OILANQAZAQ - Ашаршылыққа кім кінәлі ? (трейлер) СКОРО

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • - Осы күнге дейін біз өткен тарихымыздың ақ-қарасын ажыратып, дұрыс бағаламай келеміз. Біз 1922 жылғы аштықты айтпаймыз, тек 32-жылғы аштыққа, 37-жылғы зоба­лаңға тоқталамыз. 1927 жылғы тәркілеуді айтамыз. Бірақ осы нәубеттердің бәріне кім кінәлі? Иә, Қызыл империя дейміз де...
    Бұл жалпылама берілген баға. Бірақ нақтылай түссек артық етпейді. Сол кездегі ащы шындықты неге мәймөңкелемей бетке айтпасқа? Бар кінәні Голощекинге үйіп-төгеміз. «Сол келді де құртты» десеміз. Егер, тарихқа әділ баға бергіміз келсе, 1924-1925-жыл­дары «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деп Сталинге хат жазған Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді неге айтпаймыз? Аттарын неге атамаймыз. Біреуінің 37 бет, екіншісінің 47 бет хаты бар. Екеуі де Сталиннің қабылдауында болғандар. Содан екі жарым айдан кейін Сталин Голощекинді Қазақстанға жіберді емес пе? Рысқұлов Мәскеуге кетті, Сейфуллин халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметінен алынды. Міне, тапқан пайдалары. Осыны біле тұра біз неге бәрін «Қу жақтан» көреміз? Ол бұл жаққа сұранып келген жоқ қой. Өзіміз ғой, «қазақты қазақ басқара алмайды» деп өзге ұлттың өкілін шақыртқан. Осыған неге қазір баға бермейміз? Ойбай Смағұл Сәдуақасов қарсы болды деседі. Смағұл соған қарсы болды. Ол «Қазақстанды басқара алатын қазақ азаматтары бар. Қазақстанға өнеркәсіп салу керек. Біз жүнді неге Қазақстанда қырқып, Өзбекстанда жудырып, Ресейдің Иванов қаласында тоқытамыз. Неге осының барлығын бір жерде істетпейміз. Бүйте берсек, ши­кізаттың республикасы болып қаламыз ғой» деп сол кездің өзінде Сәдуақасов шырылдады емес пе? Сондай-ақ ол «оқу-ағартуды, мемлекеттік тіл - қазақ тілінен бастауға тиіспіз» деді. Сол үшін жергіліктендіру деген заң қабылдаттырды. Ойбай, бұл ұлтшыл дестік. Оған қарсы күрес басталды. Осының бәрін талдап, қысқасы, бұлақтың басын ашуға тиіспіз ғой. Екінші, «Алашордашылар ұсталсын, тәркілеуге бөгетін тигізеді, мойынсерікке қарсы көтеріліс бастайды. Осы науқан тездетілсін» деп «Ақжол» газетін жап­тырған кімдер? Тағы манағы екеуі. Мұның бәрі архивтерде қаттаулы тұр. Көзі жетпегендер, маған сенбесе архивке барып, сөрені ақтарып, таныссын. 1927 жылы тәркілеуде қазақ халқы үлкен күйзеліске ұшырады. Мәскеуден арнайы сапармен Қазақстанға келіп, коллективизация тездетілсін деп, комиссия құрып, басқарып, баяндама жасаған кім? Елтай Ерназаров секілді адамдарды жан-жаққа аттандырып, тәркілеуді жеделдеттірген, иісі қазақтың малын ортаға салуға үгіттеттірген кім? Тағы сол - Рысқұлов. Иә, сол жолы ол темір жол құрылысын бастады. Сөз жоқ, ұлы тірлік. Темір жол еліміздің дамуы үшін үлкен рөл атқарды. Мұны мойындаймыз. Бірақ әлгіндей істерін қалай ақтап алуға болады? Ал 1932 жылы Исаев екінші хатшы, сонымен қатар Құлымбетов пен Құрамысовтар мемлекетті ұстап отырды. Шаруашылық бәрі осылардың қолында. Бірақ аштан қырылғандар есіктерінің алдында үйіліп жатты. Комсомолдар өліктерді күн-түн демей жинап әкетіп жатты. Оны Голощекин де, өзгелері де біліп отырды. Бір шара қолдануға болар еді ғой. Бір жыл емес, халықтың аштан қынадай түсіп жатқанына екінші жылға аяқ басты. Сонда деймін ғой, мемлекет не істеп отыр. Көрсоқыр ма сонша! Жағдай солай бола тұрса да, оны мойындағысы келмеген Құрамысов былай дейді: «Халық жаулары, яғни алашордашылар (ол кезде барлық алашордашылар түрмеге түскен, атылатыны атылып, қалғаны айдауда еді - Т.Ж), халық шаруашылығында күйзеліс бар дейді. Бұл сол алашордашылардың шығарған өтірігі. Біз қажет болса, революция үшін барлық қазақ халқын құрбанға шалуға даярмыз» деп баяндама жасаған. Мұны айтқызып отырған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәскеу айтқызған жоқ. Қазақтардың өздері айтып отыр. Қазір солардың аттары аспандап тұр. Көшелер берілген. Есімдері құрметпен еске алынып отырады. Ораз Исаевтың 1932 жылғы күзде Қазақстанның жағдайы туралы даярлаған анықтамасы бар. Соның негізінде 1932 жылдың аяғында Тұрар Рысқұлов Голощекин туралы Сталинге хат даярлаған. Ол кезде қырылатын адам қырылып, ақ сүйек болып қалған еді. Голощекин орнынан алынды. Осы аштыққа байланысты әу баста қарсылық білдірген, сол үшін қамалғандар болды. Өкінішке қарай, солардың істері әлі ашылмай жатыр. «Бесеудің хатындағы» бесеуді неге айтпаймыз? Одан кейінгі 37-жылдың да көптеген шындықтары әлі толықтай ашылған жоқ. Жалпылама ғана айтылады, жазылады. Мұрағаттарға барсақ, небір сұмдықтардың басын ашуға болар еді.
    Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылым­дарының докторы, профессор:

КОМЕНТАРІ • 5

  • @СәкенКожаниязов
    @СәкенКожаниязов 5 років тому +1

    Меніңше, астананы Қызылордадан, Алматыға ауыстырмау керек еді, сонда ашаршылықта, репрессияда болмайтын еді.

  • @exelff8966
    @exelff8966 4 роки тому

    Ассалаумағалейкүм. Бұны қашан көре аламыз

  • @katherinepierce6678
    @katherinepierce6678 5 років тому

    Сәкен Сейфуллин мен Тұрар Рысқұлов дұрыс айтқан!