Балаларға арналған монтессори жиһаздарының өндірісі | Made in KZ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 вер 2024
  • Монтессори технологиясының негізін қалаған Мария Монтессори. Ол Италиядағы бірінші дәрігер әйел және педагог. Оның айтуынша өмірге келген кез келген сәби білімге туғанынан құштар келеді екен. Сондықтан үлкендер баланың білімді болуына тек қолайлы жағдай жасауы қажет. Сондай-ақ бұл саладағы тағы бір жаңашылдық, тұрмысқа қажетті заттардың шағын нұсқаларын әзірлеу. Яғни сәбидің өлшеміне сай өз үстелін, тамақ ішетін ыдысын, ойнайтын құралдарын, партасын, орындығын өндіру. Сол арқылы бала бұл әлемге тез үйренеді, дейді педагог.
    Елімізде монтессори технологиясына сай жиһаз өндіретін зауыт елордада орналасқан. Нарыққа 2016 жылы шыққан. Қазіргі таңда цехта 15 қызметкер бар. Барлығы да мүмкіндігі шектеулі жандар. Зауыт осы арқылы мүгедек жандарға шектеусіз мүмкіндік сыйлауды мақсат еткен. Бір ай ішінде зауыт тапсырысқа сай 100-ден астам жиһаз шығаруға қауқарлы.
    -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
    Біздің сайт - 24.kz
    #MadeInKZ #МонтессориЖиһаздары #Жиһаз #Зауыт

КОМЕНТАРІ •