Це відео не доступне.
Перепрошуємо.

«Сөз маржаны» мәнерлеп оқу байқауы📚 7«В» сыныбы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 січ 2023
  • «Сөз маржаны» мәнерлеп оқу байқауының ережесі: 📝
    «Сөз маржаны» мәнерлеп оқу байқауы 20.01.2023ж күні 7«В» сынып оқушылары арасында өткізіледі.
    Байқау қазақстандық, ресейлік, шетелдік жазушылардың прозалық шығармаларынан үзіндіні дауыстап оқу бойынша өтеді. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған прозалық шығармадан үзіндіні қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқу тапсырылады.
    Байқау мақсаты мен міндеттері:
    🔖Балалар арасында кітап оқуды насихаттау;
    🔖Балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;
    🔖Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
    🔖Талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
    Байқаудың әділ қазылар алқасы мектебіміздің тіл мамандарынан, кітапханашылардан, және пән мұғалімдерінен құралады.
    Байқаудың шарттары:
    📍Байқауда қазақстандық, ресейлік, шетелдік авторлардың проза түріндегі шығармасы орындалады.
    📍Бір оқылымның регламенті 1-2 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.
    📍Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
    Оқылымды бағалау
    Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:
    📍таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
    📍сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы);
    📍актерлік шеберлік;
    📍орындаушының сыртқы түрі;
    Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.
    Марапаттау🏆🥇🥈🥉🏅

КОМЕНТАРІ •