Киносыншы “Дала қасқыры” фильмі туралы: “Жасандылық басым”

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 лют 2025

КОМЕНТАРІ • 3

  • @haslflex1949
    @haslflex1949 5 місяців тому +1

    Осындай кино бар екенін кинотеатрға барған кезде ғана көрдім. Залда жалғыз өзім отырдым. Менен басқа ешкім болмады. Бір жағынан жақсы, екінші жағынан өкінішті жағдай.
    Киноны бас жағы ұнады. Ортасы қызықсыздау, соңы онша ұнамады. Кей жерлерде актерлар дұрыс ойнамайды. Мысалы: тұтқындарды сапқа тұрғызып қояды, бірақ ортадағы бір тұтқын тұрмайды, соны сапқа тұрғызғысы келген полицейдің актерлігі нашар екені қатты байқалады. Кейбір жерлерде каскадерлар дұрыс құламайды.
    Маған кинодағы басты тақырып азаматтық соғыс сияқты сезілді. Халықпен полицейлер бір бірімен соғысып жүр. Құдай басымызға бермесін, өте қорқынышты жағдай. Қаңтардағы Алматыда машина өртеп, адамдар қарумен атысып жүрді, сол қартаң көтерілісі, азаматтық соғысқа өршіп кеткен ценарий деп ойлайдым.
    Ел ішінде қылмыстық топтар заңға бағынбайды, полицейлер заңды орындамайды. Сосын салдарының бірі дене мүшелерін сату.
    Басты кейіпкерді "қызыл зона"-дан келді деп айтады. Қандай қызыл зона туралы айтқаны қызық болды. Өкінішке орай оны біле алмаймыз.
    Кинодағы комедиялық қалжыңдары ұнады. Мен комедияға кіркенде күлмей отырамын, өйткені арзан қалжың күлкі ұнамайды. Бірақ бұл кинода шынымен күлкім келді.
    Тағы ұнаған жерлері: киноның басында, полицейді өлтіруге келгенде, давай давай деп айқайлап жүрген адам, өз жақтасын байқамай атып өлтіреді. Себебі ол автоматты сақтандыруға қомаған, және қаруды адамға қаратуға болмайтынын білмейді. Сосын автоматтар дұрыс істемей клинить етіп қала береді. Себебі ешкім автоматтарды мазаламайды. Тазаламай, ұқыпсыз ұстаған соң, автоматтар бұзылған.
    Ұнамаған жері: блокпосттан өткен кезде ешкім зақым алмайды. Сондай моменттерді жек көремін.
    Басты кейіпкер соңына дейін жақсы адам болып келеді. Бірақ соңында Таха және оның әйелі мен балаларын көреді. Сосын бәрін өртеп жібереді. Одан кейін өзі өледі.
    Таха деген есім ұнамады, 13 район деген кинодан көшіре салған сияқты сезім болды.
    Жалпы кино ұнады, бірақ жақсырақ түсірсе болатвн еді. Осы киноның жалғасы, немесе осыған ұқсас Қазақстандағы азаматтық соғыс, немесе пост акопкалипстағы Қазақстан жайлы кино тағы көргім келеді.
    Диалогтар қызықты, режиссер тарантиноға еліктеп ұқсағысы келген сияқты. Диалогтар шынымен ұнады.
    Мен 20 жастамын, маған осындай комедиядан аулақ кинолар ұнайды.

  • @ondasyntastanov5290
    @ondasyntastanov5290 4 місяці тому

    Данамен толық келісемін. Бірақ менталитеттің әсері бар. Біз таныс режиссерді қатты сынамаймыз. Бізде "екі түрлі" фестиваль болу керек. Жылдық "төмен" мен "биік" фильмдер деген конкурс болу керек.

  • @ondasyntastanov5290
    @ondasyntastanov5290 4 місяці тому

    Бір келіспейтін нәрсе бар. Өмірбаев тағы басқа "жаңа толқын" режиссерлері қазақ киносын өлтірді. Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов секілді режиссерлердің мектебін тоқтатты. Бұл күрделі мәселе, неге біздің кино сыншылар осы тақырыпта әңгіме қозғамайды. Данадан сұраныс, объективті сараптама жүргізше екен, тек жақсы көретін режиссерларын алға тартпай.