Әбілқайыр Хан - Дешті Қыпшақ Ханы!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 23 сер 2021
  • Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы - қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
    Географиясы
    Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста - Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында - Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі - 92 144,5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша - 77 624 km2.
    Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
    Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік-зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
    1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды.
    Хандық
    1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурздың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
    Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.

КОМЕНТАРІ • 20

  • @user-dk1ej1ws2d
    @user-dk1ej1ws2d Рік тому +4

    ӘБІЛХАЙЫР ХАН...Шешуші Айқастарды Жеңіп Берген , ХАН ! ҚАЗАҚТЫҢ ... Осы Күнде Жүргені , ӘБІЛҚАЙЫР ХАННЫҢ , Арқасы 🤲❤️🇰🇿

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  Рік тому

      рақмет сізге. біздің еңбегімізді бағалаған үшін. каналымызды зерттеп. сіздердей көрермен үшін жұмыстанамыз.

    • @user-dk1ej1ws2d
      @user-dk1ej1ws2d Рік тому

      🙏✊️✊️✊️

    • @Galym-Taz
      @Galym-Taz 10 місяців тому

      Әбілқайыр Мухаммед Ғази Бахадүр Хан! Деп толық жазу қажет.

  • @user-ip6rj8bk5i
    @user-ip6rj8bk5i 2 роки тому +11

    Жарайсыңдар Азаматтар.Əбілқайыр Дешті Қыпшақтың Ханы болып тұр ғой сонда.

  • @user-fs7ko4ug3c
    @user-fs7ko4ug3c 2 роки тому +4

    Е бәрекелді оң болсын істеріңіз оң болсын аруақтар жар болғай сіздерге .Үлкен іс бопты

  • @user-iu2jy1zl6b
    @user-iu2jy1zl6b 2 роки тому +6

    Ассалаумағалайкум!Бауырларым!Зираттарыңыз қабыл болсын Алла жар Аруақтар желеп-жебеп жүрсін амин аллаху акбар!Сіздердің халқыма берген сұхбатыңыз өте әсерлі,өте құнды екен,Бөкей ордасына бүкіл аруақтар бір аунап , Сіздерге Бүкіл Аруақтардың Ақ батасына бөленіп отырсыз құтты болсын мен сол өңірде жатқан 1801 жылы келіп,Хандар мен бірге халқына адал қызметін атқарған Қожа ұрпақтарынанмын,бірақ қожаларға жетпеген екен сіздер,бірақ Аллам қаласа келесі жылы жетесіз,Сіздердің еңбектеріңіз биік шыңнан көріне берсін Алла жар Аруақтар желеп-жебеп жүрсін амин аллаху акбар!

  • @user-rj6cw3cw8t
    @user-rj6cw3cw8t 2 роки тому +5

    Недеген керемет жер. Аман болсам барып қайтамыз.

  • @naizagainomad7254
    @naizagainomad7254 2 роки тому +5

    Нұрлан аға жарайсыз. Қуанеке сізге де мың алғыс

  • @72.5
    @72.5 Рік тому +1

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍👍

  • @jjb8791
    @jjb8791 2 роки тому +3

    Алшын 💪

  • @user-qx5ve8gp9q
    @user-qx5ve8gp9q 2 роки тому +1

    Қайырлы күн! Техника жағдайы шамалы екен, естiлмей жатыр дауыстары! Құлпытасты бiр адам оқыса жақсы болар едi... Толық текстiн жассаңыздар!

    • @Baybaqty2023
      @Baybaqty2023  2 роки тому

      кеш жарық! шамалы емес техникамен барып өзіңіз түсіріңіз. толық текст кітапта шығады деп бізге айтты.

  • @user-qe2eb2sf9e
    @user-qe2eb2sf9e 2 роки тому +7

    Ассалаумағалейкум Ағалар енді Тарихқа дұрыстап жазу кереққо Әбілқайыр ханымызды

  • @KaZaKh00107
    @KaZaKh00107 3 місяці тому

    Абилхайыр хан бокей ордасында жерленген ба?

  • @user-li1bz1op5z
    @user-li1bz1op5z 2 роки тому +6

    Абылай бүкіл қазаққа хан болмаған, өйткені ол Орта Жүзге хан болғанға дейін Кіші Жүз бөлініп кеткен. Өтірікті, Абылайды əсірелеуді тоқтату керек.

  • @zhan_zhihany
    @zhan_zhihany 2 роки тому +1

    нурсултан қаласы нес ондай қала бармане

  • @user-oy8og2kp6e
    @user-oy8og2kp6e Рік тому

    Жангир ханнан Махамбеттин басын сурашы? 😂😂😂 Абилхайыр ханнын орны болек😂😂😂

  • @user-fs7ko4ug3c
    @user-fs7ko4ug3c 2 роки тому +2

    Өз хандарымызды ұлықтайық ноғайдың ханына жабыспай

    • @user-dk1ej1ws2d
      @user-dk1ej1ws2d Рік тому +1

      сенің...ханың , кім еді ?! Мақтанып ...болмап - па едіңдер ?! АСАН ҚАЙҒЫ ...Ноғайдың Жырауын 'қазақ' Қылып...алғаныңды Білесің ба ?! ӘБІЛХАЙЫР - Нағыз ҚАЗАҚ , сендейлердің ...'жанын' Алып Қалған ☝️