Көзге еріксіз жас келеді… БІЗДІҢ ҮЙ - Асан Абдралин

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 вер 2024
  • #асан_абдралин #втренде #2023 #қарашаңырақ
    🔴БІЗДІҢ ҮЙ
    сөзі: Әлімжан Әлішер
    әні: Ербол Ақбасов
    орындайтын: Асан Абдралин
    1. Мейрімнен қаланған біздің үй,
    Бақыттан жаралған біздің үй.
    Әр атқан таңына шүкір деп,
    Ұйқыдан оянған біздің үй.
    Әкешім, анашым сағындым,
    Үйімнің ауасын сағындым.
    Мұрасы ол атам мен әжемнің,
    Куәсі балалық шағымның.
    қ а й ы р м а с ы :
    Әкемнің иісі есімде,
    Анамның дауысы есімде.
    Алаңдап күтумен тұрғандай,
    Екеуі өмірдің көшінде.
    Қазаның қайнаған есімде,
    Асыр сап ойнағам есімде.
    Бәрі де сақтаулы тұрғандай,
    Біздің үй сенің де есіңде.
    2. Шаттықтың шырағы біздің үй,
    Бақыттың бұлағы біздің үй.
    Жүрегім жылылық табатын,
    Жанымның жұмағы біздің үй.
    Жұлдызы самғаған жақұт түн,
    Осында ордасы бақыттың,
    Әкешім ерттеген жүйріктей,
    Зымырап өткені ай уақыттың.
    ______________________________
    хабарласыңыз⤵️
    D I R E C T O R
    Жеңісбек Қадыров
    +7778-790-11-11
    ✅ресми галочка бар инстаграм: @assan_abdralin

КОМЕНТАРІ • 384

  • @ГульбарамАбен
    @ГульбарамАбен 10 місяців тому +280

    Бәрі көз алдыма келді, жас кезімізде, дастархан басында тамақ ішіп отырғанымыз, пеш жанвп тұрады, үстінде шайнек қайнап тұрады,нағыз бақытты шағымыз, төрт- көзіміз түгел отыратын едік, қайда кетті сол шақ...сағым болып көз алдыма келді....😢😢😢

    • @МухтаримаАльменьбетова
      @МухтаримаАльменьбетова 10 місяців тому +24

      Шынымен,бақытты балалық,алаңсыз сол дәурен есімізге түсті,рақмет,айналайын,өнерің өрге жүзсін,қайран уақыт...

    • @МухтаримаАльменьбетова
      @МухтаримаАльменьбетова 10 місяців тому +25

      Сөзі де ,әні де,орындаушы да керемет

    • @УмитЖиенгожина
      @УмитЖиенгожина 10 місяців тому +17

      Керемет ауылым ата анам ауылдағы өмірім бәрі де есіме түсіп жылап алдым әрине бәрі есімде қаиран балалық шақ уаиым қаиғы жоқ саираңдаған заман аи шіркін ❤❤❤

    • @УмитЖиенгожина
      @УмитЖиенгожина 10 місяців тому +1

      3:46

    • @rakhilyanurakhmetova8129
      @rakhilyanurakhmetova8129 10 місяців тому +14

      Балалық шағм ,есімі түсіп кетті.Әкем мен Анашымды қаты сағынып кетіп. Жатқан жерлері жайлы болсын .Әминь🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @ГульжанТуякбаева
    @ГульжанТуякбаева 9 місяців тому +70

    Керемет, үйде, ұрыс, қағыс жоқ, ненің, қайдан келетіні білмейміз, таңертең самаурын бұрқылдпп тұрады, индйскии шәй мұрынды жарады, дөңгелек стөлдің басында бәріміз отыратыгбыз, қайран, әке,шешеміз.😪

  • @uljanuljan6675
    @uljanuljan6675 6 місяців тому +21

    Үйімді сағындым , не берсе ата анамыз ортаға қойып бірге жейтін едік . 😢❤

  • @nursulubarikenova1016
    @nursulubarikenova1016 9 місяців тому +42

    Иә еріксіз жыламау мүмкін емес.😭😭😭😭Кайтып орамас балгын балапан шагымай.😭😭😘

  • @dawletyarmirzambetov783
    @dawletyarmirzambetov783 8 місяців тому +25

    Акемди ,анамды сагынып кеттим.Кайтып келмес сол кунлер.

  • @Рау_Азима
    @Рау_Азима 10 місяців тому +113

    Ұлы әжем,әкем мен анам есіме түсіп кетті. Қандай бақыт пен шаттыққа толы балалық шақ еді! Әншіге тамаша ән үшін мың алғыс! Бақытты бол,айналайын!

    • @ЖусанЖусан-з3в
      @ЖусанЖусан-з3в 9 місяців тому

      Шіркінаи шіркінаи балалық шағым жастық өмірім 🎉🎉🎉😢Аиналаиын авторы кім əннің Рақмет!!!Тамаша əн екен❤

  • @ГулзираСергазы
    @ГулзираСергазы 9 місяців тому +81

    Ностальгия!!! Шіркін, біздің үй! Біздің ең бақытты шағымыз өткен үй!

  • @РусланРусланг
    @РусланРусланг 10 місяців тому +31

    Айналайын баламай керемет өлең көңіліміз бұзылса да өткен шаққа барып қайтқандай болдымау

  • @АйманСейткалиева-е8э
    @АйманСейткалиева-е8э 9 місяців тому +31

    Қайран балалық шағым...сол кезге бір сәтке оралсам...керемет кездер-ай...әкешім, анашым бар кездер ең бақытты күндер екен-ау😢😢😢

    • @Науат-я2с
      @Науат-я2с 7 місяців тому +1

      Ата
      Анамыздын
      Жаткан.жеры
      Жилых
      Болсын

    • @Науат-я2с
      @Науат-я2с 7 місяців тому +1

      😊😊😊

  • @Сауле-е9н
    @Сауле-е9н 10 місяців тому +38

    Керемет ән , әке шешеміз еске түсті, балам ,биіктен көрін. ақ жол.🎉

  • @ГулнарМырзабек-ж3ц
    @ГулнарМырзабек-ж3ц 9 місяців тому +25

    Не деген керемет.ән.
    Бақытты балалық шағым
    Ата
    Анамның мейірімді жүздері қуанышты күндер
    Естен кетпейтін.

  • @Zhanatprimbetova
    @Zhanatprimbetova 5 місяців тому +15

    КЕРЕМЕТ ӘН КЕРЕМЕТ ОРЫНДАУШЫ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН 🤲ӘКЕ АНАМЫЗ МАРҚҰМ БОЛЫП КЕТСЕДЕ ОСЫ ӘНДІ ТЫҢДАП ӘКЕ АНАМ
    КӨЗ АЛДЫМА КЕЛДІ РАХМЕТ 👍

    • @ТуракКулназаров-г1т
      @ТуракКулназаров-г1т 3 місяці тому

      Сонау 60 жылдары қыстың күндері үйде пеш жанып тұратын. Үстінде сырлы баспа қайнап тұрады. Бір шетінде қара шай ,иісі мұрын жарады. Анам марқұм көрпемді тартып, тұр оқудан кеш қалдың деуші еді. Қайран балалық шақ.

  • @НурияСундетова-ы5ф
    @НурияСундетова-ы5ф 9 місяців тому +23

    Жалған дүние...бәрі көз алдымнан кино боп өткендей😢😢😢 керемет ән тыңдай бергің келетін🥹🥹

  • @АружанУразгулова
    @АружанУразгулова 10 місяців тому +86

    күшті керемет өте әсерлі жылап алдым .бәрі көз алдымнан өтті .. балалық шағымызға бір оралып қайттық . рахметт бауырым. Өнеріңе Алланың нуры жаусын .Тек ғана біиктерден көрініп .халықтың ең сүікті әншілерінің бірі болып жүребер💯👍🙏✊

  • @СайлауханАширова
    @СайлауханАширова 10 місяців тому +81

    😢Қайран әке-шешем-ай,ол кісілер өмірден озғанына көп болды.Қатты сағынамын сол тамаша кездерді.
    Жатқан жерлерінің торқа болсын!
    Ән керемет!Сізге рахмет!

    • @УлболсынУалиханова
      @УлболсынУалиханова 9 місяців тому +3

      Ішім астан кестен болып кетті, шіркін өмір 70ке таяп кал сақта әке, ана, ата әже бауырлар алыста қалған ауылым, сол дас тар хан,

    • @zholdybaykaliakbarov9947
      @zholdybaykaliakbarov9947 9 місяців тому +1

      🎉🎉🎉🎉🎉🎉😢❤❤❤😊

    • @ГульчохраНурлыбаева
      @ГульчохраНурлыбаева 8 місяців тому +1

      Кайран Ол заман кайтып келмедыгойдын, тек гана , журекке жететын эн екен, окынешке орай, Рахмет. оте керемет олен

  • @СаулеЖунусова-э3л
    @СаулеЖунусова-э3л 10 місяців тому +48

    Не деген ән,не деген дауыс!❤❤
    Асан бауырым Керемет!❤❤❤

  • @ЗайдашУртанбаева
    @ЗайдашУртанбаева 9 місяців тому +29

    Ен бакытты кундеримиз, бауырларымыз, аке анамызбен бирге откизген шак

  • @НурзияБайжуманова-ц9ь
    @НурзияБайжуманова-ц9ь 10 місяців тому +73

    Керемет ән,ауылдағы балалық шақ , сағынамын, ❤ Рахмет ән үшін! Орындау шеберлігіңізбен жүрекке жетті. 😊🎉🎉🎉❤

    • @ГульмайраГабдуллина-в1ы
      @ГульмайраГабдуллина-в1ы 8 місяців тому +1

      Керемет орындау! Бәрі көз алдым келді. Қайнап жатқан қазан, шәйнек! Әке-шешем , қайтып айланып келмейтін балалық шақ...😢

  • @БибігүлБолатовна
    @БибігүлБолатовна 8 місяців тому +4

    Неше жаска келсекте, аке мен шешенин орны болек, мәңгилик сагынышым 😢

  • @gulnarasharapatdin2818
    @gulnarasharapatdin2818 9 місяців тому +26

    Біздің Үй ❤Әкешым Анашым ❤ Бақытты От Басы❤ Біздің бақытты балалық шағымыз !!!! Қайран зырғып өткен жылдар ай 😢 Мәңгілік Сағыныш !!!!

  • @ЗАБИДАУтепова
    @ЗАБИДАУтепова 9 місяців тому +19

    Әкем мен анам көз алдымнан өтіп жатыр мына әнді тыңдап бауырларым мен бір отбасында ойнағанымыз бәрі бәрі есіме түсіп көз жасымды тыйа алмадым бір бауырым өмірден өтіп кетті Аллаға не шара күшті жүректен шыққан ән Алла риза болсын балам өнерің өрге жүзсін

    • @КулзадаАбилкасимова
      @КулзадаАбилкасимова 7 місяців тому +1

      Әкеміз бен,анамыздың жатқан жері жайлы болсың.Сол біздің балалық шағымыз,ең бақытты кез екен гой,енді ондай заманды қайдан іздесекте таба алмаймыз.Жаратқан иеміз жар болғай.Еш қорқашық,еш нәрсеге алаңдау жоқ еді гой.Шіркін, ай!

  • @СауирбекКаргабаев-л8б
    @СауирбекКаргабаев-л8б 10 місяців тому +14

    Биздин уи орталыкта болатын. Барлыгы үйге келіп кетіп жататын. Сол күндер керемет барин берип апам маркум букил ауылына жете алмай калган мангытайларга дастарханын жайып. Отты жагып кутетин еди. Апам жарыктыктын жаны жанаттык болсын. Шаганын балдары жаурамасын кун суык екен деп жүрген . апау сен өзің , жаурап жургенжоксынба

  • @АйгульАлдиярова-ч2н
    @АйгульАлдиярова-ч2н 7 місяців тому +3

    Сөздері керемет әкем шешем бауырларым төрт көзіміз тугел еді.уайым кайғы жок асыр салып нанмен кант колымызда кара кешке дейін ойнайтын едік казір ата анамыз жок бауырларымыздың катары сиреді көшеде ойнап журген бала жок урлап кетеді деп көзден таса етпейді біз бакытты болған екенбіз ертегіде өмір сурген екенбіз кеш білдім

  • @raushanbakirova
    @raushanbakirova 10 місяців тому +12

    Әкемди сағындым😢 арманым әкемди көрсем

  • @РозаЕлеева
    @РозаЕлеева 9 місяців тому +31

    Анамның дауысы, әкемнің иісі шіркін-ай. Өкіріп бір жылап алдым. Қайран қамсыз күндер-ай.Дастархан басына сыймай шәйді екі бөлініп ішетін кездер-ай .Қайран анам сары майын әлсін әлсін таситын. Бәрі сағым.

    • @СерикханБуйенбаева
      @СерикханБуйенбаева 7 місяців тому

      Ия козди ашып жумганша отеди екен омир деген алдамшы . Бир жылап алдым

  • @luizanurlybekova2656
    @luizanurlybekova2656 10 місяців тому +28

    Балалық шақ әкем,анам жас кездері өзіміздің жас кезіміз анамның жүгіріп тірлік істеп жүрген кездерін әкем бау бақшада жүргені ❤❤❤❤❤❤❤😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢 Рахмет саған бауырым просмотырың миллионнан асаберсін сүйікті әншілердің бірі бол тілектеспін Әумин Аллаһу Акбар 🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻

  • @Зайра-к7ъ
    @Зайра-к7ъ 9 місяців тому +8

    Өте куші ән,жылап еске алдым ата әжем әкем анам уйім шіркін өмір солай.біз телевизор алған ең бірінші уй болатынын,кешке көршілер толып отырып кино көретін біз.атам марқұм нанды аз жесеңдер әперем деп айтатын😢бар жастық шағым есіме түсіп жылап алдым сағынып кеттім ауылымды.өнерің өрге жүзссін.рахмет көптен көп🥰

  • @ГулмираЗайыр
    @ГулмираЗайыр 10 місяців тому +24

    Балалық шақ ең керемет кезі екен ғой 😢😢

  • @БауыржанКульясов
    @БауыржанКульясов 10 місяців тому +27

    Арбир адамнын есинен ешуакытта кетпейди туган уйи кулын тайдай шапкылап еш уайымсыз саттеримиз арбир казактын кара шанырагынын оты ошпесин бизди осы кунге дейин жеткизген ата анамызга Алла Тагала разы болсын

  • @zhuanyshbaevameyramgul2165
    @zhuanyshbaevameyramgul2165 9 місяців тому +8

    Жаныңа қуат беретін мағыналы әндерін көп болсын

  • @Жумабек-ь5л
    @Жумабек-ь5л 9 місяців тому +11

    Еске түсірдің біздің үйде.Рахмет осындай ән жазғаныңа.

  • @ТалшынНаурызова
    @ТалшынНаурызова 7 місяців тому +4

    Көзімнің алдында тұрады үйіміз көке жеже.көріп кіреалмаймын қандай аянышты😢Сіздер жоқсыңдар жатқан жерін оқыған Құрандарымыз шапағаты тиіп жарық қылғай

  • @МайраНурушева-у8ъ
    @МайраНурушева-у8ъ 10 місяців тому +10

    Бәріде,бәріде есімде.Керемет.

  • @БагилаМам
    @БагилаМам 8 місяців тому +7

    Бақытты бол, балам, жүрегімді елжіретті әнді айтқан даусың👍❤️Шіркін, қайтып келмес , балалық шақ.....😓😖😖

  • @ЗауреСагатбекова
    @ЗауреСагатбекова 10 місяців тому +15

    Мыкты орындау, ерекше ан, журектен журекке жетты.... коп коп рахмет...
    Бауырым барын жылатты.....

  • @СалимашМеркебаева
    @СалимашМеркебаева 10 місяців тому +7

    Тамаша ән өткенге бір оралып әке шешеміз тай құлындай тебіскен бауырларымыз еске түсіп бір толқып алдым рахмет балам әніңе керемет ббиіктен көріне бер

  • @МеруертСадуакасова-х6м
    @МеруертСадуакасова-х6м 9 місяців тому +9

    Қайран балалық бал дәурен,уайымсыз,қайғысыз күндер! Әке шешең жаныңда проблема жоқ мәңгі сағыныш балалық шақ, Әжем , Анам,Әкем еске түсіп бір жылап алдым. Аллаға шүкір өзімде әжемін бірақ неше жаста болсаңда анаң ме әкең мәңгі сағынышың!

    • @КыдыргульИльясова
      @КыдыргульИльясова 8 місяців тому

      Қайран күндер әке анамның солкүндері дарқандығы,шіркін бір көру арман.Менде сағындым.

  • @АйсулуСарсенбаевна-и1ч
    @АйсулуСарсенбаевна-и1ч 8 місяців тому +2

    Көзіміз ге еріксіз жас келді өте мағанасы кушті екен өмірден кеткен әкемді анамды бауырымды сағындым ,балалык шағымды еске тусірді рахмет осындай әнмен талабың өркендей берсін,

  • @НурбикеИбрагимова
    @НурбикеИбрагимова 10 місяців тому +11

    қандай керемет ән,рақмет,жастық,балалық шағым есіме түсты

  • @Ақбалта
    @Ақбалта 9 місяців тому +8

    Балалық шақ Әкем мен Анам қасымызда болғанда қандай бақытты болдық шіркін ай десейші бауырларым қасымда болғанда Әкем мен Анамнын үйінде қайтып келмес естелік естен кетпес амал қанша жатқан жерлері жайлы болсын!

  • @РиммаЖидебаева-с2ф
    @РиммаЖидебаева-с2ф 9 місяців тому +5

    Керемет айтылған өлең , жастық шақ есіңе түсірді😢

  • @elmiraermekbaeva7980
    @elmiraermekbaeva7980 9 місяців тому +5

    Кандай бакытты балалык шак! Узын улкен дастархан басында сыймай отыратынбыз. Мамам етти адемилеп асып бесбармак жасаушы еди. Неткен керемет кездер. Ериксиз кара шанырагымыз ораллтыныз керемет анмен. АЛЛА разы болсын!

  • @АиманМаханова-й6ф
    @АиманМаханова-й6ф 9 місяців тому +5

    Керемет Асын балам 70тен ассамда атаанамызды шыккан жеримиз ди сагынамыз

  • @ГульжамалБижигитова
    @ГульжамалБижигитова 9 місяців тому +8

    Я,өте керемет орындау.Балалақ шағымызға оралдық.Біздің ең бақытты балалық өткен үй.❤

  • @Кульбарам-с3к
    @Кульбарам-с3к 9 місяців тому +4

    Қандай ән,еске түсіреді,әкенің,анамның құшағы,сипаған алақандары,дәмді тағамдары,ел болып жиі айтылады

  • @ОразханБайдаулетова-ъ2л
    @ОразханБайдаулетова-ъ2л 7 місяців тому +3

    Керемет ән қайран уайымсыз қайғысыз балалық шақ жүрекке жететін ән көп рахмет әкем мен шешемді бауырларымды қатты сағындым нағыз бақытты кезім сол кез екен ғой

  • @АйткульЖ
    @АйткульЖ 4 місяці тому +2

    Рахмет, әнің үшін! Ана өмірге кеткен әкем мен анамды есіме алып, көзімді сығып алдым. Жандары пейіште болсын асылдарымның

  • @reborn_baby_artistE
    @reborn_baby_artistE 9 місяців тому +5

    Дал казир осы ан коп отбасынын сакталып тату болуына себеп болатын...керемет жкректен шыгып, журекке жететин ан екен😢❤ рахмет!

  • @СауирбекКаргабаев-л8б
    @СауирбекКаргабаев-л8б 10 місяців тому +9

    Керемет ининм өнерің өрлей берсін. Дауысың мамырлай берсин.. Аталарыннын даусын берсин коп жаса улым

  • @ЗулхияМусенова
    @ЗулхияМусенова 10 місяців тому +12

    Бауырым,ак жол,онерде жолын болсын!!!Анин де,озинде тамашасын!!! Керемет! Омир жасын узак,бакытты бол!Балалык шакка саяхат жасап кайттым,козиме ериксиз жас келди!!!Жасай бер,Асан балам!!!

  • @ГульзираАкимова
    @ГульзираАкимова 9 місяців тому +5

    ЖАНЫМ,ЖАНЫМ РАХМЕТ РАХМЕТ ОМИР ЖАСЫН УЗАК БОЛСУН

  • @okaoka2239
    @okaoka2239 9 місяців тому +4

    Шаттықтың шырағы біздің үй,марқұм Анашым иісіңде дауысыңда есімде...жаның пейіште шалқысын әмин🤲🙏

  • @ronfoza385
    @ronfoza385 10 місяців тому +8

    Керемет жаксы ән. Козге жас келеди.оте ерте кайтыс болды. Мен жети жасымда болдым.

  • @anaraanara4423
    @anaraanara4423 9 місяців тому +2

    Кайран балалык шагым ай биз дин уй уайым кайгысыз асыр салып ойнайтын кез анашым далада ошака бауырсак писиреди букил ауыл баласы жугирип келеди баримизге талдын шыбыгын сындырып жиберип ыстык бауырсак береди аламызда жугирип кетемиз кайран 😢😢 Ешкандай арам ой жок барды букил ауылмен болисип жейтин кез агародтан жугирип барып жулып жейтин ен бакытты шагымыз еди ❤️❤️ Анашым мен Акешим ди сагындым балалык шакты

  • @Кульбарам-с3к
    @Кульбарам-с3к 9 місяців тому +9

    Қандай әсерлі ән,балалық шағымыз,ата анамызбен бірге өткен қызықты күндеріміз

  • @ЗораБалапанова
    @ЗораБалапанова 9 місяців тому +6

    Балалық шақ өмір бойы есте қалады! Бақыт Ордасы- біздің Үй!

  • @КуляшУразбаева-е1е
    @КуляшУразбаева-е1е 9 місяців тому +1

    Қайран сол кезде таршылық бол май өстік,қазір бәрі жетпит жат болып бара жатырмыз ,әкешім анашым 😢😢😢

  • @КаирМолдазиятов-о3ц
    @КаирМолдазиятов-о3ц 9 місяців тому +8

    Рахмет айналайын әніңе! Тыңдармандарыңның да бақытты балалық шағын естеріне түсірдің! Өркенің оссін балам,еңбегің жанаберсін!🎉

  • @rakhilyanurakhmetova8129
    @rakhilyanurakhmetova8129 10 місяців тому +6

    Асан ,Баурым әңі қадай керемет !Бақытты бол .!🙏👍👍👍

  • @ЖумагулРсалиева-ю8ч
    @ЖумагулРсалиева-ю8ч 3 місяці тому +1

    Ата- анамыз биздин журегимизде !!!Туып оскен кара шанырагымыз киели бизге ар кез ыстыкБул ан барин есимзге тусиреди Керемет орынбау Керемет ан!!!

  • @khatimaberestenova9885
    @khatimaberestenova9885 8 місяців тому +3

    Менде, өзімнің әкемен, анашымның, біздер үшін, шаршамастан, ауыр жұмыс істеп, ұлың ұяға, қыздарын қияға, берседе, демалуды білмейтін жандар еді. Қайран жастық шақты еске түсіруге, себепші болған, әншіге, алғысым шексіз!

  • @АкКап-я3я
    @АкКап-я3я 10 місяців тому +7

    Керемет ән екен ❤

  • @БаянШашакова
    @БаянШашакова 9 місяців тому +12

    Ең бақытты шағымыз анашым тірі кезде өтіп кетті, 9 бала , әке шешем пештің жанында анашым жүретін , біздер сабақтан , ойыннан келеміз улап шулап,екі бөлмелі үй соған ың шыңсыз сиюшы едік . Радио қосылып тұрады, бәріміз де бақытты едік …

  • @GulmikhraKudabaeva-ch2rs
    @GulmikhraKudabaeva-ch2rs 10 місяців тому +11

    Әндерің кө п болсын..Тамаша орындау! Әнде керемет балалық шағымыз еске түсті

  • @guldaryuldashova1968
    @guldaryuldashova1968 10 місяців тому +6

    Жарайсың күші ерекше дауыс

  • @АдильханНугуманов
    @АдильханНугуманов 9 місяців тому +3

    Қандай тамаша өлең сізге көп рахмет жасай беріңіз

  • @КлараГильманова-м4у
    @КлараГильманова-м4у 5 місяців тому +1

    каиран.балалык.шак.ата.анамыз.биз.ушиннекормеди.жандары.жаннатта.болсын.анди.орындаган.балама.мын.слгыс

  • @MikaMika-zh1ee
    @MikaMika-zh1ee 9 місяців тому +3

    Анашымды сагындым 3жылболады быйыл жаткан жери жарык болсын Керемет жаксы орындау рахмет ❤

  • @БахтыкульКенжебекова
    @БахтыкульКенжебекова 9 місяців тому +3

    Керемет екен! Бахытты ғұмыр тілеймін Айналайын!

  • @Жупаркуль-з5б
    @Жупаркуль-з5б 4 місяці тому

    Менің де Әжемнің Атамның да Анамның и Әкемнің сағынышымды жүрегімнен оянып шығып кетті ғой!Әттең тонның келтесі ай!❤😢😢❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @АйгульКалиева-й5ц
    @АйгульКалиева-й5ц 4 місяці тому +1

    Иә, еріксіз көзіңе жас келеді екен, қайран әке-шешем, балалы шағым ең бақытты шағым екен, құты да берекесі де сол ата анамыздың еш уайымсыз жұргеніміз екен😢 Жандары жәннәттә болсын😢

  • @МаринаИльясова-з7й
    @МаринаИльясова-з7й 10 місяців тому +6

    Әкемді сағындым 😢😢😢😢

  • @ГульшатДаулетова-ч4ь
    @ГульшатДаулетова-ч4ь 10 місяців тому +3

    Керемет балалық шағымды сағынып кеттим әкем анамды казир бари отирик сияқты

  • @ГулбаршынАрынгазин
    @ГулбаршынАрынгазин 6 місяців тому +2

    Ернар балам саган мын да бир Рахмет осы а́нди орындауын о́те керемет тамаша 👍👏❤💯💐🌞

  • @ЖенискульКенесова
    @ЖенискульКенесова 8 місяців тому +2

    Керемет ән, жүрекке жетті, еріксіз көзге жас келеді. Керемет орындау, бақытты бол, айналайын

  • @ЫрысбекКантурев
    @ЫрысбекКантурев 4 місяці тому +1

    Ассаламу алейкум.кеш жарык бир сиригип калдымгои еске алып балалык шагымызды .Керемет алға сатилик тилимиз❤❤❤❤❤❤❤❤😊

  • @МаржанТогузакова
    @МаржанТогузакова 11 днів тому

    Сол күндер қайта келсе гой шіркін. Барлығымыз бір үйде, бір дастарханның басында…😢

  • @МаншукСерикова-ч9ч
    @МаншукСерикова-ч9ч 7 місяців тому +2

    Қандай тамаша ән! Сөзі де, сазы да әсерлі. Жүректі тербейтін ән екен.

  • @АсланЕрсаинов
    @АсланЕрсаинов 9 місяців тому +1

    АССАЛАМАЛЙКУМ КЕРЕМЕТ РАХМЕТ ОТЕ ТАМАША ОРЫНДАУ КАЙРАН АНАШЫМ АКЕШИМ ЖАНДАРЫМ

  • @jibekturgynbaeva3388
    @jibekturgynbaeva3388 9 місяців тому +4

    Керемет ән! Тамаша орындау! Ауылымыз, үйіміз, бауырларым...бәрі-бәрі сырғып көз алдымнан өте шықты.Ата-Анамыздың жандары жәннатта болсын! Бізді өмірге әкеліп,бар жағдайымызды жасап,өсіріп.немере-шөберелерін көріп, өмірден өтті.Аллаға шүкір дейміз!.Бірге тумақ болсада, бірге жүрмек жоқ екен.Әркім өз отбасын құрып,тіршілік етуде...Өз қолдарымен,таза еңбектерімен жасаған үйіміз- ақ ордамызды жиі еске аламыз.Әттеген-айымызда жоқ емес!...

  • @ЖамигаЖетесова-р6г
    @ЖамигаЖетесова-р6г 9 місяців тому +1

    Ең бакытты шак сол биздин уиде калган екен бари көз алдымда ширкин ай 5минутка китып келсе гои

  • @ЛаззатМуратова-п1н
    @ЛаззатМуратова-п1н Місяць тому

    Әкешім сағындым,сіз кеткелі 24жыл 😢😢😢😢жаныңыз жәннаттан болсын.

  • @Дария-м9и
    @Дария-м9и 9 місяців тому +2

    Ширкинай камсыз кез ай анашымды сагындым 😢 каймак каткан шайын сагындым

  • @Анимекартинки-м7ж
    @Анимекартинки-м7ж 7 місяців тому +2

    Керемет ән

  • @nadekaforever961
    @nadekaforever961 9 місяців тому +2

    Керемет денем муздап кеттi гой журеке тез жетедi жарайсын жылагым келiп кеттi жанымай журегiм сыздап кеттi ❤️❤️❤️🕋📿🙏

  • @ЭльмираИсатова
    @ЭльмираИсатова 10 місяців тому +4

    Керемет

  • @ТолеугайшаАрыстанбаева
    @ТолеугайшаАрыстанбаева 9 місяців тому +1

    .
    Ігім Керемет яАуылым алтын.бес

  • @ЗердаЮлдашева
    @ЗердаЮлдашева 25 днів тому

    Әке анамды сағындым,
    Жаткан жері жайлы болсыншы😢😢

  • @SamsungId-qv4ft
    @SamsungId-qv4ft 8 місяців тому +1

    Қайран балалық шағымай😢Ата мен әжем, әкемм 😢😢😢есімде бәріі

  • @KamarSadykova
    @KamarSadykova 8 місяців тому +2

    Керемет ән әкемен анамды еске алып жылап алдым бала кезімді бәрін сағындым

  • @ЗейнепАхметова-р3м
    @ЗейнепАхметова-р3м 2 місяці тому

    Кеме орындардың Асан балам.Өрісің кеңейе берсін.Өнерің өрлей берсін.

  • @botagozsaynova7167
    @botagozsaynova7167 10 місяців тому +3

    Керемет күшти ән үшін рақымет балам алланың нұры жаусын

  • @Qanatbaj
    @Qanatbaj 4 місяці тому +1

    Ауылдағы үйіміз есіме түсіп кетті. Ауылым бесігім...

  • @atzh0899
    @atzh0899 Місяць тому

    Керемет шақтарды көз алдыма әкелгенің үшін мың алғыс...

  • @meyirbekjantuganov5731
    @meyirbekjantuganov5731 9 місяців тому +1

    Уакыт зыргып отип кетиптиго😢 балалык шагымды сагындым

  • @НурсултанКурманбаев-г8ь
    @НурсултанКурманбаев-г8ь 8 місяців тому +1

    Оте керемет Ан екен сол бала шагым коз алдыма кеди ау

  • @ИндираА-ш1д
    @ИндираА-ш1д 2 місяці тому

    Үйіме Барғым келіп кетті ғой 🥰Керемет шағымыз, бақытты сәтіміз екен шіркііін😊

  • @Жансая-у6ы
    @Жансая-у6ы 8 місяців тому +1

    Қайран балалық шағым😢Әкешім Анашым жанымда еш уайымсыз ,қайтып келмес балалық шақ.

  • @ГульсумТулеубиева-м7ф
    @ГульсумТулеубиева-м7ф 8 місяців тому +2

    Әкемнің иісі , анамның дауысы❤

  • @НурсулуЕсимова-з1ж
    @НурсулуЕсимова-з1ж Місяць тому

    Я сақтаулы есімізде бәрі. Қатты сағынамын балалық шағымды . Марқұм апам да жанымызда болған кезде төрт көзіміз түгел 😢..... жаның жәннәтта болсын жан апам қатты сағындым