Қызыл мия | Қызыл мияның адам денсаулығына пайдасы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 11 чер 2022
  • Қызыл мия | Қызыл мияның адам денсаулығына пайдасы
    Аға буын өкілдері күз келген сайын әйелдердің жер үйдің аулаларында қырыққабатты майдалап турап, бөшкеде қалай ашытқандарын ұмытпаған шығар. Олар қызарып піскен алманы да қызыл миямен ашытатын. Бұрын әрбір отбасы ұзын да, қатал қысқа дәмді үй витаминдерін дайындап, қамданатын, деп жазады Stan.kz.
    Қызылмия тамыры: сипаттамасы және емдік қасиеттері
    Көп нәрсе өткенге кеткенімен, бірақ өте дәмді үй тағамдарының денсаулыққа пайдалы екендігін түсіну маңызды. Қазіргі үй әйелдері де тәтті қызыл мия тамырын қолданып, ашытқы жасайды. Бүгін біз қызыл мия тамырының медицинада қолданылуы туралы қарастырамыз.
    Қызылмия, мия тамыры, тәтті тамыр, хунчир - ежелгі дәуірден бастап азық-түлік және емдік дәрі ретінде жоғары бағаланды. Ол тибет, ежелгі қытай медицинасында да қолданылған. Кезінде Үндістаннан Моңғолияға дейінгі аумақты мекендеген көшпенді скифтер де қызылмия тамырын пайдаланған. Ал гректер кезінде Дон өзенінің төменгі жағалауын мекендеген халықтан және Дунайдағы көшпелілерден қызылмия тамырын сатып алатын болған. 1778 жылы шыққан алғашқы орыс фармакопеясында мия тамыры туралы да жазба бар.
    Қызылмия Ресейдің далалы және шөлейтті аймақтарында, Солтүстік Кавказда, Дағыстан, Орта Азия, Әзірбайжанда, Жайық өзенінің жағалауында өседі.
    Жалаң мия - бұл бұршақ отбасынан шыққан, тамыры терең топыраққа бойлап өсетін, жуан ағаш тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Оның ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Жапырағы - күрделі, кезекті, қысқа шыбықты және ол жабысқақ желімтекті болып кедеді. Қызылмияның өзі маусым және тамыз айларында гүлдейді. Ал жемістер тамыз-қыркүйек айында піседі.
    Қараша немесе наурыз айларында 4-жылдық жалаң мия тамыры медициналық мақсаттарда жиналады. Жерден қазып алынған тамырларды топырағын түсіру үшін жылдам суық сумен жуып, қабығынан тазартып, күннің астында немесе жақсы желдетілетін бөлмеде кептіру қажет. Ескере кетейік, тамыр сары түсті болғанша кебуі тиіс, және ол жақсы сынғанымен, үгітілмеуі керек.
    Ал, мия тамырының әсері 10 жылға дейін сақталады. Бірақ, қызылмия тек дәрілік мақсаттарда ғана қолданылмайды. Мысалы, мия тамырлары мен тамыр сабақ қосылып жасалған қайнатпа Орталық Азияда жүн бояу үшін қолданылады.
    Мия тамырын аспаздықта коктейль жасауға арналған көбіктендіргіш зат және квас, сыра, алкогольсіз сусындар мен халва, шоколад, карамель, диеталық кисель дайындауда табиғи тәттілендіргіш ретінде қолданылды.
    Ал сіз қандай пайдасын білесіз???
    Төменде өз ойыңызбен бөлісе кетіңіз⬇️⬇️⬇️⬇️

КОМЕНТАРІ • 12

  • @user-st1fq3yd8i
    @user-st1fq3yd8i 10 місяців тому +3

    Рахмет сізге АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН АТА-БАБАҢНЫҢ АРУАҒЫ ҚОЛДАП ЖУРСИН ҚАЗАҚСТАНДА Сендеи қыздарымыз Көп Болсын Жолың Ашық болсын.

  • @nurbergenkimoldaev1019
    @nurbergenkimoldaev1019 Рік тому +3

    Пайдалы акпаратынзга коп коп рахмет

  • @gulgaizasigayeva5790
    @gulgaizasigayeva5790 10 місяців тому +1

    Пайдалы кеңес екен рахмеет

  • @user-fk5uu3ff4c
    @user-fk5uu3ff4c Рік тому +4

    Паидалы ақпарат рақмет

  • @aibaralbina2118
    @aibaralbina2118 Рік тому +1

    Солодка !

  • @user-os1gi4hw4b
    @user-os1gi4hw4b 5 місяців тому +1

    бауырды емдеит деп ,каитадан бомаиды дима

  • @rachelefeighan2797
    @rachelefeighan2797 2 роки тому

    Pᵣₒmₒˢᵐ ☀️

  • @user-yd6kc8cp4y
    @user-yd6kc8cp4y Рік тому

    Ххж

    • @user-ut4qj1rk1r
      @user-ut4qj1rk1r Рік тому +1

      Бул кандай осимдик ол солмдка емес

    • @user-rf4wm1wx6v
      @user-rf4wm1wx6v Рік тому +1

      Ашты мтя тәтісі болады жулып аузға салып сорғанда тәті болады тәті мияның тамырын қайнатып буйрек ауруына ем кушті ем болады өзім ішіп көргем ышқандац зияны жоөқ қытайға емдік реті камазбег апарып жатыр ғой
      нже

    • @user-jg2zj5wl2z
      @user-jg2zj5wl2z Рік тому

      Рахмет

    • @user-fe5iy6we5v
      @user-fe5iy6we5v 8 місяців тому

      ​@@user-rf4wm1wx6vқалай қайнатады. Қалай ішеді. Толықтырып айтып бересізбе