Досжан Ишан кесенесі.құлпытас зерттеу.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 4 жов 2024
  • Досжан ишан мешіті Ақтөбе облысы Темір ауданында орналасқан. Мешіт жанына көшпелі қазақтар қоныстанып, қазіргі Шұбарқұдық өлкесінде алғашқы отырықшы қоныс пайда болған. Мешіттің алты бөлмесі бар, терезелері адам бойынан ұзын, бірде-бір қиық белдік жоқ. Күмбез бұранда түрінде жасалған, үстінде айшық орнатылған. Күмбезден түскен жарық мешіттің ішіндегі әшекейленген ою-өрнектердің барлық нақыштарын нұрландырып тұр. Мешіт ішіндегі аят хадистері қызыл оюмен боялған. Мешіттің алдында кіре беріс үй және азан айтатын мұнарасы болған. Қазіргі таңда бұл мешіттің төбесі құлаған, қабырғалары ғана тұр. Досжан хазірет өз мешітінің күншығыс бетінде жерленген. Басында құлпытасы сақталған.
    Досжан Қашақұлы хазірет (1815-1890) - белгілі діни қайраткер. Өзінің діндарлығымен, ағартушылығымен, дінге негіздеп халықтың басын бір орталыққа біріктіруімен, далалық сәулет өнерін дамытумен және қазақ шежіресінің негізін жинақтаумен қазақ тарихында із қалдырды. Атақ-даңқы алты алашқа, тіпті патшаның өзіне дейін жеткен адам. Ол көптеген мешіттердің бой түзеуіне мұрындық болды, оның тікелей басшылығымен салынған Доңызтаулық Қарашыңдағы Қайнар мешітінің, Ойыл аңғарындағы Шилісулық Ишан ата мешіттерінің маңызы зор. Досжан ишан Меккеге Нұрфайыс ишан және Жұмағали ишанмен (кей дерек бойынша, 1874 ж. Құнанбай тобымен) бірге қажылық сапарға барған. Құран Кәрімді, Мұқтасарды жатқа оқып, Меккеден 17 жасында жас хазірет деген атпен елге оралады. Досжан Меккеге үш рет барып, Абайдың әкесі Құнанбаймен танысып, екеуі бірлесіп Тәкие-қонақ үй салдырған. Аталған қонақ үй Досжан ишан атына жазылады. Сәбит Салқынұлының «Досжан хазірет» кітабында Досжан туралы «Досжан шариғат жолынан мүдіріссіз өтіп, Олдан есімді шайхтың ықыласына ілігіп, шәкірт тәрбиелеуге рұқсат хат «иршад» алған» деп жазады.
    Зерттеуші М.Қабижанұлы «Досжан хазірет әкесі Қашақ Молдадан 14-15 жасына дейін сауатын ашып, Орынбордағы «Хусайния» медресесін бітіріп, үш жыл сондағы жастарға мударристік етіп, Ойылдағы ауылына келіп бала оқытқан» деп көрсетеді. 2015 жылы Ақтөбе облысында туғанына 200 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Қазір Ақтөбе қаласында Досжан хазірет атында көше бар.

КОМЕНТАРІ • 10

  • @ТорыұлыЖолбарысбатыр

    Кіші Жүздің пірі атанған бұл кісі кезінде.Жалпы өз заманында ғы ірі діни қызметкер адам

  • @АлтыншашСандигалиева-с1ш

    Сәлеметсізбе ДОСЖАН ИШАН АТА Ақтөбе обл, Темір ауд. Шұбарқұдықта, анам марқұм тірі кезінде басына жиі барып тұратын едік. Табын Қоңыр руы дейтін анам, менің нағашыларым Қоңыр Табын. Атамыздың әруағы желеп жебеп жүрсін. Еліміз аман болсын 🤲🇰🇿

  • @СаулеЖарменова-й1ю

    Жаман шүреннің қайсысы екен,иманды болсын атамыздың аруағы желеп-жебеп жатсын жаман шүрендерді..өзі аз халық қой...

  • @alshynadai2780
    @alshynadai2780 3 роки тому +3

    Коха красава брат, так держать!!!

  • @admin9111
    @admin9111 2 роки тому +2

    Исатай көкемді апару керек еді түсіндіріп берер еді, жақсылап.

  • @АманбайАлмаганбетов-л3п

    Жаман шурен дит

  • @ПолатбайДжумагалиев-о2р

    Табын.қарақолы.қоңыр