полковник А. Макишев - ерлік пен жауапкершіліктің үлгісі
Вставка
- Опубліковано 7 лют 2025
- полковник А. Макишев - ерлік пен жауапкершіліктің үлгісі
2024 жылғы су тасқыны кезінде Әскери институт бастығының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, басқарма бастығы полковник А.Макишев бірнеше экипажды басқарып, ерекше батылдық пен кәсіби шеберлігін көрсетті.
полковник Макишевтің жетекшілігімен қарамағындағы жеке құрам тұрғындарды құтқару бойынша шұғыл шараларды тиімді ұйымдастырып, бірнеше қауіпті аймақта тапсырмаларды сәтті орындады. Эвакуация барысында олар жүздеген азаматтың өмірін сақтап қалды.
Офицердің салқынқанды шешімдері мен ұйымдастырушылық қабілеттері жеке құрамның үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, күрделі жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге мүмкіндік берді.
полковник А. Макишевтің ерлігі мен қызметі - әрбір әскери қызметші үшін нағыз үлгі. Оның жанқиярлық еңбегі ел қауіпсіздігі мен азаматтардың өмірін қорғау ісіндегі жоғары жауапкершіліктің жарқын көрінісі.