ЖҮЗІМ ӨСІРУ | ЖҮЗІМНІҢ ШӨЛДЕГЕНІН ҚАЙДАН БІЛЕМІЗ? | АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 чер 2021
  • Жүзім - шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
  • Навчання та стиль

КОМЕНТАРІ • 23

  • @joldasmuhanov6218
    @joldasmuhanov6218 Місяць тому +1

    Жүзім шөлдесе жапырақтары солыңқы болып тұрады, суарғасын жайылып тұрады

  • @juldiz_dosjanova
    @juldiz_dosjanova 3 роки тому +2

    Кушти керемет,керек акпарат екен

  • @gulnarutebekova810
    @gulnarutebekova810 2 місяці тому

    Рахмет

  • @user-nl4is2sw2r
    @user-nl4is2sw2r Рік тому +2

    бәрі бір арықтың ішінде болса бәрі бірге шөлдейтін шығар

  • @user-wi8vi2gm8w
    @user-wi8vi2gm8w 2 роки тому +1

    Түсінбедік сонымен қайтіп тұрады

  • @user-vd7nn4lq7v
    @user-vd7nn4lq7v 20 днів тому

    Енді дұрыс айта отырыу керек және түсіңікті болғаны жақсы немесе айтар сөзіңді алдың ала пысықта көпшіліке айтып отсың

  • @user-df8ks6yc7k
    @user-df8ks6yc7k Рік тому +3

    Түсініксіз.Дұрыстап көрсетпедіңіз.Басы бар аяғы жоқ видео болды .сапасыз.

  • @elmasg4411
    @elmasg4411 24 дні тому +2

    👋 Түсінбеді ешкім. Битіп тұрад, міне міне демеңіз. Суға шөлдегені қалай боп тұрады, жоғары қарап па, қурап па, неге анықтау баяндамайсыз ? СӨЗДІК ҚОРЫҢЫЗ КЕДЕЙ ЕКЕН. РЕНЖІМЕҢІЗ. ВИДЕО ТҮСІРІП ЮТУБҚА САЛҒАСЫН ЖЕРДЕ МӘТІН ДАЙЫНДАП НЕ АЙТАТЫНДЫ СӨЙЛЕСЕ БОЛАДЫ ҒОЙ.

  • @user-zg6nd9nl7k
    @user-zg6nd9nl7k 11 місяців тому

    Салеметсиз бе Жузим жапырагы неден саргайады

  • @nursezimbolathan9174
    @nursezimbolathan9174 2 роки тому

    Аптасына неше рет суару керек аитынызшшы

  • @bakbergen
    @bakbergen Рік тому +1

    *Қай* *жерде* бұл?

  • @user-ld4rp2bb4q
    @user-ld4rp2bb4q 2 роки тому

    Жүзімді ашққаннан кейін су құямызба

  • @user-vj2ph7bd9o
    @user-vj2ph7bd9o 9 днів тому

    Мен жүзім отырғызғаныма үшінші жаз әлі жеміс бермеді жайқалып өседі бірақ гүлдеп жеіміс бермеді кеңес беріңізші

    • @user-jp2bg4km7x
      @user-jp2bg4km7x 5 днів тому

      Алғашқы жүзім отырғызғанда еркек шыбығын отырғызғансыз ол түйнек салмайды салсада өте аз салады келешекте

  • @user-wl4kj3ty1g
    @user-wl4kj3ty1g 11 місяців тому

    Аманага сизба

  • @70almukhamed
    @70almukhamed 2 роки тому +2

    Қалай қалай ? Түк түсініксіз.

    • @user-oo8bc7jv1t
      @user-oo8bc7jv1t Рік тому

      😂өзің түсініп аласың түсінбеген жерін.😁😁😁

  • @user-jz2ur4jl6n
    @user-jz2ur4jl6n 2 роки тому +1

    түсініксіз

  • @user-eb9rp3oj1p
    @user-eb9rp3oj1p Місяць тому +1

    Не айтып не койдың түсініксіз.

  • @user-br2ve3gu8e
    @user-br2ve3gu8e 2 роки тому

    Өсіп қапты.

  • @user-dv1zr4xk1o
    @user-dv1zr4xk1o 2 роки тому +2

    Озин тусиндинба