Еліміздің кейбір аймағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 вер 2015
  • Еліміздің бірқатар облыстарында алдағы күндері ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. «Қазгидрометтің» ескертуіне сәйкес 29 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында жел күшейіп, -1, -3 градус шамасында үсік болады.
    Сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласуы ықтимал. «Ал жалпы алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады», - дейді мамандар.
    Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі
    -Республиканың батыс аймақтарында температуралар сол қалпы жоғары. 25-30 градус жылы. Солтүстік аймақтарда температура 15-20 градусқа жоғарылайды. Сонымен қатар еліміздің шығыс аймағында да күндізгі ауа температурасы жоғары болады.

КОМЕНТАРІ •