Нұрбек Бекұлы - Өмір деген

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 31 тра 2024
  • Өмір деген
    Өмір деген - тоқтығы емес қарынның,
    Өмір деген - адалдығы арыңның.
    Саған тілер жалғыз менің тілегім,
    Қадірін біл қолыңдағы барыңның.
    Өмір деген - жылау емес түнімен,
    Өмір деген - жақсы көру шынымен.
    Шын бақытты болғың келсе өмірде,
    Иманды бол бар Алланың құлымен.
    Өмір деген - мен тірімін адаммын,
    Өмір деген - саған шаттық маған мұң.
    Бес күн жалған марғау тірлік ішінде,
    Бақыт деген - бір күлкісі Анаңның.
    Өмір деген - түзете алу қатеңді,
    Бақыт деген - көру емес жат елді.
    Мейірімге құшырлана қана алмай,
    Бақыт деген - бір құшақтау Әкеңді.
    Қадірін ұқ қара бақыр тыйынның,
    Маңызды емес қымбаттығы киімнің.
    Қорғаны жоқ жетімдер көп жалғанда,
    Бақыт деген - бар болғаны үйіңнің.
    Бақыт бізбен санаспайды десекте..
    Бақыт құнын өзің онда есепте..
    Бақыт деген - орын алу жүректен,
    Бақыт деген - жату емес төсекте.
    Сезім деген - тәтті кейде қатал - ақ,
    Сенім деген - сену емес жата ғап.
    Сенімменен сезім мықты үйлессе,
    Мәңгілікке туды дей бер махаббат.
    Достық деген - қаңғу емес көшеде,
    Доспен бірге көгереді көсеге.
    Достық деген - ішу емес арақты,
    Шын дос болсаң мерейін бір еселе.
    Өмір сүру - сезу өмір шаттығын,
    Көре білу қараныңда ақтығын.
    Өмір деген - отау тігіп үйленіп,
    Өмір деген - есту бала тәтті үнін.
    Авторы: Нұрбек Бекұлы
    Оқыған: Ай-керім Әбілхатқызы
    #поэзия #поэзияменіңжүрегімде #қазақшапоэзия #НұрбекБекұлы #Өмірдеген #подпишись #подпишисьнамойканал #подпишисьипоставьлайк #ВидеоПОЭЗИЯ

КОМЕНТАРІ •