ЕСКЕНДІР БЕСТАЙ: Мотивация жүйесінің ақаулары, марапатсыз мотивация, Ұят институты, бала тәрбиесі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 лип 2024
  • #ЕскендірБестай #мотивация #стимуляция #тимурбалымбетов #честноговоря
    «Баланың бойында қандай бір табиғи сипатты өшіргіміз келсе оны мартапаттау керек!» Бүгінгі қонағым - педагог-тренер Ескендір Бестай @eskenbestai «Марапатпен жазалау. Мотивация жүйесінің ақаулары» тақырыбын бірнеше жыл бойы қорытып өз нәтижелерін сізге ұсынады. Бұл әңгімені асықпай, өзіңізге де қорытуға мүмкіндік беріп көріңіз, еш өкінбейсіз!
    Сілтемелер:
    Alike фильмі: • CGI Animated Short Fil...
    8 минут арнасы: / @8minut
    Кітап клубы: Кітап клубы: / kitap_kluby
    Телеграм арна: Қателеспесем, осы арна туралы айттым: t.me/uirenuiret
    Rixos Almaty-ға алығысымызды білдіреміз!
    0:00 Тизер
    1:19 Қонақта Ескендір Бестай
    3:12 Неге сұхбаттардан қашады?
    5:48 «Педагог болғаннан ұялдым»
    8:17 «Балалардың құқытарының тапталғанын көрдім»
    11:40 90 жылдарың травмасынан қалай арыламыз?
    18:15 КОНФЛИКТ: Шанайы балаңыз бен мінсіз балаңыз
    20:46 СТЕРЕОТИП: Ұл баланы қатал ұста!
    23:00 «Бізде «жақсы көрем» деп айтпауға тырысады»
    24:38 Білімді дұрыс емес өлшем бірліктермен бағалаймыз
    26:34 “Бастауышта жақсы педагог болса, баланың оқуға құштарлығын сындыру қиын болады”.
    32:16 «Адам қарым-қатынас зауытының өнімі»
    34:18 «Біз баланың әлемін түсінбейміз»
    36:15 Мұғалімнің назары - марапат
    37:46 Оқушылармен эксперимент
    40:55 Оқуға ішкі құлшыныс жайлы
    43:37 «Қамшы мен тоқаштың» зияны
    45:07 Монтессори жүйесі
    47:06 Ең жаман сөз - молодец және умница
    47:54 Шарасыз өмір сүру қайдан шығады?
    51:19 «Стимул шығармашылық потенциалды шектейді»
    55:49 «Қоғамда қателесу құны жоғары»
    1:00:52 «Орыс тілді ортада қателік құны төменрек»
    1:01:27 Ұят институты неге жұмыс істемейді?
    1:05:31 Білім беру жүйесіндегі қарсыластық
    1:08:10 Марапатсыз қалай мотивация аламыз?
    1:14:56 Не істеп жатырмын емес ҚАЛАЙ істеп жатырмын деп сұра
    1:19:38 Ескендірден ресурстар
  • Розваги

КОМЕНТАРІ • 483

  • @balymbetov
    @balymbetov  Місяць тому +74

    «Баланың бойында қандай бір табиғи сипатты өшіргіміз келсе оны мартапаттау керек!» Бүгінгі қонағым - педагог-тренер Ескендір Бестай «Марапатпен жазалау. Мотивация жүйесінің ақаулары» тақырыбын бірнеше жыл бойы қорытып өз нәтижелерін сізге ұсынады. Ата-ана болсаңыз немесе білім алу/беру жолында шаршап, тұйыққа тірелсеңіз - мына шағарылым сіз үшін. Бұл әңгімені асықпай, өзіңізге де қорытуға мүмкіндік беріп көрсеңіз, еш өкінбейсіз! Айтпақшы арнаға жазылып қойыңыздар 🔥

    • @user-4uf4kv8j
      @user-4uf4kv8j Місяць тому +2

      Тема просвещения меня в глубине волнует! Я с сожалением смотрю на несовершенство и классику системы образования, что продолжается в неизменном виде: один лектор и куча ворохов в разумах НЕВОЛЬНИКОВ (в корне-это ведёт к само-без-ответственности)). Такой подход - это Для "догоняющих" требования жизни. По изменению в принципах обучения есть отдельное моё видение, концептуально отличное. Если коротко:*
      🎉
      1. Роль "преподавателя"- должно отводиться только на супервизирование масс обучающихся в объеме программы предмета. Функция Супервайзера сводится к: а) помощь в самостоятельном изучении; б) прием зачётов по темам. При этом он позволит взять нагрузку в объеме нескольких классов (представьте: "армия учителей" сократится вдвое!)
      2. Ученик учится постигать предметы самостоятельно - и в теории и в практике, тренировках (заметьте - и по жизни-так происходит: никто не нальёт в разум). Неоспорим факт: каждый имеет собственные ТЕМП в изучении, индивидуальность и другие факторы.
      3. Соответственно должны иметь свои системы изложения учебных пособий и свои оценки прогресса статистик в обучении.
      4. При этом отпадает необходимость деления на возрастные классы. То есть, допустим, в по-предметных классах могут сидеть 10 - 17 летние, поскольку не нужны громкие лекций вообще, а будут сидеть в тишине. Допустимо полагать, что некоторые и за "пять-семь-..." лет могли бы завершать 10-летнюю программу.., если не будет шаблонных (диктующих) систем образования!
      5. Обучение таким образом может быть непрерывным потоком- круглогодичным, то есть без "архаичной" привязки к 1 сентябрю. Члены семьи сами могут планировать свою жизнь в увязке с Просвещением.
      ... ... Другие положения.
      Малую часть этого позиционного подхода я "подсмотрел" в "Applyed Scholastics". Считаю нужно ознакомиться с их результатами и пробовать провести ШИРОКИЕ эксперименты у нас. Вполне - это может явиться прорывом лучшего будущего у человечества, хотя бы популярной альтернативой в Просвещении. Нельзя, чтобы было скучно и без желания обучаться, из-под палки - что по сути порождает АБО - "авто-без-ответственность". Сравните - как получается спортсмен-Чемпион. И это разве - без его желания занять лучшее место?!.😮
      Современное общество уже демонстрирует отход от традиционализма в обучении: посмотрите на многочисленные инфо-курсы, за которые люди сами платят идя направленно, с желанием и планами. Конечно, у детей нужен другой подход к стимулу, привязанный вкупе с родительскими -можно продумать и найти.
      И не нужно громоздких, тщательных программ, а нужно грандиозные перспективы перед ними открывать. Главное - разбить знания на градации, дать достаточное представление о предметах, а затем академичность, углубления они выбирают сами либо по рекомендациям. ... В общем,- работы на -целую эпоху- создание эпохи. И можно относительно быстро перейти.

    • @user-go8el3np1u
      @user-go8el3np1u Місяць тому

      Әке болғалы, педагог, тарихшы сияқты ұлт тәрбиесі туралы ой ай айтатын тұлғалар шақыратын болыпсыз, менің байқауымша..)), Үлкен рахмет, қазіргі таңда жұлдыздардың өмірінен гөрі, адам өмірінде кездесетін жайттарға көмектесе алатын осындай мамандарды көптеп шақырсаңыз ! Қазақша ойланатындықтан, миымда тез қорытылатын қазақша подкасттарыңызды көбірек қараймын❤

  • @user-ks9xd2fy4o
    @user-ks9xd2fy4o Місяць тому +113

    Тимурдың қонақтары бірінен бірі өтеді, еңбегің жана берсін🙏🏻

  • @shyngyskhann
    @shyngyskhann Місяць тому +61

    Ескендірді де, Тимурды да көремін, оқимын. Бүгін екі вселенный қосылғандай болды!
    Шығарылым топ! Ескендір әрқашандағыдай құнды ақпараттармен бөлісті, Тимур кәсіби интервью алды.
    Ағалар жасай беріңдер! Рахмет!

  • @user-qg9sc4kd2x
    @user-qg9sc4kd2x Місяць тому +27

    " миым жарылды" деген сөздің мағынасын енді түсінгендеймін🤯 Әрбір маман өз ісін суйюден бөлек, сіздей жауапкершілікті сезінуі тиіс деп ойлаймын. Сіздердей білімді қазақтарымыз көп болсын!

  • @user-wu8iv2ff6n
    @user-wu8iv2ff6n Місяць тому +17

    Тәрбиенің мақсаты - адамды бақытты ету! 👍

  • @balymbetov
    @balymbetov  Місяць тому +100

    Мына сұхбатты тоқтатып көріп, бірнеше сторизге қиып алсаңыз болады-ау! Өте құнды ақпаратқа толы шығарылым болды. Сізге қай ой қатты ұнады?

    • @aizhank5468
      @aizhank5468 Місяць тому +8

      Артқа айналдырып бірнеше рет тыңдап отырмын кешеден бері. Ескендірді бұрыннан да тыңдап, танып жүрсем де әр қашан тындауға шаршамаймын, жаңа видео шықса қуанамын, не деген ой, не деген аналитика, не деген таза қазақ тілі... Тимур, шақырғаныңызға рақмет, жыл сайын немесе жарты жыл сайын әдет қылып шақырып отырсаңыз, білгеніңді бекіту сияқты, тіпті жақсы нәтиже болар еді деп ойлаймын))

    • @user-wv8rv6mx4p
      @user-wv8rv6mx4p Місяць тому +4

      Салеметсізбе. Тимур аға ,Ескендір аға. Менің үш балам бар. Өзім бала кезімнен жоқтықтан ,өз отбасым Бақытты,балаларым сауатты болады деп ойлайтынмын.Аллаға шүкір. Білімге деген құштарлықтары кең өрісті,ынталы балалар. Тәрбиелеу жағынан да еркіндікті ұстанамыз. "Жеке шекера",өзі таңдау деген де бар. Үлкен ұлым БИЛ да оқиды. Барлық республикалық олимпиададан жеңімпаз, алға талпынып жанын салып оқиды. Менің уайымдайтыным білімді қуалаймын деп, жалпы өмірге алаңғасарлау- заттарды жоғалтады, бет әлпетіне, үстіне қараудан қалды. Тек қана сабақ,олимпиадаға дайындық.үйге екі апта келмейді, қосымша сабақтары бар деп. Менің ата ана ретінде қолдауым бар, бірақ азарт қуып жалпы тәрбием артта қалып ,болашақта өзіне қарау,өзін күтуді білмей өседі ма деп қорқам. Қолын сілтеп жүрмесе екен өзіне.Қалай болсам екен, сіздің көзқарасыңыз?

    • @Ferizat92
      @Ferizat92 Місяць тому

      Э​@@user-wv8rv6mx4p

    • @eskenbestai
      @eskenbestai Місяць тому

      @@user-wv8rv6mx4pиә, бүгінде тәрбиені баланың жетістігімен ғана өлшейтініміз бар. Бұл тым тар көзқарас.
      Баланың ішкі күйі, тиянақтылығы, сезімдері мен сенімдері тәрбиенің өзегі десек артық емес.
      Бұны суғарудың әмбебап тәсілі - баламен сұқбаттасу. Диалог құру арқылы кеңесші атағына ие болу деп санаймын.
      Адам қарапайым әрі терең қарым-қатынаспен қанағаттанады, іштегі қуыстығы толады.

    • @Jansaia.seksenbai
      @Jansaia.seksenbai Місяць тому

      Кітапта эго жоқ👍

  • @Asemgul07
    @Asemgul07 Місяць тому +34

    Керемет сұқбат! Мен үшін «открытие» болған адам ! Мектеп жасындағы балалар тәрбиелеп отырғасын, ұйып тындап, уақыт қалай өткенін байқамай қалыппын! Тамаша ! Рақмет сіздерге! Еңбектеріңіз еселене берсін! 👍🙏

  • @TheDinaraDiaries
    @TheDinaraDiaries Місяць тому +69

    Живем в США, воспитываем двоих мальчиков. Учимся быть родителями уже 11 лет, для каждого возраста ребенка есть свой подход. Здесь часто ребенку говорим «I’m proud of you» и не подозревая учили детей делать вещи для нас родителей, для учителей, для кого-то. Но сейчас учимся говорить «Are you proud of yourself? OR You should be proud of yourself! ». Тоже самое, мы слишком часто говорили “great job”, or “well done“, так сказать по поводу и без повода, но сейчас уменьшили это в разы, так как заметили, что ребенок ждет одобрения после каждого действия. Еще один момент, который я заметила, что у каждого ребенка есть свой талант или способность, если родители умели их распознавать и развивать у детей, это было бы замечательно. Но, большинство родителей слишком заняты собой и дети растут сами по себе, с телефоном в руках.

  • @lunaraabdrakhmanova2454
    @lunaraabdrakhmanova2454 Місяць тому +6

    Спасибо большое за подкаст! Открыла для себя Ескердира! Очень-очень грамотный гость! Одно удовольствие слушать! Я русскоязычная казашка, сейчас активно слушаю каз подкасты) очень рада что у нас есть такие классные эксперты! Весь подкаст можно разбить на shorts потому что я ставила не раз паузу чтобы переварить информацию, прослушивала снова. Тимур, Благодарю за гостя! Ескендир, благодарю за знания, инсайты и кучу полезной информации!!!!

  • @Armansaidulla
    @Armansaidulla Місяць тому +5

    Біздің тілде сұхбатты естіген сондай ыстық болды маған. Ескендір Бестай ағаны Қыран Талапбектің мобилография курсын алғанда танысып, бар жоғы 5 минут сөйлескеннен кейін бұл кісіге тіркелгенмін. Адамның сана сезіміне, жүрегіне жаңа бір демеу бергендей.
    Тимур аға, сізге үлкен рахмет осындай тұлғаларды қонақ қылып шақырып жатқаныңызға. Қызықты мағлұмат өте көп болды. 🙌

  • @DinaraBauyrzhanovna
    @DinaraBauyrzhanovna Місяць тому +16

    Ескендір Бестай өте білімді педагог, сөз саптауы, тақырыпты ашуы, ойын нақты- жинақы жеткізуі өте-өте жоғары деңгейде👍👍👍

  • @user-pl6kn7td3h
    @user-pl6kn7td3h Місяць тому +30

    Мына сұхбат барысында денем тітіркеніп (мурашки по коже) болып отырмын. Терең, кең, қызықты сұхбат 😍

  • @user-yg8vb2tr1m
    @user-yg8vb2tr1m Місяць тому +17

    Миллион запись экрана, триллион скрин жасадым, Ескендір аға қазақша дебаттағы “аға буын” ағамыз - Мақтанамыз, өте керемет сұқбат👏

  • @Aliya_ospankyzyy
    @Aliya_ospankyzyy Місяць тому +26

    Тамаша, мына сұқбатты жас ата-аналар мен педагогтер көруі керек деп ойлаймын, рақмет сізге, еңбегіңіз жана берсін, сапалы сұқбаттарыңыз үшін🙏👍

  • @Saiorik
    @Saiorik Місяць тому +25

    Очень рада, что молодые люди привносят в нашу страну прогрессивные мысли и знания. Все проблемы в обществе от незнаний и закостенелых стереотипов. Тимур, благодарна Вам, что Вы приглашаете таких гостей, тем более на казахском языке. Наша молодежь развивается и сейчас действительно настала Эра перемен. Очень вдохновляет и вера в хорошее будущее растет.(посмотрела второй раз эту беседу и показала мужу)😀

    • @balymbetov
      @balymbetov  Місяць тому +3

      Большое спасибо. Такие беседы нужно доносить до масс. Калида нахожу таких спецов несусь в ютуб, чтобы вдохновить других

  • @Legallyblink
    @Legallyblink Місяць тому +16

    Бірінші рет тыңдадым Ескендір мырзаны. Бұрыннан бері көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді. Рахмет!

  • @user-qx1js6wv4z
    @user-qx1js6wv4z Місяць тому +4

    Жарайсыңдар жігіттер! Пайдалы сұқбат болды!

  • @saule_
    @saule_ Місяць тому +2

    Керемет сұхбат, рахаттанып тыңдап алдым. Көп нәрсе ата-аналарға пайдалы болады

  • @Aiya1997
    @Aiya1997 Місяць тому +7

    Өте құнды ақпарат,бұл маманды бірінші рет көруім.Өте мықты интервью 🔥

  • @user-cp8ph7dn2l
    @user-cp8ph7dn2l Місяць тому +17

    Керемет сұқпат болды балаларым .Болашаққа сенімім күшейді.

  • @Halya_Malya
    @Halya_Malya Місяць тому +3

    Бір деммен көріп шықтым десем де болады, керемет сұхбат үшін мың алғыс🤩
    Көріп отырып, ияяяя біраз нәрсені дұрыс жасап жүр екенмін деген ой келді, бірақ үйренетін нәрсе әлі де көп екен👍

  • @user-saukele88
    @user-saukele88 Місяць тому +2

    Өте керемет сұхбат!Қайта қарап,конспект жазу керек екен!Білімді жастар,мамандар ұрпағымызға пайдалы ақпарат берсе екен!Мың алғыс❤

  • @zhannattutbayeva9211
    @zhannattutbayeva9211 Місяць тому +4

    Тимур Ескендір, Иняз forever! Can’t be more proud!💕💕💕

    • @eskenbestai
      @eskenbestai Місяць тому

      Оо! Амансыз ба, апай? Рақмет! Берген бағаңызға лайық болуды жазсын ✊

  • @zhadyrarayeva4148
    @zhadyrarayeva4148 Місяць тому +3

    👍👍👍Alla razy bolsyn

  • @otukenkz
    @otukenkz Місяць тому +9

    Осындай сапалы танымдық қазақ тілді контент үшін көп рахмет

  • @aidynibraimov1617
    @aidynibraimov1617 Місяць тому +2

    Ескендир Бестай , Ассаламу Алейкум , сыныптасым ) мектепте таза 5-ке окыган жигит , красавчик.

    • @eskenbestai
      @eskenbestai Місяць тому

      Уаләйкумуссәләм!
      Армысыз?!🙌

  • @bagzadamaratovna
    @bagzadamaratovna Місяць тому +14

    Сол Алматыдағы unknown kazak talks - та болдым. Тимур мырзаның да, Ескендір мырзаның да спичтері ұнады😍😍😍 енді содан шыққан подкаст тыңдау🤩 қандай күшті!!!

  • @sundetnazarkulov5487
    @sundetnazarkulov5487 Місяць тому +2

    Бала өсіріп отырған жас әкелер Ескендір мырзаға жазылып қою керек.!

  • @moldiramangeldinova929
    @moldiramangeldinova929 Місяць тому +3

    Керемет👍
    Аллаһ разы болсын!

  • @l.a.a88
    @l.a.a88 Місяць тому +10

    Әріптесімнің марапат туралы айтқандары менің жаныма өте жақын, менің көкейімдегіні оқып отырғандай. Мұғалімдерді аттестатиау, оларды санатқа бөлуге мен қарсымын. Педагогикалық дипломы бар мамандарды алалау деп түсінемін.

  • @sel.zhumat
    @sel.zhumat Місяць тому +5

    Өте керемет танымдық сұхбат, бұрын естіп көрмеген біраз дүниелерді тыңдағаныма қуаныштымын!

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j Місяць тому +17

    ұтқыр ұғымдарды санамызға ұялата жүрейік

    • @eskenbestai
      @eskenbestai Місяць тому +1

      Рақмет! Көңілді босатып жібердіңіз 🙌

    • @amirbekov_j
      @amirbekov_j Місяць тому +1

      Сізде Ес аға

  • @user-qx1js6wv4z
    @user-qx1js6wv4z Місяць тому +3

    Өте пайдалы сұқбат болды!

  • @user-dt6gf2jo8l
    @user-dt6gf2jo8l Місяць тому +5

    Керемет сұхбат, Тимур Балымбетовтың қонақтарын тыңдау әрдайым пайдалы және берері мол

  • @bekaryss_011
    @bekaryss_011 Місяць тому +11

    Ескендір Бестай как всегда, топ ❤

  • @dinaraussipbekova9458
    @dinaraussipbekova9458 Місяць тому +36

    Тимур мырза өте сапалы, қоғамға қажет тақырып пен адамдарды тауып шақырасыз. Респект! Бұл тақырып ата-анаға да, жас ұстаздарға да өте қажет.

  • @user-nc4ri1to2j
    @user-nc4ri1to2j Місяць тому +5

    Тимур рақмет,бізді осындай адаммен таныстырғаныңа,керемет сұқбат болды.Ескендір сияқты сапалы педагогтар көбейе берсін

  • @gulnazmakanova
    @gulnazmakanova Місяць тому +5

    Бұл сұхбатты қорыту үшін бірнеше рет қарау керек екен. Браво!🎉 Тимур мырза! Керемет!❤❤❤

  • @user-mh7tb3lg3n
    @user-mh7tb3lg3n Місяць тому +4

    Мына сұхбат өте мәнді де әсерлі болды.Осы жасыма дейін мен білмейтін дүниелер көп екен деген ойда қалдым.Қазіргі туылып жатқан балаларға тәрбие басқаша берілу керек сияқты.Өте құнды ақпараттар айтылды.Шынымды айтайын осындай білімді жігіттердің бар екеніне қуандым.Неге?Өйткені педагогика бізде кенже қалған сала.Сәттілік тілеймін.Жазарыңыз,айтарыңыз көп болсын.

  • @a25887
    @a25887 Місяць тому +3

    Керемет сұқбат! Рахмет! Таза ауа жұтқандай болдық!

  • @aruzhanaman1550
    @aruzhanaman1550 Місяць тому +9

    Бірнеше күн бұрын “Привет семье!” деген фильмді көрдім.Сол фильмде ата-ананын баланы қалай тәрбиелеу керек екені жайлы керемет мысал көрдім.Басты сыры - талапсыз жақсы көру.Бес баласы әртүрлі: пофигист,бунтарка,мінсіз отличник,гей,тихоня послушная.Бірақ әр балаға өзіне қажетті махаббат длзасын бере алған.Әр баласын кітап сияқты оқып тастаған,ішкі дүниесін жақсы білім алған.Ата-ана анау айтқан мінсіз керемет адамдар да емес,екеуі де жай ғана өмірді рақаттанып сүріп келе жатқан кісілер.Үлкен жасқа келсе де бір-біріне деген махаббаттары сөнбеген.Осы фильмді отбасымен көруге кеңес беремін.Жүрекке улкен жылу сыйлайтын фильм екен👍

  • @DinaNur1987
    @DinaNur1987 Місяць тому +3

    Жақсы ойлар алдым, осы тақырыптар өте маңызды

  • @user-gp1ri3ki3r
    @user-gp1ri3ki3r Місяць тому +7

    Ескендір мырза, көп рақмет! Не жасап жатырмын деп емес, қалай жасап жатырмын деген ұстанымыңыз сізді бүгін осы эфирге әкелді деп ойлайм. Өзіңіз көрінбеуге қанша тырыссаңыз да су түбіндегі асыл тастай жарқырап бәрібір шығасыз. Себебі керексіз👍

  • @user-qz7zp5bo5x
    @user-qz7zp5bo5x Місяць тому +3

    Уау не деген ақпараттар.Үлкен рахмет

  • @MaaGaAa
    @MaaGaAa Місяць тому +4

    Ай, күшті-күшті Ескен ағамыз мықты ғой 😊😊😊 жақсы шығарылым

  • @aigerimkynyrtaeva5415
    @aigerimkynyrtaeva5415 Місяць тому +3

    мама, не деген эрудит адам мынау😍🤩

  • @stones2000
    @stones2000 Місяць тому +5

    көрмей жатып, пікір жазайыншы! көп рахмет Ескендір мырзаны шақырғаныңызға!!!! мықтыны мықты ғана таниды, бағалайды деп білемін!!!

  • @saniyakusbekova6926
    @saniyakusbekova6926 Місяць тому +8

    Мықты қонақ 🔥🔥🔥 тақырып керемет ашылды😊

  • @almasteleushev3568
    @almasteleushev3568 Місяць тому +2

    Тимур, керемет сұхбат. Сіздің жолыңыз Ана тіліне оңай емес екенін қызығушылықпен білдім. Тағы да қызық қонақтар, қызық әңгімелер болсын! Сәттілік тілеймін!

  • @ES-Logistyk
    @ES-Logistyk Місяць тому +5

    Жүректен жүрекке жететін сұхбат болды керемет ❤. Ескедір секілді тұлғалардың барына шүкір. Тимур аға мүмкіндігінше осындай балалық шақтан бастап талдай алатын адамдар шақырып сұхбат жасаңыздар. Керемет сұхбат болды көп нарсеге себеп болады менің ойымша. Істеріңізге береке берсін. Рахмет!!!

    • @nazhon
      @nazhon Місяць тому

      ❤❤❤

  • @user-gl8em7gz2q
    @user-gl8em7gz2q Місяць тому +3

    Көп рахмет Сіздерге!

  • @user-ti1ie3uk6o
    @user-ti1ie3uk6o Місяць тому +3

    Қайта-қайта айналып көре беретін подкаст болды. Қазақтілді сапалы контент үшін рахмет ❤.

  • @totsss01
    @totsss01 Місяць тому +6

    Тимурдын пайдасы жок аламдардан сухбат алмайтынын билемин,сондыктан арбир эфирин жибермей коремин🎉Керемет эфир болды.Ой туйерлик сухбат болды

  • @saltanatprimova1989
    @saltanatprimova1989 Місяць тому +3

    Керемет, мәнді әрі жаңа ой толғауға толы эфир болды! Ескендір мырзаға рахмет, балама енді дұрыс тәлім-тәрбие беруіме себепкер болдыңыз! Рахмет сіздерге❤

  • @user-gb8qu9cr1x
    @user-gb8qu9cr1x Місяць тому +3

    Керемет 👏👍

  • @user-qt5xe1lh7i
    @user-qt5xe1lh7i Місяць тому +3

    Керемет подкаст. Тимур мен Ескендір мырзалар тақырыпты терең қарастырды, баланың тәрбиесі үшін өте маңызды дүниелерді педагогтер де тыңдаса екен.

  • @gulzatsugurova4274
    @gulzatsugurova4274 Місяць тому +3

    Неге бұл кісіні бұрын көріп білмегенмін. Керемет, қанша жерін түртіп алатындай сұқбат болды. Педагогика для всех- ты тапсырып бердім. Антихрупкость (Н.Таллеб) жолдасымның кітапханасында бар болып шықты. Ал, Ұшқан ұяны оқуға осы күнге дейін мән бермегенмін деп өкініп те ұялып та отырмын.

  • @user-gq2jp5cz2p
    @user-gq2jp5cz2p Місяць тому +4

    Оте актуальды такырып, коп Рахмет, 💯 жасаныздар, сиздер Казахстан халкына керексиздер👍🤝😉🇰🇿

  • @asiya_alihanqyzy
    @asiya_alihanqyzy Місяць тому +6

    😍😍 керемет қонақ мың алғыс Ескендір мырза. Тимур жұмысыңыз табысты болсын.🫶🏻

  • @balzhanassilbekova3205
    @balzhanassilbekova3205 Місяць тому +4

    Сұхбаттан алған әсерім, жаңалығым, қажетті ақпараттарым көп! Алла разы болсын сіздерге🤲🏻

  • @amirbekov_j
    @amirbekov_j Місяць тому +7

    Ес Аға қатты күттік кезекті сұқбатыңызды

  • @user-uo6wr4ow1s
    @user-uo6wr4ow1s Місяць тому +4

    Ооо, Ескендір мырзаны көп тыңдаймын. ТТБ дән бастап. Осы кисиниң рекомендация бойынша Сухомлинский мен таныстым, керемет адам. Тимур ракмет сіздің подкастарыныз өте терең ой береди маган❤. Ракмет улкен

  • @Amini__mini
    @Amini__mini Місяць тому +6

    Бұл интервьюді әр адам қарауы қажет. 1,5 жастағы қызыма көп мақтаулар айтамын әр әрекетінің соңында. Енді азайтатын болдым. Басқа да құнды ақпараттар көп айтылды. Кеңес еткен кітаптар тізімін қазір қайта қарап, заметкиге тізіп алып, оқуға бел будым. Сұхбат алушы Тимур мырзаға көп рахмет! Әр интервьюі душевно шығады жүректен жүрекке👍

  • @ulbala.ibraimqyzy
    @ulbala.ibraimqyzy Місяць тому +3

    Көп-көп рақмет👏🏻

  • @akzhibekabidinova
    @akzhibekabidinova Місяць тому +5

    Тимур сәлеметсізбе? Өте бір керемет тілдесу болды😍 керемет білімді өз ісінің маманы екен Ескендір мырза. Рахмет көп нәрсеге қанықтым

  • @R_R165
    @R_R165 Місяць тому +4

    С него прям льется информация! Круто! Я сама педагог,скинула всем коллегам чтобы все посмотрели,и обсудим это интервью в Школе за круглым столом ! Очень познавательно,очень нужно. Будто экспресс семинар! Спасибо вам ещё раз уважаемый Тимур!

  • @peritop
    @peritop Місяць тому +3

    Ең керемет сұхбат!!!❤️‍🔥👏🏻

  • @Kunnur_imanali
    @Kunnur_imanali Місяць тому +3

    Керемет!!!

  • @Nak_ai
    @Nak_ai Місяць тому +3

    Супер! Көп жаңа информация естідім, уау

  • @user-gl5mu8xi1p
    @user-gl5mu8xi1p Місяць тому +4


    Ескендір мырза рахмеет сізге. Құнды ақпараттар алдық.
    Тимур мырза сізге шығармашылық табыстар тілейміз.

  • @user-cm7lb8qs8z
    @user-cm7lb8qs8z Місяць тому +2

    Керемет ! Мықты!!! қайта қайта тоқтатып, қорытып, қаламмен түртіп алып, осындай Тұлғалар бар екен ғой, Тимур , Сізге рақмееет

  • @BigWig-ns7sk
    @BigWig-ns7sk Місяць тому +4

    Ескендір аға келіп сұхбат бергеніңіз үшін рахмет, өте пайдалы ақпараттарға толы болды👍👍Тимур аға сұхбат алғаныңыз үшін рахмет👍👍

  • @user-fc9dc6tt2y
    @user-fc9dc6tt2y Місяць тому +5

    Тимур ағадай әкелері балалар бақытты деп ойлаймын , лайым солай болсын !

  • @Bota_Orazbaikyzy
    @Bota_Orazbaikyzy Місяць тому +3

    Керемет сұхбат!

  • @alimabeybit9181
    @alimabeybit9181 Місяць тому +4

    Педагог,ата-ана ретінде сыртқы мотивация тақырыбын өзімше зерттеп,бақылап жүрген едім. Керемет подкаст,миға біраз азық болды. Қазір оқыған кітаптан, көрген нәрсемнен миымды сан сұрақтар туындаса қуанатын болдым. Сондай эфир болды.🤗 Тууф, қазақша сөйлегеніне сондай сүйсіндім. Ол жағынан да үлгі тұтар адам болды. Тимур Балымбетов, тек алғыс сізге.🙏

  • @user-lf1jm1lc9u
    @user-lf1jm1lc9u Місяць тому +2

    Ескендір Мырза красавчик

  • @Kkk_pobeda
    @Kkk_pobeda Місяць тому +5

    Керемет👍

  • @Bota_Orazbaikyzy
    @Bota_Orazbaikyzy Місяць тому +3

    Ата анаға қажет сұхбат!!!!🎉🎉🎉🎉

  • @RT-of9op
    @RT-of9op Місяць тому +8

    Бірде үшін көріп үлгердім, керемет, осындай контентке зәруміз

  • @user-rt5xc8er5o
    @user-rt5xc8er5o Місяць тому +2

    Өте білімді азамат екен

  • @lbz8548
    @lbz8548 Місяць тому +3

    Тимур, көп рақмет осы қоңақпен бізді таңыстырғаңынызға. Қандай пайдалы және маңызды сұқбат. Мен ауылда болсын, қаладағы болсын буарларымен және достарымен осы видеоны бөлістім. Осындай қазақша контентты шығарған үшін мыңда рет рақмет, Тимур.

  • @user-zu2fq8ls1z
    @user-zu2fq8ls1z Місяць тому +5

    Керемет !!!Өте терең,өте білімді Азамат!
    Мына сұқбаттан соң Мұғаліммен тәрбиешілер мәртебесі өзгереді деп ойлаймын!
    Елімізде жас сауатты мамандар көбейгені, Санамыздың биіктегені!

  • @seidalievagulbibi
    @seidalievagulbibi Місяць тому +5

    Мықты! Сұхбат үшін рақмет!👍🏻

  • @meruertkameshova4976
    @meruertkameshova4976 Місяць тому +3

    Не деген сұхбат. Көп рақмет Тимурға және қонаққа келген азаматқа👍🩷🙏

  • @aidakeldibek5067
    @aidakeldibek5067 Місяць тому +4

    Маған өте қатты ұнады👏🏼, тағыда осындай подкасттар жиі болса😊

  • @tolkynkussainova8292
    @tolkynkussainova8292 Місяць тому +3

    Керемет сухбат!!!

  • @zhantoreyerzhanov519
    @zhantoreyerzhanov519 Місяць тому +3

    Керемет!!

  • @lazzatanafiya7671
    @lazzatanafiya7671 Місяць тому +5

    Өте өте өте сапалы ақпарат!!! Мысалдардан өзімді көріп, сұрақтарға жауап, мәселелерге шешім табылды👍🏻Үлкен рақмет!

  • @make4031
    @make4031 Місяць тому +4

    Мынандай ой-пікірді бірінші рет естуім, өзімнің бойымдағы және балаларыммен арамыздағы біраз проблеманың себебін түсінгендей болдым, рахмет осындай сұқбат көбейе берсін❤

  • @user-up3dv9tx3l
    @user-up3dv9tx3l Місяць тому +1

    Осындай сұхбатты табжылмастан қарап шықтым өте керемет әсер алдым өзімнің таныстарыммен бөлістім ❤рахмет

  • @aigerimo7991
    @aigerimo7991 Місяць тому +2

    Өте терең подкаст болды, бір рет тыңдау аз сияқты, бөліп-бөліп қорыту керек болып жатыр, көп нәрсе тыйдым өзім үшін, рахмет❤️🙏🏼

  • @user-yq6hp5jt4m
    @user-yq6hp5jt4m Місяць тому +3

    Кұшті инсайт алдым ұлдарына,Алла разы болсын 🤲

  • @user-qv4pi6xy8l
    @user-qv4pi6xy8l Місяць тому +4

    Керемет сұхбат 👏🏻

  • @user-ss6ey3ej8u
    @user-ss6ey3ej8u Місяць тому +18

    Қаншама инсайт алдым! Тағы да қайталап қарау керек!

  • @user-xm1ee4jp2c
    @user-xm1ee4jp2c Місяць тому +9

    Кітап клубына жазылыңыздар. Ескендір мырзадан үйреніп жүргеніме 3-4 болып қалды. Балаларыңызбен қарым-қатынастарыңыз қандай ерекше деген сөздер естимін. Оның бәрі кітап клубында ұсынылған кітаптарды оқу арқылы келген нәтижелер

  • @ain07
    @ain07 Місяць тому +9

    Мұғалім болып жұмыс жасап бастағалы 13 жыл болып қалыпты. Білім беру жүйесінде түрлі реформалар болып жатқаны рас, дегенмен рухани өзгеріс қажет сияқты, “жаңа мұғалімдер келіп жатса да бұрынғылар оларды улап үлгереді” дегенмен келісемін, осы жерде “табиғи күткеннен гөрі саналықты қоссақ тезірек оң өзгерістер болатын шығар” деген сөздер орынды. Жеке өзім саналы түрде ізденіп, балалардың психологиясын оқып, дамуға тырысамын. Мен жұмысқа келгенде бір жақтан қолдау болса, басқа тараптардан қысым да ауыр болған, біздің жүйеде эйджизм қатты белең алған. Соны өзім сезініп, бастан өткергеннен кейін өзімнен кейін келген жас мамандарға қолдау білдіруге тырысамын.

    • @ain07
      @ain07 Місяць тому +1

      Осы тұста мектептердегі “сынып жетекші” функциясына тоқталу керек, талабы өте көп, жұмысы ауыр, бірақ ол үшін қосылатын ақы 10мың теңге шамасы, мен өмірімде тек бір ғана сыныпқа 5 жыл бойы жетекші болғанмын, оқушыларыма деген махаббатым демеу болып, жақсы естелік сыйлаған уақыт, дегенмен ол жылдары сынып жетекшіге төленетін ақы +3/4мың, ал жасайтын жұмысыңыз ұшан-теңіз, ал ақысы бір айлық ата-анаға хабарласуға қажетті тарифті төлеуге жетсе шүкір. Сынып жетекші болу мұғалімнің таңдауы емес, қоғамдық жұмыстай міндеттеледі, ол тек оқушылармен, оның құжаттарымен жұмыс емес, ата-анасына да жұмсалатын энергия. Әрбір сынып жетекші өзінше бір батыр ғой негізі
      (Әртүрлі мұғалім болуы мүмкін, мен расында ҰСТАЗ тұлғалар туралы ойымды жаздым)
      Айтпағым, оқушының мектептегі жүріс-тұрысы, тәлім-тәрбиесі артылып қойылған сынып жетекшінің қызметі реттелмеген жүйеден бірдеңе күту қисынсыз сияқты.

    • @eskenbestai
      @eskenbestai Місяць тому +1

      Осы игі салада талмай қызмет етіп келе жатқаныңызға рақмет! Түрлі кедергіге қарамастан, ісіне адам ұстаздардың себебімен бүгінгі бар жеміске қол жеткіздік деп санаймын.

  • @user-ff1yc6cr4b
    @user-ff1yc6cr4b Місяць тому +2

    Уоочень интересный и полезный подкаст получился! Тимур, спасибо что открываете нам новых людей ❤

  • @lingofmoon8273
    @lingofmoon8273 Місяць тому +6

    Ааааааа!!!! 24-минутын ғана қарап мына шығарылымды қатты жақсы көріп отырмын😍 осы заманда өмір сүріп жатқаным қандай бақыт! Керемет сұхбат❤️
    Рақмет, Тимур аға!

  • @karapaiymadam
    @karapaiymadam Місяць тому +5

    Есағамыздың таным көкжиегі неткен керемет ! талмаңыз 🙌

  • @user-zb1sn8ed2k
    @user-zb1sn8ed2k Місяць тому +3

    Тимур, осындай кунды малиметтер беретин, мыкты, Кози ашык, Оз синие нагыз мамандарын шакыратыныныз оте катты куантады. Ешбир эфирди жиберми караймын, карай да беремин!!!