Мұрат Мөңкеұлы кесенесі. құлпытас зерттеу. Индер ауданы.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 23 вер 2024
  • Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан[1]
    Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
    Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
    Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
    Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
    Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.
    Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

КОМЕНТАРІ • 25

  • @УбиевКойшыбай
    @УбиевКойшыбай 3 роки тому +11

    О Айтман ағамыз өзі қолына алған екен.Аталарымыз ұлы даналарымыз ғой.Осы асылдарды тарихтың бетіне шығару керек.Мəңгүрттерге насихатын жеткізу керек.

  • @КирТерен
    @КирТерен 2 роки тому +11

    "Жайык деген жанды су, Жайык деген канды су". Атамекен ыстык коринеди.

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 2 роки тому +5

      Жайық деген жанды су,
      Көзі бір қара қанды су!

  • @КанатУтеген-ч4э
    @КанатУтеген-ч4э Рік тому +1

    Бала Ораз қайда көрмедікко

  • @NmzhMnzh
    @NmzhMnzh 2 роки тому +7

    Жарсуаттың топырағы киелі топырақ, не бір батыр, ақын, би бәрі осы жерде

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 3 роки тому +7

    Мұрат бабамыздың жаны жәннәтта болсын

  • @Жәке-й3е
    @Жәке-й3е 3 роки тому +8

    Бір тойда осы М .Мөңкеұлы мен Қ.Күржіманұлы кездесіп айтысуға шақ қалған екен,себебі ел естілері айтырмай тастаған екен екі ел арасында жанжал туып кетер деп ,яғни Беріш пен Адай арасы .

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 3 роки тому +6

      Адай мен Беріш бір-біріне бауыр, қандас, егіз ел ғой

  • @Daubatyr
    @Daubatyr 3 роки тому +8

    Мұрат Мөңкеұлы деген шағын аудан бар Оралда сол кісі жәйлы мәлімет жақсы болды мына роликте

  • @yem4270
    @yem4270 9 місяців тому +1

    13:15
    "Беріш руы, Бегіс тайпасы, Құлшай бөлімі, Берікбай Ерісбайұлы 64 жасында опат болды. Тас қойған баласы Мырзағали, 1924 жыл"
    Светқали ағамыз бастаған экспедиция мүшелеріне мың да бір алғыс, жасап жатқан игі істеріңізге үлкен рахмет. Берікбай атамыздың құлпытасын Жарсуатқа барған сайын таба алмай жүрген едік. Берікбай атамыздың немересі (менің атам) Қайыржан Мырзағалиұлының жазып кеткен деректерінен: - "Менің қарт атам - Берікбай бай болмаған. Атамның елге белгілі жүйрік күрең аты болыпты. 1921-22 жылдың қысында Қызыл Армиядан қашқан генерал Толстов бастаған белогвардеецтер біздің ауылдың үстінен түседі. Азықтары таусылып, аттары шаршап келе жатқан әскерлер біздің ауылды тонайды. Азық түлігін, соғымға сойылған етін, союға жарайтын малын сыпырып алады. Мінерге жарайтын атын алады. Атам күрең атын қораға тығып ұстағанмен, оны тауып алады. Атам солдаттармен жағаласып, бермей жүргенде бір солдат қылышпен бастан соғып құлатады. Қансырап есінен танған атамның қылыш бір құлағы мен жақ сүйегін зақымдайды. Берікбай атам көп кешікпей қайтыс болады."

  • @Бкайрош
    @Бкайрош 3 роки тому +4

    Алдар би туралы білетіндер барма? Атамыздан сұрашы атам еді.

  • @кочо-с3ч
    @кочо-с3ч 2 роки тому +3

    Қазағым жасасын!

  • @ЖандосКереев
    @ЖандосКереев 3 роки тому +3

    Ассалаумагаликум акжол агалар

  • @СамиголлаЖумагазиев-ш6ш

    👍💯🖐🇰🇿✊

  • @ХадишаЮсупова-в1у
    @ХадишаЮсупова-в1у 3 роки тому +3

    Светқали ағамыз сөзін өшіріп тастаған? Спицально өшіріп естіртпей тастаған ау дейм я

  • @косшыбайұлы
    @косшыбайұлы 3 роки тому +2

    Бұл кісінің өзі бұрын көп естілмейтін еді, шамасы ұрпақтарының бірі билік басында жүр ау, әлде байлардың бірі ма екен...