ЛИНКАС қазақша СИРОП/ЖӨТЕЛ, ҚАҚЫРЫҚ,

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 жов 2024
  • ЛИНКАС қазақша СИРОП/ЖӨТЕЛ, ҚАҚЫРЫҚ, #қақырықтың емі #Пайдалы ақпарат #Дені саудың жаны сау
    Линкас шәрбаты - әсері оның компоненттерінің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.
    Тамырлы адхатод муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді), қақырық түсіретін және ентікпеге қарсы әсер етеді.
    Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
    Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.
    Дәрілік жалбызтікен протектор ретінде әсер ете отырып, тығыз қабыну өңезін (мысалы, көмейдің шырышты қабығындағы өңезді) жұмсартады, қақырықты түсіреді және қабынуға қарсы әсер етеді.
    Жалаң мия - тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, витаминдер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитет көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.
    Үлкен калган қақырықты бөліп шығаратын зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.
    Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық қасиеттері бар.
    Жұпар шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жұмсартады, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.
    Қарапайым зизифустың құрамында витаминдер (A, B, C, b-каротин), амин қышқылдары, микроэлементтер, майлар, органикалық қышқылдар бар.
    Қақырық түсіретін, сергітетін және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, тамақтың ауыруын азайтады. Жоғары тыныс жолдарының қабыну үдерістері кезінде (ларингитте, трахеитте, бронхитте) жұмсартқыш және жөтелге қарсы әсер етеді.
    Гүлқасындағы оносма - ыстықты түсіретін және сергітетін әсер береді, ентігудің азаюына ықпал етеді.
    #жөтел
    #тұмауға қарсы
    #қақырықтүсіру
    #жөтелден
    @darihanaKZ
    • БАУЫРЫҢЫЗДЫ ТАП-ТАЗА Қ...
    • ЛАВАЛЬ ҚАЗАҚША✅️ Шашқа...
    • Ибуфен Қазақша👍 Қолдан...
    • СҮЙЕЛ 100% жоқ /СҮЙЕЛ...
    • ҚЫЗЫЛ МАЙ ҚОЛДАНЫЛУ ЖО...

КОМЕНТАРІ • 15