Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай "Қазақ поэзиясының ақ шағаласы" әдеби кеші

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 вер 2024
  • ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АҚ ШАҒАЛАСЫ
    🔰2 тамыз күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінде @bogetsaymadeniet, @bogetsaykitaphana инстаграм парақшалары арқылы ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Қазақ поэзиясының ақ шағаласы» атты әдеби кеші өткізілді.
    🔸Кеште Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі құрылым бөлім басшысы Жанаберген Токин инста көрермендерді ақынның 80 жас мерейтойымен құттықтап, «Халқымыздың қадірмендісі, ұлтымыздың мақтанышы болып, жалынды жырлары елімен бірге жасай берсін»,-деді.
    🔹Ауылдық кітапханашы Гүлжазира Абдолова жүргізген әдемі әдеби кеште ақын туралы, оның шығармашылық жетістіктері мен поэзиядағы орнына тоқталып өтті.
    ✨Мәдениет үйі қызметкерлері Айжамал Бөленова «Жайыққа сәлем де», Әсемгүл Сүйналина «Бар махаббат», Әйгерім Жолаушыбай «Тағы да махаббат туралы», Санжар Ақбота «Туған жер», Несібелі Жиенбаева «Мазасыз жүрек жырласын», Амина Бақыткерей «Ыстық-ау, туған жер деген...», Жеткерген Токин «Мен сені ойлайтынмын» атты ақынның жырларын көпшілік назарына ұсынды.
    📚Өлең-поэзия әлемінде дара тұлғаларымызды ұлықтайтын кеште «Жайықтан ақ шағала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның шығармаларына арналған кітаптары қойылды.

КОМЕНТАРІ •