    Кең жайдым құлашымды дүниеге,
    Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де.
    Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ,
    Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде…

  • @seriksmagulov4482
    @seriksmagulov4482 3 роки тому +12

    Дауылдаи ортке тиген оленине ризамыз

  • @user-gq2nt7zp8w
    @user-gq2nt7zp8w 4 роки тому +108

    Биздин 21-га осындай адамдар жетиспейди😭😭

  • @user-qn9xz3iy3t
    @user-qn9xz3iy3t 3 роки тому +10

    😭😢😢 бəріміс аман болайық

  • @user-pl1po6bo7b
    @user-pl1po6bo7b 3 роки тому +16

    Аңыз Адамдар 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-gz1xh4cu5t
    @user-gz1xh4cu5t Місяць тому

  • @user-ce1mr8jf2u
    @user-ce1mr8jf2u 2 роки тому +25

    Қайраң бабаларымай! ақ көңіл ,таза ниет ,шынайы пейіл.

  • @user-mk3vg5yb4d
    @user-mk3vg5yb4d 4 місяці тому +1

    ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-rx2pb4jo8z
    @user-rx2pb4jo8z 3 роки тому +11

    Өте керемет айтылған.

  • @user-ud7ms2kj4i
    @user-ud7ms2kj4i 3 роки тому +13

    Таннажайып алемдеги ен магыналы туынды
    Журегим булкан талкан
    Жаным жаткан жери жайлы болсынш

    • @user-nv3xi9wp4r
      @user-nv3xi9wp4r Рік тому

      Жандарым, Қасым атамыздыздың өнеріне, өлеңіне, адам болмысына мән бергендеріңізге мың алғыс! Керемет, берешегі мол,ақ жүректі адам болған екен, өкініштісі ғұмыры қысқа болғаны, егерде өмірде болса қанша тағыда жақсы туындылар келер еді, Қасым атамыздың өзінен үлкен ағасы Тайжан ның тұңғыш немересі болам, Рақымжанова Шолпан Төлеуғазы қызы, Тайжан атамыз 1941-1945 жылдары соғыста хабарсыз кеткен, Амре апам сол кісінің жұбаы уш баламен жесір қалған балалары: Төлеуғазы, Әділғазы, Марат бәр білетінім осы ғана...

  • @zhanqyz5914
    @zhanqyz5914 Рік тому +3

    Әкемнің сүйікті әні еді. 😭

  • @user-xi8nt2ih4g
    @user-xi8nt2ih4g Рік тому +8

    Аркам козып бирде ойга Мун келди
    Кейде жылап козиме тас жас келди
    Ойпырмай осыларлан Туган Казак неге бугун соншалыкты тар боп Кетти🙇😟😥

  • @user-ie8jo9nk8b
    @user-ie8jo9nk8b 3 роки тому +64

    Нағыз қазақтың қаймақтарыай.Жаның жаннатта болғай
    Бауырым

    • @alinuralinur5939
      @alinuralinur5939 Рік тому +1

      Жатқан жерің жаннатта болсын қайран батырларым

    • @dimajuma8383
      @dimajuma8383 4 місяці тому

      Амин

  • @user-vx2xt4gu2x
    @user-vx2xt4gu2x 2 місяці тому

    ❤❤

  • @user-yj2st7qt5y
    @user-yj2st7qt5y 2 роки тому +22

    Қаасым атамыздың жатқан жері жаилы топырағы торгауылы болсын 😘❤

  • @user-ud2px7ih6g
    @user-ud2px7ih6g 3 роки тому +12

    Керемет создер.

  • @diasprim2708
    @diasprim2708 Рік тому +14

    Қайран арыстар! Қазақтың маңдайына сыймай кеткен алыптар еді! Әттең, Әттең...

  • @JohnSmith...
    @JohnSmith... Рік тому +9

    не могу слушать казахские песни, сразу слезы текут почему-то

    • @user-bc9th6kt3u
      @user-bc9th6kt3u 2 місяці тому

      🇰🇿🙏❤👍

    • @user-bc9th6kt3u
      @user-bc9th6kt3u 2 місяці тому

      Потому что умные правильные мысли ❤

  • @user-cr2ui1jn7o
    @user-cr2ui1jn7o 3 роки тому +401

    Қуғын сүргін болмағанда, осындай зиялы азаматтар тірі болғанда қазіргі заман қоғам басқаша боларма еді.

    • @mebelcom
      @mebelcom 2 роки тому +7

      Солго оте окиништи ишин ортенип кетед ойласан
      Бирак тарихи адилет барибир орнады

    • @Antishovinist
      @Antishovinist 2 роки тому +14

      Кумашей акымак, бұл кісі қугын- сүргінге ұшарап кетпеген, сұрапыл соғысты өткен

    • @user-cr2ui1jn7o
      @user-cr2ui1jn7o 2 роки тому +22

      @@Antishovinist Ассалаумағалайкум
      Біріншіден мен ақымақ емеспін.
      Екіншіден қазақша дұрыстап жазыңыз.
      Үшіншіден мен бұл кісіні құғын сүргінде өлді деген жоқпын. Сөздің парқынын дұрыс түсініп оқыңыз.ОСЫНДАЙ ЗИЯЛЫ АЗАМАТТАР БОЛҒАНДА ДЕП ЖАЗЫЛҒАН.

    • @diasprim2708
      @diasprim2708 Рік тому +10

      Құғын сүргін деп кеңейте айтылған ойды қолдасақ. ҰОС қаншама қазақ батырлары алдыңғы шепте жандарын құрбан етті.. Берлинге кірген Рейхстагқа ең алғашқы Жеңіс Туын тіккен қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев еді ғой..Бірақ оған Сталин Батыр атағын бергізеді.. Себебі : ұлты қазақ..Ад Жеңіс Туын тек орыс пен грузин (өзі грузин болғасын) ғана орнату жоспарланған..Солай бұйрық берілді
      Рахымжанға Қызыл Ту ордені ғана берілді. Ал Баукеңнңн ҰОС өткен ерліктері де атағын бергізбеді . Тек Қазақ болғаны үшін.Момышев емес МОМЫШҰЛЫ деп өзін атағы ны үшін. Қасым Аманжолов тағдырында да осындай жағдайлар болғаны жасырын емес.
      .Отқа май құйғандар өзіміздің ортамыздан .Себебі: құлшылықтан құтыла алмағанвмыз. Орыс көрсек , жағымсынып , топтан ілгері шыққан өз ағайын ды сатып , тілдеп, көрсетіп , түп орнымен құрытып жіберуге дайынбыз
      Екі қазақ тұрып біріиен бірі лрысща сөйлегеп мәз
      .Әлі күнге дейін арылмай келе жатқан мінез
      .

    • @Universal111.
      @Universal111. Рік тому +4

      Сол кысылердын себепшы шыгар мына жалган омырде казакпын деген демымыз таусылмаган

  • @user-mu4lc5ck8d
    @user-mu4lc5ck8d 17 днів тому

    Жатқан жері жайлы болсын

  • @asdfghjkllkjhgfdsa8412
    @asdfghjkllkjhgfdsa8412 2 роки тому +15

    Жаныныз жаннатта болсын

  • @user-uj1th4ds3q
    @user-uj1th4ds3q 16 днів тому

    Біздің Жастығымыздың . Бақыты да , құламайтын Байрағы да , дәл осы Қасым Аманжолов.. ! Жәні жәннатта болсын.., Елімізді әлі де сақтасын..! Бекболат Т.С.

  • @seriksmagulov4482
    @seriksmagulov4482 3 роки тому +14

    Олмитин олен олмитин Касым Аманжол

  • @user-hy8gp4pt7g
    @user-hy8gp4pt7g Місяць тому

    ❤❤🎉

  • @nurnauriz382
    @nurnauriz382 3 роки тому +6

    Керемет!

  • @takerusatoh2739
    @takerusatoh2739 3 роки тому +20

    Орал
    Оралым, шықтың алдымнан,
    Оралым менің, Оралым!
    Қол созып қызыл вагоннан,
    Үстіңнен өтіп барамын.
    Оралым, сенің қойнында
    Ойнақтап өткен жылдарым.
    Жарқылдап Жайық бойында
    Достармен сайран құрғамын.
    Шағанның бойы көк шалғын,
    Шалқамнан жатқам шаңқай түс.
    Гүл болып менің құшағым,
    Кеудеме қонған бұлбұл құс.
    Өмірдің алтын кесесін
    Тосқанмын айдың нұрына.
    Кезгенмін Совет көшесін,
    Кеудемді ашып құрбыма.
    Сонау бір шетте сонау үй
    Кетер ме, сірә, көңілден?
    Алушы ед тартып мені ылғи
    Махаббат, жастық лебімен.
    Терезе алды - жас терек,
    Тұр екен кімдер сүйеніп?
    Жүр екен кімдер еркіндеп,
    Жүрегін ұстап үйге еніп?..
    Сағындым сені, Оралым,
    Күндер жоқ бейбіт бұрынғы.
    Келгенше қайтып оралып,
    Алып қал осы жырымды.
    Сіркіреп жаңбыр жауғанда
    Байқарсың өзің анықтап.
    Жаным бір жүзер ауаңда,
    Ауанда сенің қалықтап.
    Қош болшы енді, Оралым,
    Күле бер шалқып, сайранда!
    Айтпақшы, қайда бораның?
    Кетейін алып майданға.

  • @dastanmukatayev2020
    @dastanmukatayev2020 2 місяці тому

    🔥

  • @user-hq4cs1bm8h
    @user-hq4cs1bm8h 2 роки тому +5

    70 ші жылдары танылған МЕН ҚАЗАҚПЫН деген АДАМ

  • @user-rq5cb7mf7g
    @user-rq5cb7mf7g Рік тому +6

    Керемет 💣💣💣

  • @user-ld1od1st4s
    @user-ld1od1st4s 3 роки тому +7

    Кандай керемет! Журекти тебирентеди...

  • @user-mc7uk1sf3n
    @user-mc7uk1sf3n 3 роки тому +48

    Керемет, бұндай өлеңнің мағынасын сөзбен жеткізу мүмкін емес, жүрек пен тыңдау керек. Жаны жәната болсын

  • @user-cg7vi5cw3p
    @user-cg7vi5cw3p 6 місяців тому +1

    Осы әнді естісем әкем есіме түседі

  • @user-qq5qj1on5n
    @user-qq5qj1on5n 3 роки тому +7

    Аргын шындыкты аитад

  • @estaidurisvai7692
    @estaidurisvai7692 2 роки тому +2

    Ассалаумағаләйкүм 🤲

  • @_tulegenov1
    @_tulegenov1 3 роки тому +9

    осы оленды жаксы корем

  • @user-pu1wg8yj7i
    @user-pu1wg8yj7i 4 роки тому +17

    "Сен қандай бақытты едің келер ұрпақ" Бізден кейін келер ұрпақтың бақыты туралы сіздер не дейсіздер. Ой бөлісе отырыңыз.

    • @user-sk3tc8ho3m
      @user-sk3tc8ho3m 3 роки тому

      Озбасым келешкетен катты коркамын

  • @user-nf3tv8qz1n
    @user-nf3tv8qz1n 6 місяців тому +1

    Сөздері қандай, .... мәңгі өшпитін өлең өмір жолдары біз осы жолдармен өмір сүреміз,.

  • @user-hm2hb9mx9z
    @user-hm2hb9mx9z 5 місяців тому +45

    Касым Аманжолов қазақтан шыққан мықты тұлға!

    • @user-ye2hb5om2o
      @user-ye2hb5om2o Місяць тому +1

      Әлбетте, ең керемет ақынның бірі. Мұқағалидің өзі бұл кісіні өзінен жоғары қойған.

  • @user-cb2il9pu9k
    @user-cb2il9pu9k Рік тому +11

    Ата жаткан жериниз жайлы болсын

  • @user-yd3xs4pi4c
    @user-yd3xs4pi4c Рік тому +5

    Келер ұрпақ сенбақыттыедің ұрпағымыздың бақытты болуына АЛЛА нәсіпетсін Қасым Атамыздың арманы орындалсын

  • @user-kp9yx4su2p
    @user-kp9yx4su2p 4 місяці тому +2

    Халықүшін бір туар азаматар

  • @user-dl9wf5nt8c
    @user-dl9wf5nt8c Рік тому +5

    Керемет өлең

  • @user-uw7lx2iz7g
    @user-uw7lx2iz7g Рік тому

    Керемет тамаша сөздің сарасы кезінде жаттап өстік

  • @user-dx7cz9wn8d
    @user-dx7cz9wn8d 2 роки тому +3

    Өте керемет 😍😍

  • @user-rs4vf2tr9t
    @user-rs4vf2tr9t Рік тому +3

    Касым Аманжоловтын творчествосымен бала кунимизден таныс болдык,менде ол кисинин алгашкы шыккан жинактары болып еди,окинишке орай белгисиз жагдайда жогалып кетти.

  • @user-rq3wp3ly6o
    @user-rq3wp3ly6o 3 місяці тому

    Алла алдыннан жарылкасыг

  • @erjanskandar1778
    @erjanskandar1778 Рік тому +1

    👍👍👍

  • @user-bc8kw5fu3u
    @user-bc8kw5fu3u 29 днів тому

    Қасым Аманжолов өте керемет ,ақын жазушы болған өлеңдеріне ризамыз. Ақындық шеберлігі өте керемет

  • @user-qs3is3ld7v
    @user-qs3is3ld7v 2 роки тому +3

    Керемет өлең 💐💐💐😘😘😘🙏👍👍👍👍👍👍

  • @user-lr8gl6ec1m
    @user-lr8gl6ec1m 16 днів тому

    Біздің-Қазақ әліде сол күйін күйттеп жатыр.....

  • @anarbekusupbaev1211
    @anarbekusupbaev1211 5 місяців тому +3

    Касым Ата!Арбагын ыраазы Болсун,биз урпагыныз ыраазыбысКеремет туура айттыныз.

  • @text9315
    @text9315 6 місяців тому +19

    Какой прекрасный видеоролик. Какая печальная песня, какой проникновенный голос и домбра! ❤❤❤

  • @user-wi4un7lt4v
    @user-wi4un7lt4v Рік тому +1

    Шірқің омир👍✌✊

  • @user-gj4rj1wq7q
    @user-gj4rj1wq7q 3 роки тому +5

    Өмірғо тындасам жылаймын

  • @opporeno8197
    @opporeno8197 3 роки тому +4

    Керемет 😍😍

  • @askaruteshev8987
    @askaruteshev8987 Рік тому +36

    Бұл біздің Ақжайықтың Қасымы! Ерлан бауырымыз нақышына келтіріп жақсы орындады! Рахмет! Әуелден қанымызда бар ғой тірі кезінде талантқа бағасын бермеу. Өлгесін осылай жоқтаймыз!

  • @Universal111.
    @Universal111. Рік тому

    Кандаи керемет Каз дауыс 🔥🔥🔥🔥 сонбеиды бул Андер

  • @takerusatoh2739
    @takerusatoh2739 3 роки тому +57

    Өзім жайлы
    Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
    Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
    Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
    Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
    Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
    Мен қалған бір атаның ғасырымын.
    Біреуге жұртта қалған жасығымын,
    Біреуге аспандағы асылымын.
    Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
    Көрінер көлеңкесі келбетімде,
    Қай жерде үзіледі қайран сапар,
    Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
    Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
    Жоғалып жер бетінен сүрлеу - соқпақ.
    Немесе бастармын ба екінші өмір,
    Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
    Дүние, жалт - жұлт еткен кең мекенім,
    Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
    Арпалыс ала құйын заманалар
    Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
    Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
    Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
    Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
    Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
    Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
    Қараймын елесіңе мен таңырқап.
    Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
    Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
    Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
    Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
    Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
    «Досың да, туысың да біздерміз» деп.
    Ризамын туғаныма адам болып,
    Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
    Адамзат сапарының мейманымыз,
    Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
    Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы,
    Көруші ең құбылысты қай - қайдағы.
    Япырмай, сен де бір күн сөнермісің,
    Қап - қара түнек болып маңайдағы.
    Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
    Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
    Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
    Барым да, бақытым да осы өлеңім,
    Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
    Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа,
    Мен қайтып, босқа жасап, босқа өлемін.
    Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік,
    Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
    Суарып шынықтырам күйге малып,
    Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
    Құя алман үгітілген балшық өлең,
    Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
    Серінің семсеріндей сертке таққан
    Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
    Ежелден ерке бұлаң Қасым едім,
    Бұлқына тасып едім, басып едім.
    Жүзім - жаз, көңілім - көктем кең пейілді,
    Жақсының жүрегіне ғашық едім.
    Сөзім - жыр, лебізім - күй ерке едім,
    Өз жерім, өз елімде еркеледім.
    Өмірдің алтын сарай аспанына
    Қиялым қақты қанат ерте менің.
    Кең жайдым құлашымды дүниеге,
    Білдім мен қайғыра да, сүйіне де.
    Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ,
    Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде...
    Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
    Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан
    Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
    Айрылсам алакөңіл он досымнан.
    Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
    Бақытын ойламаймын құр басымның.
    Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын,
    Ақкөңіл адал болсаң - сырласыңмын.
    Боламын ақын Қасым әлі де мен,
    Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
    Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
    Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен.
    Бір күні от өмірім қалса өшіп,
    Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.
    Торқадай жамылып ап топырағын,
    Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
    Дариға, о дариға, шіркін дәурен,
    Басымнан таярмысың бір күн дәурен.
    Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай,
    Жүзіңде шалқып тұрған күлкім, дәурен.
    Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
    Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
    Тыншыр ма ақтық рет бір талпынып,
    Мерт болған балапанның қанатындай.
    Түсірген ой сәулесін шартарапқа,
    Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
    Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.
    Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
    Сондықтан ап кел бері домбырамды,
    Кеудеме күй қанатты қондыр әнді.
    Берейін өмірімнен өлең жасап,
    Шашайын оңды - солды сол мұрамды.
    Дүниеге келер әлі талай Қасым,
    Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
    Өртке тиген дауылдай өлеңімді
    Қасымның өзі емес деп кім айтасың!

    • @user-ge9od9ey1m
      @user-ge9od9ey1m Рік тому

      Коп жерден Кате жазылган

    • @user-ty7mh6qu3j
      @user-ty7mh6qu3j Рік тому

      Неткен ғажап.Өзім туралы өлеңіне бүкіл ғұмырын сидырып тұр ау жарықтық.

    • @user-ge9od9ey1m
      @user-ge9od9ey1m Рік тому

      Толык емес

  • @user-cp2bd9dw6b
    @user-cp2bd9dw6b Рік тому +2

    Сен қандай бақытты едің келер ұрпақ диді🥺🥺🥺

  • @user-gh9ow8lt3y
    @user-gh9ow8lt3y 3 місяці тому

    Осылай сызылып ән айтып жүргенімізді ата бабаларымыз көрсе басымыздан таяқпен салып кеп ұратын шығар. Ер адамға тек терме күй немесе жай қоңыр өлең ғана жарасады

  • @user-ty2bc4tz7f
    @user-ty2bc4tz7f Рік тому +2

    Не деген керемет ыр