Халық банкі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры меморандумға қол қойды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Халық банкі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Үміт» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құны 5 жарым миллиард теңге болатын меморандумға қол қойды. Келіссөздердің негізінде отандық кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие алып, жаңа жобаларды жүзеге асыра алады. Немесе қолданыстағы кәсібінің айналымын толтыруға да мүмкіндігі бар. Ұтымды жоба туралы әріптесім Бауыржан Жақсымбет айтып берсін.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер көбейген. Мәселен, осы уақытқа дейін нәзік жандардың 200 мың бизнес жобасы мемлекеттен қолдау тапқан. Осылайша, кәсіп көзін тапқан әйелдер қауымының бизнестегі үлесі 47 пайызға дейін жеткен екен. Енді «Үміт» мемлекеттік бағдарламасының арқасында тағы да 100 жоба жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілетін болады.
    НҰРСҰЛТАН АБДОЛЛА, «ДАМУ» қоры басқарма төрағасының орынбасары:
    - Бөлінген қаражаттың 50 пайызы моно, шағын қалалар мен ауылдағы кәсіпкер әйелдерге беріледі. Бұл аймақтарды қамту және қолдау үшін жасалады.
    БАУЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТ, тілші:
    - Жеңілдетілген несиенің пайыз мөлшерлемесі аймаққа және қызмет түріне байланысты 7-ден 16 жарым пайызға дейін өзгереді. Сонымен бірге бизнес жүз миллион теңгеге дейін қаржыландырлады. Егер қаражатты инвестициялық мақсатқа пайдаланса 7 жылға дейін беріледі. Бұдан бөлек айналымды толықтыруға үш жылға дейін несие қарастырылған.
    ДӘУРЕН САРТАЕВ, HALYK басқарма төрағасының орынбасары:
    - Аталған жобаның инфрақұрылымы толығымен Даму тиесілі. Бізде екінші деңгейлі банктің толыққанды салынған операциялық үлгісі бар. Сол себепті кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға бөлінген қаражатты мүмкіндігінше қысқа мерзімде, жылдам әрі ешқандай кедергісіз ала алады.
    «Үміт» әйелдер бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 10 млрд теңге қарастырылған. Халын банктің үлесі 50 пайыздан асып жығылады. Сондықтан әйелдердің бизнес жобасын дамытуда банктің белсенді жұмысы қорға да үлкен сенім береді.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ •